«ҚазТрансГаз» АҚ-ның маркетингтік ортасына талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 23:12, реферат

Описание

«ҚазТрансГаз» АҚ (ҚТГ) құрамына жиынтығында компаниялар тобын білдіретін, газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және сататын, электр және жылу энергиясын генерациялайтын және жеткізетін, сервистік қызметтер көрсететін кәсіпорындар кіреді. ҚТГ қазіргі уақытта магистральды газ тасымалдау жүйесіне, алты облыстағы өңірлік таратушы газ құбырларына, елдің энергетикалық кәсіпорындарының акцияларына ие

Работа состоит из  1 файл

маркетинг ортасына талдау.doc

— 133.00 Кб (Скачать документ)


ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ   ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

        Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

               Экономика және бизнес жоғарғы мектебі

 

 

            СӨЖ

Тақырыбы: «ҚазТрансГаз» АҚ-ның маркетингтік ортасына талдау                                 

                                                                                                        

 

 

                                            

                                               Орындаған:Есентаева Нұржамал

                                               Қабылдаған: Бейжанова А.Т

                                          Тобы:УиА10К2                                         

       

                      

 

                  

                        Алматы 2011жыл

                   «ҚазТрансГаз» АҚ

«ҚазТрансГаз» компаниясы — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы № 173 қаулысына сәйкес құрылды.                                               2002 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазТрансГаз» «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ құрамына кіреді.                                                                                          «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚТГ) құрамына жиынтығында компаниялар тобын білдіретін, газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және сататын, электр және жылу энергиясын генерациялайтын және жеткізетін, сервистік қызметтер көрсететін кәсіпорындар кіреді. ҚТГ қазіргі уақытта магистральды газ тасымалдау жүйесіне, алты облыстағы өңірлік таратушы газ құбырларына, елдің энергетикалық кәсіпорындарының акцияларына ие. Сонымен бір уақытта компания Қазақстан Республикасынан тыс жобаларды іске асыра отырып, газ тасымалдау базасын дамытуда және өткізу рыноктарын кеңейтуде.                                                                                        Негізгі бағыттары:

                    магистралды газ құбырлары бойынша газды тасымалдау, ішкі тасымал, экспортқа тасымалдау, табиғи газды халықаралық транзиттеу және газды жер астындағы газ қоймаларында (ЖАГҚ) сақтау;

                    газды таратушы газ құбырлары бойынша тасымалдау;

                    ішкі рынокта табиғи газды сату;

                    газды өндіру мен қайта өңдеу болып табылады;

                    «ҚазТрансГаз» АҚ Жамбыл облысындағы Амангелді газ кен орнын игеру бойынша жер қойнауын пайдалану шарты бойынша Мердігер болып табылады.

                    Электрэнергиясын өндіру мен сату;

                 Қазақстан Республикасының газ саласын дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру.                                                                                          Бұл компанияның маркетингтік ортасына талдамас бұрын маркетингтік орта дегеніміз не екенін біліп алуымыз қажет.Маркетинг ортасы дегеніміз—ол фирманың маркетиг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы.Ол зерттелу барысында келесі түрлерге бөлінеді:                                                                                      1.макроорта;                                                                                                                 2.микроорта;                                                                                                                  3.медиаорта.                                                                                                             Енді компанияның I. макроортасынан бастап талдау, зерттеу жүргізейік.Фирманың макроортасы дегеніміз-ол кәсіпорынның әрекетіне сыртқы жағдай жасайды.Ол бақыланбайтын орта деп те аталады.Ф.Котлер макроортаның 6 факторын бөліп кеткен.Енді сол факторлардың компанияға әсерлерін жеке-жеке қарастырып өтсек.Демографиялық фактор компанияның, яғни «ҚазТрансГаз» АҚ-ның, жұмысына әсерін айтар болсақ: мысалы бұл компания белгілі бір елді-мекенді газбен қамтамасыз етуі тиіс десек, ол міндетті түрде сол елді-мекендегі халық санын, неше үй, олардың бұл табиғи газды кіргізуге деген ойын, олардың жағдайларын білуі тиіс болады. Егер табиғи газ кіргізіліп қойылған жағдайда олар ай сайын отбасы мүшелерінің санына қарай ақша төлеп тұруы тиіс.Міне осындай мысалдар арқасында біз компания жұмысына демографиялық жағдайлардың әсерін байқаймыз.Енді нақты мәліметтерге сүйенсек: 2006 жылдың тамызында өңірлік газбен жабдық­тауды дамыту бағдарламасы шеңберінде “ҚазТрансГаз” АҚ балансында төмен, орта және жоғары қысымдағы газ құбырларының 3 мың шақырымнан артық желісі бар “ҚазТрансГаз – Алматы” АҚ-ның (“Алматыгаз” АҚ) пакетін барлық инфрақұрылымдарымен қоса сатып алды. Алматы қаласында жекеменшік сектордың 80 мың үйі және көпқабатты үйлердегі 250 мың пәтер газбен қамтамасыз етілді. Жамбыл өндірістік филиалының директоры Мұқан Сәдуақасов 2011 жылдың аяғына дейін облыста тағы да 2000 жуық үйді газдандыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, қазіргі уақытта 400 үйі бар Жамбыл ауданындағы Түрксіб ауылы, осы аудандағы Аса ауылының газдандырылмаған бөлігі (200 тұрғын үй), сондай-ақ Тараз қаласының жанындағы 200 үйі бар «Жігер» тұрғын алқабы  газдандырылуға дайындалуда.Жамбыл, Іле, Қарасай және Талғар аудандарының ауылдық елді мекендерін газдандыру кө­лемі едәуір артты.                                                                                                                               Келесі қарастыратын факторымыз экономикалық фактор болмақ.Бұл фактор тұрғындардың сатып алу қабілетіне, инфляция деңгейіне, мемлекеттің қаржы жағдайына, салық жүйесіне және де адамдардың қаншалықты сұранымына, экспорт пен импортқа,табысқа, бюджетке  өз әсерін тигізеді.Мысалы, Компанияның дерегі бойын­ша, қазіргі кезде транзит және экспортқа шығарылатын газдың тарифі 1,7 долларды құрайды.Үстіміздегі жылы Қазақстан аумағы бойынша Ре­сейге өтетін түркімен және өзбек транзиттік газы 25 мил­лиард текше метрден асады. Оның ішінде, Қазақ­стан аумағы бойынша 10,5 миллиард текше метр түр­кімен және 15 миллиард текше метр өзбек газы тран­­зиттеледі. Сонымен бірге болашақта Одақ-Орынбор газ құбыры бойынша 46 миллиард текше метр көлемінде Ресей газы транзиттеледі және 7,5 миллиард текше метр Қарашығанақ газы экспортталады. Ішкі рынокқа 7 миллиард текше метр көлемінде газ тасымалданбақ.2009 жылдың қорытындысы бойынша ҚТГ-ге қарасты компаниялар тобының табысы 45 миллиард теңгеге жетіп, компания құрылған 2000-шы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш бес есе өсті. Компанияның тиімділігі 18 пайызды құрады. Бұл халықаралық үздік мұнай-газ компанияларының көрсеткішімен деңгейлес.2000 жылдан 2009 жылға дейін республикалық бюд­жетке барлығы 721 миллиард теңге қаржы ауда­рылған. Еліміздің газ тасымалдау жүйесіне 250 миллиард теңге күрделі қаржы құйылған. 51,4 текше метр газ сатылған. Он жыл ішінде 1 174,3 миллиард текше метр газ тасымал­­­данған. 2009 жылы тасымалданған газ мөлшері 91,088 миллиард текше метрге жетті. Оның ішінде халықаралық транзит мөлшері 73,2 миллиард болса, экспорт мөлшері 10 миллиардтық межеге жеткен. Үстіміздегі жылы ҚТГ-ның жеке қаржысы есебінен салаға құйылған күрделі қаржы 3 миллиард 926,7 миллион теңге, ИОА – 16 мил­лиард 544 миллион теңге көлемінде болады деп күтілуде. 2010 жылы газ тасымалдау тарифі мына межеде болды:                                                                                                                             * халықаралық транзит және газ экспорты – 1,7 АҚШ доллары.                      Инвестициялық саясат Компания белсенді инвестициялық саясатты жүргізуде. Жедел деректер бойынша 2010 жылдың 1-жарты жылдығында өзіндік қаражаттар есебінен күрделі салымдар сомасы («ҚазТрансГаз» АҚ) 161 млн. тенгені, оның ішінде өндіріске бөлінген күрделі салымдар 161 млн. теңгені құрады. 2010 жылы өзіндік қаражаттар есебінен бөлінетін күрделі салымдар 1 706 млн. теңге көлемінде көзделеді.
Өзіндік қаражаттар есебінен ("Интергаз Орталық Азия" АҚ) күрделі салымдар 5 432 млн. теңгені, оның ішінде өндіріске 4 670 млн. теңгені құрады. Ағымдағы жылға өзіндік қаражаттар есебінен бөлінетін күрделі салымдар 16 128 млн. теңге көлемінде көзделеді.                                                                                    Салық төлемдері  2010 жылдың бірінші жарты жылдығында «ҚазТрансГаз» АҚ және «Интергаз Орталық Азия» АҚ республика бюджетіне жалпы сомасы 5 285 млн. теңге көлемінде салықтарды төледі және төлемдерді жасады.
Магистральдық газ құбырлары бойынша ішкі рынокқа тасымалданатын газдың өкілетті органдар белгілеген және межеленген тарифі:                                                                                                                      * жеке тұлғалар үшін – 171 теңге;                                                                                              * заңды тұлғалар үшін – 420 теңге.                                                                                 Табиғи факторға келер болсақ: бұл компания барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін өнім шығаруға тырысып келеді.Бұл ойлары біртіндеп жүзеге асып келеді.Мысалы, ҚТГ және оңтүстік кореялық Kolon Group автокө­лік­терді құрамдастырылған табиғи газға көшіру саласындағы өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл шаралары туралы меморандумға қол қойды. Kolon Group қазіргі кезде осы бір ауқымды жобаның техникалық-экономикалық негізінің жобасын жасап жатыр. Егер, ол аталмыш рыноктың тиімділігін дәлелдейтін болса, 2 компания арасында автокөліктерді қайта жарақтандыру және газ-АЗС-терінің құрылысын салу жөнінде бірлескен кәсіпорын құрылатын болады.Жоба бойынша бірінші кезекте коммуналдық көлік­терді табиғи газға көшіру қолға алынбақ. Табиғи газ ауаға зиянды заттарды мейлінше аз шығаратын көмірқышқыл шикізаты болып табылады. Бұл жоба еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға елеулі ықпал етпек. Болашақта табиғи газбен жұмыс істейтін автокөліктердің саны өскен сайын Қазақстанның барлық өңірлерінде газ құю стансаларының жүйесі арттырылатын болады.                                                                                     Ғылыми-техникалық фактордың әсері: Әр қоғам дамыған сайын өзіне жаңа нәрселерді алғысы келеді.Сол сияқты біздің компания да алға қойған мақсатына жету үшін тиімді, әрі өзіне пайдалы техникаларды таңдауға тиісті.Күн өткен сайын жаңарып отыратын технологияны дер кезінде қолға түсіріп, оны пайдалануға машықтануы қажет.Ал енді, «ҚазТрансГаз» компаниясының ғылыми-техникалық базасының құрамы: «ҚазТрансГаз» АҚ-на 10 мың километрден астам магистральді құбырлар, 308 газ айдайтын агрегаттары бар 26 компрессорлық станция, 3 жерасты газ қоймалары тиесілі. «ҚазТрансГаз» газды, газ тасымалдау және энергетикалық компаниялардың акцияларына ие.                                                                                                                       Саяси-құқық факторлары компанияның жұмысын шектейтін заңдарды білу арқылы рынок әрекеттерін бағыттауға болады.Саяси-құқықтық фактор әсерінен компания заңсыз ысыраптан қорғалады,қоғам мүддесін сақтайды деп айта аламыз.Менің алап отырған компаниям ол ережелерді үнемі сақтап, оның бұзылуына жол бермеу үшін үнемі бақылап отырады. Қоғам үшін, елдің экономикалық және әлеуметтік әл-ауқаты үшін өз қызметінің мәнділігін ұғына отырып, «ҚазТрансГаз» өзінің корпоративтік және азаматтық борышына үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Жалғыз акционер - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, қызметкерлер, іскер серіктестер және тұтас қоғамға қатысты міндеттемелерін орындағанда Компания қабылданған заңнама мен азаматтық-құқықтық ережелерді қатаң түрде сақтап отырады.                                                                                                                    Мәдени факторлар көрсеткіштеріне қалыптасқан қоғам ережелері, салт-дәстүрлері, табиғатқа, еңбекке деген адамдардың көзқарасы жатады. «ҚазТрансГаз» АҚ көптеген мәдени іс-шараларға демеушілік танытып келе жатқан компаниялардың бірі.Бұл компания нағыз қоғам жанашыры десем қателеспес едім.2010 жылы 2 қыркүйекте Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Ақарал ауылындағы 143 үйге салтанатты түрде табиғи газ беру рәсімі өтті.Міне осы сияқты салтанатты кештер мен мерекелерді елеусіз қалдырмайды. Ресми шара барысында Ақарал ауылына газ келгенін білдіретін алау жағылды. Салтанатты шараға Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қамбар Смайылов және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры Мұқан Сәдуақасов қатысты. Жергілікті билік өкілі ауыл тұрғындарын құттықтап, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүргізілген жұмыстар үшін алғыс айтты және елді мекендерді газдандырудың әрдайым өзекті болатынын, әлеуметтік маңызы зор мәселе екенін атап көрсетті.                                                                                         II.Компанияның микроортасы дегеніміз- компанияға және оның тұтынушыларына, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді.Микроорта күштері: 1)тұтынушылар 2)жабдықтаушылар 3)маркетинг делдалдары 4)бәсекелестер.              Жабдықтаушылар-фирманы және оның бәсекелестерінтауарды өндіру үдерісіне қажет материалдық ресурстармен жабдықтайтын іскер компаниялар мен жеке тұлғалар.Жабдықтаушыларға мынадай талаптар қойылады және олардың орындалуына қатаң қадағалау жүргізіледі:өнім сапасы белгіленген стандартқа сәйкес болуы керек,келісілген уақытта өнімді жеткізу,қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, тауар сапасына кепілдеме беру.                 «ҚазТрансГаз» АҚ-ның жабдықтаушыларына мына компаниялар жатады:

                 «АмангелдіГаз» ЖШС – Амангелді газ конденсатты кен орнындағы газды өндіру және қайта өңдеу операторы;

                 «Интергаз Орталық Азия» АҚ – газды магистральды тасымалдау операторы;

                 «ҚырҚазГаз» ЖШҚ («ҚырғызГаз» АҚ-пен бірлескен кәсіпорын ) – Қырғыз Республикасының аумағынан өтетін «Бухара Газды Аймақ – Ташкент – Бішкек – Алматы» магистральды газ құбырларының учаскелерін пайдалану және күту;

                 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ – республика өңірлерінде табиғи газды кәсіпорындарға, ұйымдарға және тұрғындарға бөлшектеп сату, тұрғындарды және өнеркәсіптік кәсіпорындарды таратушы желілер бойынша газбен жабдықтау;

                 «ҚазТрансГаз Алматы» АҚ - Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша газ және газ таратушы кәсіпорындарды басқару.

                 «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ – Тбилиси қ. газбен жабдықтау т.б.             Кез-келген мекеменің одан әрі дамып, өндірген тауарларының өтімділігін көре алмайтын басқа екінші мекеме міндетті түрде жүреді.Бұл қазіргі жағдайда табиғат заңына айналды десек қателеспейміз деп ойлаймын.Мұндай мекемелер өзара бір-біріне бәсекелестер болып есептеледі.Бәсекелестер- типті тауарларды рынокта ұсынатын өзара бәсекеге түскен компаниялар болып табылады. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның бәсекелестеріне жататындар:                                                                                                1.«Man Turbo AG» (Германия)                                                                                                             2.Kolon Group оңтүстік Корея                                                                                         3. “TAPLіne” (ҚХР) ком­па­ниялары                                                                                             4.“Азия Газ құбыры” ЖШС жобалық ком­паниясы                            5.«Строительство МГ»                                                                                                             6. «ҚазТрансГаз-Тбилиси» Грузия т.б.                                                 «ҚазТрансГаз» АҚ-ның өнімдерін пайдаланушылары ең біріншіден қарапайым халық, яғни өз үйлеріне кіргізіп алып, өз отбасымен пайдалану; екіншіден өндіріс үдерісінде тұтынатын өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алушы фирмалар.Оған мысалы бүкіл Қазақстандағы жеке бөлімшелерді жатқызуға болады.Үшіншіден, делдардар рыногы яғни басқаларға сату арқылы пайда түсіретіндер.Оларға мына компанияларды жатқызуға болады:  1. «ҚазТрансОйл»,2. «Интергаз Орталық Аз­ия» 3.«АмангелдіГаз» ЖШС т.б.  Төртіншіден, мемлекет мекемелері рыногында мемлекет қызметін орындаушылары тұтынуы үшін сатып алушы мемлекеттік ұйымдар. Мысалы, «ҚазТрансГаз Аймақ» ,   «ҚазТрансГаз Алматы» АҚ, «Самұрық -Энерго» АҚ, «KazTransGas LNG» ЖШС. Бесіншіден, Халықаралық рыногында - шетел рыногында газ сатып алушылар.Мысалы:                                                                       1) «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШС Грузия,                                                                                                                            2) «ҚазТрансГаз» АҚ Түркменстан                                                                           3) «ҚазТрансГаз» АҚ Өзбекстан                                                                                          4) «ҚазТрансГаз» АҚ Ресей Федерациясы                                                                             5) «ҚазТрансГаз» АҚ Қырғызстан                                                                  Кәсіпорындарда белгілі бір өнімді өндіргеннен кейін оларды өткізу мәселесі туады.Бұл мәселелермен делдалдар айналысады.                                                                       Делдалдар дегеніміз- фирманың тауарларын тұтынушыларға қарай жылжытуға, өткізуге және таратуға көмектесетін компания мамандары. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның делдалдық компанияларына  1.«Газпром экспорт» Өзбекстан тарапынан болған делдалдық компания 2.«ҚырғызГаз» делдалдық Қырғызстан компаниясы және т.б. жатады.                                                     III.Фирманың медиаортасы дегеніміз- фирманың нақтылы немесе әлуетті көңіл бөлетін және белгіленген мақсатына жетуіне әсер ететін кез келген топ.Медиаорта түрлері: 1.Қаржы қоғамдары; 2.Бұқаралық ақпарат құралдары; 3.Қоғам (жұртшылық). Қаржы қоғамдары- фирманы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.Мысалы: 2000 жылдан 2009 жылға дейін республикалық бюд­жетке барлығы 721 миллиард теңге қаржы ауда­рылған. Еліміздің газ тасымалдау жүйесіне 250 миллиард теңге күрделі қаржы құйылған. 51,4 текше метр газ сатылған. Он жыл ішінде 1 174,3 миллиард текше метр газ тасымал­­­данған. 2009 жылы тасымалданған газ мөлшері 91,088 миллиард текше метрге жетті. Оның ішінде халықаралық транзит мөлшері 73,2 миллиард болса, экспорт мөлшері 10 миллиардтық межеге жеткен. Үстіміздегі жылы ҚТГ-ның жеке қаржысы есебінен салаға құйылған күрделі қаржы 3 миллиард 926,7 миллион теңге, ИОА – 16 мил­лиард 544 миллион теңге көлемінде болады деп күтілуде.Міне бұл жерден біздің байқайтынымыз мемлекет бюджетіне аз да болса өз пайдасын тигізуде. Бұқаралық ақпарат құралдары- мұнда фирманың қатысынсыз мақала жариялымдары.Бұл жақсы немесе жаман жағынан фирмаға әсері тиіп кетеді. Мысалы келесі мақалалардан біз «ҚазТрансГаз» компаниясы туралы жақсы жағдайлар жазылғанын көреміз.Бұл компанияға оң нәтиже болып саналады.

Келесі біздің мелдиаортаға әсерін тигізетін фактор қоғам болып табылады.Қоғам(жұртшылық)-адамдар егер бір тауар сатып алса сол тауардың жақсы не жаман шыққаны туралы басқаларға айтса. Онда фирманың қатысынсыз болса да ол фирмаға өз әсерін тигізеді. Мысал ретінде мен «ҚазТрансГаз» туралы адамдар пікірін келтірдім:                                                              Ауыл ақсақалы Өзбек Намысбаев және Ақарал ауылының өзге де тұрғындары «ҚазТрансГаз» АҚ мен жергілікті билік өкілдеріне арзан және экологиялық таза отынды пайдалануға мүмкіндік жасағаны үшін, сондай-ақ пайыздық үстемесіз ұсынылған несие тәсіміне үлкен алғыстарын білдірді. «Газ пайда болғанынан бастап біздің өміріміздегі күнделікті күйбең тірліктер азаяды. Жылыту, ас-су әзірлеу, кір жуу сияқты тұрмыстық жұмыстар жеңілдеп, жылдам әрі арзанға түседі. Ағаш дайындау, көмір сатып алуға шығынданудың енді қажеті жоқ»,- деді ауыл тұрғындары атынан сөз алған көп балалы ана Рыскүл Ниязбекова.

  Қорыта келе, кез-келген компания нарықта жалғыз өмір сүре алмайды.Оған міндетті түрде маркетинг ортасының әртүрлі факторлары әсер етуі керек. Мен өз зерттеуімді «ҚазТрансГаз» АҚ-ның халықтарға жасаған, газбен қамтудан басқа да іс-шараларын айтып өтсем «ҚазТрансГаз» АҚ Орталық аппаратының және барлық өндірістік филиалдарының жұмыскерлері өздерінің бір күндік жалақысын арнайы ашылған шотқа аудара отырып, Батыс Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетті.

 

 

 



Информация о работе «ҚазТрансГаз» АҚ-ның маркетингтік ортасына талдау