Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 18:18, отчет по практике
Мен «Нұршуақ» МКҚК балабақшасының бухгалтериясында « Бухгалтерлiк есеп» мамандығы бойынша өндiрiстiк тәжiрибемдi өттiм.
Тәжiрибенiң негізгі мақсаты бухгалтерлiк есеп бойынша алған теориялық бiлiмімді өндірістік тәжірибе арқылы шыңдау. Тәжiрибенiң мақсаты ұйымның шаруашылық есептік қызметімен танысу.
Тәжірибел
Кіріспе
1
1 Бухгалтерлік есеп
2
Шаруашылық субьектісінің ұйымының және бухгалтериясының құрылымы
2
Ұйымның есеп саясаты
3
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
7
Ақша қаражаттарының есебі
7
Негізгі құралдар және материалдық емес активтерді есепке алу
9
Тауарлы- материалдық қорлардың есебі
13
Еңбекақы және оның төлемінің есебі
19
Ұйымның қаржылық есептілігін талдау
21
Қорытынды
26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
27
Қосымшалар
Сонымен қатар басшылық мына үшін жауапты болады:
Есепт саясаты мекеменің барлық құрылымдық бөлімдері үшін мекеменің бүтіндей қаржылық есебінің көрсеткіштерінің салыстырмалығына жету үшін бірыңғай болып табылады.Осы есеп саясатын Қаскелен каласының білім бөлімі мақұлдаған және уәкілетті органмен келісіліп бекітілген, 2010 жылғы «1»қаңтар бастап күшіне енді.
2.1 Ақша қаражаттарының есебі
Өзіндік балансы бар және
меншікті айналымдық қаражатқа ие,
заңды тұлға болып табылатын
әрбір субьект Қазақстан
МКҚК «Нұршуақ» балабақшасының
бос ақша қаражаттар олардың төлем
есебiнде банкте сақталады. Бұл кәсiпорында
ақша айналымының есеп-айырысу
Ақша қаражаттары есеп-айырысу
шотында банктің төлем
Ағымдағы шотқа оның иесіне тиесілі төлемдерінің негізгі массасы- тауарлар қызмет көрсетулерді, материалдық құндылықтарды өткізуден түскен түсімдер және т.б. түседі.
Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың
алынған тауарлық- материалдық қорлар
үшін қойған шоттары,төленеді, бюджетпен
есеп айырысулар, еңбекақыға, зейнетақыға,жәрдемақыға
және шаруашылық қажеттіліктерге қолма-қол
ақшасыз аударымдары
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру ҚР-ның 1998 ж. 29 маусымдағы № 237-1 «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңына, ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. 25 сәуірдегі № 179 « ҚР территориясында төлемдік құжаттарды қолдану мен қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдарды атқару ережелері» атты қаулысына және ҚР Ұлттық банкі Басқармасының « ҚР территориясындағы банктік шот ашпай, қолма-қол ақшасыз төлем мен ақша аударымдарын атқару Ережелерін бекіту туралы» қаулысына, ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. 25 қарашадағы № 433 «Клиенттер мен оған қызмет ететін банк арасында қолма қол ақшасыз төлем жүргізу Ережелерін бекіту туралы» атты қаулысына сәйкес жүзеге асады. Осы заңнамалық және нормативтік құжаттармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынандай негізгі формаларымен МКҚК «Нұршуақ» балбақшасы жүзеге асырады:
Төлем тапсырмасы- бұл банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма. Бухгалтер оны «көшіргіш» немесе комьютерде қажеті бойынша басады.
Чек- чек берушінің банк-алушыға жазбаша бұйрығы бар, олардың арасындағы шартқа негізделген, осындай бұйрықта көрсетілген чек ұстаушыға ақша сомасын төлеу төлем құжаты. Чек кітапшалары қолма-қол ақшасыз төлемдерді атқару,қолма-қол ақшалай қаражатты алу үшін қолданылады.
Төлемдік талап-тапсырмаларымен есеп айырысуда бенефециар банкке тиелген өнім, орындалған жұмыс,көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік ұжат береді.[5]
Банк Заңды тұлғалармен келісім бойынша белгіленген мерзімде немесе күнделікті оған үзінді көшірме , яғни банк шотындағы ақшалай қаражаттың қозғалысы жөнінде жазылған жазбалардың көшірмесін береді. Бас есепші алынған мәліметтерді компьютерге «1.С Бухгалтерия Версия 7.7» бағдарламасына енгізеді.банктік шоттардағы ақшалай қаражатты есептеу ұшін субьектінің қаржылық-шаруашылық қызметі шоттарының Үлгі жоспарының 1000 « Ақша қаражаттары» шоты арналған. Соның ішінде 1030 «Банктегі ағымдық ақша қаражаттары» бойынша жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша ақшалай қаражаттың түсуі,ал кредит бойынша –азаюы көрсетіледі.Банктің ақтаушы құжаттармен тіркелген үзінді көшірмелері есеп шот бойынша жазбаға негіз болады. Үзінді көшірмелердің 1030 шот кредиті бойынша №2 журнал ордерге 1030 шот дебеті бойынша әр түрлі журнал-ордерлерде көрсетіледі. Алайда, есептің дәл болуы маңызын және бақылау қажеттілігін ескере отырып, №2 журнал-ордерге қосымша №2 тізімдеме жүргізіледі,онда 1030дебетіне жатқызылған барлық сома есептелінеді.Банктің үзінді көшірмелері тексеріледі және өңделеді, яғни сомалармен қатар шот корреспонденциялары жасалады.
Кесте 1
«Есеп- айырысу» шоты бойынша шоттар корреспонденциясы
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | ||
дебет |
кредит | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
1-кестенің жалғасы
1 |
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өнім,жұмыс,көрсетілген қызмет үшін шотты төлеу сомасына |
1030 |
1210 |
2 |
ТМҚ мен жабдықтарға, орындалған жұмыс және қызметке аударылған аванстар |
1030 |
3510 |
3 |
Артық аударылған соманың орнын бюджет толтырды |
1030 |
1280 |
4 |
Жеке және заңды тұлғалардан қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік қарыздар алынды |
1030 |
6280 |
5 |
ТМҚ-ды жабдықтаушылар мен мердігерлерге орындалған жұмыс пен қызметке төлеу |
3310 |
1030 |
6 |
Бюджетке аударылған салық сомасы А) коорпоративті табыс салығы Ә) ҚҚС Б) жеке табыс салығы |
3110 3130 3120 |
1030 |
7 |
Зейнетақы қорына аударылған сома |
3220 |
1030 |
2.2 Негізгі құралдардың есебі
Субьектінің шаруашылық іс-әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі.Негізгі құралдарды есептеу үшін 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің синтетикалық шоты,ал олардың тозуы 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шоттарында жүргізіледі. Негізгі құралдар құрамына обьектілердің есепке алу пайдаланудың нормативті мерзімі көрсетіледі.
№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі құралдар - бұл еңбек құралы ретінде
материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдық активтер. Оған мыналар жатады:
- жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер жәнежермен байланысты қозғалысы және олардың мақсатына зиян шектірмеу басқа объектілер);
- көлік құралдары;
- жабдықтар, өлшеу аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары және т.б.
«Нұршуақ» МКҚК негiзгi құралдардың есепке алуы үшiн алғашқы есептiк құжаттаманың негiзгi формалары мыналар:
Негiзгi құралдарды қабылдау-тапсыру актiсiмен (№ НҚ-1-ф) рәсімделеді.Субьектілер пайдалы қызмет ету мерзімін(негізгі құралдарды қолданудан экономикалық пайда алу көзделелетін кезең нормативті қызмет мерзімін(субьект белгіленген нориаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуы есептелетін кезең)және жойылу құнын ( пайдалы қызметі мерзімі біткен соң,күтілген шығыны істен шыққан соң есептен шығарылып,негізгі құралдарды жлюда пайда болатын қалдықтар, қосалқы бөлшектердің) болжанатын бағасы өз бетінше белгілейді.Негізгі құралдарды қабылдау- тапсыру актісі негізінде бухгалтерияда мүліктік карточка ашылып,негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың әрбір обьектісіне мүліктік нөмер беріледі.Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларынның тізімдемелерінде» (№ НҚ- 6), тіркеледі.Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды «Архив» картотека бөліміне қояды. Қабылдау-тапсыру актi - жөнделген, реконструкцияланған және модернизацияланған объекттілердiң жөнделуі, қалпына келтiрілуіне сәйкес олардың өткiзілуiн рәсiмдеуi үшiн қолданылады.[5]
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі арнайы тізімде тіпкеуге жататын инвентарлы карточкаларда әрбір инвентарь обьектісі бойынша жүргізіледі. Обьектіілердің саны аз болған жағдайда есеп инвентарь кітабында жүргізіледі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бастапқы,қалпына келтіру және қалдық құн бойынша бейнеленеді.
Негізгі құралдар қоймада
ререзв ретінде тұрады,белгіленген
тәртіппен тоқтатаылып
Негізгі құралдардың істен шығуы. Негізгі құрал объектілері “Нұршуақ” МКҚК балабақшасының есеп бөлімінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:
шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;
- басқа ұйымдарға негізгі құралдарды жарғы капиталына салым түрінде беру;
- басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру;
- объектілерде ұзақ мерзімді (қаржыландыратын) жалға беру;
- кем шығу, табиғи апат және басқа себептер.
Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім ұйымға қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.
“Нұршуақ” МКҚК балабақшасының есеп бөлімінің негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдеу үшін ұйым басшысының бұйрығы бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.[10]
Комиссия объектіні қарайды, есептен шығарудың нақты себептерін белгілей ді, мерзімінен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды табады, пайдалану мүмкіндігін анықтайды және жарамды материалдық құндылықтарды бағалайды. Есептен шығаруды «Негізгі құралды есептен шығару актісі» (№НҚ-3 ф.) және «Автотранспорттық құралды есептен шығару актісімен» (№НҚ-4 ф.) екі данамен рәсімделеді.Объектіні таратуға тек ұйым басшысының актісі бекітілгеннен кейін ғана кіріседі.Актіде обьектінің бастапқы бағасы, бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы,обьектіні бөлшектегенде алынған материалдық құндылықтарды құнын,тарату бойынша шығындар мөлщерін, өткізудің ықтималдығы мен таратудың жалпы қорытынды бағасы көрсетіледі.
Кесте 2
Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығару бойынша шоттар корреспонденциясы
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | ||
дебет |
кредит | |||
1 |
2 |
3 |
4 | |
1 |
Шығын жабдықтың қолдануынан келешек экономикалық пайдалардың үлкею жетектеп жүнетiн (жаңғыртумен ) жөндеуге қатысты жатқызуды |
2413 |
2930 | |
2 |
Берiлген жауапты сомалардың есебінен компьютерлер алынды |
2415 |
1252 | |
3 |
Ойын құралдары берiлген аванстан жабдықтаушылардың есебiнен алынған |
2413 |
3310 | |
4 |
Шартқа қаржыландырылатын жалдауды жабдықтың түсуi |
2413 |
4150 |
Информация о работе Отчет по практике ГППК Детского сада Нуршуак