Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 20:28, курсовая работа
Сыртқы сауда тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және таурады басқа елдерден әкелуден импорттан құрылады. Белгілі кезеңде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда баланысы болады. Егер экспортталатын тауардың құны импортталатын тауардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда баланысына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда баланысының жай – күйі сол елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белегілі мағанада сол ел экономикасы жай – күйінің маңызды көрсеткіші.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ….…5
Әлемдік сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары.............................5
Қазақстанның халықаралық саудадағы орны..............................................13
ӘЛЕМДІК САУДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ БОЛАШАҒЫ.............................................................18
Әлемдік сауданың құрылымы........................................................................18
Қазақстанның халыақаралық саудадағы болашақ орны және рөлі...........22
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................28
Дерек көзі: Әубәкіров Я. Экономикалық теория негіздері.Оқулық – Алматы:Санат,1998-481бет.
Бұл кестеде экспорттан имопртты алып тастап қалдықты шығаруға болады:
Мұнда: 1999 ж. Қалдық: 6497,0-4300,8 2196,2
2001 ж. Қалдық: 6497,0-4300,8 2196,2
Т.М.Д. елдері: 2169,5-2059,6 109,9
2003 ж. Қалдық: 5598,0-3686,5 1911,5
2005 ж. Қалдық: 4215,3-2195,6 2019,7
жарты жылдық Оның ішінде:
Т.М.Д. тыс елдері: 3023,5-981,0 2042,5
2006 ж. Қалдық: 9139,5-5052,1 4087,4
2007 ж. Қалдық: 4461,5-3197,5 1264,0
жарты жылдық Оның ішінде:
Машиналар мен жабдықтар саудасының да ролі артып келеді. Осымен байланысты ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржы-несие қызметтерінің айырбасы кең қанат жаюда. (Машиналар мен жабдықтар саудасының қарқыны бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді. Оларға: инжинерлік, лизинг, консалтинг, ақпаратты есептеу қызметтері жатады.
Инжиниринг - клиентке көрсетілетін инженерлік кызметтердің жиынтығы. Оның түпкі мақсаты өндіріске жұмсалған күрделі қаржыны, немесе басқа шығындарды өтеуде жоғары нәтижеге жету. Ондай нәтижеге жету үшін инжиниринг материалдық технологиялық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың әдістерін іздестіреді.
Лизинг
- машиналар мен жабдықтарды
Консалтинг - жобаларды дайындау және жүзеге асыру кездегі кеңес беру қызметі.
Соңғы онжылдықта (1995-2005 ж.ж.) өнеркәсібі, дамыған елдердің машиналар мен жабдықтар экспорты үш есе өсті. Әсіресе электротехникалық және электронды жабдықтарды экспорттау жедел қарқынмен дамып келеді, олардың үлесіне машинатехникалық өнімдері экспортының 25%-і тиеді.
Халықаралық саудада жедел дамып келе жатқан саланың бірі-химиялық өнімдеу саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен, шикізат саудасының қарқыны әлемдік сауда қаркынынан едәуір төмен. Мұның себебі: біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді ұлғайады; екіншіден, шикізаттың өзін ұтымды пайдалану арқылы қалдықсыз, терең өндеу процесін қолдану.
Әлемдік азық-түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама азайғыш байқалады Бұл белгілі дәржеде өнеркәсібі дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен байланысты.
Халықаралық
ұйымдардың мәліметтері бойынша, соңғы
онжылдықта (1995-2005 ж) халықаралық сауда
жыл сайын орта есеппен 5,2%-ке өскен. Бірақ
мұншалықты өсу барлық уакыта бірдей емес.
Мысалы, 1992 жылы халықаралық сауданың
өсуі 8,2% болса, 1998 жылы 4%-ке дейін төмендеген.
Мұның басты себебі: өнеркәсібі дамыған
елдерде байқалған экономикалық тоқырау.
Ал, дәл осы кезеңде азиялық "жаңа индустриялды
елдерде" сыртқы сауда қарқыны 10%-н асқан.
1999 жылы халықаралық сауданың көлемі 9,5%-ке
жоғарылап, осы жылдардың басындағы төмендеу
тенденциясы тоқтағаны.
Халықарылық сауданың 2002-2007 жылдардағы көлемі
2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Халықаралық сауданың көлемі | 1 | 3650 | 3600 | 4050 | 4700 | 5020 |
Халықаралық сауда көлемінің өсімі, % | 3 | 8 | -3 | 14 | 18 | 9 |
Халықаралық саудадағы баға деңгейінің өзгеруі, % | 7 | 3 | -7 | 4 | 8 | 2 |
Халықаралық сауда көлемінің өсімі, | 8 | 7 | 6,0 | 11,7 | 11 | 9 |
Өнеркәсібі дамыған елдердегі импорттың өсімі, % | 8 | 6 | 4 | 12 | 10 | 8 |
Мұнай экспорттаушы елдердегі импорттардың өсімі, % | 7 | 15 | -4 | -3 | 2 | 5 |
Дамушы елдердегі импорттық өсімі, % | 13 | 15 | 16 | 13 | 13 | 12 |
Әлемдік сауданың 90-шы жылдардың орта шенінде жедел өсуі, АҚШ-тың, Италияның, Канаданың Испанияның, импортының қарқынды өсуімен байланысты. Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық конъюнктурасының жақсарғаны да әсер етті. Егер сауда саласындағы кедергілср біртіндеп жойыла берсе, онда халықаралық тауарлар нарығы жыл сайын орта есеппен 6%-ке өсері анық.
Әлемдік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік. Бұл орайда бірқатар проблемалар да бой көрсетеді. Олардың негізгісі - мемлекетаралық экономикалық топтар, сауда-экономикалық одақтар деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы. Әлемдік баннктың есептеулеріне қарасақ бұл одақтардың шеңберіндегі 90-жы жылдары әлемдік сауданың 42%-ы жүзеге асырылған.Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтың сауда одақтары мынадай құрамды:
1.Еуропалық Одақ - Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия, Франция, Испания, Португалия, Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.
2.Еуропалық еркін сауда ассоциациясы - Исландия, Норвегия, Швейцария, Лихтенштейн.
З.Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалык келісім АҚШ, Канада, Мексика.
4.Азия - Тынық мұхит экономихалык ынтымақтастығы - Австралия, Бруней, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Индонезия, Филлипин, Тайвань, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Мексика, Чили.
5."Меркосур" - Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай.
6.Оңтүстік Африкалық даму комитеті - Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Маврикий, Намибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания, Зимбабве.
7. Батыс Африкалық экономикалық және валюталық одақ - Кот'д Ивуар, Буркина-фасо, Нигерия, Того, Сенегал, Бенин, Мали.
8.Оңтүстік Азиялық аймақтың
9.Анд пакті - Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия.
Аталған Одақтастықтарды құруының негізінде саяси, экономикалық, тарихи мәні бар объективті процестер жатыр. Бұл процестердің күшеюі бір жағынан, халықаралық сауданың дамуына әсер етеді, екінші жағынан кез келген жабдық құрылымдарға тән бірқатар кедергілер де болады.
Біртұтас әлемдік нарықтар жүйесін қалыптастыру бағытында. әлі де болса көптеген кедергілер мен кайшылықтар бар. Еркін сауда немесе протекционизм мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сауда-экономикалық одақтастарына мүше елдер қайшылықты жағдайларды ескере отырып, проблемалардың оңтайлы шешімін іздестіру үстінде.
2.2 Қазақстанның халықаралық саудадағы болашақ орны және ролі
Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ-на және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.
Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай онды құбылыстарды байқар едік:
1. Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1999-ші жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8% төмендеген болса, 2000 жылы 4,5% қана төмендеді.
2.Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктың қайта құру ставкасы, егер 1999 жылдың ортасында 75% болса, сол жылдың аяғында 52,2%, ал 2000 жылы 30% болды.
3.Өндірістің
кұлдырауы тежеліп,
4.Экспорт өнімдері тұракты түрде ұлғаюда, егер 1999 жылы оның өсімі 154,5% болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде.
Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған сыртқы сауда режиміне баға жасау еркіндігі және әлемдік нарықтағы бәсеке бағытында, елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр. Солардың ішінде:
- облыстардың лицензиялар берген құқығын жойып, сырткы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бәлін, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
- барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әр түрлі нысанындағы кез-келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді;
- экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре берумен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, ролін мейлінше-арттыру бағыттарында колға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аякталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласына республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, әлемдік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.