Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:02, реферат
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамы («АӨҚО» АҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 65 Қаулысымен құрылды.
Қоғамның мұраты еліміздің ішкі нарығының да, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың да барлық қатысушылары үшін тартымды қаржы орталығын құрып, жұмысын табысты жүргізу арқылы Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуі үшін қажетті жағдайлар мен пәрменді механизм жсасу болып табылады.
«АӨҚО» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:
* Қазақстанда халықаралық стандарттарға
сай келетін бағалы қағаздар нарығын дамыту
* Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының
халықаралық капитал нарықтарымен кірігуін
қамтамасыз ету, оның капиталдандырылуы
мен өтелімдігін жоғарылату
* Қазақстанның экономикасына инвестициялар
тарту, соның ішінде бағалы қағаздар нарығында
жұмыс істейтін инвесторлар ретінде жеке
тұлғаларды тарту
«АӨҚО» АҚ-ның негізгі
* халықаралық стандарттарға сай келетін
және шетелдік қатысушыларды тартуға
ықпалдасатын қаржы орталығын институционалдық
жағынан дамыту
* брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге
асыратын ұйымдарды, және институционалдық
инвесторларды қаржы орталығында жұмыс
істеу үшін эмитенттер мен кәсіпқой қатысушылар
ретінде тарту
* халықтың ішкі жинақ қаражатын қор нарығы
арқылы бағалы қағаздарға және басқа да
қаржылық құралдарға тарту
* жаңа қаржылық құралдар мен қор технологияларын
дамыту мен ендіру
* Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын
жоғарылату және шетелдерде Қазақстан
Республикасының жағымды инвестициялық
бет-бейнесін қалыптастыру
* қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру-техникалық
жағынан қамтамасыз ету
* халықтың инвестициялық мәдениеті мен
қаржылық сауаттылығын жоғарылату бағдарламасын
іске асыруға ат салысу
«АӨҚО» АҚ жұмысының қағидалары:
* кәсіпқойлық - қызметтің барлық салаларында
тәжірибені пайдалану
* транспаренттік - компаниялардың қызметінің
жариялылығы
* тұрақтылық - үздіксіз жоғары сапалы
қызметтер көрсету жолымен АӨҚО-ның өзара
әрекеттесуі мен жұмыс істеуі үшін оңды
ортаны қамтамасыз ету және сақтау
* қол жету мүмкіндігі - географиялық орналасуынан,
мәртебесінен және т.с.с. тәуелсіз, серіктестердың
(customer) өзара жалпы әрекеттестігі үшін
және қатысуына кедергі болмауы үшін қолайлы
жағдай жасау
* теңдік - барлық институттардың тең құқылы
қатысуы арқылы жұмыс істеу
* жаңашылдық - жұмыстың жаңартпалық және
үнемі жетілдіру әдістерін қолдану, оңды
өзгерістерді көтермелеу және осы өзгерістер
жасайтын мүмкіндіктерді анықтау
* табысқа ұмтылу - АӨҚО қызметтерін үнемі
жоғары деңгейде көрсету үшін барлық күші-қуатын
салу
АӨҚО-ның бәсекелестікке қабілеттілігін ірі азиялық қаржы орталықтарымен салыстырмалы талдау.
АӨҚО ҚРА болжамы бойынша Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы 2015 жылы Азияның жетекші қаржы орталықтарының 10 қатарына енеді. Осыған байланысты салыстырмалы талдау іске асырылып, соның нәтижесінде АӨҚО-ң артықшылықтары мен әлсіз жақтары анықталып, стратегиялық даму бағыттары нақтыланды.
АӨҚО ҚРА қызметінің стратегиялық бағыттары айқындалды:
Бәсекелестікке қабілетті
қор рыногын дамыту; Мақсаттық
топтарды АӨҚО қызметімен таныстыру; АӨҚО
ҚРА көрсететін мемлекеттік қызметтердің
сапасын арттыру; Қазақстанда жаңа
қаржы аспаптарын дамыту; Мемлекеттік
органдарды, бағалы қағаздар рыногына
қатысушыларды басқару
АӨҚО ҚРА көздеген нәтижелерге қол жеткізіп, қызметін жақсарту мақсатында алдына бірқатар мақсаттар қойды:
Біріншіден, АӨҚО ҚРА басқару
жүйесін арттыру: Нәтижеге бағдарланған
жоспарлау жүйесін енгізу; Басқару
үрдістерін ISO 9001:2000 халықаралық сапа
стандарттарының жүйесі арқылы стандарттау;
Мекеме құрылымын оңтайландыру және
кадрлар құрамының кәсіби сапасының
деңгейін көтеру. АӨҚО ҚРА жоғары кәсіби
қызметкерлерінің командасын құру, кадрлар
ағымын азайту үшін АӨҚО ҚРА бірыңғай
негізде кадрлық құрамын іске
асыруды, жұмысшыларға әлеуметтік қолдау
көрсету және мотивациясын жоғарылатуды
жоспарлайды. АӨҚО ҚРА бағалы қағаздар
рыногын дамыту саласында ақпараттық-
талдаушылық зерттеулерді жүргізуді,
қор рыногының инфрақұрылымын арттыруды
жоспарлайды. АӨҚО ҚРА сарапшылар топтарының
талдаушылық зерттеулері
Екіншіден, маркетингтік қызметтің дамуы: Кең танымалы және беделді болатын АӨҚО-ң брендін жасау; Ақпараттық қамтамасыз ету, АӨҚО дамыту мен орнын белгілеу. Негізгі мақсаттық топтардың ақпаратпен қамту және ниеттестік деңгейін жоғарылату мақсатында АӨҚО ҚРА PR қызметін жүзеге асыруды жоспарлайды. Сол себептен, АӨҚО ҚРА эмитенттер мен инвесторларды тартуға бағытталған маркетингтік стратегияны әзірледі және іске асыруды.
Үшіншіден, қаржылық басқару
және бақылау тиімділігін
Бағалы қағаздар рыногын дамыту үшін халықаралық тәжірибелерден алынған төрт түрлі фактор болып табылады. Олар:
Инфрақұрылым және бедел ортасы. Жоғарыдағы көрсетілген ақпараттарға байланысты Қазақстанға инвестиция тарту үшін көптеген жағдайлар жасау керек. Жаңа заманға сай инфрақұрылымдар ондағы телекоммуникация мен офистерді орнату, тұрақтылық пен шетел инвесторларының қауіпсіздігі мен ағылшын тіліне мамандандырылаған мамандарды қолдау керек.
Рыноктағы мүмкіндіктерді пайдалану.
Қазақстан Республикасында
Ынталандыру. Ынталандыру
тетіктері арқылы әлемдегі және ең
үлкен инвесторларды
Қолдану. Қазақстан Республикасы
Үкіметі тарапынан халықты
Қазақстандағы бағалы қағаздардың және қаржы орталығының тиімді факторлары:
Алматыдағы қаржы орталығы тұрақты дамыса, ол барлық Қазақстанда қаржы секторының дамуына алып келеді. Алматы қаласы бас қаржы орталығы болғандықтан бас мультипликатор болуы қажет.
3.3 Ұлттық қаржы нарығының
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің миссиясы – қаржы нарығының жəне қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жəне жалпы қаржы жүйесіне деген сенімділікті қолдау, қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету, қаржы нарығында адал бəсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін бірдей жағдай жасау болып табылады.
Агенттіктің пайымдауы – қаржы институттарының жəне қаржы нарығының тəуекелдердің барынша төменгі деңгейімен жəне 2015 жылға қаржы ұйымдарының капиталдануы деңгейін Еуропа Одағының дамушы жəне дамыған елдерінің деңгейіне дейін жеткізумен тұрақты жəне орнықты дамуы перспективасы.
Жоғарыда атап көрсетілген ҚҚА-нің миссиясы мен болашақты пайымдауы. Менің ойымша, Агенттіктің дәл осылайша алдына мақсат, қойып, болашақты пайымдауынан елдің экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын және болашақты нық сеніммен болжай алатынымызды байқауға болады. Бұл, әрине, Агенттіктің дұрыс бағытта қызмет атқарғандығының нәтижесі. Агенттіктің осындай қызметтерінің нақты дәлелі ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010-2014, 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларын, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын айтуға болады. Бұл тұжырымдамалар негізінде ұлттық қаржы нарығын дамытудың стратегиялық бағыттары көрсетіліп отыр.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бойынша 5 стратегиялық бағыт бар. Олардың әрқайсысы қаржы нарығының әр секторын қамтиды.
1-стратегиялық бағыт. Институционалдық нағаю мен даму арқылы халықаралық стандарттарға сəйкес қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалаудың тиімділігін арттыру
2-стратегиялық бағыт. Банк секторының қаржылық тұрақтылығын жəне бəсекелестік қабілеттілігін нығайту, реттеу мен қадағалау жүйесін жалпы əлемдік қадағалау стандарттарына жақындату
3-стратегиялық бағыт. Сақтандыру нарығының дамуы жəне ең озық халықаралық тəжірибенің негізінде сақтандыру қадағалауды жетілдіру
4-стратегиялық бағыт. Бағалы қағаздар нарығын дамыту
5-стратегиялық бағыт. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту
2011-2015 жылдарға арналған жоспарларда Агенттікті институционалды күшейту аясында Агенттіктің құрылымын жəне еңбектің соңғы нəтижесіне бағытталған қызметкерлерді уəждеу жүйесін əрі қарай жетілдіру көзделеді. Бұл ретте, Агенттіктің кадр саясатының негізгі бағыты қызметкерлерді қайта дайындау жəне біліктілігін арттыру жəне уəждеу арқылы қадағалау органының кадр құрамының кəсіби деңгейін көтеру болып қалады.
Бизнес үдерістерді оңтайландыру жəне Агенттіктің қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану деңгейін көтеру (бизнес-үдерістерді оңтайландыру) жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында 2015 жылға дейін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Агенттік əкімшілік тосқауылдарды төмендету бойынша жүргізілетін жұмыс аясында жеке жəне заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне енгізілген қызмет көрсетулер тізбесін жасады. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды түрде көрсету стандарттарды, регламенттерді əзірлеу жəне қызметін бағалау жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.