Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 03:23, курсовая работа

Описание

Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте – бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте – бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады ( мысалы, станок немесе автомашина өндірісте бірнеше жыл бойы пайдаланылады).
Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс, өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі құралдарын, оның ішінде құрал-жабдықтарын тиімді пайдалау, жетілдіру, оны жаңарту және жаңғырту процесіне қатысты жазылған. Жұмыс негізгі үш бөлімнен және әр бөлім бойынша тақырыпшаларға бөлінген. Мысалы, алғашқы бөлімде негізгі құралдардың, құрал-жабдықтардың жіктелуі, олардың пайдалануы турасында болса, екінші бөлім өндіріс құралдарын жаңарту, жаһандандыру жайында болмақ. Сондай-ақ, өндіріс процесіне жаңа құрал-жабдықтарды енгізе отырып, тұтас өндіріс жүйесін автоматтандыру, жүйелеу бойынша зерттеулер мен теориялық дәйектер берілген. Ал соңғы үшінші бөлімде – кәсіпорын мысалында құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау және жаңартуға қатысты материалдар енгізілген. Біздің басты нысанымыз – «СП ЕРКА» ЖШС.
Курстық жұмыстың мақсаты – жалпы негізгі құралдарды талдау, негізгі құралдардың кәсіпорындағы рөлін бағалау және негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жетілдіру болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………3
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................5
Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі................................5
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар...................................................................................................................7
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштерді..........................................................................................................17
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ................................................................................20
Өндіріске жаңа негізгі құрал-жабдықтарды енгізу қажеттілігі..........20
3.2.Өндіріс процесін жаңғырту және автоматтандыру..............................22
“СП ЕРКА” ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ...................................................................................26
“СП ЕРКА” ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы......................26
“СП ЕРКА” ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау.........................................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................36

Работа состоит из  1 файл

Курсовой.doc

— 274.00 Кб (Скачать документ)

Өндірісті өте  ескірген, алайда басқа нарықтарда сұранысқа ие дәстүрлі тауарларды шығаруға арнап бағыттау өнімнің дәстүрлі техноогия бойынша реттелген  өндірісін сақтап қалу керек пе немесе жаңа технологияға көшу керек пе соның тиімділігі туралы мәселені шешуді қажет етеді. Бұл ретте нақты өнім түрлерінің моральдік ескіру дәрежесін, әртүрлі нарықтардағы бір ғана өнім түрінің өмірлік циклының сатыларын анықтау маңызды мағынаға ие болады.

Дұрыс құрастырылған ғылыми – техникалық саясат өндірістік бөлімше үшін маңызды мағынаға ие болады, себебі ол нарықтың даму келешектері мен фирманың ресурстарды шаруашылық іс - әрекеттің келешегінен  үміт күттіретін бағыттарына шоғырландыру мүмкіндіктеріне баға беруге мүмкіндік береді.

Мұндай саясат шығарылатын өнімнің үздіксіз түрде  жетілдірілуі мен жаңартылуын қамтамасыз етуі тиіс, ал бұл алғашқы кезекке  НИОКР-ды  ұйымдастыру мен жүргізу, өнімді игеру және оны жаппай түрдегі  өндіріске енгізу мәселесін шығарады.

Бұл ретте әңгіме мұндай іс - әрекетке жұмысалатын шығындар жайлы да, жоспарланған жұмыс түрлерін жүзеге асырудың мерзімдері туралы да болып отыр. Ғылыми – техникалық саясатты жүзеге асыру өндірістік бөлімшеде  НИОКР бағдарламасын әзірлеу  арқылы іске асырылады, аталмыш бағдарламада нақты міндеттер, оларға қол жеткізудің мақсаттары мен әдістері қалыптастырылады. Мұндай программалар фирманың ғылыми – техникалық әлеуетін келесі жаңа әзірлемелерді енгізу үшін арттыруға ықпал етеді.

Техникалық  саясатты әзірлеудің нәтижелері НИОКР – ды жоспарлаудың негізін құрайды.

Кәсіпорынның  техникалық саясатын кәсіпорынның техникалық қызметтері жоспарлайды. Олардың құрамына бас технолог қызметтері, құрастыру, техникалық бөлімдері, зертханалар, техникалық ақпарат, оңтайландыру бюросы, техникалық кітапхана кіреді.

Техникалық  саясатты әзірлеу ісіне сервис және маркетинг қызметтері белсенді түрде  ат салысады.

Техникалық  қызметтердің міндеттеріне келесілер  жатады. Жаңа өнімді, оны өндіру технологияларын, технологиялық нұсқаулықтар мен техникалық шарттарды әзәрлеу; өндірістік аппаратты жаңарту – жаңа прогрессивтік технологияларға көшу; жабдықты айырбастау және жаңалау; НИОКР-ды өткізу, жобалау, құрылысқа арнап ТЭН-ды әзірлеу; шығарылып жатқан өнімнің сапасын, ақаулар мен шағымданулардың себептерін бақылау және талдау, оларды жою әдістерін әзірлеу; өзге фирмалардағы ғылыми – техникалық прогресті (ҒТП) қадағалап отыру.

Негізгі құралдарды жөндеу мен жетілдіру. Өндірістік процесте құралдар оларды үнемі қолдануына байланысты ескіреді, соған орай оларды жұмысқа жарамды қалпында ұстау үшін оларды тұрақты түрде жөндеуден өткізіп отыруы қажет.

Жөндеудің үш түрі қарастырылады. Олар: қалпына келтіру, ағымдағы жөндеулер және күрделі  немесе толық жөндеулер.

Қалпына келтіру  жөндеулері – бұл әртүрлі жағдайларға: табиғи апаттарға ( топан су, өрт, жер сілкінісі және т.б.), әскери қиратуларға, негізгі құралдардың ұзақ уақыт бойы қызмет істемей тұруына байланысты болатын жөндеулердің ерекше түрі. Қалпына келтіру жөндеулері мемлекеттің арнайы қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Ағымдағы жөндеу – бұл өндірістік процесс кезінде  негізгі құралдарды қызметтен алмай  жасалатын ұсақ жөндеулер. Ол өндірістік процесті ұзақ уақытқа тоқтатпайды. Ұсақ жөндеулер кезінде жекелеген  бөлшектер ауыстырылады, әртүрлі  жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Күрделі немесе толық жөндеулер – бұл негізгі  құралдардың толығымен  қайта  жөндеуді қарастырады, оның барлық ескірген бөлшектері толығымен ауыстырылып, жөнделген қалпы бастапқы қалпына  жақын болуы тиіс.

Модернизациялау. Ол – негізгі құралдардың  техникалық жетілдірілуін сипатталады. Ол негізгі құралдардың ескіруін жою мен оның технико – экономикалық көрсеткіштерін жаңа құралдардың деңгейіне дейін жетілдіруді мақсат етеді. Жаңару деңгейіне қарай жартылай және толық модернизацияны қарастырады. Модернизацияны өткізу мен әдістемесіне қарай толық және жекелеген болып бөлінеді. Екелеген модернизация – бұл көп сериялы конструкциялардың бір типті өзгерістері, толық модернизациялау бұл - өндірістің қажеттіліктеріне байланысты жетілдірулер.

Ескірген бөлшектерді қалпына келтіру:

    • кейбір бөлшектердің жеткіліксіздігін (тапшылығын) жою және барлық жөндеулерді уақытылы өткізуге;
    •   жөндеу шығындарды төмендету, себебі, бөлшектерді қалпына келтіру, оларды қайта сатып алу немесе жаңа өндірілгендерге қарағанда әлде қайда тиімді болып табылады;
    •   бөлшектерді кәсіпорындарға жеткізуден көліктік шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Тәжірибе көрсеткендей қалпына келтіретін бөлшектер орта, әсіресе ірі кәсіпорындарда экономикалық тұрғысын өзін - өзін ақтағандығы көрсетіледі.

Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін жоғарылату кәсіпорын қызметінің қаржылық жағдайына: өнімді өндіруді ұлғайту, өзіндік құнды  төмендету, өнімнің сапасын жоғарылату, мүлікке салықты төмендету мен  баланстық табысты ұлғайту арқылы әсер етеді.

Кәсіпорында негізгі  құраларды пайдалану тиімділігін  келесі жолдармен арттыруға болады:

    • кәсіпорынды артық құралдардан босату, яғни машиналар және басқа да негізгі құралдарды жалға беру арқылы;
    • толық және күрделі жұмыстардың уақытылы және сапалы өткізілуінің жаспарлық – болжамдары;
    • жоғары сапалы негізгі құралдарды сатып алу арқылы;
    • негізгі құралдардың, әсіресе активті бөлігінің уақылы ауыстырылуы олардың шектен тыс табиғи немесе сапалы тозуын болдырмау мақсатында жүргізілуі;
    • шикізаттар мен материалдардың өндірістік процеске дайындау деңгейін жоғарылату;
    • кәсіпорынның автоматизациялану мен механизациялау деңгейін жоғарылау;
    • өндіріс пен еңбекті  ұйыдастыруды жоғарылату – жұмыс уақытын жоғалту мен машиналар мен құралдардың жұмысын тоқтатуды қысқартуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.“СП ЕРКА” ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН

ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН  БАҒАЛАУ

 

3.1. “СП ЕРКА” ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы

 

 “СП ЕРКА”  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2002 жылдың күзінен бері халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін қорғасынды-кальцийлі аккумуляторлық батареялар шығаруда. Кезінде Үкіметтің импортты алмастыру бағдарламасына сай салынған кәсіпорын алғашқы өнімдерін бергеннен бастап “Жоғары сапа – қолжетімді баға” стратегиясымен жұмыс жүргізуде. Технологиялық желілерге арналған құрал-жабдықтарды таңдауда ең үздік мамандар Швеция, Италия, Германия және АҚШ-тағы зауыттарға жіберіліп, қазіргі ең озық өндірістік желілерге іріктеу жүргізген. Осының нәтижесінде шығарылған өнімдері үлкен сұранысқа ие болған серіктестік 2004 жылы “TSC group” корпорациясының құрамына еніп, осы корпорацияның құрылымдық бөлімінің бірі ретінде жұмыс істеуде. Корпорация серіктестіктегі өндірісті жетілдіру үшін 6 млн. АҚШ долларын салды. Қазір кәсіпорынның өндірістік қуаты 30 пайызға дейін артып, зауытта 400-дей адам еңбекпен қамтылған. Ағымдағы жылы жұмысшылардың орташа еңбекақысы 33000 теңгені құрап, оларға көрсетілетін тұрмыстық қызмет жақсаруда.

Зауытта сұраныс  бойынша түрлі көлемдегі аккумуляторлық батареялардың 14 түрі жасалуда. Аккумуляторлық батареялардың барлық үлгілеріне берілетін кепілдік мерзімі 2 жылды құрайды. Зауыттың өндірістік қуаты – 1,5 млн. дана аккумуляторлық батарея шығару. Уақытпен бірге өнім шығару мен оны сату көлемі де артып отыр. Мәселен, 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы өндіріс көлемі 35 пайызға, 2006 жылы бұл жағымды жағдай 42 пайызға артқаны дәлел. Биыл зауыттағылар 1 млн. дана аккумуляторлық батареялар шығаруды көздеп отыр. Рынокқа “ВМ Energy”, “BM Start+” және “Bіg Cіty” брендтері шығарылған.

“ВМ Energy” стартерлік аккумуляторлық батареялар өндірісі үшін “Кальций-Кальций” атты ең жаңа технология қолданылуда. Қорғасынды-кальцийлі қорытпаларды қолдану технологиясы бойынша дайындалған аккумуляторлық батареяның артықшылығы – аккумулятор қатпарларына пайдаланылған, адам үшін зиянды химиялық элемент – сүрмелердің айналасына еш зияны жоқ кальциймен алмастырылуы. Бұл ерекшелік экологиялық тұрғыда таза, әрі қауіпсіз. Сонымен қатар аталған технологияны қолдану аккумуляторлық батареяларға жаңа пайдалану қасиеттерін береді. Атап айтқанда, аккумуляторлық батареяларға қызмет көрсетудің, пайдалану кезінде суды үстемелеп отырудың қажеті болмайды. Бұл тұтынушыға батареяны ашу қажеттігін тудырмайтындығымен қолайлы. Сондай-ақ сақтау және тасымалдау кездерінде кальцийлі батареялар бу мен жарылу қаупі бар газ қосындыларын шығармайды. Сақталғанда ғимарат газданбайды, жарылыс пен өрт туындау қаупін мейлінше азайтады. Қорғасынды-кальцийлі қорытпаларды қолданып, “Экспандер металсс” технологиясы бойынша жүзеге асырылатын өндіріс нәтижесінде өнімнің сапасы артып, қорғасынды пайдаланудың үлес салмағы төмендейді.

“СП ЕРКА” серіктестігі шығаратын өнімдердің жоғарыда келтірілген  сенімділігі мен артықшылықтарының  нәтижесінде 2004 жылмен салыстырғанда, аккумуляторлық батареяларды сату көлемі былтыр 92 пайызға артқан. Қазіргі  кезде тұтынушылар қатарында ел экономикасында үлкен орны бар “Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы”, “ҚазМұнайГаз”, Орталық газ”, “КЕГОК”, “Орталық Азия Интергаз”, “Қазавтотранс” сияқты өндіріс алыптары мен Қорғаныс министрлігі бар. Зауыт сыртқы рынокта да сенімді байланыс орнатып, қалыптастырған. Осылайша “ВМ Energy” маркасындағы аккумуляторлық батареяларын ірі сату рыногы болған Ресейдің “Электростарт” ААҚ диллерлік орталығы, Әзірбайжандағы “ADF”, Молдовадағы “Catol Lux SRL”, Белоруссиядағы “КОРЕ ИЛЬБО УП” фирмалары мен Ресейдегі “Карпухин” жекеменшік кәсіпорнына және көршілес Қырғызстанға да жөнелтілуде.

1 – кесте. «СП ЕРКА» ЖШС-нің технико – экономикалық көрсеткіштері

 

 №

Негізгі көрсеткіштері

өлшем бірлігі

2006ж.

2007ж.

Ауытқуы

  + -                  

%

1

Сатудан түскен табыс 

мың. тг

924515

932336

7821

100,85

2

Өткізілген  өнімнің өзіндік құны

 

мың. тг

 

769500

 

772856

 

3356

 

100,44

3

Жалпы табыс 

мың. тг

155015

159480

4465

102,9

4

Кезең шығындары

мың. тг

37600

94113

56513

2,5есеөсті

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

 

мың. тг

 

117415

 

65367

 

-52048

 

55,7

6

Негізгі емес қызметтен  түскен табыс

 

мың. тг

 

8796,3

 

10236,2

 

1439,9

 

116,4

7

Салық салынғанға дейінгі  табыс

мың. тг

 

126211,3

 

75603,2

 

-50608,1

 

59,9

8

Таза табыс 

мың. тг

88347,91

52922,24

-35425,67

59,9

9

Өнімнің 1 тг кеткен шығындары 

 

тг 

 

0,87

 

0,93

 

0,06

 

106,9

10

Өнімнің рентабельділігі 

%

15,26

8,46

-6,8

55,44

11

Сатудың рентабельділігі

%

9,56

5,67

-3,89

59,3

12

Өндірістің  рентабельділігі

%

36,08

36,4

0,32

100,89

13

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны

 

мың. тг

 

312234,6

 

314226

 

1991,4

 

100,64

14

Айналым құралдарының орташа жылдық құны

 

мың. тг

 

117415,5

 

124113,2

 

   6697,7

 

105,7

15

Еңбек ақы қоры

мың. тг

155232

182736

27504

117,7

16

Жалпы жұмыскерлер  саны

адам

392

405

13

103,3

17

1 жұмыскердің  орташа айлық жалақысы 

 

тг

 

33000

 

37600

 

4600

 

113,9

Ескертпе –  Кәсіпорын мәліметтері негізінде  есептелді.


 

Кәсіпорындағы өндірілетін өнімдерге сұраныстың артуы және тұрақты тұтынушыларының  болуы 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы өндіріс көлемінің 0,85 %-ға өсуіне алып келген. Осыған сәйкес кәсіпорын 2006 жылы өндірілген өнімді өткізуден 924515000 теңге табыс тапса, 2007 жылы   932336000 теңге табыс тапқан. Сәйкесінше өткізілген өнімнің өзіндік құны 3356000 теңгеге немесе 0,44 %-ға өскен. Бұл екі көрсеткіштің айырмасы кәсіпорынның жалпы табысын көрсетеді. Өнім өткізу көлемінің артуы және кәсіпорынның  өз шығындарын басқару мүмкіншілігінің жақсаруы нәтижесінде кәсіпорынның жалпы табысы 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 4465000 теңгеге немесе 2,9 пайызға артқан. Кәсіпорынның таза табысының көлеміне әсер ететін өзіндік құнға кіргізілмейтін кезең шығындарын азайту барлық кәсіпорындар үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бірақ «СП ЕРКА» ЖШС-де кезең шығындары 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 56513000 теңгеге немесе 2,5 есеге жуық  өскен. Өткiзiлген  өнiмнiң өзiндiк құнына кiрмейтiн тұрақты шығындарды бiлдiретiн, кезең шығындарының көлемі негiзгi қызметтен түскен табысқа тікелей әсер етеді. Яғни, жалпы табыстан кезең шығындарын шегеру арқылы анықталады. Осыған байланысты 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы кезең шығындарының көлемі 2,5 есеге жуық өскендіктен негізгі қызметтен түскен табыс көлемі де айтарлықтай азайған. Нақты атап көрсететін болсақ 2007 жылы 52048000 теңгеге немесе 44,3 %-ға кеміген. Ал 2006 жылы негізгі емес қызмет бойынша 8796300 теңге, 2007 жылы 10236200 теңге табыс тапқан. Кезең шығындарының айтарлықтай көп болуы салық салынғанға дейінгі табыс көлеміне де едәуір әсер еткен. Яғни, бұл табыс көлемі 2007 жылы өткен жылмен салыстырғанда 50608100 теңгеге немесе 40,2%-ға  азайған. Сәйкесінше кәсіпорынның таза табысы  да екі есеге кеміп отыр. Дегенмен, 2007 жылы «СП ЕРКА» ЖШС  52922240 теңге таза табыс тапқан.

Кәсіпорынның  қалыпты қызметін қамтамасыз етуде  оның негізгі құралдары мен айналым құралдары маңызды роль атқарады. 2006 жылы  «СП ЕРКА» ЖШС-гі негізгі құралдардың  орташа жылдық құны                            312234600 теңгені құраса, 2007 жылы 314226000 теңгеге жеткен, яғни, 1991400 теңгеге немесе 0,64%-ға артқан. Ал айналым құралдарының орташа жылдық құны 2007 жылы біраз өскен, яғни өткен жылмен салыстырғанда 6697700 теңгеге немесе 5,7%-ға ұлғайған.

Кәсіпорындағы жалпы жұмыскерлер саны 13 адамға,  ал еңбек ақы қоры 27504000 теңгеге  немесе 17,7%-ға артқан. Сонымен бірге жұмыскерлердің орташа айлық жалақысы да 7451теңгеге (17,7%-ға) өскен. 

Кәсіпорынның  жалпы өндірістік – шаруашылық қызметін талдаумен қатар оның жалпы экономикалық жағдайы мен қызмет тиімділігін  бағалау кезінде рентабельділік көрсеткіштерін немесе табыстылық деңгейін есептеудің маңыздылығы жоғары. Сондықтан өндірістің, өнімнің, сатудың рентабельділігін және  өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар көлемін анықтау қажет. «СП ЕРКА» ЖШС– де өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған шығындар көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 6 тиынға өсіп 93 тиынды құраған. Бұл кезең шығындарының өсуіне байланысты болып отыр. Кезең шығындарының екі есеге жуық көбеюі және таза табыс көлемінің осындай шамаға азаюы рентабелділік көрсеткіштеріне айтарлықтай ықпал еткен. Атап айтар болсақ, 2007 жылы өнімнің рентабельділігі 6,8%-ға кеміген. Яғни, өнім өндіру мен оны сатуға жұмсалған шығындардың әрбір теңгесіне келетін таза табыс мөлшері азайып отыр. Мұның басты себебі, кезең шығындарының айтарлықтай сомаға артуы болып табылады. Ал өндіріс рентабельділігі 2006 жылы 36,08%-ды құраса, 2007 жылы 36,4%  болған, яғни 0,32%-ға өскен. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі сатудың рентабельділігі болып табылады, оны кейде «пайда маржасы» деп те атайды. Ол таза табыстың сатудан түскен табысқа қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткіштің мәні таза табыстың әрбір теңгесіне сатудан түскен табыстың қанша теңгесі келетінін көрсетеді. 2007 жылы таза табыс көлемінің айтарлықтай азаюына байланысты бұл көрсеткіштің мәні де 3,89%-ға кеміген.

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері