Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 14:43, курсовая работа
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Экономикалық реформалар жүріп жатыр. Бірақ экономикамыздың құрамы әрі тиімді, әрі оңтайлы деңгейге әлі де жеткен жоқ. Жұмыссыздық – белгілі бір кезеңде өзінің орын алады. Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі болуы мүмкін.
Кіріспе...................................................................................................................3
І. Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері.
1.1. Жұмыссызыздық түсінігі және түрлері......................................................4
1.2. Жұмыссыздықтыңтопқа бөліп қарастыру және циклдық, құрылымдық жұмыссыздық....................................................................................................7
1.3 Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету..........................9
ІІ. Жұмыссыздық және инфляция.
2.1 Филлипстің қисық сызығы........................................................................12
2.2 Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы..............................................14
ІІІ. Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары.
3.1. Жұмыссыздықпен күрес..........................................................................16
3.2. Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресетін кейбір аспектілері......................................................................................................17
Қорытынды....................................................................................................19
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................20
2.2 Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы.
Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен байланысты, оған экономикалық энергетикалық жағдайда еңбекшілер жалақыларын көбейтуін талап етеді. Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғарғы бағаға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап айтсақ, Ресей экономикасында(қаңтар-көкек 1991ж) инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтап, алдын – ала өз өнімдерінің бағасын жоғарыла- тады. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Экономикалық өсудің қарқыны пайызбен өлшенетін белгілі бір мерзімді міндетті, нақты жиынтық ұлттық өнімнің өсуі.
Инфляция өсу қарқыны пайызбен өлшенетін белгілі-бір мерзімді баға деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай түсіндіруге болады, өндірістер тоқтайды сол себептен баға өседі, жұмыссыздар саны көбейеді.
Нарықтық жағдайда да міндетті түрде жұмыссыздық туады. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмысы жоқ, ізденісте жүрген жұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының бәрін осы нарық заманыңда жұмыспен ету мүмкін емес.
Жалақы туралы келіссөз, шын мәнінде, жұмыс алушылар мен жұмыс беру- шілер арасындағы талас: жұмыс алушылар жалақыны көтеруге, ал жұмыс берушілер әрбір өнімнің жалақы сыйымдылығына және өнім өтімділігіне қарай бағаны өсіруге ұмтылады. Осы екі талап инфляция қарқынына негативті әсер етпеу үшін, екі жақтың бөлу мәселесін шешуде тепе-теңдік құратын механизм керек. Еңбек нарығындағы жұмыспен қамту жағдайы осы мәселенің дұрыс шешілуіне көмектесуі мүмкін, егер де жұмыс берушілер мен фирма талаптарын бір-біріне сәйкес келтіруге мүмкіншіліктер болса. Мысалы, экономика өсуінің қарқыны төмендегенде (рецессия кезінде) жалақы туралы кәсіподақ талаптары да төмендейді. Фирма да еңбек нарығындағы осы жағдаймен санасып, өнімді сату нарығындағы өзін осыған сәйкес ұстайды.
Осыны ескеріп, екі жақ талабын үйлестіргенде, инфляция қарқынын өзгертпей қалдыратын белгілі бір жұмыссыздық деңгейі бар екенін болжауға болады. Бұл тепе-теңдік жұмыссыздық не тұрақты инфляция жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі болып келеді. Оны NAIRU(Non - Accelerating Inflation Rate of Unemployment ) - инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздық деп атайды; жұмыссыздықтың бұл деңгейінде бөлу туралы екі жақ арасындағы талаптар тепе-теңдікке жетеді.
Егер екеуінің біреуі, не екеуі де өз бетімен әлеуметтік өнімге қоятын талабын жоғарылатса, онда тепе- теңдік жұмыссыздығын өсіруге әкеледі. Ал егер бұл жағдайда инфляция қарқынын тұрақты қалдырамыз десе, онда бөлу үшін күрес жоғары жұмыссыздыққа әкеледі. Мысалы, кәсіподақ жұмысшылар үшін жоғары жалақы талап етеді; ал инфляция қарқынын тұрақты деңгейде сақтап қалу үшін кәсіпкер өз үлесінен айырылуы керек. Өмірде мұндай жағдайды кездестіру мүмкін емес, сондықтан жұмыс берушілер жауап ретінде жұмыс күшіне деген сұранысты азайтады.
Жалақы деңгейіне көп фактор әсер етеді. Осыдан жалақы емес, оған қоятын талап детерминаттары жұмыссыздық себебі ретінде қаралу керек. Мысалы, кәсіп- одақтың ереуілге дайындық өжеттілігі; 1974 және 1979 жылдары Батыс елдерінде шикізаттарға деген күрт баға өсуі нәтижесінде өнімділік өсімі баяулады, ал бұл оқиға NAIRU көтерілуіне әсер етті. Инфляцияның тұрақты өсуін сақтап қалу үшін, жалақыны төмендету керек болды, өйткені шығарылған өнім бір бөлігі ел ішінде бөлінбей, шикізатты шығаратын шетелдерге бағытталды; жалақы ел ішінде қалыптасатынына байланысты инфляция қарқынын, тек жоғары жұмыс- сыздық арқылы, тұрақты жасауға болды.Жұмыссыздық себептерн талдауда келісім, тиімді жалақы, инсайдер теорияларының маңызы зор. Мысалы, жұмыстан босаудың белгілі ықтималдығын алдын-ала ескеріп, жалақыны тұрақты өсірсе – бұл ұтымды іс болар еді. Мүмкін осы себеппен адамдар кейде жалақысы жоғары жұмыс орнын іздегеннен гөрі, қысқа мерзімді жұмыссыздықты артық көреді. Дегенмен, барлығы бір жұмыссыздық себебін табу қиын. Тиімді жалақы теориясы, ұзаққа созылған жұмыссыздық қызметкердің ұтымды шешімімен қалайша келісетінін, көрсетеді. Бірақ осыдан жұмыссыздық қызметкерлерді тәртіпке келтіреді деген қорытынды жасауға болмайды, өйткені қысымды әлсіздіретін басқа құралдар бар екенін ұмытпау керек.
ІІІ-тарау. Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары.
3.1. Жұмыссыздықпен күрес.
Жұмыссыздық масштабын азайту ретінде жұмыссыздық ретінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделінеді. Өйткені жұмыссыз- дықты мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсатты қойып керегі де жоқ. Фрикциондық пен құрылымдық жұмыссыздықтар түрлері экономикаға табиғи тән элементтер болып танылады, сондықтан олардың деңгейлерінің қосындысы жұмыссыздықтың табиғи деігейіне тең болады. Осы деңгейге жеткенде еңбек нарығы тепе- теңдік жағдайда болады. Бірақ еңбек нарығының бұл жағдайында кәсіптік- біліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен сұраныс бірдей болуы мүмкін. Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз байланысты. Американдық экономист А.Оукеннің есептеуі бойынша, егер ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) 2,7%-ке өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді; ал ҰІӨ қосымша тағы 2 %-ке өсуі жұмыссыздық деңгейін бір пайызға азайтады және ,керісінше,ҰІӨ-нің қосымша қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді.
Қазір көптеген мекемелер әлдеқашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының қажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, қазір олар әртүрлі салға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:
1. кадр дефициті
2. жұмыссыздық.
Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет.
1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.
2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жөмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.
3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын, өйткені ол кедей елдерден имигранттар келуін көбейтпесе, ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол қоғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
1. Білім беру
2. жұмыс табуға көмек т.б.
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн.
3.2. Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресетін кейбір аспектілері.
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан қисылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын.
Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін халықаралық тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын, қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет.
Жұмыссыздықтан қоғау жүйесінің негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі бөлек жүйеден тұрады:
· Бірінші бөлек жүйе өзінің үшкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады.
· Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады.
Жұмыссыздық бойынша қоғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады. Рыноктік экономикасы бар елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара бағынышсыз екі себепке байланысты:
· Өндірістің рыноктік тәсілі үшін жұмыссыздық болмай қалмайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс және барлық жалдамалы жұмыскерлер жұмыссыз қалу қатеріне ұшырайды. Оның бола қалуы нақтылы жұмыскерге немесе кәсіпорынға байланысты емес. Көптеген жағдайда ол сыртқы әлемдік-экономикалық факторларға бағынышты.
· Мемлекеттік органдардың өз азаматтарына «еңбекке құқығын » қамтамасыз етуге конституциялық міндеті болып саналады.
Халықты жұмыспен қамту айрықша міндет. Жұмыссыздық неге көп? Неліктен осылай болып отыр? – дегенде, кейбір саяси мәселелердің толық шешілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етілуінің экономикалық тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне біздің сеніміміз мол. Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Бұрын жұмыспен қамту мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі нашар. Көбінесе, кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды «биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырды» деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады. Шағын несие беру, импорттың орнын басу сияқты мәселелер де бар.Ол мәселелер кедейшілікпен күрес бағдарламасында өз орнын тапты. Бұл бағдарламада, қазіргі кезде тек дүниежүзілік банктің, халықаралық валюта қорының ұсыныстарына ғана сүйенуге болмайды.
Қазіргі кезде басты мәселе не? Ол – жмыс орнының жетіспеушілігі. Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.
Еңбек рыногі саясатының балсенді шараларының басымдығы бар деп танылғанымен, барлық қаржылық міндет жергілікті бюджеттерге жүктеледі. Олар көп жағдайда белсенді шараларды атқару үшін қажетті қаражатты таба алмайды. Аудандық деңгейде жұмыспен қамту қызметінің ұйымдық құрамы мен қаржыландыру туралы мәселе әлі күнге дейін толық шешілген жоқ. Қазіргі кездегі негізгі міндет осы шаралардың нәтижесі мен тәжірибесін бағалауда болуға тиіс. Осы талдау негізінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін кеңестер мен ұсыныстар жасалуға тиіс, ол атап кеткен салық саясаты, ақша саясаты, инвестиция саясаты сияқты мәселелер жұмыспен қамту саясатының маңызды құралдары болып саналады. Осы құралдар арқылықазақстандықтар мұқтаж болып отырған жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп жасай алады.
Қорытынды.
Cонымен қорытындылай айтар болсақ, жұмыссыздық мәселесі қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Американдық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып табылады.
Экономиканың қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға байланысты болады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтыңнегізгі нысандары – жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады
Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.
Қазіргі кезде біздің елде қаржы саясаты тұрақтанды деп айтуға болады. Ұлттық Банк бағдарды инфляция бойынша ғана белгіленген болады.
Сонымен қатар Қазақстан әлеуметтік- саяси жағдайлар есебімен экономиканы тұрақтандыруд және ақша айналымында инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: