Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолданудың ілімдік-әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 14:05, реферат

Описание

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында ауыл шаруашылығында маркетингті қолдану кешенді-мақсатты тәсілді пайдалану арқылы тұтынушылардың талаптарына бейімделудің икемді тактикалық саясатын жүргізуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, дайындау, тасымалдау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу секілді өндірістік- экономикалық байланыстарының сан алуан түрлерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қарастырылған факторлар желілік қарым-қатынастар жиынтығымен анықталады. Бұл үрдіс белгілі бір қағидаларды сақтау арқылы ауыл шаруашылығы саласында маркетингтік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асыруда оның ілімдік және әдістемелік негіздерін құрайды.

Работа состоит из  1 файл

тема 2.doc

— 43.50 Кб (Скачать документ)

     Ауыл  шаруашылық саласында  маркетингті қолданудың ілімдік-әдістемелік  негіздері. Нарықтық қатынастардың даму жағдайында ауыл шаруашылығында маркетингті қолдану кешенді-мақсатты тәсілді пайдалану арқылы тұтынушылардың талаптарына бейімделудің икемді тактикалық саясатын жүргізуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, дайындау, тасымалдау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу  секілді өндірістік- экономикалық байланыстарының сан алуан түрлерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қарастырылған факторлар желілік қарым-қатынастар жиынтығымен анықталады. Бұл үрдіс белгілі бір қағидаларды  сақтау арқылы ауыл шаруашылығы саласында маркетингтік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асыруда оның ілімдік және әдістемелік негіздерін құрайды.

     Нарық жағдайында маркетинг кәсіпорынның бүкіл өндірістік және өтімдік қызметін ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізіне, ал маркетингті басқару оларды басқару жүйесінің маңызды бөлігіне айналуы тиіс. Сол себептен, кәсіпорындарда маркетинг – дербес маманданған ішкі шаруашылық бөлімше ретінде қызмет атқаруы керек. Маркетинг – күрделі әрі көп аспектілі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, дербес экономикалық үдеріс, ойлау түрі және тұжырымдамасы. Сондай-ақ, үнемі құбылып отыратын қазіргі нарықтық шарттарда бизнесті жүргізу әдестемесі мен технологиясы, фирманың саясаты, стратегиясы және тактикасы болып табылады.

      Аграрлық-өнеркәсіп  кешенінде маркетингті қолданудың мәні өндірісті өндірілген өнімге деген  сұранысқа сәйкестендіру және өнімнің  бәсеке қабілетілігін арттыру, кәсіпорынның ресурстарын мақсаттармен ұштастырудан, ал мақсаттарды-тұтынушылар талаптарымен байланыстырудан көрінеді.

     Аграрлыќ  маркетингті жеке кєсіпорын шењберінде єрекет етуші микромаркетинг жєне мемлекеттік  билік органдары арќылы мемлекет кµлемінде  ж‰зеге асатын макромаркетинг деп екіге бөліп қарастыру қажет.

     Қазіргі кезеңдегі агромаркетингтің дамуының негізгі тенденцияларына ғылыми техникалық прогрестің, әсіресе ақпараттық, технологиялық әсердің күштілігін, халық ішіндегі әлеуметтік белсенді топтар санының өсуін, маркетингтің инновациялық сипатқа ие болуымен сипатталады.   

      Маркетингтік  басқару ілімінің әдістемелік негіздері  көз қарасынан кез-келген «кәсіпорынның  және ұйымның табысты қызмет етуін  жоспарлаудың» негізі инвестициялық  талдау болып табылады. Бұл тұжырымда  басты екі жағдай маңызды болып табылады. Біріншісі, әртүрлі нарықтық жағдайлар үшін және әртүрлі бағалаушы субьектілердің шекті пайдалылығын сандық өлшеу мүмкіндігі. Өлшеудің сәйкес моделін қолдану негізінде экономикалық жағдайдың математикалық-статистикалық моделін қалыптастыруға мүмкіндік туады. Екіншісі, инвестиция мәселелерін, уақыт шеңбері бойынша оны орналастырудың әртүрлі нұсқалары кезіндегі нысан құндылығының өзара әрекетке түсуін талдау  маркетингтік зерттеудің әдістемелік негізі ретінде қарастыру жағдайымен анықталады. Бұл ретте инвестицияның экономикалық жүйемен өзара әрекеттесу үрдісін талдау қосымша әдістерді қолдануды талап етеді.

     Инвестициялау үрдісі маркетингті басқару саласында  инвестициялауды жүзеге асыруда  компанияның нарықтағы даму сатысындағы  табысқа қол жеткізуіне алып келетін әмбебап, жүйе жасаушы шарт болып табылады.

     Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өндірісінде  маркетингті ұйымдастыру мен  дамытудың негізгі қағидалары жалпы  сипатқа ие. Оларды біртұтас жүйеге біріктіру үшін мынадай бағыттарды ұстанған тиімді болып табылады: 

      - ауыл шаруашылық нарығындағы  жоспарлау, баға белгілеу, үлестіру  және басқару жөніндегі іс-шаралардың  біртұтас жүйесі, шаруашылықтар  мен меншіктің барлық ұйымдық-құқықтық  түрлерінің ұдайы өндірісін нарықтық  шарттарға бейімделген ауылдық  елді мекендерде жүргізуге мүмкіндік беретіндей  және тұтынушы сұранысын барынша қанағаттандыруға толығымен бағытталуға тиіс;

      - бәсекеге төтеп бере алатын  азық-түлік тауарларының түрлерін  көбейту және сапасын жақсарту, сондай-ақ, өндірілген өнімді өткізудің  озық тәсілдерін оңтайлы пайдалану және игеру қажет;

      - тауар өндіру, дайындау, тасымалдау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу  үрдісінің күллі иерархиялық  деңгейінде біртұтас маркетинг  жүйесіне бірігетін барлық ұйымдық  құрылымдардың өзара әрекеттестігіне  сүйене отырып, ауыл шаруашылық нарығында маркетингтік құрылымдарды ұйымдастыру үшін кешенді-мақсаттық тәсілді қолдану керек.      

     Аграрлық  саладағы маркетингтік қызметтің ерекшеліктері  және оның мамандануы-шығындар мен  нәтиженің арақатынасы тұрғысынан кәсіпорынның мақсатына едәуір тиімді қол жеткізуге мүмкіндік беретін формада құрылған басқару деңгейлері мен функционалдық салалар арасындағы қисынды өзара қарым-қатынастарды сипаттайтын ұйым құрылымын құруда айқын көрінетін еңбек бөлінісінің бір түрі болып табылады.

      Агромаркетингтің ерекшеліктері агробизнес жүйесіндегі нарықтардың және аграрлық азық-түлік кешеніндегі сұраныстың, ұсыныстың, бағаның деңгейімен анықталады. Қазақстан Республикасындағы агробизнес кешенінің негізі мен өзегін халық үшін азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіптің көптеген салалары үшін шикізат өндіретін ауыл шаруашылығы құрайды. Ал, қалған салалар болса, ауыл шаруашылығына қызмет көрсете отырып, өзіндік маңызға ие болып табылады.

     Көптеген  дамыған елдердің даму тәжірибесінен  нарықтық жүйенің ауыл шаруашылығын тиімді дамыту үшін қажетті шарттармен қамтамасыз етілмегендігімен дәлелденеді. Стратегиялық сала бола отырып, көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығы жоғары сұраныс деңгейіне мемлекеттік қолдау саясатынан басқа маркетингтік және кеңестік қызмет көрсетуші ұйымдар желісі көмегі арқылы қол жеткізіп отырады. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай «extention» қызметі және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін оқыту  көмегі арқылы аграрлық  өндірісте білімді кеңейту және оны қолдану  әркез өзінің пайдалылығын жоғалтқан емес.

     Шет елдердегі аграрлық өндірісте маркетингті  қолдану үрдісі мен Қазақстанның маркетинг жүйелерін салыстырмалы талдау нәтижелері отандық өндірушілерді  қолдау саясатының әлсіздігі, ішкі нарықтың протекционистік шаралармен қорғалмағандығы, маркетингтің рөлін басшылардың жете түсінбеуінен және т.б мәселелердің барлығынан елімізде маркетингтің дамуы елеулі дәрежеде артта қалып отырғанын аңғартады.

     Қазіргі кезеңде ауыл шаруашылығы саласындағы  маркетингтің даму серпін ескере отырып, агромаркетингті маркетинг субьектілерінің экономикалық өзара байланыстарын желілік қарым-қатынастар арқылы тиімді пайдалануға бағытталған қызметтің арнайы кешенді түрі ретінде қарастыру маңызды мәнге ие.   Бұл агроөнеркәсіп кешеніндегі маркетинг субъектілерінің желі арқылы бір-бірімен байланысып, тұрақты қарым-қатынас орнатып отыратынын және бұның агромаркетинг саласында желілік теорияны жан-жақты негіздеп, ұсынуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.  

Информация о работе Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолданудың ілімдік-әдістемелік негіздері