Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 14:47, курсовая работа

Описание

Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
I. Компанияның инвестициялық саясаты туралы түсінік
және оның мәні мен мазмұны
1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері
1.2.ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар
II. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1.ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
2.2.Инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу
2.3.Компанияның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау жолдары
III. Есеп бөлімі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.doc

— 162.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны 

КІРІСПЕ

I. Компанияның инвестициялық  саясаты туралы  түсінік 

және  оның мәні мен мазмұны

     1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері

     1.2.ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

II. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

     2.1.ҚР-ғы  кәсіпорындардың инвестициялық саясаты

     2.2.Инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу

    2.3.Компанияның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау жолдары

III. Есеп бөлімі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

      Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.

    Ал  Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа  ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды  тартуға бағдарлану негізгі бағытқа  айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық  ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

    Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы  әлемдік экономикаға  кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ-индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға қаржылық қатысуға  негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы  инвестор елдің  тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің

бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан  алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың  жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.

    Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін  атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы  бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:

  • инвестиция, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор терминдеріне айқындылық беру;
  • кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мемлекетке әсерін қарастыру, кәсіпорынның инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу;
  • ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;
  • шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастыру,талдау
  • ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;

    Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер арасындағы достастықты нығайтуға,экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға, кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына  өз әсерін тигізеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        I. КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ

             ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1.1.Инвестиция  түсінігі және оның түрлері

     Инвестиция (латын.investire – салым, салым жасау) – табыс алу, меншік капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның қаржыдан күрделі айырмашылығы бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық құндылықтарға ғана салынбай, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.

     Кең танымал «Экономикс» кітабының авторлары инвестицияны өте кең түсінеді. Олардың инвестиция анықтамасы – «өндіріс шығындары және өндіріс қаражаттарын жинақтау және материалдық қордың жоғарлауы», яғни өндірістің барлық шығындары мен жинақтары.

     Батыс елдерінің экономикалық теория мектептері инвестициялық процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар жатады. Инвестиция қайнар көзіне кәсіпорынның көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттік ақшалай қаржылары, яғни мемлекттік табыстары (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындар алынып тасталады. Тұтынуға кеткен барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдық қорлануына жұмсалады.

     Инвестиция  теориясын ағылшын экономисті Дж.Кейнс өзінің «Еңбекпен қамту, процент және ақшаның жалпы териясы» (1936ж) еңбегінде қарастырады,

онда  ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін  және тиімді сұранымның басты факторы  ретінде анықтайды. Құнды қағаздардың  қозғалысы (мемлекеттік облигацияларды сатып алу сату) инвестицияға тікелей қатынасы болмайды. Инвестиция жүргізу тікелей тауарлық нарықпен байланысты. Инвестициялардың игіліктер нарығына қысқа және ұзақ мерзімдегі әсері бірдей болмайды. Қысқа мерзімде жасалатын инвестициялардың нәтижесінде игіліктер нарығында тек сұраныс өседі. Ұсыныстың көлемі өзгермейді, өйткені салынып жатқан объектілерден өнім мен қызметтер түрінде қайтарылым болмайды. Ұзақ мерзімді инвестициялардың әсерімен сұраныс та, ұсыныс та өзгереді.

     Инвестицияға  анықтама берген кезде назарды тек инвестицияның мазмұнды сипатына ғана емес, оның мақсатты бағытталуын қарастыру қажет. Демек, инвестиция – жалпы ұлттық өнімнің өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігі және өндірістің кеңеюі мен жаңаруының шығындарын көрсетеді, яғни капитал құрылуымен, ақша капиталына қарағанда жеке капиталдың кеңеюімен байланысты. 

     Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің  басқа да түрлерінің объектілі жұмсалған мүліктік және интелектік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

     Инвестициялар нақты және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар  капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құралға жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

     Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлеміне - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда, инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

     Сонымен қатар инвестициялар тікелей  және жанама болып бөлінеді. ҚР-ғы  «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялар қоржыныда жетекші ролге ие болып отырған меншіктік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтін, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

     Инвестицияның негізгі түрлері:

  • Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі жағдайында қолданылады;
  • Венчурлық инвестициялар – тәуекелдік деңгеймен байланысты 

     Кәсіпорынның  өндірістік – шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциялын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы  іс-әрекеті инвестициялық іс-әрекет деп аталады. ҚР-ның нақты инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс-әректі жатады.

     Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады:

  1. инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
  2. инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
  3. жобаны техникалық экономикалық негіздеу;
  4. жер көлемін алу немесе жалға алу;
  5. келісім құжаттарын дайындау;
  6. құрылыс – біріктіру жұмыстарын жүргізіп іске беру;
  7. объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.

     Инвестицияның тағы бір түрі қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары,кәсіпорындағы  үлестік қатысулар, басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.

     Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір  бөлігі инвестициялық операциялар  болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары  жайлы операция.

     Коммерциялық  тәжірибеде мұндай инвестицияның түрлері:

- табиғи  активтерге инвестициялар;

- ақша  активтеріне инвестициялар;

- материалдық емес активтерге инвестициялар қарастырылады.

     Табиғи  активтерге - өндірістік ғимараттар мен  құрылымдар, қызмет ету уақыты бір  жылдан асатын әр түрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

     Ақша  активтеріне - басқа да жеке және заңды  тұлғалардан ақша қаражатын алуға  болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде - депозиттер, облигациялар,  акциялар,  несиелер, қарыздар ,кепілдер.

     Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларын қайта жеке оқыту және біліктіліктерін  жоғарлату арқылы,сауда белгілерін жасау, патенттер мен лицензия алу, өнімге сертификат алу,жерді қолдануға  құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.

     Нақты активтерге байланысты инвестициялар  мынандай топтарға бөлінеді:

  • Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар.Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру,персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын, өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау;
  • Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты – өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту;

Жаңа  өндіріс орындарын ашуға бағытталған  инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.2. ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар 

      Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.

      Жалпы еліміздің бизнес - климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы  инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық саясаты