Кәсіпорынның айналым қаражатын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2012 в 19:57, лекция

Описание

Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды пайдаланудың жағдайы мен тиімділігі кәсіпорынның табысты қызметінің негізгі шарты болады. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа жағдайларын анықтайды. Инфляция, төлемсіздік және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындарды айналыс қаражаттарына қатысты өз саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа қайнар көздерін іздеуге, оларды пайдаланудың тиімділік мәселесін зерттеуге мәжбүр етеді. Өндірістің материалдық негізі болып еңбек өнімі ретіндегі өндірістік қорлар табылады.

Работа состоит из  1 файл

1касипорын айналым 0аражаты.docx

— 59.59 Кб (Скачать документ)

 

  1.1 Кәсіпорынның айналым  қаражаттарын басқарудың  мәні   

Айналым қаражаттары кәсіпорын  мүлкінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды пайдаланудың жағдайы мен  тиімділігі кәсіпорынның табысты қызметінің негізгі шарты болады. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа жағдайларын анықтайды.  Инфляция, төлемсіздік және басқа да дағдарыстық  құбылыстар кәсіпорындарды айналыс  қаражаттарына қатысты өз саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа қайнар көздерін іздеуге, оларды пайдаланудың тиімділік мәселесін зерттеуге мәжбүр етеді. Өндірістің материалдық негізі болып еңбек өнімі ретіндегі өндірістік қорлар табылады. Қызмет көрсету процесі барысында еңбек өнімдері мен еңбек құралдары әрқалай және әртүрлі дәрежеде  өндірілетін өнім құнына өз құнын тасымалдайды. Осының арқасында өндірістік қорлардың негізгі және айналыс қорларына бөлінуі дәлелденеді. Айналымдағы өндірістік қорлар өндіріс саласына қызмет етеді және бір өндірістік цикл процесінде бастапқы түрін өзгертіп, дайын өнім құнына өз құнын тасымалдайды. Өз айналымында айналым қорлары кезек-кезек ақшалай, өндіргіштік және тауарлық форманы иеленеді, бұл олардың өндірістік қорлар мен айналыстағы қорларға бөлінуіне сәйкес келеді. /1/ Айналымдағы өндірістік қорлар өндіріске қажетті шикізат қорлары, негізгі және қосымша материалдар, стаып алынатын жартылай фабрикаттар мен қосымша өнімдер, жағармай, жөндеу жұмыстары үшін керекті бөлшектер, аз құнды және тез тозатын бұйымдар, аяқталмаған өндіріс ретінде болады. /2/  Айналым қорларына мыналар кіреді: дайын өнім, ақшалай қаражаттар және дебиторлық қарыздар.  

Әрдайым қозғалыста бола тұра, айналымдағы өндірістік қорлар мен  айналыстағы қорлар қаражаттардың  үздіксіз айналымын қамтамасыз етеді. Кәсіпорындар қорларының айналымы шикізаттарды, материалдарды, жағармайды және басқа  да өндіріс құралдарын алуға ақша түрінде құнның авансталуынан басталады- бұл айналымның бірінші кезеңі. Нәтижесінде  ақшалай қаражаттар, айналыс сферасынан өндіріс сферасына көшуді көрсете отырып, өндірістік қорлардың түрін иеленеді. Сонымен қатар бұл жерде құн шығындалмайды, авансталады, өйткені айналым соңында ол қайтадан қалпына келеді. Айналымның екінші кезеңі өндіріс процесінде жүзеге асырылады, яғни еңбек күші, құрамында тасымалданған және жаңа қалыптасқан құны бар жаңа өнімді жасап, өндіріс құралдарын өндірістік тұтынуды жүзеге асырады. Авансталған құн қайтадан өзінің түрін өзгертеді - өндірістіктен тауарлыққа ауысады. Айналымның үшінші кезеңінде өндірілген дайын өнімді (жұмысты, қызметті) өткізіледі және ақшалай қаражаттар алынады. Бұл кезеңде айналым қаражаттары қайта өндіріс сферасынан айналым сферасына көшеді. Үзілген тауарлық айналым жаңғыртылады, құн тауарлық түрден ақшалай түрге айналады. Өнімді   жұмыстарды, қызметтерді) дайындау мен өткізуге кеткен және өндірілген өнімді  (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асырудан алынған ақшалай қаражаттар соммасының айырмасы кәсіпорынның ақшалай жинақтарына теңеледі.  

Бір айналымды жүзеге асырып болған соң, айналым қаражаттары жаңасына көшеді. Айналым қаражаттарының тұрақты қозғалысы өндіріс пен айналымның үздіксіз процесінің негізі болып табылады. Бұл айналыс қаражаттарының ең маңызды қызметтері болып табылады- өндірістік.  

Айналым қаражаттарына талдау жасау барысында айналым қаражаттарының айналым жылдамдығына әсер ететін негізгі  факторларды атап өту қажет. Олардың  негізгі факторлары 1 суретте көрсетілген.   

   

Сурет 1. Айналым қаражаттарының айналымына факторлар әсері   

Айналым қаражаттары өндіріс саласына, айналым  саласына, халық шарушылығындағы  есеп жағдайларына, соныменен мемлекеттегі ақша айналысына маңызды әсерін тигізетін  негізгі қаржылық категориялардың  бірі болып табылады, олар екінші қызметті атқарады – есеп-төлемдік./2/  

Жасалатын айналымдағы өндірістік қорлардың  және айналыстағы қорларының қорларына  ақшалай қаражаттардың авансталуы ретіндегі айналым қаражаттарының анықтамасы бұл категорияның толық  экономикалық мәнін ашпайды. Бұнда  айтылмаған жағдай: ақшалай қаражаттардың белгілі бір соммасын аванстаумен бірге өндіріс процесінде жасалатын қосымша өнім құнын бұл қорларға аванстау процесі жүзеге асады. Сондықтан рентабельді кәсіпорындарда қорлардың айналымы аяқталғаннан кейін авансталған айналым қаражаттарының  соммасы алынған табыстың белгілі бір соммасына ұлғаяды. Табыстылығы төмен кәсіпорындарды айналым қаражаттарының сомасы қорлардың айналымы аяқталғаннан кейін шығындарға байланысты кемиді.  

Соныменен, айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірістік бағдарламаларды және есептерді уақытылы орындауды жүзеге асыратын қажетті минималды көлемдегі айналыстық өндірістік қорлар мен айналым қорларының жоспарлы түзілуі үшін ақшалай түрдще авансталатын құн болып табылады. Айналым қаражаттары ақшалай және материалдық ресурстарды қамтитындықтан, олардың ұйымдастырылуы мен пайдалану тиімділігінен материалдық өндіріс процесі ғана емес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да тәуелді болады. /2/  

Айналым қаражаттарын ұйымдастыру олардың  тиімділігін жоғарлату мәселелері кешенінде басты болып табылады. Айналым қаражаттарын ұйымдастыру мыналарды қарастырады:

  • Айналым қаражаттарының құрылымы мен құрамын ұйымдастыру;
  • Айналым қаражаттарына деген кәсіпорынның қажеттілігін анықтау;
  • Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;
  • Айналым қаражаттарын пайдалану мен олармен айла-әрекеттер жасау;
  • Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі мен ақталуына жауапкершілік. /3/

 

 Айналым қаражаттарының құрамы дегеніміз айналыстық өндірістік қорлар мен айналым қорларын құрайтын элементтердің жиынтығы болады.   

Айналым қаражаттарының элементтері болып  мыналар табылады: шикізат, негізгі  материалдар мен сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, жағармай, жөндеу жұмыстарына арналған құралдар, құрал-саймандар, шаруашылық инвентарь және тағы басқа аз құнды және тез тозатын нәрселер, аяқталмаған өндіріс және өздері дайындаған жартылай фабрикаттар, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнім, жеткізілген тауарлар, ақшалай қаражаттар, дебиторлар, және тағы басқасы.  

Жоспарлау, есептеу және талдау тәжірибесінде  айналым капиталы келесі ерекшеліктер бойынша сыныпталады:  

1) Өндіріс процесіндегі функционалдық  рөліне байланысты – айналыстық  өндірістік қорлар және айналым  қорлары;  

2) Бақылау, жоспарлау және басқару  тәжірибесіне байланысты – қалыпқа  келетін және қалыпқа келмейтін айналым қаражаттары;  

3) Айналым қаражаттарының қалыптасу  көздеріне байланысты – меншікті  капитал және қарыздық айналым  капитал;  

4) Өтімділігіне (ақшалай қаражаттарға  айналу жылдамдығына) байланысты  – жоғары өтімді қаражаттар, тез  өтімді айналым қаражаттары және баяу өткізілетін айналым қаражаттары;  

5) Капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне  байланысты – салымдардың минималды  тәуекелі бар айналым қаражаттары,  салымдардың аз тәуекелі бар  айналым қаражаттары, салымдардың  орташа тәуекелі бар айналым  қаражаттары, салымдардың жоғары тәуекелі бар айналым қаражаттары;  

6) Есеп стандарттары мен кәсіпорын  балансында көрсетілуіне байланысты  – қорлардағы айналым қаражаттары,  дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді  қаржылық салымдар, ақшалай қаражаттар, тағы басқа айналым активтері;  

7) Материалдық-заттай мазмұнына байланысты  – еңбек құралдары, дайын өнім  мен тауарлар, ақшалай қаражаттар, шоттардағы қаражаттар. /4/  

Айналым қаражаттарының құрылымы деп айналым  қаражаттарының жалпы соммасындағы элементтердің арасындағы қатынасты атайды./2/   

Айналым қаражаттарының құрылымы мен құрамы экономиканың әр түрлі салаларында  бірдей емес. Олар өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық тәртібіндегі көптеген факторлармен анықталады.  

Сондықтан өнеркәсіптік кәсіпорындарға  қатысты  негізгі ерекшелік олардың айналым қаражаттарында тауарлы-материалдық құндылықтар қорлары мен дебиторлық қарыздың көн бөлікті алатыны болады./5/   

 Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың  негізгі қағидаларының бірі болып  нормалау табылады. Бұл қағиданы  жүзеге асыру меншікті айналым қаражаттарының қажетті көлемін экономикалық дәлдікпен анықтауға және соның арқасында  өндірістік және төлем-есептік қызметтерді табысты орындау үшін қолайлы жағдайды туғызуға мүмкіндік береді.  Айналым қаражаттарын нормалаудан бас тарту болып табылатын жағымсыз қате тәжірибе – төлем – есептік тәртіптің дағдарыстық жағдайының себептерінің бірі.  

Айналым қаражаттарын дұрыс ұйымдастырудың маңызды қағидасы оларды қатаң мақсатты бағыттылығы бойынша қолдану  болып табылады. Шығындарды, шаруашылықсыз негіздегі шығыстарды жабу, ссудалар бойынша жоғарғы банктік пайыздарды төлеу, салық төлемдерін бюджетке аудару үшін өндірістік айналыстан авансталған  айналым қаражаттарын бөліп алу арқылы бұл қағиданың бұзылуы төлем-есептік тәртіптің дағдарысына, бюджетке салық төлемдері бойынша, еңбек ақы бойынша жұмысшылар мен қызметкерлер алдындағы, жеткізілетін дайын өнім мен шикізат үшін жабдықтаушылар алдыңдағы қарыздардың өсуіне әкелді.  

Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың негізгі  қағидасы олардың сақталуын қамтамасыз ету, рационалды пайдалану мен айналымдылығын жылдамдату болып табылады. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын  ұйымдастыру статистикалық мәліметтер, жедел және бухгалтерлік есеп негізіндегі зерттеулер мен ревизия арқылы қолдану тиімділігі мен сақталуына жүйелі бақылауды қамтиды.   

Көптеген  кәсіпорындардағы айналым қаражаттарына  деген жеткіліксіздік себептерінің бірі шикізат келіп түсуінің тұрақты  болмауы болып табылады. Бұл шикізатты  тұтынудың тәуліктік нормасынан кейде 30-50 есе көп сатып алуына әкеп соғады. Яғни көптеп төлеу орын алады, сондықтан, көп айналым қаражаттар қажет./6/  

Кәсіпорын айналым қаражаттарын талдау жүйесінде  негізгі орынды олардың ағымдық  жағдайын және пайдалану интенсивтілігі мен экстенсивтілік көрсеткіштерін зерттеу болып табылады.  
  

Сурет Айналым капиталын талдау    

Капитал жағдайын, қозғалысын және оның қызметінің нәтижелігін бейнелейтін коэффиенттерді есептеу кезінде қолданылатын баланстық әдістер қаржылық бухгалтерлік есеп мәліметтеріне негізделеді. Бұл жағдай ақпаратты қолданудың нақтылығы жағынан маңызды болып келеді, өйткені кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде оның мүліктік, қаржылық жағдайы мен қызметінің ақшалай көрінісіндегі нәтижелері бойынша мәліметтер құқықтық және шоттық позициясынан жүйелі және нақты көрініс табады.  

Кәсіпорын қызметінің шаруашылығында ағымдық  активтердің барлығы тұтынылмайды. Ақшалай қаражаттар кәсіпорынмен тікелей тұтынылмайды, ал орнына тауарлар мен қызметтер алуға болады. Қысқа мерзімді қаржы салымдары қаржы нарықтарында айналатын және кәсіпорын қызметінің барысында тұтынылмайтын еркін ақшалай қаражаттар болып табылады. Сондықтан оларды басқару операциялық менеджментке жатқызылмайды, бірақ ақшалай қаражаттарды басқаруға қатысты болады. Ағымдық активтерді  ақшалай қаражаттар мен қысқа мерзімді қаржы салымдарының соммасына азайтып, операциялық менеджмент компетенциясына жататын активтер бөлігін көрсететін таза ағымдық активтерді аламыз. Сонда ағымдық пассивтерді (АП) қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар (ҚҚ) мөлшеріне азайтады және таза ағымдық пассивтер немесе жұмыс капиталы пайда болады.  

АП – ҚҚ = ЖҰМЫС  КАПИТАЛЫ                             ( 1 )  

Ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар несие позициясында ескеріледі. Несиелік позиция –  кәсіпорын қызметін қаржыландыру үшін қолданылатын тартылған несиелердің  нақты соммасын көрсететін мөлшер.  

Айналым қаражаттарының айналымын  жылдамдату олардың өндірістік циклінің барлық кезеңдерінде орналасқан уақытына байланысты болады. Айналымның жылдамдауының маңызды резервтері қоймаларда іріктелетін өндірістік қорларды сақтау кезеңінде жинақталған.   

1.2 Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы      

Айналым қаражаттары - бұл  кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.     

Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек  элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны  жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.     

Кәсіпорында айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен  өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.          

Айналым қаражаттары 2 бөлімнен тұрады:      

өндірістік  айналым қорлары;      

айналыс қорлары; 

Кесте-1 Айналым қаражаттары 

Айналым қорлары

Айналыс қорлары

өндірістік  запастар

Аяқталмаған өнадіріс

Болашақ кезең  шығындары

Қоймадағы дайын  өнімдер

Жөнелтілген, бірақ  ақысы төленбеген тауарлар

Есептеулердегі  ақша құралдары

Ақша және т.б. қаражат айналымы

Жоспарланған

Жоспарланбаған


 

     

Өндірістік  айналым қорлары- өндірістік процессте  бір рет қолданылады және өзіндік  құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары  өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.     

Өндірістік  айналым қорларына шикізат, негізгі  және қосымша материалдар, комплекттік  бұйымдар, өндірісте аяқталмаған  өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.     

Информация о работе Кәсіпорынның айналым қаражатын басқару