Тұтыну нарығының сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 19:43, курсовая работа

Описание

Біздің бәріміз тұтынушымыз. Біз күнделікті тұтынатын тауарларды сатып алып жатамыз, яғни сатып алу кезінде біздің саудаласуымызға, сатып алу жөніндегі шешімге келуімізге әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Осының барлығы қазіргі таңда маркетингте толығымен зерделеніп, қорытылады да белгілі бір тауарларды сатуға, оларды жылжытуға және де осы мәліметтерді алуан түрлі қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ маркетингтік зерттеудің барлығы бірдей табысқа жетелейді десек қателесер едік. Кейде жан-жақты зерттеулердің өзі де үлкен шығындарға соқтыратын кездері де болады.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................. 3
1. Тұтыну нарығының сипаттамасы..............................................................4

1.1 Тұтынушылардың сатып алушылық мінез-құлқының үлгісі................4
1.2 Сатып алушының мінез-құлқына әсер ететін факторлар.....................6

2. Қаржы қызметтерін тұтыну нарығы........................................................12
2.1 Қаржы нарығындағы тұтынушылардың сипаттамасы .......................12
2.2. Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау............14

3. «ҰларҮміт» ЖЗҚ мысалында қаржы нарығындағы тұтынушылардың
мінез-құлық тенденциясы.............................................................................16

Қорытынды................................................................................................23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................25

Работа состоит из  1 файл

маркетинг1.doc

— 389.00 Кб (Скачать документ)

Осы мәселедегі Агенттіктің маңызды стратегиясы барлық қолданыстағы қаржы құралдары жайында толық ақпарат беруге бағытталған. Соның ішінде, «Мен – инвестормын», «Отбасылық бюджетті басқару негіздері», «Алаңсыз қарттық», «Менің алғашқы капиталым», «Қарызға өмір сүру» сияқты ба­сылымдар жарияланды. Сондай-ақ, білім беру теледидарлық бағдарламалар циклін іске қосу және басылымдар серияларын тарату жобалануда.

«Тұтынушыларды қорғау» тақырыбына жазылған қаржы-лық сауаттылық жайындағы осы материалда біз қаржы қызметтерін пайдаланушы деген кім және оның мүдделерін қорғаудың тиімді жүйесін құрудың соншалықты маңыздылы-ғы неде, бұл қаржылық нарығы дамыған батыс елдерінде қалай екендігі жайында толығырақ әңгімелейміз. Сонымен бірге, Қазақстанда қаржы қызметтерін пайдаланушылардың құқықтарын іске асыру тетігі қандай: заңнама (келесі сектор­ларды құқықтық реттеу: банктер, сақтандыру компаниялары, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы жүйесі), мемлекеттік ке-пілдендіру (халық салымдарын сақтандыру, жинақтау зейне-тақы жүйесі, сақтандыру төлемдерін кепілдендіру) мен реттеу жүйелері (Ұлттық Банк, ҚҚА, АӨҚО), сот жүйесі арқылы жә-не т.б. Несие бюросы мен банктік сектор қалай жұмыс істейді – соның ішінде банк қызметтерінің мәні мен ерекшеліктері: банктік шоттар, аудару операциялары, төлем карталары, де­позиттер, несиелер, интернет-банкинг және т.б. Сондай-ақ, қаржы нарығында алаяқтық қызметтерінің түрлерін және алаяқтардың әрекеттерінен қорғау тәсілдерін қарастырамыз.

Осы ақпарат әрекет етуші және болашақ қаржы қыз-меттерінің тұтынушылары үшін пайдалы, ең алдымен, қаржы және инвестициялық өнімдер мен қызметтерді тиімді пай­далану, соның ішінде өзінің жинақтарын қауіпсіздендіру мақсатында алған білімдерін жемісті пайдалану үшін қажет [3; 4-7б.].

 

 

 

 

2.2 Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау

 

Қаржы қызметтерін пайдаланатын азаматтар мемлекеттің қорғауын қажет ететіндігі жайында айту қажет пе? Бірінші­ден, қаржы нарығы қоғамдық өмірдің басқа саласы секілді, тәртіп болу үшін билікпен реттелетіндігі табиғи нәрсе. Екін­шіден, көптеген адамдардың қаржы саласы бойынша білім­дері төмен, ал белгілі бір түсінігі барлар осы нарықта болып жатқан өзгерістер жайында біле бермейді. Ал, егер бүкіл халықтың қаржылық сауаттылығы болмаса, оның жетіспеу­шілігі нақты адам ғана емес, сондай-ақ бүкіл ел болып қиын жағдайға ұшырауы мүмкін.

Қаржы қызметтерінің тұтынушыларын тиімді қорғау халықтың қаржылық секторына сенімді болуы және осы нарыққа үміт артуы үшін, сонымен қатар қаржы қызметтерін пайдалану кезінде азаматтардың мүмкін тәуекелдерін ба­рынша төмендету үшін қажет. Сондай-ақ, тұтынушылардың қаржы процестеріне қатысуы қазіргі заман экономикасының сұраныстарына сәйкес қаржылық делдалдық көрсетуде жүйенің өтімділігін және оның мүмкіндігін арттырып, қаржы жүйесіне пайда әкеледі. Халықты қаржы нарығына тарту және барлық азаматтар үшін қаржы нарығының түрлі құралда-рына кеңінен қол жеткізу қаржылық тұтынушыларды қорғау бойынша кез келген бағдарламаның маңызды мақсаттары бо­лып табылады.

Қаржы нарықтарының тұтынушыларын жүйелік қорғау нарықтағы кейбір қаржы нарықтарының әділетсіз мінез-құлықтарынан, мысалы, бөлек компания клиенттердің сауатсыздығын жеке мақсаттарда пайдаланудан қорғауды қамтамасыз ете алады. Қаржы ұйымдарын қадағалау осындай этикалық емес қылықтарды жою үшін қажет.

Тұтынушыларды қорғаудың күшті режимі қаржы меке-мелерінің қызметтері туралы толық әрі таза ақпаратты алуға заңды құқық ұсынып, азаматтарға көмек көрсете алады, со­нымен қатар, егер қаржы мекемесі заңсыз және алаяқтық әрекеттерге қатысатын болса, тиісті шараларды қабылдау мүмкіндігін ұсынады.

Өнеркәсібі дамыған елдерде қаржы саласындағы реттеу органдары тұтынушылардың төлемдері, соның ішінде несие карталары және ұжымдық инвестициялық қор туралы ақпаратты дәл, әрі толық жария ету туралы ережені әзірледі. Мысалы, АҚШ-та жүргізілген зерттеу, чек бойынша қолма-қол ақша алу орталықтары сияқты, қаржы қызметтерінің баламалы жеткізушілерді пайдаланатын тұтынушылардың 58 % чектік немесе жинақтау шотына ие болған, бірақ оларды пайдалану­ды қажет етпейтін. Кірісі төмен осындай тұтынушылардың негізгі проблемасы банктік төлемдер туралы таза ақпаратты ұсынбайтын жүйеге сене алмайтындығы, сонымен қатар қаржы мәселелерінде олардың құрылу деңгейінің төмендігі. Олай болса, қаржылық сауаттылық және тұтынушылардың мүдделерін қорғау мәселесі, басқа елді айтпағанда, әлемдегі экономикасы дамыған елдерде де өзекті болып табылады.

Тұтынушыларды қорғау мәселесі жеке тұтынушылар арасында қатынастар мен өзара әрекеттеріне қатысты, яғни қатардағы азаматтарға және қаржы мекемелеріне де қатысты екендігін атап өту керек. Кез келген ұйымның қаржы қызмет-терін пайдаланатын заңды тұлға (фирма, банк, кәсіпорын), қорғауды қажет ететін қаржы қызметтерінің тұтынушылар санатына кірмейді. Өйткені, мысалы, инвесткомпания – бұл тәжірибесі жоқ жеке тұтынушымен салыстырғанда, өзінің мүддесін қорғай алатын жоғары білікті кәсіби клиент.

Тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін араласу қажеттілігі қаржы қызметтерінің нарығы жеке тұтынушыларды қорғай алмаған жағдайда туындайды. Академиялық әдебиетте жеке тұтынушылардың мүдделерін шектейтін нарықта алты әлеуетті қиындықтар бөліп көрсетілген:

1) Тұтынушыларға сай келмейтін ақпараттар. Ақпарат кейбір тұтынушылар үшін қымбат немесе оған қол жеткізу қиын болуы мүмкін.

2) Тұтынушылардың қаржы өнімдерінің сапасын бағалай алмауы. Күрделі қаржы өнімдеріне қатысты барлық ­тиісті ақпарат ашылғанымен, оны бағалау қиынға соғуы мүмкін.

3) Сапасыздық проблемасы. Тұтынушылар, қаржы мекемелері өз өнімдерін тұтынушылардан жақсы білетінін мой­ындайды. Кейбір тұтынушылар сапасыз өнімдерден қауіптеніп нарықтан шығуы мүмкін.

4) Шоттарды басқарудағы тәуекелге әр түрлі бейім-ділік. Инвесторлардың қорларын басқаратын қаржы мекемесі басым тәуекелді қабылдай алады, өйткені, инвестор төмендету тәуекеліне қатысады, ал қаржы мекемесі арттыру мүмкіндігін пайдаланады.

5) Мүдделердің даулары. Қаржы мекемесі инвестордың активтерін мекемеге пайда және инвесторға шығын әкелетін инвестицияларға орнықтыруға ықпал етеді.

6) Жеткізушілерді бақылау қажеттілігі. Егер қадағалау органдары белсенді болмаса, онда тұтынушылардың тобы жұртшылыққа ұсынылатын қаржы қызметтерінің сапасын бақылауы тиіс [6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. «ҰларҮміт» ЖЗҚ мысалында қаржы нарығындағы тұтынушылардың

мінез-құлық тенденциясы.

 

Қаржы саласындағы жағдай мың құбылып тұрған қазіргідей заманда жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының келешекке аманаттаған салымдарына   қандай кепілдік бере алады? «Жас кезімде бейнет бар, қартайғанда зейнет бер» деп күн кешіп жатқан халықтың жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қаражатын құнсыздандырмаудың жолы қандай? Бүгінгісі белгілі, ертеңі не болары еренғайып елдің де көкейіндегі сауал осы.
            Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы қорлары егемендікпен бірге туған жаңа қаржы институттарының қатарында. Соңғы 15 жылдың көлемінде талай ЖЗҚ құрылып, кейбірі бір біріне жұтылып кеткенін де білеміз. Әу бастан-ақ, халық санына орай Қазақстанға 5-6 жинақтаушы зейнетақы қоры да жеткілікті екендігін аз айтылмаған-ды. Ал қазіргі қаржылық дағдарыс солардың ішіндегі үздігі мен кәсіпқойларын өзі-ақ електен өткізіп жатыр. Дегенмен, зейнетақы қорларының салымшылары үшін ең өзекті мәселе – қор таңдауда қателеспеу. Қарапайым халық көріпкел де сәуегей де емес. Сондықтан да, зейнетақы қорлары үшін салымшы тартатын бір-ақ жол бар. Ол – ашықтық. Осы тұрғыдан алғанда «Ұлар Үміт» барлық ЖЗҚ-лар ішінде құралдар мен валюта бойынша ғана емес, эмитенттер бойынша да өзінің инвестициялық қоржынын түгел ашып, құнды қағаздарының санын, олардың бағасы мен рейтингін толық жариялап отырған бірден бір қор. 
Мұның бәрін біліп отыру – қаржылық сауаты шамалы, инвестициялық мәдениетті толық қалыптастырып үлгермеген біздің әрбір тұрғынымыз үшін маңызды. Өйткені, алпауыт мемлекеттердің азуын айға білеген банктерінің өзі күйреп, мемлекеттердің қолына көшіп жатқан жағдайда қаржы институттарының инвестициялық ахуалын жауып ұстаудың соңы неге апарып соқтыратынын да ел көрді. Сондықтан да салымшылар   өз жинақтарының орналастырылуы жөніндегі есепті өз бетінше емін-еркін талдауға, қабылданып жатқан инвестициялық шешімдердің сапасы мен тиімділігін дербес пайыммен бағалауға мүмкіндіктері болуы тиіс. 

Дәл қазіргі жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорларының ішінде үздігі «ҰларҮміт» болып тұр. Әзірге аталмыш қор салымшыларына әділетті жүйесін қолданып отырған Қазақстандағы жалғыз зейнетақы қоры. Өскелең көрсеткішпен келе жатқан бұл қадам – өз салымшысы пайда таппаса өзі де пайда таппайтынын  түсінетін қордың басты қағидаты. 
           Қазіргі таңда ең пайдалы және ыңғайлы қызмет түрлерін таңдауға «ҰларҮміт» қаржылық кеңесші ретінде тартылып отырғаны да біраз жәйтті аңғартса керек. Өзінің әріптес-компаниялары: «Астана-финанс», «СберБанк России»,  HSBC, ККБ, «ПростоКредит» ЖШС, «Мегалайн», «Қамқорлық» медициналық орталығымен бірігіп жасаған жаңа қызмет түрлері мен өнімдері де өтеусіз емес. Сондай-ақ, құрылғалы бері айтарлықтай тәжірибе жинақтап үлгерген қор еліміздің зейнетақы жүйесінің дамуына да белсенді араласып отыр. Қор мамандары ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық-сараптамалық орталықтың кеңесшілері болып табылады. 
Осы арада қор акционерлерінің ауысуы оның қаржылық тұрақтылығына кері әсер етпегенін айта кетелік. Ең бастысы тағы да қайталап айтатын жәйт, қазірге «ҰларҮміт» еліміздегі өзінің инвестициялық қоржынын баспасөз бетінде түгел жариялаған жалғыз жинақтаушы зейнетақы қоры. Инвестқоржындағы жағдайды тәуелсіз сарапшылар үнемі саралап, БАҚ-та ұдайы мәлімдеме жасап отыр. Нәтижесінде салымшылар өз ақшалары қайда салынып, қалай жұмыс істеп жатқанынан хабардар болып отыр. Дәл осындай ашық саясат еліміздегі басқа жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары үшін де аса өзекті. 

«ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры  жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес, зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметтерді көрсетеді. Қордың міндеті – біздің салымшылардың зейнеткерлікке шыққан уақытында, әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне сай келетіндей материалдық тәуелсіздіктеріне қолдарын жеткізу. Салымшыларға, оларға заңмен талап етілген қанағаттанарлық қызметтерді ұсыну Қордың сапа саласындағы негізгі саясаты болып табылады. Қор  өз жұмысымызда мүдделі барлық тараптармен – салымшылармен, өз қызметкерлерімізбен, акционерлермен, қадағалаушы және бақылаушы ұйымдардың өкілдерімен, жалпы алғанда қоғаммен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа алады.

«ҰларҮміт» қоры мемлектеттік лицензиямен жұмыс істейді. Қор зейнетақы жарналарын тарту және төлеуді жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетеді және зейнетақы жинақтау қорларының үздік үштігіне кіріп.
           «ҰларҮміт» қоры ірі институционалдық инвестор болып табылады. Қордың зейнетақы активтерінің үштен екі бөлігі «А» тізіміндегі корпоративтік эмитенттердің құнды қағаздар шығаратын акциялары мен облигацияларына, ипотекалық облигацияларға, Қазақстан даму банкі облигацияларына, екінші деңгейдегі банктер депозитіне салынған. Бұл - республикамыздың экономикалық секторының дамуына қосылған елеулі үлес екені даусыз.

«ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-ның көздеген мақсаты – қазақстандықтар болашағының ауқатты деңгейін қамтамасыз ету, зейнеткерлікке шыққан республика халқының өмір сүру деңгейін олардың зейнетақы жинақтарын сақтау және көбейту есебінен арттыру, ұлттық экономика дамуына белсенді қатысу, зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламасын табысты жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстанның зейнетақы нарығындағы ірі жүйеқұрушы зейнетақы қорларының бірі - «ҰларҮміт» - 2009 жылдан 2011 жылға дейін орасан қаржылық нәтижелерге жетті. 2009 жылы бойынша көрсеткіштер:

зейнетақы активтері - 235 млрд. 501 млн. теңгеден астам,

салымшылар саны – 1 011 151 адам,

жылдың басынан таза инвестициялық кіріс – 42 млрд. 983 млн. теңгеден астам,

жарғылық капиталы – 4 млрд. 840 млн. теңге,

меншікті капиталы – 7 млрд. 477 млн. 201 мың теңге.

              2010 жылы «ҰларҮміт» ЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 317 млрд. 449 млн. теңге болды, қызметінің басынан есептелген инвестициялық кірісі 91,6 млрд. теңгеден, салымшылар саны – 1 млн. 120 мың адамнан асты.

2011 жылғы қорытындысы бойынша:

зейнетақы активтері – 408 миллиард 520 миллион теңге,
салымшылардың саны – 1 миллион 647 мың адам,
қызметінің басынан бері есептелген инвестициялық кіріс – 88 миллиард 550 миллион теңгеден астам,
зейнетақы активтері бойынша нарықтағы үлесі – 16,2 %,
қызметінің барлық кезеңінде алушыларға жасалған төлемдер – 37 миллиард 485 миллион теңгеден астам,
жарғылық капитал – 10 миллиард 654 миллион теңге.

 

Сурет 2. Зейнетақы активтерінің өсу динамикасы

Ескерту  – http://www.ularumit.kz/ сайтынан алынған мәліметтері бойынша автормен құрастырылған

 

Жоғарыда көрсетілгендей «ҰларҮміт» ЖЗҚ зейнетақы активтері 3 жылдың ішінде 1,7 есе өскен болатын, яғни 2009-2010жж. арасында активтер салымы 81 948 млн. тг. өссе, 2011 жылдың қорытындысы бойынша бұл сома 91 млн.тг.-ге өсті.

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Салымшылар санының өсу динамикасы

Ескерту  – http://www.ularumit.kz/ сайтынан алынған мәліметтері бойынша автормен құрастырылған

 

Диаграммада көрсетілгендей 2009-2010 жж. арасында «ҰларҮміт» ЖЗҚ салымшылар саны 10%-ға өскен болатын, ал 2010-2011жж. арасында клиенттер саны 40%-ға көбейді.  Соңғы жылдары салмшылар санының өсу тенденциясы байқалуда. Бүгінде қазақстандық салымшылар, яғни болашақ зейнеткерлер  еліміздегі зейнетақы жинақтаушы қорларына үлкен сенім артуда. Сонымен қатар, қаржы нарығы тұтынушыларының саналы түрде өзінің болашағын ойлап, зейнетақы қорларына ақша қаражаттарын салғаны халықтың қаржы саласындағы білім деңгейінің өсуін куәландырады.

Информация о работе Тұтыну нарығының сипаттамасы