Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 14:47, курсовая работа
Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады.
КІРІСПЕ
I. Компанияның инвестициялық саясаты туралы түсінік
және оның мәні мен мазмұны
1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері
1.2.ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар
II. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1.ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
2.2.Инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу
2.3.Компанияның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау жолдары
III. Есеп бөлімі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кесте
мәліметтерінен байқайтынымыз, соңғы
10 жылда күрделі құрылысқа
2.3.Компанияның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау
жолдары
Компания қызметінің тиімділігін арттырудың тек екі жолы ғана бар: қымбатырақ және көбірек сату немесе арзанырақ өндіру. Өте қарапайым осы ереже, инвестиция тиімділігін стратегиялық жоспарлауда, жобаны талдау мен басқару барысында өте маңызды болып саналады. Компания басшылығы тиімділікті арттыру мақсатында қандай іс-әрекеттер жасаса да олардың түпкі нәтижесі жоғарыда аталған шарттарды орындау болады.
Жобаның
үш түрлі вариантының «Қаржы-
Инвестиция тиімділігін стратегиялық жоспарлаудағы жобаның үш вариантын талдау негізінде жасалған қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп
|
2-кесте
Ықтимал табыстар мен шығындарды сипаттайтын варианттарда кестенің кез келген жолында байқалған өзгеріс, соңғы жолдағы мәнді міндетті түрде өзгертеді. Жалпы табысы өте үлкен компанияның шығындары өте төмен болады. Басқаша айтқанда, жоспарлай отырып, кәсіпкер өзінің барлық шығындарын жауып, пайда әкелетіндей табыс табу болып табылатын басты міндетін шешуі тиіс. Егер кәсіпкер өз бәсекелестеріне қарағанда аз шығын жұмсап өнім өндіріп отырса, оның өнімді нарыққа шығару жөніндегі шығындарын арттыруға немесе бағаны төмендетуге мүмкіндігі бар.
Тек осы екі құжатты - «Бухгалтерлік баланс» пен «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есепті» пайдалана отырып кәсіпкер халықаралық іскерлік тәжірибеде анағұрлым жиі қолданылатын компания тиімділігін сипаттайтын табыстылық, төлем қабілеттілігі жөне өтімділік көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік алады. Бұл құжаттардан өзгешелігі, Кэш-Флоу әдісіне негізделген, ақша қаражаттары ағымының жоспарын жасауда «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» ақша қаражаттарының қозғалысын сипаттайды және компания қызметін кезең-кезеңімен қарағандағы динамикасын көрсетеді. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының қалдығы ақша қаражаттарының келуі мен кетуі есебінен қалыптасады. Барлық түсімдер мен төлемдер «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте» осы төлемдердің жасалған күніне сәйкес уақыт аралығында көрініс табады. Бұл арада айта кетер бір жайт, еркін айырбасталатын валютамен келген барлық түсімдер мен төлемдер, курс айырмасы бойынша теңгеге ауыстырылуы қажет. Шоттағы ақша қаражаттарының қалдығын Компаниядар төлемдер жасау үшін, алдағы кезеңдердің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін, инвестицияларға, қарызды өтеуге, салық төлеуге және жеке тұтынуға пайдаланады.
«Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте» компания қызметі үш негізгі салаға белінген:
1) операциялық; 2) инвестициялық; 3) қаржылық
«Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептің» әр бөліміндегі ақша ағымының сомасы сәйкес кезеңдегі өтімді қаражаттардың қалдығын құрайды.
Әрине компания капиталсыз жұмыс істей алмайды. Меншікті және тартылған капиталдың мөлшерін, Кэш-баланс компания қызметінің барлық кезеңінде оң болған жағдайда, жеткілікті деп санауға болады. Кез келген уақыт аралығында теріс шаманың болуы компанияның банкрот екендігін көрсетеді.
Инвестицияның тиімділігін стратегиялық жоспарлауды талдауға қатысатын негізгі факторлар болып, операциялық қызметтен алынатын ақша ағымының және басқа табыстардың қосындысы және инвестицияға жұмсалған шығын мөлшері танылады.
Жобаның өтелу күні болып, операциялық қызметтен алынған ақша ағымының жинақталған сомасы инвестицияға жұмсалған шығын мөлшеріне тең болған күн танылады.
Нарықтық
қатынастары дамыған елдерде ин
Зиянсыздық нүктесі - компанияның өз щығындарын жабатын белгілі бір уақыт аралығындағы сауда көлемінің деңгейі.
Инвестициялардың болашақ құны дегеніміз - бүгін инвестицияланған ақшаның белгілі бір уақыттан соң пайыздық мөлшерлемесіне қарай айналатын сомасы.
Бүгінгі таңда, мамандар инвестицияның тиімділігін тұрақты бағамен есептемейді. Бұл үлкен қателіктерге әкеліп соқтырады, өйткені тауарлар мен қызметтердің әр түрлі топтары бойынша инфляция индекстері 1 жыл ішінде елеулі мөлшерде ауытқып тұрады. Соған орай, есептеулер инфляция көрсеткіштерін ескере отырып жүргізіледі. Бүгінгі ақша бірлігінің ертеңгі ақшаға тең еместігі, тек инфляцияға ғана, байланысты емес. Есептеу барысында төлемдерді кешеулдету, өнімді өндіру және өткізу уақыты, өндірістік қорларды құру және пайдалану шарттары секілді факторларды ескеру қажет.
Инвестицияның тиімділігін қаржылық талдауда, әдетте болашақтағы түсімдерді, бүгінгі деңгейге келтірудің математикалық әдістері қолданылады, ол дисконттау деп аталады және де бүгінгі деңгейді болашақтағыға келтіру үшін өсіру әдісі қолданылады.
Аталмыш әдістерді қолдану, қаржылық талдауда, құнды қағаздар мен несиелер бойынша пайыздар есептеуде, лизинг операцияларында, инвестицияланған капиталдан алынатын табысты анықтауда, кеңінен таралған. Басқаша айтқанда дисконттау және есім әдістері мынадай белгісіз шамаларды табу қажет болған жағдайда қолданылады:
• пайыз деңгейі (мысалы, капиталды пайдаланғаны үшін);
• жыл сайынғы төлемдер ;
• кезең саны (ай, тоқсан, жьш);
• ағымдық деңгей мәні;
• болашақтағы деңгей мәні.
Осы әдістерді қолдануда мынандай талаптарды ескеру қажет:
•бүгінгі және болашақтағы деңгейлерді есептеуде қолданылатын айнымалылардың мәндері белгілі болуы тиіс;
• пайыздар деңгейі тұрақты.
Инвестицияның тиімділігін қаржылық талдау жүргізу барысында мынандай кең таралған қателіктер жіберіледі:
1) сәйкес пайыздық мелшерлемені талдауда шатасу;
2) осы пайдаланудың реттілігін сақтамау.
Пайыз, жалпы алғанда, инвестор үшін капитал құны болып келеді. Инвестициялық жобаға қаржылық талдау жасауда екі мөлшерлемені қолдануға болады.
Нақты
пайыздық мөлшерлеме инфляцияны ескермегендегі
капиталдан алынатын табыс. Егер нақты
пайыздық мөлшерлемелер қолданылатын
болса, онда жобадағы барлық бағалар мен
капитал құны тұрақты бағамен алынуы тиіс.
Керісінше, ағымдық пайыздық мөлшерлеме
- бұл инвестордың жеке нарық тұрғысынан
алғандағы табыс мөлшерлемесі, сондықтан
да онда инфляция ескеріледі.
III. Есеп бөлімі
тапсырма
«Базис КZ» кәсіпорынға құрал жабдықтарды алу үшін 2000 мың теңге мөлшерінде инвестиция қажет. Меншікті қор есебінен бөлінген немесе несие ретінде банктен алған қаражатты кәсіпорын жыл сайын өнім өткізуден түсетін табыс 1- жыл – 310 мың теңге, 2- жылы – 440 мың теңге, 3- жылы – 630 мың теңге, 4- жылы – 760 мың теңгені банк несиесі бойынша орташа пайыз 10 % ға тең болған жағдайда 4 жыл ішінде өтеуі керек.
Мұндай талаптарды бұл жобалар қанағаттандыра алама?
Шешуі :
Мына формула бойынша
TO=CI : (∑FV* )
Мұнда СІ – инвестициялауға жұмсалған бастапқы шығындар;
РV – n жылында жобадан туындаған ақшалай түсімдер
І - банк пайызының деңгейі;
N - болашақтағы инвестиция кірістері түсетін кезеңдер саны.
Ол
үшін, алдымен, формулаға сеикес
әрбір жылға болашақ ақшалай
кірістің ағымдағы (келтірімді) кұнын
есептейміз, яғни дисконттау
PV *
Болашақ ақшалай кірістің ағымдық (келтірінді) құны мынаны құрайды.
1-жылда PV1=310* =310*0.9091=281.82 мың теңге;
2-жылда PV2=440* =440*0.8264=355.35 мың теңге;
3жылда PV3=630* =630*0.7513=473.31 мың теңге;
4жылы PV4=760* =760*0.6830=579.08 мың теңге;
Төрт жылда инвестицияның 1629,56 мың теңге сомасы өтелді:
PV1
+ PV2 + PV3
+ PV4 = 281.82 + 355.35 + 473.31 + 519.08 = 1629.56
мың теңге.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе жалпы ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптасуы мен дамуы ел экономикасында үлкен маңызға ие. Бұл саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи ресурстарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді және маңызды инновациялық үрдістерін ынталандыру, реттеу, ал жеке жағдайда жаңа енгізілімге тікелей қатысу өндірістің дамуы мен қоғамға маңызды өнім тұтынуға және қызмет көрсетуде үлкен маңызы бар. Өнімді инвестициялар жаңа жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайды және капиталдың қорлану қарқынын қалыптастырады. Технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды алмастыруға ынтагерлік білдіреді, қуаттылығын көбейту, өндіріс шығындарын азайту және нарықтағы өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру. Меншікті инвестициялық қаржылардың көздері амортизация және бөлінбеген пайда болып саналады. Инвестицияның бұл көздерінің мүмкіндігі, сипаты, ауқымы және мемлекеттің экономикалық тактикасымен анықталады.
Сонымен қатар, бұл саясат республиканың экспорттық әлуетін арттыру, яғни шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет. Біз инвестициялық жағдайымызды жоғарғы қарқында дамыту үшін ең бірінші кезекте шетел тәжірибесін қолдануымыз керек. Соның ішінде АҚШ, Оңтүстік Шығыс Азия сияқты елдер. Сонымен қатар инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды эконмикаға тарту үшін мынандай шарттар бекітілген болатын :республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу, халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру; үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау, әрі қарайғы