Маркетингтің жаңа тұжырымдамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 21:44, доклад

Описание

Маркетингтің жаңа тұжырымдамасы – холистикалық маркетинг. Холистикалық маркетинг – маркетингтік бағдарламаларды, үрдістерді және іс-шараларды, олардың өзара байланысын ескере отырып жоспарлау, дайындау және енгізу болып табылады. Холистикалық маркетинг маркетингтік іс-әрекетте барлығы маңызды екенін, жиі кеңейтілген, біріктірілген жолдың қажет екендігін мойындайды. Қазақстанда бұлмаркетингтің бұл түрі қолданылады.Себебі әрбір компания өз жұмысын алдымен жоспарлайды, кейін оны жүзеге асыруды,іс шараларды ойластырады және оларды өзара байланыстырып,жүзеге асырады.

Работа состоит из  1 файл

маркетинг.docx

— 14.28 Кб (Скачать документ)

                                                   Тапсырмалар:

1.Шведтік «Electrolux» компаниясы электр-тұрмыстық құралдар нарығында көптеген жылдан бері қазіргі заманға сай техника ұсынады.«Electrolux» кір жуғыш машинасы кір жуу жағынан ең бір сапалы болып табылады,ыдыс жуғыш машинасы ыдысыңызды жуып,шаңсорғышы үйіңізді таза қылып жуып қояды.Қазір осы маркалы тауарлар Қазақстан нарығында үлкен сұранысқа ие.Халықтың жағдайының жақсаруына байланысты көптеген отбасылар үй жұмысының ыңғайлы ,жеңіл болуын қалайды. «Electrolux» компаниясы нарықтың ықтималды көлемін бағалай отырып ,тұтынушылар талғамын қанағаттандыратын тиімді тауарлар жасайды.

   1)Компания тауарларына нарықтағы сұраныс қандай?

   2) «Electrolux» компаниясынан басқа тағы да Қазақстанда электр-тұрмыстық құралдар нарығында қандай компаниялар бар?Олардың тауарларына сұраныс қандай және осы компаниялар маркетингтің қай тұжырымдамаларын ұстануда?

 

2. «Xerox» компаниясының 80-жылдарда АҚШ нарығындағы үлесі жапондық бәсекелестердің қысымын бастан кешуіне байланысты 88%-дан 40%-ға дейін төмендеді.

  Дегенмен шағын бизнестің  тез дамуы (80-жылдары АҚШта  апта сайын 2.5 мың дербес кәсіпорындар  пайда болды) және елдегі байланыс  құралдарының жалпы дамуы «Xerox»  компаниясының көбейткіш құралдарына  сұраныстың өсуіне әкелді.Көптеген  ұсақ фирмалардың«Xerox» компаниясының  жоғары сапалы қымбат өнімдерін  алуға қаржылары жетіспеді.

   1) «Xerox» компаниясы  осы жағдайда маркетингтің қай  түрін қолдануы қажет?

   2) «Xerox» компаниясы  үшін маркетингтің қай тұжырымдамасына  сүйенген дұрыс?

 

3.Алматы қаласында «Ил-Патио» мейрамханасы «Рамстор» және «Мега» сауда ойын-сауық орындарында орналасқан. «Ил-Патио» мейрамханасы келушілерге пиццаның әр түрлерін ұсынады.Мейрам және демалыс күндері пиццаға сұраныс өте жоғары, ал жаз кезінде пицца өндіру көлемі нарық сұранысынан жоғары болады.Осы сұраныс түрлері қалай аталады және соған орай маркетингтің қандай шаралары қолданылады.

 

4.Нарықта мына тауарларға сұраныс қандай:нан,темекі,балмұздақ.тіс емдеу,ұялы телефон,құс өнімдері,туристік саяхат,көркем әдебиеттер?Сұранысқа орай маркетингтің қай тұжырымдамалары және принциптері қолданылуы керек?

 

5.Холистикалық маркетинг туралы өзіңіздің түсінігіңізді айтыңыз.Қазақстандық компанияларда маркетингтің осы түрі қолданыла ма?

 

 

                                                 Жауаптар:

1.1. «Electrolux» Компаниясының тауарларына нарықта сұраныс өте жоғары. Өйткені бұл компанияның электр – тұрмыстық құралдарының сапасы жоғары , қолайлы әрі халыққа қол жетімді болып келеді.

  2.Қазақстанда электр  – тұрмыстық  құралдар нарығында  LG, SUMSUNG,INDESIT,BOSCH және тағы басқа  компаниялар бар.Бұл компаниялардың  тауарларына сұраныс орташа болып  келеді және кейбір тауарлардың  сапасы төмен болып келеді,істен  тез шығады

 

2.1. «Xerox»Компаниясының тауары сапалы әрі қымбат.Қарапайым                                                      халықтың әрі ұсақ фирмалардың қаражаттары жетіcпегендіктен бұл компания  тауарларына сұраныс төмендеуі мүмкін.

   2. «Xerox» Компаниясының  тауарына деген  сұраныс кері  болғандықтан маркетингтің түрі  конверсиялық.Яғни тауар бағасын  төмендету қажет.

3. Бұл мейрамханада толық қанағаттандырылған сұраныс. Қолдаушы маркетинг түрі. «Ил-Патио» мейрамханасында нарықты зерртеп отырады. Тауардың сапасын және  сервистің деңгейін бақылап отырады.

4. Бұл тауарлардың түрлері әртүрлі болғандықтан оларға деген сұраныс та әртүрлі.Мысалға нан маркетингтің өндірістік тұжырымдамасын қанағаттандырады.Себебі оған деген  сұраныс үлкен және тұрақты.Кез-келген адам нанды күнделікті қолданады.Нанды өндіру өндірушіге де,тұтынушыларға да пайдалы.Темекі ол адамдардың денсаулығына зиян,бірақ адамдар оны күнделікті тұтынады.Балмұздақ болса маусымдық тауар болып табылады,себебі ол көбіне жаз маусымдарында сатылады.Ал қалған келтірілген мысалдар барлық тұтынушылардың тек жартысы ғана немесе белгілі бір мөлшердегі бөлігі қолданады.

5.     Маркетингтің  жаңа тұжырымдамасы – холистикалық маркетинг. Холистикалық маркетинг – маркетингтік бағдарламаларды, үрдістерді және іс-шараларды, олардың өзара байланысын ескере отырып жоспарлау, дайындау және енгізу болып табылады. Холистикалық маркетинг маркетингтік іс-әрекетте барлығы маңызды екенін, жиі кеңейтілген, біріктірілген жолдың қажет екендігін мойындайды. Қазақстанда бұлмаркетингтің бұл түрі қолданылады.Себебі әрбір компания өз жұмысын алдымен жоспарлайды, кейін оны жүзеге асыруды,іс шараларды ойластырады және оларды өзара байланыстырып,жүзеге асырады.

 

 

 

 


Информация о работе Маркетингтің жаңа тұжырымдамасы