Кәсіпорын өнім сапасын жоғарлату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:08, реферат

Описание

«Қазақстан – 2030 » атты даму стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіреді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 2006 жылдың 1- наурызында ҚР – ның жолдаған Жолдауында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы » деп аталдаы. Жеті басымдылықтан тұратын биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстан әлемдік экономикаға ойдағыдай кіру елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі » деп ерекше атап көрсетілді.

Содержание

Кіріспе
1. Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері................................................................................................................3
1.1 Өнім сапасын көтеру мен экономикалық тиімділігінің мәні мен маңызы.................................................................................................................9
1.2 Қазақстан Республикасы жағдайларына бейімделуі мүмкін қазіргі проблемаларды шешу бойынша шетелдік оң тәжірибені шолу.....................................................................................................................12
2. «Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау................................................................................................................17
2.1 Кәсіпорында өнім сапасын басқарудан жетілдіру жолдары....................20
Қорытынды.................................................................................................2
4Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорын өнім сапасын көтеру курс (2).doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе

1. Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері................................................................................................................31.1 Өнім сапасын көтеру мен экономикалық тиімділігінің мәні мен маңызы.................................................................................................................9 1.2 Қазақстан Республикасы жағдайларына бейімделуі мүмкін қазіргі проблемаларды шешу бойынша шетелдік оң тәжірибені шолу.....................................................................................................................12

 2. «Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау................................................................................................................172.1 Кәсіпорында өнім сапасын басқарудан жетілдіру жолдары....................20

Қорытынды.................................................................................................24Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасында  нарықтық экономиканың даму жолында  көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.

Республикамыздың , Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешімммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл – ауқатын арттырып, әлеуметтік – экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.

Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы  өркениетті ел болудың  негізгі шарты болып отыр. «Қазақстан – 2030 » атты даму стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіреді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 2006 жылдың 1- наурызында ҚР – ның жолдаған Жолдауында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына  кіру стратегиясы » деп аталдаы. Жеті басымдылықтан тұратын биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстан әлемдік экономикаға ойдағыдай кіру елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі » деп ерекше атап көрсетілді.

Қазіргі кездегі нарықтық экономика көп қыры әр түрлері бар, олар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықта қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі – бәсекеге қабілеттілік. Қазақстан Республикасы ашық нарықты экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай – ақ сыртқы нарықта тұтынушы үшін күрес мәнінде бәсекелес қабілетті өнім өндіру  мен жасауды талап етеді. Сол себептен де тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен оны өніру шығындарының арасындағы рационалды экономикалық деңгейді іздеу мәселесі туып отыр. Сол себептенде курстық жұмыстың тақырыбы өзекті мәселелердің бірі  болып табылады.

Қазір тауардың бәсекеге қабілеттілік құрамдас бөліктерінің ішінде баға басты фактор болып табылмайды. Алдыңғы орындарға қазір тауардың тұтінушылық қасиеттері (функционалдығы, дизайн ) және сервис деңгейі, бұл жерде тек қана жөндеу мүмкіндігі емес, сондай – ақ оның планетаның  кез – келген нүктесінде жасалу мүмкіндігі де есептеледі. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау берілген өнімнің басқа фирмаларының  сәйкес өнімімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Өнімнің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші пайдалы эффектінің тұтыну бағасына қатынасымен көрсетіледі, ал пайдалы эффектінің орнына тауар сипаттамасының интегралдық көрсеткіштері – оның сапасы алынады.

Зерттеу жұмысының  мақсаты болып кәсіпорының бәсекеге қабілеттілік сұрақтары бойынша  теориялық білімді бекіту, ұлғайту, оны қамтамасыз ету ету әдістемесесін  меңгеру, тауардың (сүт өнімдерінің ) нақты нарығының жағдайына талдау және маркетингтік зерттеулер жүргізу табылады. Сонай – ақ тауарлардың және қызыметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда бірнеше ұсыныстар жасауға талпындық.

Осыған байланысты алдымызға мынадай тапсырмалар  қойдық:

  • Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік мәселелерінің мәнін және оны бағалаудың әдістемелік негіздерін анықтау;
  • Нарықтағы өнідруші табысының шешуші факторларының бірі ретінде нарық жағдайындағы кәсіпорын сапасын жақсарту мәселесін талдау;
  • «смак» ЖШС – нің өндірістік – қаржылық қызыметіне талдау жасау және осы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жақсарту міндеттерінің орындалу жолдарын қарастыру;
  • Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну.

Зерттеудің  теориялық және әдістемелік негізіне отандық және шетелдік ғалым –  экономистердің экономикалық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету аясындағы ақыл – ой еңбектері мен зерттеу нәтижелері алынды. ҚР – ның отандық экономиканы реттеуге импортты алмастыруға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған заңдары, заңдылықтары, нормативті – құқықтық құжаттары зерттелді және қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде ҚР – ның статистикалық Агенттігінің, кәсіпорнының есептік  мәліметтер мен ақпараттар қолданылады.

  1. Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері

Өнім сапасын  тұрақты түрде көтерудің мақсаты тұтынушылардың ішкі және сыртқы талаптарына сәйкес өнімдері жоғары деңгейде болуы керек. Сапаны тұрақты түрде  көтеру  фирманың сапа саясатының бөлігі болып табылады. ҚР – да сапаны көтеру мәселесін шешпей тұтынушылық тауар әлемдік нарықта ғана емес, сондай – ақ ішкі нарықта да бәсекеге қабілетті бола алмайды. Бәсекеге қабілеттілікәрқашанда «сапа – баға – сервистен » кейін  тұрады, республикада «баға – сапа – сервис » аумағы құрылған. Қазақстанда сапа үшін атқарылар жұмыстар төмендеді. Сол себептен Қазақстанда тұтынушылық тауар сапасын көтеру мәселесін шешу сапаны реттеуші заңнамалық  базаның және тауар сапасы жүйесінің құрылуын талап етеді. Отандық тауарлыр сапасына  бақылау жүргізу Қазқстандық кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады. Оның үстіне , соңғы жылдары республикамызға келіп жатқан және әлі де сапасыз шетелдік өнімдердің саны көбейіп жатыр. Сондықтан өнім сапасын көтеру мәселесі еліміздің ең басты бағытының бірі болып отыр.

Сол үшін, яғни отандық өнімдердің сапасын көтеруде келесі негізгі бағыттарды ұсынамыз:

  • Сапа тұтынушы талабына сәйкес екі методикалық әдістемені орындау керек;
  • Кәсіпорын өзінше өз өнімдерінің сапа деңгейін анықтау керек, халықтың қауіпсіздігі үшін, бәсекені қаматамыз ету үшін, республикамызға заңдық нормаларды, реттеуші және стандартты әдістемелерді енгізу қажет;
  • Сапа жәй ғана бақыланып қоймау керек, ол тауарлардың бірнеше түрі бойынша барлық өндірісте қамтамасыз етілуі керек.Өндірістік процесте қамтамасыз етілмеген тауар сапасын және сапасыз өнімдерді жарнамалағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылуы керек;
  • Тауар сапасының төмендігі және оны тез арада жоғарлату жолдарын іздесдестіру.

Өнім сапасын  жоғарлату қоғамдық өндірістерде және жеке кәсіпорындарда ттиімділікті көтерудің  ең маңызды бағыты болып табылады.Өнім сапасын жоғарлатудағы экономикалық тиімділік келесідей формуламен анықталады:

Тиімділік = сапа сату көлемі/ шығындар

Өндіріс тиімділігі ол сату көлемінің қысқару кезінде  де жғары болуы мүмкін, ол тек  мынадай жағдайда, егер өнім сапасы өте тез қарқынмен өссе онда сату және шығару көлемінің қарқыны төмен болады. Тәжірбиеде мынадай әдістеме өндірісте өнім сапасын көтерудегі тиімділікті анықтауда қолданылмайды.

Өнiмнiң  бәсекеге қабiлеттiлiгi, оның маңызы және анықтау әдiстерi

Егемендi ел болып, тәуелсiздiгiмiздi алып нарықтық экономикаға көшуiмiзге байланысты ел экономикасы түбегейлi өзгерiстерге душар болды. Әсiресе елiмiздiң экономикалық өмiрiндегi шаруашылық қатынастар жүйесiндегi терең әрi ауқымды өзгерiстер көрiнiп, еркiн бәсеке, бәсекеқабiлеттiлiк деген ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегiнде ұйымдық-құқықтық формалардың, яғни, әртүрлi шаруашылық жүргiзушi субьектiлердiң жұмыс жасауы, қызмет көрсетуi, өнiм өндiруi бәсекеқабiлеттiлiк ұйымдарын одан әрi өрбiте түстi. Қазiргi кезде көптеген кәсiпорындар  үшiн кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгiн  арттыру ең негiзгi мәселе болғандықтан, көпшiлiк тарапынан осы бiр мәселеге көбiрек назар аударады. Ол сату нарықтары, өткiзу көлемдерi, қосымша табыс табуты көздейтiн өндiрушiлердiң экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсiпорындар әрi шығарылатын өнiмдердiң бағаларын төмендету арқылы әрi нарықта бар өнiмдерден сапалық көрсеткiштерi жағынан ерекшеленетiн өнiмдерiн өндiру арқылы бәсекелестердi ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылуы қажет.

 Бәсеге қабiлеттiлiк  ұғымы көпжақты болып, кәсiпорын iс-әрекетiнiң тауар секiлдi құрамдас бөлiктерiн сондай-ақ оның негiзгi сипаттамалары болып табылады  және өндiрiс технологиясын қамтиды.

 Кәсiпорынның  бәсекеқабiлеттiлiгi- қатысты өлшем, өйткенi ол сату уақыты  мен нарықта  бәсекеге түсетiн ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерiнде көрiнуi мүмкiн.

 Кәсiпорынның  бәсекеге қабiлеттiлiгi - бұл экономикалық, ұйымдастырушылық техникалық  мүмкiндiктердiң жиынтығы. Ол бәсекелестiк күрес жағдайында өзiнiң алып отырған нарықтық үлесiн сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткiлiктi әлеуетi.

Бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң 2 жағы бар.  Бұлардың бiреуi, оның элементi  және құраушы бөлiктерi (тауардың  жоғарғы сапасы, тауардың қосымша қызметi т.б.) және нақты жағдайдағы  тауар сату мiндеттерiнiң нақты шешiмi (жеке қабiлеттiлiктерi бар нақты сатып алушы мүмкiндiгi және өзiндiк талғамы бойынша нарықта бәсекелесушi кәсiпорындардың iшiнен ұнайтынын шешуi, сатушының жеке қасиеттерi).

Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгiнiң  деңгейiне негiзiнен мынандай басты  факторлар әсер етедi:

  • өндiрiстiк технологияны жетiлдiру дәрежесi мен ғылыми-техникалық деңгейi;
  • жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;
  • қазiргi заманға сай автоматтандырылған өндiрiс құралдарын енгiзу. 

Нарықтық қатынастар жағдайында өнiм сапасы оның бәсекеқабiлеттiлiгiнiң  ең маңызды көрсеткiшi болып табылады. Сапасыз тауардың шығуы кәсiпорынға  тура жоғалтуларды, өндiрiске қатыссыз шығындарды, қайта жөндеудi, материалдар  мен шикiзаттарға деген шығындарды алып келедi.

Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi- тұтынушының  нақты қажеттiлiктерiн  қанағат тандыру  дәрежесi және оны  сатып алу  мен атқару деңгейi бойынша өнiмнiң баламалы өнiмдерден  айырмашылығы сипаттамаларының жиынтығы. Ал сапа- бәсекенiң ең маңызды көрсеткiшi, оның нақты реттеушiсi болып табылады. Сондықтан экономикалық әдебиеттерде тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi  және оның экономикалық, техникалық жағынан басқа тауарлармен  салыстырмалылығы жөнiнде өте көп қарастырылады. Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi нарықтың ерекше шарттарын  қанағаттандыруға жол берумен, тұтынушылық (сапалы және санды) сипатпен анықталады. Бәсекеге қабiлеттi  өнiмдер нарықта өте тез және жеңiл сатылады. Шын мәнiнде тауар қоғамдық қажеттiлiктi қанағаттандыру деңгейiнде тексеруге өтедi.Олар тұтынушылардың анықталған тобы арасында дәмi және артықшылылығы жөнiнен нарыққа шығарылады, сондықтан  бәсекеқабiлеттiлiк деген түсiнiк әрқашанда нақты. Нарық жағдайында тұтынушының  қанағаттануы тауарға деген өзiнiң ерекшелiгiнiң  жиынтығы сатып алу мен сату актiсiнде көрiнедi. Мұндай ерекшелiктiң үйлесуi, өндiрушi мен тұтынушының мүдделерiнiң сақталуы  негiзiнде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын,сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестiгiн бәсекенiң жарамдылығы деп атайды.

Өнiмнiң бәсекеге жарамдылығы  ерекше жағдайын қанағаттандыруына  мүмкiндiк беретiн тұтыну кешенiнiнiң  сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамды  өнiм нарықта жеңiл әрi тез сатылады. Әрбiр сатып алушы өзiнiң жеке мұқтажын ең жоғары  қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда  қоғамдық мұқтажына  толық сәйкес келетiн тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейiнде  жеке – дара көрсеткiштер пiкiр жиынтығын құрайды, ол тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында қалыптасады.

Сонымен, тауарға  бәсекенiң жарамдылығын, оның сапалық  және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсiнуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етедi және сатып  алушы үшiн тиiмдiлiгi ұқсас тауар бәсекелестер ерекшеленедi.

Бәсекелестiкте  жалпы 2 түсiнiктi бөлiп қарастыруға  болады:

  1. «Кәсiпорынның  бәсекеқабiлеттiлiгi»

2. «Тауардың  бәсекеқабiлеттiлiгi»

Кәсiпорынның  бәсекеқабiлеттiлiгi- бұл кәсiпорынның қаржылық, өндiрiстiк және еңбек мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалану шеберлiгi арқасында бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару мүмкiншiлiгi.

Тауардың  бәсекеқабiлеттiлiгi-  бұл тұтынушылар үшiн тиiмдi және тұтынушылардың нақты қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн тауардың сапалы және құндық ерекшелiктерiнiң жиынтығы.

Тауардың  бәсекеге қабiлеттiлiгiн анықтау тәжiрибесi тауар ерекшелiктерiнiң жиынтығы, тұтыну бағасы бойынша және нақты қажеттiлiктi қанағаттандыру деңгейi бойынша тауар бәсекемен салыстырмалы талдауда негiзделедi.

Өнiмнiң  бәсекеқабiлеттiлiгi бәсекеқабiлеттiлiк  көрсеткiшi арқылы мөлшерлi болуы мүмкiн.Осы маңызды  көрсеткiштi  анықтаудың бiрнеше әдiстерi белгiлi. Олардың  ең көп  таралуына  байланысты тоқталып өтейiк:

 Бiрiншi әдiс. Техникаға бәсекенiң жарамдылығын анықтайтын белгiсi- бұл тауарды тұтыну бағасы болып табылады. Ол мынадай  формуламен анықталады:                  

Бт=Бс+Шт

 Мұндағы:     Б –тұтыну бағасы,Б – сатылу  бағасы, Ш – бұл өнiмдi тұтынушылардың  шығындары (оның барлық нормативтiк мерзiм iшiндегi қызметi).

  Тұтынушылар үшiн барлық шығындар 2 негiзгi категорияға  бөлiнедi. Бiрiншiден, бұл тұрақты шығындар ұзақ уақыт бойы өзiнiң мөлшерiн  өзгертпейтiн, яғни, өнiмнiң сату бағасы. Орнатуға, монтаждауға кеткен шығындар және т.б. бiруакытта орындалады. Екiншiден, бұл ауыспалы шығындар өнiмдi пайдалану процесi кезiнде қалыптасады, сонымен бiрге пайдалану шығындары (энергия, шикiзат, жұмыс күшi )   ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету  кезiнде iске асырылады.

Информация о работе Кәсіпорын өнім сапасын жоғарлату