Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:16, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулыктары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық кұжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері жылдық есептемелік кұжаттары құрайды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................5
1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІПНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ.........................................7
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері .....................7
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері.....13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар......................19
2 «МАВИД» ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ.....................28
2.1 «Мавид» ЖШС-нің сипаттамасы және өндірістік–шаруашылық қызметін талдау..........................................................................................................................28
2.2 Өнім ассортиментін және өндіріс ырғақтылығын талдау...............................32
2.3 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау.......................................................35
2.4 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін, еңбек өнімділігін талдау..........................................................................................................................37
2.5 Өзіндік құн, табыс және рентабельділікті талдау............................................39
2.6 «Мавид» ЖШС-нің бәсекелік ұстанымын бағалау..........................................43
3 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.....................................................................................48
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту..48
3.2 «Мавид» ЖШС-ғында бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды жетілдіру..58
3.3Ұсынылған шаралар тиімділігінің жинақ есебі.................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................65

Работа состоит из  1 файл

Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)

5.Өзгермелі баға дайындалатын  бұымдарға сауда мәмілесінде ұзақ уақыт белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті уақыт ішінде өндіріс шығынының өзгеруін есепке алуға мүмкіндік беретін өзгермелі принципке негізделген.

Практикада  қолданылатын баға стратегиялары:

1.Жоғары баға  стратегиясы. Алғашқы өндіріс шығындары жоғары болады, одан кейін ол төмендейді. Бұған жаңа тауарлар жатады. Сапасы жоғары тауарлардың бағасы да жоғары болады.

2.Төменгі баға стратегиясы  немесе нарыққа өту стратегиясы.  Бұл сұранысты ынталандыру мақсатында  жүзеге асады. 

3.Сараланған баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеу, яғни кәсіпорынға деген ынтасынарттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген бағамен сатылады.

4. Икемді баға стратегиясы.  Бағалар сатып алушылардың мүмкіндіктеріне  қарай белгіленеді. 

5.  Тұрақты, стандартты, өзгермейтін баға стратегиясы.

6. Дөңгелексіз баға стратегиясы,  яғни сатып алушы 100 теңгенің  тауарын 99 теңгеге сатып алады. 

7. Жаппай көтере сатып  алу стратегиясы, яғни көтерме  баға.

Баға бәсекесінің  пайда болуы және оның әрекет етуі мынадан байқалады:

1.Бір түрлі  немесе ұқсас тауарды ең төменгі  бағада сату мен басқа да  тауар сатушыларды нарықтан ығыстырып  шығаруға және соның есебінен  өзіне бул салада ыңғайлы жағдай  туғызуға бағытталға бәсеке.

2.Тауар алушының  ұсынылған тауарға деген қажеті  қанағаттандырмау салдарынан тартатын шығынын салыстыр арқылы тауар бағасын көтеру бәсекесі.

3.Тауар алушы  мен сатушының, бірінің арзан  алуға, екіншісінің қымбат сатуға  ынталылығы аралығындағы бәсеке. Нәтиже екеуінің қайсысының жеңіп  шығатынына байланысты болады.

4.Тауар алушылардың бірыңғай қажеттерін қанағаттандыратын субститут - тауар өндіретін бәсекелес салалардың үлгісі ретінде пайда болатын салааралық бәсеке.

Персоналдың квалификациялық  деңгейі. Квалификациялык жұмысшылардың  бар болуы минималды шығындармен  жоғарғы сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің ұлғаймалы катары жоғары квалификациялық персоналсыз өндірілуі мүмкін емес. Сонымен бірге, жоғары квалификациялық менеджмент те соңғы рольді атқармайды. Өйткені, жақсы білікті жүмысшылар бар болғанымен жоғары даярланған технологтар мен инженерлерсіз бәсекеге қабілетті өнім қалыптастыру өте қиын, сонымен катар, тәжірибелі маркетологтардың алдын-ала есебінсіз өнімнің өткізілуі қиынға соғады.

Өндірістің  технологиялық деңгейі. Квалификациялық  персоналдың деңгейімен бірге өндірістің технологиялық деңгей төмен шығынды және қысқа уақытта жоғары сапалы өнім өндіруіне мүмкіндік береді. Осыған орай, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, сапалы өнім шығаруға болады. Технологиялық өндірісті үнемі алдыңғы қатарлы технологиямен қайта каруландыру жағдайында көп өнім шығару мүмкін емес, бұл жағдайда қаржыландырудың қол жетерлігі маңызды болып келеді.

Қаржыландыру  көздерінің қол жетерлігі. Негізінде  қаржыландырудың 2 түрі бар:

• Несиелік;

•Құнды қағаздарды орналастыру (биржада акцияларды шығару және котировкалау).

Кәсіпорынның  акционерлік капиталы арқылы қаржыландыруды қамтамасыз ету ең дұрысы болып келеді. Бірақ, кәсіпорын басшыларымен акцияларды шығару мен орналастыруына шешім  қабылдауына бірнеше мәселелер  қиындық туғызады. Біріншіден, кәсіпорын басшылары кәсіпорын капиталында улкен үлеске ие болып, акционерлік меншікпен қолдана алады. Бұл жағдайда акцияларды орналастыру арқылы кәсіпорынды қаржыландырғанда менеджмент пен инвестордың қызығушылыктары дауға әкелуі мүмкін. Екіншіден, бүл әдістен бас тарту себебі, бұл кәсіпорын менеджменті өз қызметтерін дүрыс атқармауы жағдайында жаңа акционер басқарушылардың ауыстырылуын талап ете алады. Үшіншіден, акцияларды орналастыру шешімін кабылдаудағы кедергі инвестор каржылық есебінің толық мөлдірлілігін талап етеді. Мұндағы қиыншылық басшылар табысты салық салудан жасырып, шынайы есепті инвесторға көрсете алмайтындығы.

Акцияларды  орналастыру жолымен капиталды  тарту талай жігер, уакыт пен  ақшаны кажет ететіні сөзсіз.

Нарықтың қаныққындығы, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіпорынның тиімді қызметінің негізгі мәселелердің бірі — сұраныс пен ұсыныстың қатынасы.оны толығырақ қарастырайык.

Тұтынушының қажеттілігі  көптеген факторларға тәуелді. Тұтынушының қажеттілігін біліп тану білікті маркетологтардың жұмысы екенін ескертіп кетейік. Басқаша айтқанда, тұтынушының қажеттілігі - бұл белгілі бір тауар үшін төлейтін ақшаның даярлығы. Нарықтағы сұраныс берілген тауарды сатып алушылардың саны, сонымен бірге кажеттілік пен табысқа байланысты. Кәсіпорын бірінші факторға әсер ете алады, ал өнімді өткізу бойынша шаралар (мысалы, жарнама) арқылы ол тұтынушының қажеттілігін ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қазір көптеген видеомагнитофондар ОУО ойнатқыштарына ауыстырылып жатыр. Бұл қажеттіліктердің дамуының ғана емес, сонымен бірге тауарды прогресс стандартына, мәртебеге байланысты жарнамалық шаралардың нәтижесі. Сонымен, сұраныс жоғарыда аталған үш факторларға тәуелді.

«Бәсекеге қабілеттілік - Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Және мұның қажетті шарты -Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы», деп айтқан Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халқына жолдауында осы жылы.

Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.

Бәсекеге қабілетті  өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.

Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждықты  қанағаттандыруға үлкен себепші  болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну кұнының деңгейінің көрінуі.

Өнімнің сапасы — өндіріс тиімділігінің жогарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің  өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды  факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.

Сапа қасиеттерінің  бірнеше көрсеткіштері бар:

Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасының талғамы мыналар есебімен негізделеді:

•  өнімнің  тағайындауы және қолдану шарттары;

•  тұтынушылардың талаптарын талдау;

•  сапа көрсеткіштерінің негізгі талаптары;

•  сипатталатын қасиеттердің құрамы мен кұрылымы;

•  өнім сапасын  басқару мәселелері.

Сипатталатын қасиеттердің құрылымы мен құрамын анықтаудың негізгі бағыттары өнімнің сапа деңгейін бағалауда қолданылатын көрсеткіштер классификациясын көрсетеді. Сипатталатын қасиеттер бойынша олар:

•  жеке ;

•  комплексті (топтық, жалпы, интегралды).

Өлшем бірліктері:

•  натуралды (килограмм, метр, литр)

•  құндық бірлікте.

Сапа деңгейін бағалау бойынша:

• базалық;

•  қатысты  көрсеткіштер.

Анықтау сатысы бойынша:

•  болжанатын;

•  жобаланатын 

•  өндірістік;

•  эксплуатациялық  көрсеткіштер.

Сипатталатын қасиеттер бойынша келесі көрсеткіштер топтары қолданылады:

•  тағайындау;

•  сенімділік;

•  технологиялық;

•  стандарттау  және сәйкестендіру;

•  экономикалық

•  эргономикалық;

•  эстетикалық;

•  тасымалдау;

•  патенттік-құқықтық;

•  экологиялық; қауіпсіздік.

Тағайындау  көрсеткіштері өнімді белгілі бір  бағыт бойынша қолданудан алынған  экономикалық пайдалы тиімділікті  көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер  үшін негізгі көрсеткіш ретінде  өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын  өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.

Сенімділік  көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.

Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін  арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға        жағдай         жасайды. Технологиялық көрсеткіштеріне жатады:

• өнім дайындаудың  салыстырмалы еңбек сыйымдылығы;

• өнім дайындаудың  салыстырмалы материал сыйымдылығы;

•  материалды қолданудың коэффициенті;

•өнім дайындаудың  салыстырмалы энергия сыйымдылығы, т.б. Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің  стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.

Экономикалық  көрсеткіштер сатып алушының сатып  алуға немесе эксплуатацияға кеткен толық шығындарды сипаттайды және тұтыну баға элементтерін ұсынады. Жалпы түрде тұтыну бағасы келесі элементтерді құрайды:

• тауар бағасы;

• қолдану орнына дейін тауардың транспорттауына  кеткен шығын;

• орнату, монтаждау  құны;

• қызмет көрсетуші  персалды оқытып үйрету;

• электроэнергия, отын шығындары;

• қызмет көрсетуші  персоналдың еңбекақысы;

• салықтар;

• алдын-ала  көзделмеген шығындар.

Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың  арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).

Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.

Тасымалдауға  шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің  тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді. Тасымалдау көрсеткіштеріне  жатады:

• тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа ұзақтығы;

• тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа еңбек  сыйымдылыгы;

• тасымалдау құралының  көлемін қолданудың коэффициенті;

• тасымалдау құралынан  өнім партиясын түсіруінің орташа ұзақтығы. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер —  патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалык шешімдерді, тауарлық белгі  мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.

Экологиялық көрсеткіштер — өнімдерді іске косқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін  кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдаганда және іске косқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі). Экологиялық көрсеткіштер есебі қамтамасыз ету керек:

• табиғатқа, қоршаған ортаға өнеркәсіптік, тасымалдау заттардың, ағын сулардың шектеулі көлемде лақтырылуы;

• биологиялық  ресурстардың рационалды қолданылуы және оларды сақтау;

• өсімдік пен  жануар әлемінің геоқорын сақтау.

Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).

Осы көрсеткіштердің  жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану  процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.

Сапа көрсеткіштері  келесі негізгі талаптарға жауап  беруі тиіс:

• халық шаруашылығ мен халық қажеттіліктеріне өнім сапасының сәйкес келуін қамтамасыз ету;

• тұрақты болуы  керек;

• өндіріс тиімділігінің  жоспарлы өсуіне жағдай жасау керек;

• халық шаруашылық салаларындағы техника, ғылым, техникалық прогрестің бағыттарының қазіргі замандағы  жетістіктерін ескеруі қажет;

Информация о работе Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары