Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 20:28, курсовая работа
Сыртқы сауда тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және таурады басқа елдерден әкелуден импорттан құрылады. Белгілі кезеңде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда баланысы болады. Егер экспортталатын тауардың құны импортталатын тауардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда баланысына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда баланысының жай – күйі сол елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белегілі мағанада сол ел экономикасы жай – күйінің маңызды көрсеткіші.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ….…5
Әлемдік сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары.............................5
Қазақстанның халықаралық саудадағы орны..............................................13
ӘЛЕМДІК САУДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ БОЛАШАҒЫ.............................................................18
Әлемдік сауданың құрылымы........................................................................18
Қазақстанның халыақаралық саудадағы болашақ орны және рөлі...........22
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................28
Халықаралық сауданың мәнін ашу үшін оның формаларын 1-схемадан көруге болады.
Халықаралық сауданың формалары төмендегідей жіктеледі:
- аукциондар және аукциондық сауда;
- биржалық сауда;
- халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер;
- машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы;
- қарама-қарсы сауда;
- шекаралық сауда.
Енді осы формалардың әрқайсысына сипаттама берейік:
Аукцион
дегеніміз алдын ала көруге қойылған
тауарларды белгілі бір уақытта, белгіленген
орында сату формасы
2 сызба –Тауарлық нарықтың тауарлық – салалық классификациясы
Дерек көзі: Алматы: Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М. оқулығы қазақ университеті,2004-21 мая.
Аукцион белгілі бір тауар түрлері бойынша өтеді, мысалц бағалы аң терісі, жүн, өнер туындылары, антикварлық және кейбір бірегей тауарлар.
Аукционның ерекшелігі сатушының тауар сапасына жауапкершілігінің шектеулілігі.
Аукциондық сауда - нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекесін пайдаланады.
Аукциондық сауда кезінде сатушы тауардың бастапқы бағасы-белгілейді, бұл баға аукцион барысында сатып алушылардың төлем қабілетінің негізінде өзінің ең жоғары денгейіне дейін көтеріледі.
Мысалы, Санкт-Петербургте бағалы аң терісінің аукционы бар. Осы аукцион басқа елдердің сатушыларынан да комиссияға тауар қабылдайды. Бағалы аң терілерін сатып алушылар - ірі капиталистік және өтпелі социалистік елдердің өте ірі көтерме сауда фирмалар.
Сонымен бірге Мәскеуде, Дондағы Ростов, Пятигорск сияқты қалаларда асыл тұқымды жылқылардың аукционы жүргізіледі.
Аукциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бағаларға жайлы жақын бағалармен сатуда қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардың өте көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы сатушы мен сатып алушыға өте қолайлы жағдай жасайды.
Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын қатыстырды, осының нәтижесінде шикізаттың жекелеген түрлері бойынша тұрақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.
Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға айналдырды, олардың ең алғашқылары XVII ғасырда Еуропада пайда болды.
Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке кезінде шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі кезде 60 түрі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао сияқты ауыл шаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге оларда шикізат саудасының 20%-ке жуығы іске асырылады. Биржалық емес саудадағы бағалар биржалық бағаларға сәйкес түрде бейнеленеді.
Сонымен, биржалық сауда - биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы.
Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.
Биржалардың бірнеше түрі бар:
- тауар биржасы;
- еңбек биржасы;
- валюта биржасы.
Тауар биржасы - сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан нарықты қамтамасыз ететін сауда.
Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді. Бұл тауарлардың бар екенін олардың саны мен сапасын көрсететін құжаттар куәландырады.
Қор биржасы - таза іскерлік принципінде жұмыс істейді (Лондон, Нью-Йорк биржалары). АҚШ-та 10-нан астам қор биржасы бар, олардың ең ірісі - Нью-Йорк биржасы. Амстердам, Мадрид, Брюссель, Копенгаген, Лиссабон қор биржасы Халықаралық қор биржасы болып табылады.
Валюта биржасы — бұл валюта нарығы. Мысалы, Токиода валюта операциясының 72%-і "доллар-марка" мәмілесінің үлесіне тиеді;
Еңбек биржасы - жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер - тауар үлгілерін көрсету нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп, контрактыларға қол қойылады.
Жәрмеңке - бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын-оқтын өтіп тұратын нарықтың түрі.
Машиналар мен құрал-жабдықтардың ареңдасы.
Аренда - бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы. Мұнда жалға беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті ақысын төлетіп, иеленуге және пайдалануға береді.
Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рұқсат беріледі және мүлік жөнінде меншіктің барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.
Жалға берушілер - меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мүмкін.
Жалгерлер - заңды құқықтық мекемелер және кәсіпорындар, шетелдік мемлекеттер, халықаралық ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен бірлестіктер және т.б.
Халықаралық саудада аренданың үш түрі қолданылады:
- лизинг - ұзақ мерзімдік аренда (1 жылдан көп мерзімге дейін);
- хайринг - орта мерзімдік аренда (бірнеше айдан бір жылға дейінгі мерзімге);
- рейтинг - қысқа мерзімдік аренда (бірнеше күннен бірнеше айға дейінгі мерзімге).
Халыкаралық тәжірибеде ұзақ мерзімдік аренда, яғни лизинг өте көп қолданылады. Лизинг құралдарына жататындар: кеңселік, құрылыс-монтаждық және технологиялық құрал-жабдықтар.
Сонымен бірге лизингке
Лизингтік операцияның өте қарапайым тәсілін карастырайық Жалға беруші жалгермен арендалық келісім-шартына қол қояды. Өндіруші дайындайды және жалгерге аренда құралын береді.
Лизингтік компания банктен несие алады да, өндірушімен есеп айрысады және арендалық төлемдерден несиені өтейді.
Лизинг кезінде сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді негізінен жалгер өзі жүзеге асырады.
Халықаралық тәжірибеде орта мерзімдік арендаға контрактылар көп бекітіледі.
Хайринг құралдарына транспорттык. құралдар, жол-құрылыс машиналары, монтаждық құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығы машиналары жатады.
Орта мерзімдік арендалар сұраныс пен ұсыныс әсерінен қалыптасады. Келісімге байланысты сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді жалта беруші немесе жалгер жүргізеді.
Рейтинг контрактылары халықаралық тәжірибеде сирек бекітіледі.
Рейтинг құралдарда транспорттық құралдар, туристік және қысқа мерзімдік пайдаланудағы тауарлар жатады.
Негізі бұл контрактылардағы міндеттеме бойынша сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді жалға беруші жүргізеді.
Транспорттық құралдар (су транспорты, авиалайнер автобус және т.б.) уақытша арендаға алу келісімі "таймс-чартер" деп аталады, Яғни бұл келісім кезінде экипаж бен жүргізуші де жалға алынады.
Ал экипажы жоқ транспорт құралдарын жалға алу "бер-боут" деп аталады.
Қарама-қарсы сауда дегеніміз экспортталған тауардың жартылай немесе толық құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы жөніндегі қарсы міндеттемесі.
Қарама-қарсы сауданың бірнеше түрлері бар:
- бартерлік келісімдер;
-
қарама-қарсы сатып алу
- клирингтік келісімдер;
- лицензиялық келісімдер;
- компенсациялық келісімдер.
Қарама-қарсы сауданы тереңірек түсіну үшін олардың түрлеріне сипаттама берейік.
Бартерлік келісім - валютасыз, бірақ тұтас келісім негізінде бағаланған және балансталған тауар айырбасы.
Бағалау мыналар үшін қажет:
-
айырбастың эквиваленттілігін
- сақтандыру сапасын анықтауға мүмкіндік беру үшін
-
жеткізіп берулердің
-
сапасыз тауарлардың
Қарама-қарсы сатып алу келісімдері.
Клирингтік келісімдер - саудада пайда болатын талаптар мен карыздарды өзара өтеу жөнінде мемлекеттердің орталық банктері арасындағы қолма-қол ақшаның есеп айырысу түрі.
Лицензиялық келісім - бетей сауда маркасын пайдалану келісімі.
Мысалы, Малайзия фирмасы Жапонияның корпорациясымен лицензиялық келісімге отыруы.
Лицензияны сатудың тиімділігі
- біріншіден, белгілі бір технологияны шығаруға кеткен шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді.
-
екіншіден, тауар экспорты
-үшіншіден,
ішкі нарықтық толығуын жеделдетуге жөне
шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Компенсациялық келісімдер —. алынған несиені өтеу үшін ақшалай есеп айырысудың орнына тауар ұсыну келісімі.
Шекаралық сауда - сауда, төлем және жыл сайынғы қарар туралы келісімнің негізінде көрші мемлекеттердің шекаралық аудандарының сауда ұйымдары мен фирмалары жүзеге асыратын халықаралық тауар алмасу түрі.
Мысалы,
Қазақстанның Қытаймен шекаралас тұрған
Жаркент қаласында осындай
1.2 Қазақстанның халықаралық саудадағы орны
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперациялауға, біріккен көсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгерді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүниежүзінде белгіленген сауда-құқықтық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әр түрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.