Халықаралық ұйым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 12:58, реферат

Описание

Мәнжазба жазудағы мақсат – халықаралық ұйымдардың тарихы және түсінігі, олардың қызметтері мен жіктелуін қарастыру. Осы мақсатқа сай жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылған.
Халықаралық ұйымдардың тарихы мен түсінігін ашып көрсету;
Олардың қызметтері мен жіктелуін қарастыру.
Мәнжазбаны жазу барысында ғалым экономистердің еңбектері және интернет сайттары пайдаланылды.
Мәнжазбаның құрылымына тоқталсақ, жұмыс кіріспеден және 2 негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І – бөлімде халықаралық ұйымдардың тарихы және түсінігі;
ІІ – бөлімде халықаралық қаржылық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі қарастырылған.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
Халықаралық ұйымдардың тарихы және түсінігі
Халықаралық қаржылық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық ұйым.docx

— 28.70 Кб (Скачать документ)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

  1. Халықаралық ұйымдардың тарихы және түсінігі
  2. Халықаралық қаржылық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Кіріспе

     Қазіргі уақытта халықаралық  ұйымдарға мүше болу және олардың  қызметтеріне белсенді қатысу  – егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің  маңызды істерінің бірі. Реформалар  жолына түсіп, өркениетті қоғам  құруға талаптанып жатқан Қазақстан  үшін халықаралық ұйымдардың  қызметіне кең көлемде араласу  – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне  айналып отыр.

     Қазіргі халықаралық қатынастардың  ерекше белгісінің бірі халықаралық  ұйымдар рөлінің арта түсуі.  Бұл арада халықаралық қатынастар шеңберінің кеңейіп, күрделенуін, көпжақты дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе түсуін айту керек.

     Халықаралық ұйымдардың қызметіне  тиімді түрде қатысу үшін олардың  іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу  қажет. 

     Мәнжазба жазудағы мақсат – халықаралық ұйымдардың тарихы және түсінігі, олардың қызметтері мен жіктелуін қарастыру. Осы мақсатқа сай жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылған.

  • Халықаралық ұйымдардың тарихы мен түсінігін ашып көрсету;
  • Олардың қызметтері мен жіктелуін қарастыру.

     Мәнжазбаны жазу барысында ғалым экономистердің еңбектері және интернет сайттары пайдаланылды.

     Мәнжазбаның құрылымына тоқталсақ, жұмыс кіріспеден және 2 негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     І – бөлімде халықаралық ұйымдардың тарихы және түсінігі;

     ІІ – бөлімде халықаралық қаржылық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі қарастырылған. 

Халықаралық ұйымдардың тарихы және түсінігі

     Халықаралық ұйымдардың дамуы  мен қалыптасуы – шаруашылық  өмірді интернационализациялауға  көшірудің глобалды бағытын көрсету  және халықтар арасындағы экономикалық  жақындасудың объективті процесі. 

     Халықаралық ұйымдардың пайда  болып, дамуы халықаралық қатынастардың  ұзақ мерзімді және табанды  саяси және экономикалық іс-қимылдарына  байланысты. Көне замандарда, құл  иеленуші мемлекеттер кезеңінің  өзінде халықаралық келісім-шарттар,  халықаралық арбитраждар туындап,  халықаралық құқықтың классикалық  институттары – конгрестер мен  конференциялар пайда бола бастаған. Уақыт жылжыған сайын халықаралық бас қосулар кездейсоқ емес, оқтын-оқтын жүзеге асырылып және мұндай конференцияларды дайындап, шақыру үшін тұрақты органда құрылып өз қызметтерін дәйекті түрде жүзеге асырған. Міне, дәл осындай органдар болашақ халықаралық ұйымдардың қайнар көзі, бастауы болды.

     Халықаралық ұйымдардың пайда  болып дамуына дүниежүзілік сауда,  сондай-ақ, діни конфессиялар да  әсер етті. Ал халықаралық ұйымдар  өздерінің қазіргі мағынасында  бұдан жүз жылдай бұрын қалыптаса  бастады. Олардың құрылуы халықаралық  қатынастардың кеңейіп, күрделенуімен,  әсіресе халықаралық экономикалық  рыноктың қалыптасуымен тікелей  байланысты.

     Халықаралық ұйымдарды құрудағы  жеңілдіктер қатарына сол уақыттың  өзінде халықаралық құқықтың  бірқатар нормалары мен институттары  қызметінің қалыптаса бастағаны  да әсер етті. Ең алғашқы ірі  халықаралық ұйымдардың қатарына: жер өлшеуші халықаралық одақ (1864ж.), халықаралық телеграф одағы (1865ж.), Дүниежүзілік почта Одағы (1874ж.), Халықаралық өлшем және салмақ Комитеті (1875ж.), әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау Халықаралық Одағы (1886ж.), Құлдыққа қарсы Халықаралық Одақ (1890ж.), Халықаралық Темір жолы, тауар қатынасы Одағы (1890ж.) жатады.

     Кейінгі жылдары халықаралық  ұйымдардың саны жедел қарқынмен  арта түсіп, үстіміздегі ғасырдың 80-жылдары олардың саны 20000 мыңға  жуықтады.

     Соңғы уақыттағы Халықаралық  ұйымдар санының күрт өсуі  халықаралық қатынастардың орасан  жандануымен және олардың күрделене  түсуімен түсіндіріледі. Саяси,  экономикалық қатынастардың қарқынды  дамуына ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық  прогрестің елеулі жетістіктері  де өз әсерін тигізді. Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа, маңызды түрлері пайда болды.

     Жекелеген елдер саясатындағы  түсініспеушіліктер, қайшылықтар халықаралық  ұйымдардың бір қалыпты қызмет  атқаруына кедергі бола алмайды.  Қайта мұндай түсініспеушіліктер  мен қайшылықтар олардың позицияларын  келісіедер арқылы анықтап, бейбіт  жолмен шешу үшін халықаралық  ұйымдардың таптырмас құрал екендігін  дәлелдейді. Олардың беделін арттыра  түседі.

     Халықаралық жағдайдың өзгеруіне  байланысты халықаралық ұйымдар  да өзгерістерге ұшырайды: біреулері  өздерінің бағыт-бағдарын қайта  құруға ұмтылса, басқа біреулері  өз қызметтерін доғарады.

     Халықаралық ұйымдар халықаралық  қатынастар жүйесінің ажырамас  бір бөлігі. Бұл жүйенің ең  басты және негізгі элементі  – мемлекет. Мемлекеттер халықаралық  құқықтың басты субъектілері. Сондықтан  халықаралық ұйымдары халықаралық  қатынастар жүйесінің екінші деңгейдегі элементі деп қарастыру қажет. Халықаралық ұйым халықаралық келісім-шарттарды негізге ала отырып, басқа ұйымдармен белгілі байланыс нысандары арқылы арақатынастарын жөнге келтіре береді.

     Енді халықаралық ұйымдар түсінігінің  негізгі бес белгісін қарастыруға  болады.

  1. Келісімдік негіз. Мұның мәні халықаралық ұйымдарды құру актісі, жарғысы ретінде көпжақты халықаралық келісім-шарт есептеледі.
  2. Белгілі мақсаттардың болуы. Белгілі бір мақсатта құрылуы олардың заңдылығын, ұйымдық құрылымын, қызмет бабын анықтайды.
  3. Өзіне сай ұйымдық құрылымы, яғни ынтымақтастық механизмін құрайтын тұрақты органдар жүйесінің болуы.
  4. Ұйымдардың дербес халықаралық құқықтары және міндеттері болуы, олардың құқықтық еркі бар заңды тұлға ретінде қалыптасуы.
  5. Халықаралық құқық талаптарына сай құрылуы, яғни өз қызметін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормалары шеңберінде жүргізуі.

     Халықаралық ұйым дегеніміз – халықаралық құқық субъектісі болуға мүмкіндігі және тұрақты түрде қызмет атқаратын мекемелері бар, халықаралық құқық талаптарына сай белгілі мақсаттарды орындау үшін келісім негізінде құрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі. 
 
 
 
 
 
 
 

Халықаралық қаржылық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі

     Халықаралық ұйымдардың  қызметтері дегеніміз – өздерінің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған іс-қимылдар жиынтығы.

     Халықаралық ұйымдардың қалыптасқан  және дәстүрлі аспектілерінің  бірі – олардың дипломатия құралы екендігінде. Соңғы уақыттарда олардың қызметі ақпаратты-жүйелеу шектерінен асып, көпшіліктің мүдделеріне сай жаңа сфераларды қамтитын өзіндік, дербес оперативті функцияларды иемдене бастады.

     Халықаралық ұйымдардың ежелден  келе жатқан дәстүрлі функцияларының  бірі – ақпараттық қызмет. Сонымен  қатар бақылау қызметі де олардың  дәстүрлі функцияларына жатады. Бұлардың қатарына жарғылар, көпжақты конвенциялар, пактілер және бақылауды жүзеге асыруды қарастыратын әр түрлі нысандағы құжаттар топтамасы жатады. Оперативтік қызмет халықаралық ұйымдардың жаңа функцияларының бірі. Бұл қызметті Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдар атқарады.

     Халықаралық ұйымдардың әр түрлі  нысандағы қызметтері халықаралық  қатынастар дамуының қажеттіліктеріне  байланысты. Сондықтан болашақта  да халықаралық ұйымдардың қызметтері  дами береді.

     Дамыған капиталистік елдердің  ұйымдары сауда, валюта, төлем  балансы, өндірістік қиындықтарды, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың қызметін кеңейту мәселелерін шешеді. Халықаралық экономикалық ұйымдардың маңызы қазіргі әлемде үлкейіп келеді. Бұл ұйымдардың қызметі әр түрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің арасындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған.

     Халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мынадай халықаралық қаржы ұйымдары түсіндіріледі:

  • Халықаралық валюталық қор;
  • Халықаралық қайта құру және даму банкі;
  • Халықаралық қаржы корпорациясы;
  • Еуропалық қайта құру және даму банкі;
  • Азиялық даму банкі;
  • Ислам даму банкі;

     Халықаралық валюталық қор

     1944 жылы Бреттон Вудс қаласында  халықаралық қаржы конференциясы  өткен болатын, осы конференцияда  Халықаралық валюталық қор құру  туралы шешім қабылданды. Штаб-пәтері  Вашингтонда орналасқан. Мақсаты: халықаралық ынтымақтастықтың дамуына, дүниежүзілік сауданың кеңеюіне, мүше елдердің ұлттық валюталарының тұрақтануына, олардың төлем балансы мәселелерін қысқа мерзімді несиелер арқылы шешуіне көмектесу.

     ХВҚ несиелері ақылы және шартты  болып табылады. Төлем баланстарының  қысқа мерзімді тапшылығын жою  мақсатында арналған несиелердің  ең кең тараған түрі резервтік  несиелер болып саналады. ХВҚ сонымен қатар басқа да несиелер түрін: мерзімі ұзартылған, оңай қол жеткізуге болатын, құрылымдық адаптациялар мақсатына, күтпеген оқиғалардан болған зияндарды компенсациялауға байланысты ұсынады. ХВҚ халықаралық валюта жүйесін бақылайды, оның тиімді қызметін, валюта курсы саясатын және әдейі арналған принциптерді енгізуде мүше елдердің осы саясатқа бағынуын талап етеді.

     Халықаралық қайта  құру және даму  банкі 1945 жылы құрылған. Қазір құрамында 176 ел бар. Мақсаты: өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржының қажетті бағыттарын ынталандыру, шетелдік жеке меншік капиталды келтіруді ынталандыру, халықаралық сауданың тұрақты түрде өсуіне жағдай жасау, т.б.

     Банк адам өмірінің сапасын  жақсарту мақсатында, дамушы экономикалы  және кеңейтілген нарықты елдермен  серіктес ретінде қызмет етеді.  Банк тарапынан берілген барлық  қарыздар қайтарылу сипатын иеленеді. Сонымен қатар қызметінің қазіргі кездегі негізгі бағыттарына мыналар жатады: инвестициялық жобалардың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиеленуі; дайындық, инвестициялық жобалардың техникалық және қаржы-экономикалық негізделуі.

     Халықаралық қаржы корпорациясы 1956 жылы экономикасы нашар дамушы елдердің жеке меншік кәсіпорындарын тікелей инвестициялау мақсатында құрылған. Құрамына 156 ел мүше. Корпорация үшін өнеркәсіп несиеленуі қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Халықаралық қаржы корпорациясын өздерінің жеке қаржыларының көмегімен және капиталды халықаралық қаржылық нарыққа тартылуы жолымен инвестициялар қаржыландырады. Сонымен қатар қаржы бағдарламаларының жеткілікті түрдегі кең спектрін ұсынады және мүше-мемлекеттер жеке компанияларына қызмет көрсетеді, сонымен бірге тіркелген немесе өзгертілген тарифті негізгі валютадағы ұзақ мерзімді ссудалар береді, кепілдемесі, резервті қаржыландыру және т.б.

Информация о работе Халықаралық ұйым