Отчет по практике ГППК Детского сада Нуршуак

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 18:18, отчет по практике

Описание

Мен «Нұршуақ» МКҚК балабақшасының бухгалтериясында « Бухгалтерлiк есеп» мамандығы бойынша өндiрiстiк тәжiрибемдi өттiм.
Тәжiрибенiң негізгі мақсаты бухгалтерлiк есеп бойынша алған теориялық бiлiмімді өндірістік тәжірибе арқылы шыңдау. Тәжiрибенiң мақсаты ұйымның шаруашылық есептік қызметімен танысу.
Тәжірибел

Содержание

Кіріспе
1
1 Бухгалтерлік есеп
2
Шаруашылық субьектісінің ұйымының және бухгалтериясының құрылымы

2
Ұйымның есеп саясаты
3
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
7
Ақша қаражаттарының есебі
7
Негізгі құралдар және материалдық емес активтерді есепке алу
9
Тауарлы- материалдық қорлардың есебі
13
Еңбекақы және оның төлемінің есебі
19
Ұйымның қаржылық есептілігін талдау
21
Қорытынды
26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
27
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

отчет айдана.docx

— 96.54 Кб (Скачать документ)

2-кестенің жалғасы

5

Ұйымнан  негiзгi құралдарды тегiн түсуi

2415

6220


 

Негізгі құралдардың  амортизациясы мен тозу есебі.

«Нұршуақ» МКҚК балабақшасының есептеу бөлімінде амортизация – тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз – бастапқы құн мен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. «Нұршуақ» МКҚК балабақшасының есептеу бөлімінде негізгі құралдар бойынша есептеу қайтадан пайдалануға берілгендеріне байланысты, ал істен шыққандары бойынша – бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толықтай көшіріліп, берілген айдан кейінгі немесе соңғы айдың алғашқы күндерінде доғарылады.

Құнды біркелкі (тура сызықты) тәсілмен есептен шығару тәсілі- обьект құны ай сайын тең сомамен есептен  шығарылады. «Нұршуақ» МКҚК балабақшасы  осы әдісті қолданады. Мысалы, 1257000 тенге  комьютер алынды,қызмет мерзімі 9 жыл,болжанатын жойылу құны 63350тенге.

Жылдық амортизацияның мөлшері- 11,11% (100% /9лет).

Амортизацияның жылдық сомасы құрайды:

-(1257000-63350)/9 жыл=133739тенге,

Амортизацияның ай сайынғы  нормасы 1333739/12 ай=11145 құрайды.

 

Кесте 3

Негiзгi құралдардың амортизациясы бойынша бiр үлгiдегi операциялардың есептерiнiң корреспонденциясы

 

Шаруашылық операцияларының  мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

2

3

4

1

Негiзгi құралдардың тозуынының есептеп шығарылуы:

   

2

Жұмыстар мен қызметтердiң iске асырылуы бойынша шығындар

7110

2421-2429


 

 

3- кестенің жалғасы

3

Ортақ және әкiмшiлiк мақсаттарға

7210

2421-2429

4

Жұмыстар және қызметтердiң  өнiмiнiң құнына

8415

2421-2429

5

Келешектегі есептi мерзiмдер (жерлердiң өңдеуi бойынша даярлайтын жұмыс)

1620

2421-2429


 

Негізгі құралдарды түгендеу. «Нұршуақ» МКҚК балабақшасының есеп бөлімі неігзгі құралдарды түгендеу де олардың сақталуын бақылау мен нақты бар екендігін анықтау мақсатымен № 16 ХҚЕС бойынша «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Түгендеу басталмас бұрын  техникалық құжаттардың бар-жоғын  тексеру қажет – құжаттар жоқ  болса, оларды алу немесе рәсімдеу қажет. Ұйым құрған комиссия міндетті түрде  объектіге байқап қарайды және «Нұршуақ» МКҚК балабақшасының есеп бөлімі түгендеу нәтижелерін айқындау үшін бухгалтерияда есеп мәліметтерінен ауытқу табылған объектілерді де қоса жазған « Негізгі құралдарды түгендеу нәтижелерін салыстыру тізімдемесі» жасалады.Түгендеу комиссиясының хаттамасын ұйым басшысы түгендеу аяқталғаннан кейін 10 күннен кем емес мерзімде бекітеді. Қорытындылары түгендеу біткен айдың есебінде көрсетілуі тиіс.

 

    1. Тауарлы-материалдық қорлар есебі

 

 

«Нұршуақ» МКҚК  мекемесінің тауарлық- материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады. Бұл өндiрiстiң заттық негiзi (еңбек заттары) және дайын өнiмдер.

Өндiрiстiк қорлар - материалдық өндiрiстiң элементi, еңбектiң мәні. Олардың өндіріс құралдарынан айырмашылығы,өндіріс құралдары шаруашылық үрдісіне ұзақ уақыт қатысып,өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса,еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бстапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады.[5]

«Нұршуақ» МКҚК балабақшасы  есеп бөлімі қолданатын  типтік бухгалтерлік есеп шоттар кестесінің екінші бөлімінде  «Тауарлы- материалдық қорлар» есебі 1300 шотында жүрізіледі. Сонымен қатар  материалдар синтетикалық шоттар бойынша  мынандай топтарға жіктеледі:

  • 1310 «Шикізаттар мен материалдар»;
  • 1320 «Дайын өнім»;
  • 1330«Тауарлар»;
  • 1340 «Аяқталмаған өнім»;
  • 1350 «Басқа қорлар».

Материалдардың номенклатурасы деп өндірісте пайдаланылатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың  аты,сапасы, мөлшері тағы да басқа  көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады.Сонымен қатар  номенклатуралық тізімде әрбір  материалдың бухгалтерлік есепте есептелетін  бағасы көрсетіледі.Сондықтан да номенклатуралық  тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп атайды.Материалдарға қойылатын  номенклатуралық нөмірі,өлшем бірлігі  ол материалдың барлық кіріс-шығыс  құжаттарында , қоймадағы есеп карточкасында (М-17 ) және материалдық есе беруде көрсетіледі.Егер ұйымдарға кейбір материалдар басқа өлшем бірлігімен келіп түссе ондай материалдар номенклатуралық нөмірде көрсетілген өлшем бірлігі бойынша қайтадан саналып кірістелді.

Шаруашылық субъектілер әрбiр есеп бойынша материалдарды есепке алу бойынша субсчет және аналитикалық шот аша алады. Сонымен қоса, «Нұршуақ» МКҚК балабақшасынының өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарда есепке алады. Атап көрсетілген шоттар дебеті бойынша әртүрлі көздерден түскен тауарлы – материалдық қорлар операциялары, ал кредит бойынша тауарлы -  материалдық қорлардың әртүрлі бағыттар бойынша шығарылу операциялары көрсетіледі. Шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа қосалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі.Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есеп – тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған) көрсетіледі.

Синтетикалық және аналитикалық тауарлар жалпы соманың көрсеткіште  № 11 журнал –ордерде кредит шоты 1330 «Сатып алынған тауарлар» сату мекемесі.

Бойынша түгелімен. № 11 журнал –ордерде, сонымен қатар,  «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі»,  «Еншілес ұйымдардың дебиторлық берешгі» және  «Негізгі қызметтен  түсетін табыс» бөлімшесінің шоттарында арналған.[4]

Аналитикалық құн есебі  тауарлар қозғалысын МЖА – ға «Материалдардың қозғалысы бойынша ведомосі» құжатын пайдалануға болады, оған №  6 журнал –ордер арналған.Ұсынылатын «Материалдардың қозғалысы бойынша ведомосі» құжаты енгізілген өзгерістерді ескергенде келесідей болады.Өзіңізге белгілі, журнал –ордерлерге және ведостарға бірінші ретті құжаттар негізінде, тауарлы есеп беруге қосымша салынған, олардың түсу уақытын ескере отрып.

Сауда кәсіпорындарына бір  ведомос жүргізу ыңғайлы, себебі көптеген жеке ведомостарды жазбауға рұқсат етеді. «Материалдардың қозғалысы  бойынша ведомос» әрбір вариантта  сату бірлігіне бір жол арналады, ол кезектілік сату бірлік көшірмесіне  сай келеді. Арналған жол әрбір  ведомосте тұрақты және жол нөмірі тұрақты болуы және жол нөмірі тұрақты болуы тиіс. Сол нөмір мен жолды тауарлық есеп беруде көрсетіп кету керек. Бұл ай соңындағы соңғы көрсеткіштерді тез тауып тексеру үшін керек.Ведомостегі жазуларды тауарлық бірлікпен атын көрсетумен басталады, сосын күнін және тауарлы есеп берудің нөмірі және шығыс шотарының тауарлардың есеп беру бөлігі ведомоске көшіріледі. Содан кейін жиынтық сома дебет 1310 «Сатып алынған тауарлар» және 1420 «Орын толтыруға жататын қосымша құн салығы» және олар 15 бөлімшеде «Кіріс бойынша тауарлар жиынтығы» және сома 10 графасы 16 «Барлық кіріс ыдыстар бойынша» ауыстырылады. Содан кейін осы түрдегі шығыс құжаттарының жиынтығы бойынша шығыс есептеледі.  

 

Кесте 4

Тауарлы-материалдық қорларды есепке алуы бойынша негiзгi шаруашылық операциялары

 

Шаруашылық операцияларының  мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

2

3

4

1

Тауарлы-материалдық қорлар түсiп кiрiстелінді(қосалқы бөлшек ):

-келiсiмдi құн бойынша

-ҚҚС

1314

1420

3310

3310

2

Өндiрiс кезіндегі жарамсыз  материалдар кiрiстілген

1314

8411

3

Заңды тұлғалардан алынған  тегiн ТМҚ кiрiстелуі

1310,

1314

6220

4

Өңдеуге тапсырған   материалдардың құнына

(астық ұнының ұнтағы)

1316

1310

5

Негiзгі материалдардың құнына өлшеулi және қосалқы өндiрiс

7210,

8311

1310

6

Аралық шаруашылық тағайындауды жабдық және басқару да ғимараттардың  мазмұны,сарқылу жөндеулерiне, материалдардың құны

7220

1310,

1314,

1315


4- кестенің жалғасы

7

Сарқылу операцияларындағы  материалдардың өткiзуіне  қатысты  өнiмдердiң құнына

(өнiмнiң ораушысы)

7210

1313

8

Төтенше жағдайлардың зардаптарын  жоюына материалдардың шығыны

7470

1310,

1314

9

Арнайы киiм қоймаға  қабылдау акті негiзiнде кiрiстеледі

1315

3310

10

Ғимараттар құрылысына құрылыс  материалдарын есептен шығаруы

2930

1311

11

Негiзгi өндiрiстiң мұқтаждығына отын есептен шығарылды

7210

1312

12

Жауапты адамдардан канцтоварлар алынды

1330

1252

13

ГСМ алынды

1312

3310

14

Негізгі өндірістен дайын  өнім алынды

1320

8110

15

Қосалқы материалдар жауапты  адамдар арқылы алынды

1314

1252

16

Ішкi пайдалану үшiн  меншiктi өндiрiстердiң тара материалы  кiрiстелді

1313

8110


 

Бухгалтерияда жинақтау ведомосінің  немесе материалдың жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдығы  мен қозғалысы туралы есептемесінің  негізінде «Материалдардың ақшалай  өлшемдегі қозғалысы» деген № 10 ведомосі жасалады. № 10 ведомосі талдамалы  есептің деректерін материалдық  құндылықтардың талдамалы есебінің көрсеткіштерімен ұйымдастыруға арналған. Келіп түскен материалдық құндылықтардың құны жинақталмалы шоттардың немесе есептік топтардың келісімінде есептік бағалар бойынша келтіріледі. Сонымен бірге ведомосте сатып алынған материалдық құндылықтарын нақты құнының олардың есептік бағағсы бойынша құнынан ауытқуының есебі жүргізіледі. № 10 ведомосі материалдар шығыстарын шығыстың бағыты бойынша бөлуге қызмет етеді.[3]

№ 10 ведомосі бірнеше бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім нақты өзіндік құн бойынша жиынтық деректер мен ай ішіндегі келіп түскен материалдардың есептік құнын көрсетуге арналған. Бұл деректер әртүрлі журнал –ордерлерден ( №6, №10, №3, №7, №1 және т.б.) көшіріледі. № 10 ведомостің екінші және, одан кейінгі бөлімдері материалдың құндылықтарды сақталу жері бойынша кірісін, шығысын және қалдығын ақшалай өлшеммен көрсетуге арналған. Бұл деректер материалдық есеп берудің сальдолық жинақтаушы ведомостерінің негізінде толтырылады, ал оларда – материалдық құндылықтардың қозғалысы мен қалдығы есептік бағамен келтірілген. Материалдың толық нақты өзіндік құны есептік бағалар мен ауытқулар бойынша материалдар құнының саласы ретінде анықталады.

 

    1. Еңбекақы және оның төлемінің есебі

 

 

 «Нұршуақ» МКҚК балабақшасының қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі немесе арнайы тағайындалған адам жүргізеді. «Нұршуақ» МКҚК балабақшасының еңбекақы жүйесін дербес таңдайды. Ұйымдардағы еңбекақы жүйесі ұжымдық келісімшартпен немесе жұмыс берушінің актісімен анықталады. Оның жүзеге асыруы жедел-техникалық есепке алу толық жүйеге кiредi, Бала музыкалық мектебi гккп кадрлық қызметке тапсырылады және жататын есептiк құжаттаманың үлгi нысандарын қолдануда көбiнесе негiзделедi:

- Жеке еңбек келісім шарты;

- Жұмысқа алу туралы бұйрық;

- Еңбекақы кітапшасы;

- Жеке карточка;

- Баска жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық;

- Еңбек демалысын беру туралы бұйрық;

- Келісім шартты тоқтату туралы бұйрық.

“Қазақстан  Республикасы Еңбек туралы” Заңының 45-бабына сәйкес қызметкер және еңбек  келісімшартындағы еңбек міндеттерін  орындайтын уақыт және жұмыс уақыты деп саналады. Жұмыс уақытының  қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.

Барлық  категориядағы жұмыс істеушілердің  жұмыс уақытын пайдалану есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің белгіленген жұмыс режимін қадағалауға, атқарылған жұмыс уақыты туралы ақпаратты алуға, еңбекақылық есеп айырысу, сондай-ақ еңбек бойынша стастистикалық есепті жасауға арналған «Жұмыс уақытының есеп табелінде» (Т-13 формасы) жазылады.

Информация о работе Отчет по практике ГППК Детского сада Нуршуак