Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 20:51, реферат
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық өсуі жоғары қарқынмен дамып отыр. Экономиканы шикізаттың бағдарынан, өңдеушілік бағдарға қарай диверсификациялау жолдарын айқындап қарастырылуда. Қазақстанның кен байлығы – минералдық шикізаттың қайтып қалпына келмейтіні белгілі, сонымен қатар кен орындары уақыт өте келе сарқылатыны белгілі. Мұның өзі болашақта әуелі экономикалық, содан кейін саяси тәуелсіздігімізге әсер етуі мүмкін.
І.Кіріспе..............................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім
1)Өнімнің өзіндік құны туралы жалпы түсінік..................................................4
2)Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары....................................................7
ІІІ.Қорытынды.................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................14
І.Кіріспе.....................
ІІ.Негізгі бөлім
1)Өнімнің
өзіндік құны туралы жалпы
түсінік.......................
2)Өнімнің
өзіндік құнын төмендету
ІІІ.Қорытынды.................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық өсуі жоғары қарқынмен дамып отыр. Экономиканы шикізаттың бағдарынан, өңдеушілік бағдарға қарай диверсификациялау жолдарын айқындап қарастырылуда. Қазақстанның кен байлығы – минералдық шикізаттың қайтып қалпына келмейтіні белгілі, сонымен қатар кен орындары уақыт өте келе сарқылатыны белгілі. Мұның өзі болашақта әуелі экономикалық, содан кейін саяси тәуелсіздігімізге әсер етуі мүмкін.
Сондықтан Үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаны іске асыру барысында мұнай саласына назар аударуды қажет етеді. Сонымен бірге мұнай өнімдерін өткізу басты назардағы мәселе болып отыр. Мұнай өнімдерін өндіру мен өткізу оған жүмсалған шығындармен тығыз байланыста.
Жұмыстың мақсаты: Мұнай өндірудің өзіндік құны және калькуляциялық шығындарды есепке алу, өзіндік құнды төмендету жолдарын қарастыру болып табылады. Мұнай өнімдерінің өзіндік құнын төмендету оған жұмсалған материалды және басқа шығындар есебінен резервтерді анықтауға мүмкіндік береді. Мұнай өнімдерін өндіру тікелей бұрғылау жұмыстарымен тығыз байланыста болғандықтан бұрғылау жұмысының өзіндік құнын төмендету жолдары есепке алынған.
Жұмыста қолданылған әдістері: Кәсіпорынның негізгі техника экономикалық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасай отырып, топтау, абсолюттік мәнін анықтау, тізбектеп қою тәсілімен салыстыру, және 1 тонна өнімнің өзіндік құнының денгейіне диаграммалық үлгілері көрсетілген.
Жұмыстың жаңалығы: Өнімнің өзіндік құнын
төмендету резервтерін есепке алу жолдары
қарастырылған. Өнімнің өзіндік құнын
төмендету жолдарын есепке алуда өнім
өндіруді арттыру мәселесі бірінші орындыалады.
Сонымен қатар 1 тонна мұнайдың өзіндік
құны оған әсер етуші факторлердің есебі
жүргізілген. Өнім өндіруге жұмсалған
шығын турлері бойынша тікелей материалды
шығындар есебіне және еңбек шығындарының
есебіне талдау жасалған. Өнім өндірудегі
тікелей материалды шығындардың әсері
мен олардың көлемі, бағасы есепке алынған.
Сол сияқты еңбек ақы шығыны, еңбек сиымдылығы,
1 сағаттағы еңбек ақы қорынның деңгейі,
тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы
шығын көлемі есепке алынып талдау жасалған.
І.Өнімнің өзіндік құны тураы жалпы түсінік
Өнімнің өзіндік құны – бүл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған ағымдағы шығындары. Ол ақшалай және натуральды заттай есептеледі.
Өнімнің өзіндік құнына өнім өндіру өндіріс процесінде жұмсалған еңбек құралдары, еңбек заттары және күшінің құндары кіреді. Барлық шығындарды бір өлшемге келтіру үшін оны ақшалай есептейді.
Өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана, жатахана, мектеп, клуб) кірмейді.
Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:
-әлеуметтік сақтандыруға
-банк кредитінің пайызы
-негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға нететін шығын
-айыптар т.б. ескерілмеген өндірістік шығындар
-тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.
Нарықтық қатынастарға толық енгенде, өзіндік құнға арендалық төлем, капиталға пайыз, кәсіпкерлек пайданың минималды мөлшері кіруі керек. Ол жағдайда өзіндік құн экономикалық шығындар деп аталады, немесе маркетингтік теория бойынша құн деуге болады. Жалпы алғанда кәсіпкер кепілді табыс табу үшін өзіндік құнды емес, экономикалық шығынды есептеуі керек.
Өнімнің өзіндік құны, тауарға баға тағайындаудың базасы және пайданың болашақ мөлшерін айқындайтын инструмент.
Өнімнің өзіндік құны өндіру сатыларына байланысты: цехтых, фабрика, зауаттық, немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөленеді.
Өнімнің цехтық өзіндік құны – бұған өндірілетін өнімге цехта учаскелерде бригадаларда шыққан шығындар кіреді. Зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн – бұл цехтық шығындар + жалпы зауаттық, өндірістік шығындар.
Өндірістік өзіндік құн – цехтық өзіндік құнмен жалпы өндірістік шығындардың қосындысына тең. Өнімнің толық өзіндік құны өндірістік өзіндік құнмен өнімді өткізуге кеткен шығындар кіреді.
Өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: өнімнің жалпы тауарлы немесе сатылған өнімдердің өзіндік құны, салыстырылатын өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны болып және тағы басқалай бөлінеді. Сонымен бірге өнімнің өзндік құнын жоспарлы, болжамды, нақтылы деп бөлінеді.
Жоспарлы өзіндік қүн – бұл қажетті шығындар ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайымен байланысты.
Болжамды өзіндік құн – бұл техникалық экономикалық есептер ескерілуі, қандай жаңалықтар енгізілгенін тағы басқалай ғылыми жетістіктерді ескереді.
Нақтылы өзіндік қүн – бүл барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.
Өндірістік шығындарды есептеу үшін өндірістік шығындар сметасын жасайды, онда шығындар элементтерге бөліп тандайды. Шығынның элементтік классификациясы мынадай шығын элементтеріне бөлінеді:
-шикізаттар мен материалдар элементі
-жалақы қоры
-әлеуметтік сақтандыруға болу
-негізгі капитал амортизациясы
-басқа да шығындар.
Шығындарды экономикалық мазмүнына қарай калькуляциялық статьялары бойынша «негізгі» шығындар және «қосымша» шығындар деп бөлінеді.
Негізгі шығындар өнім өндірумен тікелей байланысты шығындар, ал қосымша шығындар – бүл өндірістік техникалық даярлау, басқару ұйымдастыру шығындары жатады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық міндеті-жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші. Осы жерде кәсіпорынның өзіндік құнның негзгі элементі болып амортизация, яғни шығындалған материалдық ресурстар құны, еңбекақы-ол шығындардың бөлімдері болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорын да басқа да шығындарды жүзеге асырады: өз жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк несиелеріне пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді ұстайды, бюджеттік емес қорларға аудрымдар жүргізеді-бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын құрайды.
Өнекәсіптің дамуының бөлек кезеңдерінде бұл шығындардың орнын толтыру көздері өзгеріп отырады. Олар өнімнің өзіндік құнына қосылса немесе кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша, өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп отырады. Бұл өзгерістердің басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан өндірістік қатынастардың дамуын қамтамасыз ету, оларды толтыру көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің өзіндік құны немесе пайда.
Шығындар жиынтығы пайда көлемін анықтайды, олардың көбейуі 2 түрлі факторға байланысты болады: бағаның өсуі және өнімнің өзіндік құнының төмендеуі. Соңғысы тиімдірек болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны –синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық
жағын бірлікте
және өзарабайланыста сипаттайтын
жалпылама көрсеткіш болып
1) Өзіндік
құнда өндірістің қоғамдық
2) Өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру мүмкін болмайды.
3) Өзіндік құн
негізінде табыс, жеке
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар 2 түрлі негізгі белгілер бойынша жіктеледі:
-Шығындардың алғашқы элементтері бойынша.
-Пайда болу және
бағытталу сипаттамасы бойынша.
ІІ. Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары
Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері
Өнімнің өзіндік құнын өзгерту – бұл мақсат
емес. Оның мәнін білу - көптеген экономикалық
сұрақтарды дұрыс шешу үшін қажет, атап
айтқанда, өнімбірлігіне келетін шығындарды
төмендету резервтерін ашу үшін және өн