Фирманың сыртқы ортасын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 16:06, лекция

Описание

Мезоорта, макроорта, мегаорта ұйымның сыртқы ортасына кіреді. Стратегиялық мүмкіндіктерді анықтау стратегиялық басқару үрдісінің келесі кезеңі болып табылады және орталық орынды алады. Бұл кезеңде ішкі және сыртқы орта факторларының іс-әрекеттеріне жалпы баға беріледі, кәсіпорынның нарықтағы орны анықталынады, жағдайлар мен стратегиялық міндеттері, оларды шешу жолдары анықталынады. Мүмкін болатын қатарынан стратегияны таңдау нақты критерийлер бойынша жүзеге асады, оларды бекітуде шешуші рөлді ұйымның ең жоғарғы басшысы атқарады.

Работа состоит из  1 файл

фирма ортасы.doc

— 72.50 Кб (Скачать документ)

    7. Өндіріс қуаттарын қатты секірістермен  өсіруге тура келеді.

    8. Бәсекелестердің стратегиялары,  шығу тектері, адамдары және  т.б. әр түрлі.

    9. Бәсекелестік күресте ставкалар  жоғары.

    10. Саладан кетуге қатаң кедергілер.

      Жоғарыда айтылғандардан фирманың мезоортасы тікелей орта түсінігінен әлдеқайда кең екені айқындалады. Оларды назарға алу әлеуметтік, саяси, географиялық, қаржылық факторлардың әсерінен стратегиялардың өзгерісі мен түзетулерін білдіреді. 

    3-сұрақ. Аймақты, оның әлеуметтік-экономикалық дамуын, яғни аймақтың нарықтық дамуын стратегиялық басқаруды макро және мезоортаны талдаудан бастаған жөн. Аталған талдау саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық өзгерістерді болжамдау мен болжамдалған өзгерістер шегіндегі стратегиялық басқару объектісінің позициясын анықтауға бағытталады. Талдау нәтижелерін алу стратегиялық басқару объектісіне жағымды және жағымсыз әсер ететін факторларын есепке алумен объектінің дамуының тиімді стратегиясын жасауға мүмкіндік береді. Көбінесе Step-талдауда қосымша нарықтық, халықаралық, бәсекелік, әлеуметтік және т.б. факторларды назарға алатын макроортаның көп факторлы талдауы жүргізіледі.

    Стратегиялық  талдаудың кеңінен таралған түрлерінің бірі Swot-талдау болып табылады. Аталған  талдауды жүргізу сапасы сыртқы қоршаған ортаның нақты факторларын талдап тексерудің деңгейіне байланысты, өйткені талдау үрдісінде табылған мүмкіндіктер мен қауіптер көбінесе біркелкісіз сипатта болады. Екінші кезеңде стратегиялық басқару объектісінің ресурстық потенциалын бағалау болжамдалады. Аймақтық туристік кешеннің дамуын стратегиялық басқару кезеңінде талдау табиғи, экономикалық, туристік, еңбектік, ақпараттық сияқты аймақтық ресурстарды, басқару құрылымының ресурстарын және туристік инфрақұрылымды бағалауға болжам жасалады.

    Талдауды  жүргізудің тағы бір әдісі GAP-талдау. GAP-талдау стратегиялық қарама-қайшылықтарды  жоюға бағытталған стратегияларды дайындаудың негізі болып табылады. Мұндай талдау стратегияны іске асырудағы  бағалауда қолданылады. Микро, мезо және макродеңгейлерде қолданылатын стратегиялық талдауды жүргізудің дәстүрлі әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы 2-кестеде көрсетілген. 

    2-кесте.  Стратегиялық талдаудың дәстүрлі  әдістерінің сипаттамасы 

Әдіс  Мазмұны Артықшылықтары Кемшіліктері
STEP-талдау Басты құраушы  макро және мега орталардың, соның  ішінде әлеуметтік, технологиялық, экономикалық және саяси факторлардың талдауын жүргізуге  негізделеді Сыртқы қоршаған ортаның мүмкін болатын өзгерістеріне  бағытталады, басқарылмайтын факторларды  есепке алуға көмектеседі Қосымша көп  факторлардың нарықтық, бәсекеқабілеттілік, халықаралық және т.б. факторларының  талдауын жүргізуді талап етеді
SWOT-талдау Мүмкіндіктер, қауіптер, зерттеу объектісінің әлсіз  және күшті жақтарын талдауға негізделеді Стратегиялық басқару объектісінің ұзақмерзімді дамуына әсер ететін барлық факторлар топтарын қамтиды Объектінің  әлеуметтік-экономикалық тиімділігін  анықтау қиыншылығымен байланысты, зерттеу объектісінің ерекшелігін  ескермейді
GAP-талдау Бар және күтілген өлшемдерді салыстыруға және стратегиялық қарама-қайшылықтарды анықтауға негізделеді Стратегиялық  талдауды жүргізуде ғана емес, сонымен  қатар стратегияны жүзеге асыру  тиімділігін бағалауда қолданылады Күтілетін параметрлердің бар болу қажеттілігінен туындайды

Информация о работе Фирманың сыртқы ортасын талдау