Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 03:23, курсовая работа
Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте – бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте – бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады ( мысалы, станок немесе автомашина өндірісте бірнеше жыл бойы пайдаланылады).
Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс, өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі құралдарын, оның ішінде құрал-жабдықтарын тиімді пайдалау, жетілдіру, оны жаңарту және жаңғырту процесіне қатысты жазылған. Жұмыс негізгі үш бөлімнен және әр бөлім бойынша тақырыпшаларға бөлінген. Мысалы, алғашқы бөлімде негізгі құралдардың, құрал-жабдықтардың жіктелуі, олардың пайдалануы турасында болса, екінші бөлім өндіріс құралдарын жаңарту, жаһандандыру жайында болмақ. Сондай-ақ, өндіріс процесіне жаңа құрал-жабдықтарды енгізе отырып, тұтас өндіріс жүйесін автоматтандыру, жүйелеу бойынша зерттеулер мен теориялық дәйектер берілген. Ал соңғы үшінші бөлімде – кәсіпорын мысалында құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау және жаңартуға қатысты материалдар енгізілген. Біздің басты нысанымыз – «СП ЕРКА» ЖШС.
Курстық жұмыстың мақсаты – жалпы негізгі құралдарды талдау, негізгі құралдардың кәсіпорындағы рөлін бағалау және негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жетілдіру болып табылады.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………3
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................5
Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі................................5
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар...................................................................................................................7
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштерді..........................................................................................................17
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ................................................................................20
Өндіріске жаңа негізгі құрал-жабдықтарды енгізу қажеттілігі..........20
3.2.Өндіріс процесін жаңғырту және автоматтандыру..............................22
“СП ЕРКА” ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ...................................................................................26
“СП ЕРКА” ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы......................26
“СП ЕРКА” ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау.........................................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................36
Негізгі құралдардың тозуын есептеу. Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатыса отырып біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи (физикалық) және сапалық (моральдық), яғни заман талабына сай келмеуі.
Негізгі құралдардың физикалық тозуы. Негізгі құралдар, өндірістік процеске қатыса отырып, оларды тұтынудың және табиғи жағдайлардың әсер етуінің нәтижесіне байланысты біртіндеп өзінің бастапқы қасиеттерінен айырылады. Физикалық тозу болып ол- негізгі құралдардың өзінің бастапқы қасиеттерінен айырылуы табылады.
Негізгі құралдардың табиғи тозуы – негізгі құралдардың бастапқы сапасына, оларды тұтыну деңгейіне, негізгі құралдар қызмет ететін қоршаған ортаның жағдайына, қызмет көрсететін персоналдың білім дәрежесіне, жөндеулердің уақытылы өткізілуіне және т.б. байланысты болып келеді. Кәсіпорында осы факторларды ескеру, негізгі құралдардың физикалық жағдайына үлкен әсеін тигізуі ықтимал.
Негізгі құралдардың физикалық тозуын сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер пайдаланылады.
Негізгі құралдардың физикалық тозу коэффициенті
К ф.т. = Т/Бқ*100
Т- негізгі құралдарды тозу сомасы
Бқ – негізгі құралдардың бастапқы сомасы
Негізгі құралдардың физикалық тозу коэффициенті жекелеген инвентарлы объектілері бойынша және олардың нақты қызмет ету мерзімі туралы мәліметтерге сүйене отырып та есептелінеді.
Нақты қызмет
ету мерзімі нормативтіден
Кф.т. = Тн/Тнор*100
Тн мен Тнор – берілген инвентарлы объектінің нақты және нормативті қызмет ету мерзімі
Ал нақтылы қызмет ету мерзімі нормативтіге тең, немесе одан асып түсетін объектілер үшін физикалық тозу коэффициенті келесі формуламен анықталады
Кф.т. = Тн/ Тн+Тм*100
Тм – мүмкін болған берілген объектінің қызмет ету мерзімінің қалдығы. Әдетте ол сарапшылық жолмен анықталады.
Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті – негізгі құралдардың берілген датаға жалпы физикалық жағдайын көрсетеді және келесі формула арқылы есептелнеді
Кж = Бқ-Т/Бқ*100
Сонымен қатар негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті физикалық тозу негізінде де анықталуы мүмкін
Кж = 100 –Кф.т.
Осы формулалардың барлығы негізгі құралдардың біркелкі тозуын қарастырады, біріақ ол шындықпен тура келе бермейді. Осы оның ең басты кемшілігі болып табылады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуы. Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.
Машиналардың,
жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың
барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген
түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсатырылған
өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің
түрлері мен сорттарын
Негізгі құралдардың сапалық тозуы дегенді кең мағынада қолдану мына факторлардан туындайды:
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал – жабдықтар объектілерін жаңа, неғұрлым үнемді түрлерімен ауыстырады.
Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал – жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркемтуында құндылықтарынан, кітапханалар кітаптарынан, фильм қорларынан, сәулет және өнер ескерткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.
Жер өндіріс
құралы ретінде, еңбектің маңызды заттай
факторларының бірі – еңбек процесінің
қажетті материалдық шарты
Барлық субъектілер меншік түріне қарамастан, тозуды кітапхана қорларын, фильм қорларын, мұражай және көркем туынды құедылықтарын, сахналық қойылым құралдарын, сәулет және өнер ескрткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттарды, өнім беретін малды, өгіздерді, буйволдарды және бұғыларды, пайдалану жасына жетпеген көп жылдық өсімдіктерді, хайуанаттар паркіндегі және осыған ұқсас мекемелердегі хайуанаттар әлемінің экспонаттаррын, үлгілерді, қолданыстағы және қолданылмайтын модельдерді, кабинеттер мен лобараториядағы және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын макеттер мен құралдарды қоспағанда, негізгі құралдардың барлық түрлері бойынша есептейді.
Негізгі құралдардың
жекелеген объектілері бойынша
тозу сомасы қажеттілігіне қарай, мүліктік
карточкаларда көрсетілген
Егер негізгі құралдар объектілері бойынша тозуды есептеу доғарылған болса, онда негізгі құралдарды есептейтін мүліктік карточкаларда түрлі түсті қарандашпен амортизация нормасы және қай кезден бастап амортизация есептеу тоқтатылғаны көрсетіледі. Негізгі құралдардың сақтау немесе пайдалану орындарындағы мүліктік карточкаларда «тозды» деген белгі жасайды.
Негізгі құралдардың
тозуы субъект қабалдаған амортизацияны
есептеу нормалары мен
Сондай – ақ тозудың ұлғаюы субъек балансына бұрын пайдаланылған негізгі құралдар объектісі түскен жағдайда, ал азаюы – негізгі құралдар объектілерін жойған, басқа субъектілерге сатқан, тегін берген (сыйлаған) кезде болады.
Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмысалатын шығынның және жалпы табыстың көлемінің бұзылуына әкеледі.
Амортизация ( латынның өтеу деген сөзінен) – тозуына қарай негізгі құралдардың құнын олардың көмегімен өндірілетін өнімге аударатын объективті процесс; арнайы ақша қаражаттарын – негізгі құралдарды ( негізгі капиталды) қарапайым және кеңейтіп өндіру үшін өндіріс немесе айналыс шығындарына енетін амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек құралдарының өндіріс процесіне және құн жасауға қатысе ерекшеліктері объективті негіз болады. Негізгі құралдардың қызмет мерзімінің ұзақтығы нәтижесінде олардың құны өнімге бір циклда толықтай емес, олардың табиғи және сапалық тозуына қарай бөлек – бөлек өтетін болады. Өнімгің құнының бөлігі ретінде амортизация бірнеше кезеңнен өтеді: бітпеген өндіріс, дайын және сатып - өткізілген өнім элементі болып қызмет етеді. Оның бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдеріндегі қозғалысы айналым қаражаттарының аванстандырылуын (алдын – ала ақша жұмысалуын) талап етеді.
Амортзациялық аударымдар қатардан шыққан құралдарды қайта қалпына келтіру үшін жұмысалады. Сондықтан да қызмет етуінің бүкіл кезеңіндегі амортизациялық аударулар мөлшері жоюдан түскен таза түсімді алып тастағанда, олардың бастапқы құнына тең болуы керек.[5. 127б]
Тиімді пайдалану
мерзімі – бұл негізгі
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жүзеге асырылады. Амортизация нормасы – амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың орташа жылдық құнына процентпен көрсетілген қатынасы. Нормалар еңбек құралдарының өтелуінің нормативтік мерзімін көрсететін экономикалық тиімді қызмт мерзіміне қарай белгіленеді. Олардың деңгейі техникалық – құрылымдық және материалдық – заттық ерекшеліктеріне қарай бағаланатын негізгі құралдардың қанша мерзімге арналғанына және табиғи тозуына; негізгі құралдардың, әсіресе пайдаланудағы машиналар мен жабдықтардыың, нақты жасына; қолданылып жүрген еңбек құралдарының моральдық жағынан тозуына тікелей қатысты.
Қызмет ету мерзімі пайдалы қазбалар қорларын өңдеу мерзіміне қатысты және қорларды өңдегеннен кейін күрделі қайта жабдықтаусыз басқа мақсаттарға қолданыла алмайтын тау – кен өндірісі ( көмір, сланец, тау кендері, сирек кездесетін асыл метелдры, алмастар мен кен емес қазбаларды өндіру) салаларының негізгі өндріс қорлары бойынша амортизациялық аударымдар нормасы өтелетін қорлардың (қазып алу мен пайдалануға кеткен шығындар) бір тоннасына теңгемен және тиынмен белгіленеді.
Мынандай негізгі
құралдар бойынша амортизация
Кәсіпорындар
негізгі құралдардың
Мұнай скважиналары бойынша толық қалпына келтіру үшін амортизациялық есептеу белгіленген норма бойынша 15 жыл жүргізіледі, ал газ скважиналары бойынша нақты қызмет ету мерзіміне тәуелсіз 12 жыл бойы төленеді. Жойылатын және амортизацияланбаған мұнай және газ скважиналары бойынша толық қалпына келтіру үшін амортизациялық аударымдар алдын ала, олардың баланстық құны өндірілетін мұнай, газ және басқа өнімдерге көшкенше есептелетін болады.
Есептелген амортизация сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өзіндік құнына апарылады; маусымдық өндірістерде амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынның жыл ішінде жұмыс істеу кезеңінің өндірістік шығындарына қосылады.
Бір жыл ішінде
осы ай үшін амортизациялық аударымдардың
мөлшерін айқындау өткен есептелген
амортизациялық аударымдар сомасына сүйеніп,
ілгерідегі айдағы негізгі құралдар
құрамындағы өзгерістерге, сондай-ақ
толығымен амортизацияланған не
Жаңадан пайдалануға
берілген негізгі құралдар бойынша
амортизация есептеу келіп
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әдістері.
«Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандаттарына (БЕС) сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілері өзінің есептік саясатында амортизациясын есептеуде келесідей әдістердің бірін қолдануға құқылы:
Негізгі құралдардың
құны бойынша амортизацияны
Информация о работе Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері