Тауар өткізуді жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 11:49, курсовая работа

Описание

Кустық жұмысының мақсаты. Берілген зерттеу жұмысының мақсаты – тауар өткізуді жоспарлау саясатын және оның даму беталысын қарастыра отырып зерттеу болып табылады. Бәсекелі нарықтық экономика өз ресурстарын жоғары деңгейлі тиімділікпен пайдалануға және бөлуге ықпал жасайды.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………3
І. Тауар және тауар өткізу саясатының теориялық негіздері
1.1 Тауардың мәні, түрлері, қызметтері………………………………………..5
1.2 Тауар айналымы және тұтыну құны………………………………………6
ІІ. Тауар өткізуді жоспарлау
2.1 Тауардың өткізілу қабілеттілігін жоспарлау…………..……………………9
2.2 Тауардың бәсекеге қабілеттілігін жоспарлау…………….……………….13
2.3 Рынок сыйымдылығы және тауар өткізу көлемін жоспарлау……………18
2.4 Тауарды өткізудегі жарнаманы жоспарлау…………………………….…20
2.5 Тауар өткізудің ақырғы жоспары………………………………………….21
2.6 Тауардың өткізілу қабілеттілігінің шекарасы…………………………….22
ІІІ. Тауарларды көтермелеп сату формалары және оларды қолдану шарттары……………………………………………………………………….24
Қорытынды………………………………….….………………………………27
Пайдаланылған әдебиеттер…………………...………………………………29

Работа состоит из  1 файл

Тауар откизуди жоспарлау.doc

— 214.00 Кб (Скачать документ)

Тауар өткізуді жоспарлау 
 

Жоспар 
 
 

Кіріспе……………………………………………………………………………3 

І. Тауар және тауар  өткізу саясатының теориялық  негіздері

1.1 Тауардың мәні, түрлері, қызметтері………………………………………..5

1.2  Тауар айналымы және тұтыну құны………………………………………6 

ІІ. Тауар өткізуді жоспарлау

2.1 Тауардың өткізілу  қабілеттілігін жоспарлау…………..……………………9

2.2  Тауардың  бәсекеге қабілеттілігін жоспарлау…………….……………….13

2.3  Рынок сыйымдылығы  және тауар өткізу көлемін  жоспарлау……………18

2.4 Тауарды өткізудегі  жарнаманы жоспарлау…………………………….…20

2.5 Тауар өткізудің  ақырғы жоспары………………………………………….21

2.6 Тауардың өткізілу  қабілеттілігінің шекарасы…………………………….22 

ІІІ.  Тауарларды көтермелеп сату формалары және оларды қолдану шарттары……………………………………………………………………….24 

Қорытынды………………………………….….………………………………27

Пайдаланылған әдебиеттер…………………...………………………………29 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    Курстық жұмыстың өзектілігі. Тұтыну биржасытауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:        1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады.       2. Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерімен байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығы бір-бірінен кем емес.         3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгінде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.  

    Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса құрал-жабдықтар өндірістік талғанды қанағаттандырады.

          Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан абстракты еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек падамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен,и тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзіндік өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірден-бір көзі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Таурлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек – физиологиялық мағынада адам күшін жұмсау.

      Кустық жұмысының мақсаты. Берілген зерттеу жұмысының мақсаты – тауар өткізуді жоспарлау саясатын және оның даму беталысын қарастыра отырып зерттеу болып табылады. Бәсекелі нарықтық экономика өз ресурстарын жоғары деңгейлі тиімділікпен пайдалануға және бөлуге ықпал жасайды.

    Маркетинг пен өткізу саласында жоспарлаудың ең шешуші пункт мынадай көрсеткіштерді анықтау болып саналады:

    - қысқа мерзімдік: өнімнің әр  түрін өткізу (көлемі және құны), географиялық бағыт бойынша өткізу (көлемі және құны), бәсекелестер бағасы, сауда қызметкерлеріне қойылатын мақсатты нұсқаулар, қор деңгейі;

    - орташа мерзімдік: өнім категориясы  бойынша өткізудің жалпы өткізу, бағалар, жалпы экономикалық жағдай, рынокқа тауар жеткізілуінің ерекшеліктері, жаңа өнімдерді енгізу;

    - ұзақ мерзімдік: өнім категориясы  бойынша өткізудің жалпы көлемі, рынок орындарына тауарды толтыру,  жаңа өнімдерді енгізу, рыноктағы  бұрынға өнімдерді әкету, маркетингті  зерттеудің маңызды ерекшеліктері, т.б.

       Курстық жұмыстың  міндеттері.

  • Тауар өткізудің мәнін, түрлерін зерттеу;
  • Тауар өткізу саясатын;
  • тауардың мәніне, атқаратын қызметтерін қарастыру;
  • тауар – ақша мәселелерін зерттеу;

    Курстық жұмысының құрылымын  негіздеу. Зерттеу курстық жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Тауар және тауар  өткізу саясатының теориялық  негіздері

1.1 Тауардың мәні, түрлері,  қызметтері 

    Тауар - экономикалық қуат пен өндірушілердің дәл индикаторы. Өндірушінің позициясын айқындайтын факторлардың пәрменділігі дамыған нарықтық механизмдер жағдайында тауарлардың бәсекелесуі үдерісінде тексеріледі. Ол белгілі бір тауардын бәсекелес тауар-дан нақты қоғамдьщ тұтынуға сәйкестігі дәрежесі бойынша да, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кететін шығыңдар бойынша да айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл үшін тауар белгілі бір бәсеке қабі-леттілігіне ие болу керек.

    Тауар:

    1) қоғамда айырбастау, сатып алу-сату  жолымен бөлінетін, құны бар  еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі;

    2) қажеттілікті қанағаттандыратын  және базарға жұрттың назарын  аудару, сатып алу, пайдалану не  тұтыну мақсатымен ұсынылатын  нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы  мен сатып алушы арасындағы нарықтық кдтынастар нысаны. Әрбір тауардың түұынушылық кұны, яғни адамның қандай да болсын кажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол тауарды жасау-шының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас бары-сындағы сыртқы көрінісі бо-лыптабылады. Барлық тауардың құны сапалық жағынан бір-текті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шыгынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның қүнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мұмкін. Тауар атқарымдық мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тар-тымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, т.б. ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.

    Тауарлардың мынадай түрлері бар:

    - Аукциондық  тауар, 

    - биржалық тауар, 

    - ақшалай тауар, 

    - тұтынушьшық тауар, 

    - қолда бар тауар, 

    - көпшілік колды тауар, 

    - арзанқол тауар, 

    - төменқол тауар, 

    - өтімді тауар, 

    - еркін айналыстағы тауар, 

    - стандартталған тауар,

    - импорттық тауар, 

    - экспорттық тауар 

    - стратегиялық тауар, 

    отандық тауар,

    шетелдік тауар, т.б. түрлерге бөлінеді.

    Тауардың  пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін;

    3) кеден құқығында — мемлекет  немесе кеден шекарасы арқылы  өткізілетін кез келген жылжымалы  мүлік, соның ішінде валюта, валюталық  құндылықтар, электр, жылу энергиясын беретін мүлік, энергияның басқа да түрлері, көлік құралдары (халықараралық жолаушы және жүк тасымалы үшін пайдаланылатын құралдарын, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлік жабдығын қоспағанда). Тауардың қозғалыс бағытына қарай экспорттық, импорттық немесе транзиттік болуы мүмкін. Кеден шекарасы арқылы өткі-зілу мақсатына қарай коммерциялық және бейкоммерцерциялық, контрабан-далық тауар болып бөлінеді. 
 

    1.2  Тауар айналымы және тұтыну құны 

    Тауар айналымы белгілі бір уақыт кезеңінде ақшалай түрде сатылған және сатып алынған тауар көлемі, яғни өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын өткізудің (сатудың) жиынтық қүнын бейнелейтін экономикалық көрсеткіш.

    Айналыс аясындағы тауар қозғалысы, тауардың өндірушіден түтынушыға ауысу үдерісі, яғни тауардың ақшаға айырбасталуымен жөне өндірістен тұтынуға етуімен байланысты үдеріс. Ол көтерме сауда және белшек сауда айналымы түрінде болуы мүмкін. Тауар айналымы транзиттік және қоймалық түрлеріне ажыратылады. Транзиттік тауар айналымында кетерме сауда фирмасы тауарды жеткізушіден (өндірушден) өз қоймасына апармай, тауар алушыға тікелей жөнелтіп, сатады. Қоймалық тауар айналымы нда кетерме сауда фирмасы тауарды өз қоймасына қабылдап, қоймалық өңдеуден өткізеді, кажет болған жағдайда тауарларды жиынтықгайды, со-нан соң белшек саудаға жөнелтеді немесе өңдірістік үдерістің кезекті сатысына жібереді.

    Тауар-ақша қатынастары — маркстік саяси экономияның нарықтық қатынастар деген ұғымды білдіретін термині. Мұнда оқшауланған тауар өндірушілер бір-бірімен қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы байланысқа түседі. Бұл қатынастар нарық, тауарларды сатып алу-сату, айырбастау арқылы көрініс табады.  Нарықтық қатынастардың тауар белгісі - бір заңды немесе жеке түлғаның тауар-ларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды не-месе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін таңба.

    Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген Тауар белгісіне куәлік беріледі. Тауар белгісі ретінде сөз, бейне, келем және басқа таңбалар немесе олар-дың күрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қыскэртылған немесе толық атауларын; ресми бақьшау таңбаларын, кепілдікті жөне сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да. айырым белгілерін білдіретін таңбалар тауар белгісі ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың тауар белгісіне қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін. Тауар белгісі заңмен корғалады және оны тауар үшін тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір белігіне қа-тысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге тауар белгісінің иесі (ли-цензиар) Тауар белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім бо-йынша басқа тұлғаға (лицен-зиатқа) беруі мүмкін. Тауар белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі деп те атайды) мен шығарылатын онімге смсс, шыгаруіпы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған тауар белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған ла-тынша К. әрпімен — ® таңбаланады. Тауар таңбасың иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айрықша құқығы болады. Тауар белгісі (сауда таң-балары) фирмалық тауарларға, орамаларға (тоғанақтарға), сызбаларға, анықтамалықтарға, шоттарға, бланкілерге, зат-белгілерге және тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен қоса жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады. Тауар белгісі зияткерлік белгілерге жатады және негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жагдайда айналым-нан тыс активтердің күрамында есептеледі.

    Тауардың  арналуы (жеке бастың пайдалануына немесе қайта сатуына арна-луы), ал статистика мақсаты үшін — есеп айырысу сипаты (қолма-қол есеп айырысу немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу) заң жүзінде бөлшек сауданың басты белгісі болі.ш табылады, тауар - нарықтағы басты нысан екендігі белгілі. Оның құны және тұтынушылық құны (немесе құндылыгы) бар, белгілі бір сапалық, техникалық деңгейі мен сенімділігі, тұтынушылар қалағандай пайдасы болады, өндірістегі және тұтынудағы тиімділігі көрсеткіштеріне, басқа да аса маңызды сипаттарға ие. Нақ сол тауардың өзінде экономикадағы нарықтық қатынастардың барлық ерекшеліктері мен қайшылықтары көрініс табады.

Информация о работе Тауар өткізуді жоспарлау