Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2012 в 19:57, лекция
Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды пайдаланудың жағдайы мен тиімділігі кәсіпорынның табысты қызметінің негізгі шарты болады. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа жағдайларын анықтайды. Инфляция, төлемсіздік және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындарды айналыс қаражаттарына қатысты өз саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа қайнар көздерін іздеуге, оларды пайдаланудың тиімділік мәселесін зерттеуге мәжбүр етеді. Өндірістің материалдық негізі болып еңбек өнімі ретіндегі өндірістік қорлар табылады.