Айналымнан тыс активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Июня 2011 в 20:21, курсовая работа

Описание

Баланстың «Материалдық емес активтер» бабын қалдық құнымен толтыру үшін 101–“Лицензиялық келісімдер“, 102–“Бағдарламалық қамтамасыз ету”, 103–“Патенттер“, 104-“Ұйымдастыру шығындары“, 105–“Гудвилл“, 106–“Басқалар“ және 112–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–бағдарламалық қамтамасыз ету“, 115–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–гудвилл“, 116–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–басқалар“ деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет .

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................... 3


І. Айналымнан тыс активтер

1.1. Материалдық емес активтер есебі ........................................................... 5

1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі .................... 17


ІІ. Негізгі құралдар

2.1. Негізгі құралдар есебі ............................................................................... 18

2.2. Негізгі құралдардың тозуының есебі ...................................................... 25

2.3. Инвестициялар есебі ................................................................................. 28


Қорытынды ........................................................................................................ 38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 40

Работа состоит из  1 файл

Айналымнан тыс активтер.doc

— 246.50 Кб (Скачать документ)
 

ЖОСПАР: 

Кіріспе ............................................................................................................... 3 

І. Айналымнан тыс  активтер

1.1. Материалдық  емес активтер есебі ...........................................................  5

1.2. Материалдық  емес активтердің амортизациясының есебі .................... 17 

ІІ. Негізгі құралдар

2.1. Негізгі құралдар  есебі ............................................................................... 18

2.2. Негізгі құралдардың  тозуының есебі ...................................................... 25

2.3. Инвестициялар  есебі ................................................................................. 28 

Қорытынды ........................................................................................................ 38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 40 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

      Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Айналымнан  тыс активтер” болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 18.09.2002 ж. №438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шотының І-бөлімі «Айналымнан тыс активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста «Айналымнан тыс активтер» бөліміне жататын келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер» және «Материалдық емес активтердің амортизациясы», екінші бөлімінде «Негізгі құралдар», «Негізгі құралдардың тозуы» және «Инвестициялар».

      «Материалдық  емес активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорыын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.

          Ұтымды пайдалану  мерзімін анықтау мүмкін болмайтын  материалдық емес активтер бойынша  тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.

      Баланстың «Материалдық емес активтер» бабын қалдық құнымен толтыру үшін 101–“Лицензиялық келісімдер“, 102–“Бағдарламалық қамтамасыз ету”, 103–“Патенттер“, 104-“Ұйымдастыру шығындары“, 105–“Гудвилл“, 106–“Басқалар“ және 112–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–бағдарламалық қамтамасыз ету“, 115–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–гудвилл“, 116–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–басқалар“ деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет .

        “Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетілед. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорыннң меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке–жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіруқұнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады).  

       Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі.Сонымен, баланстық “Негізгі құралдар“-ды толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет:

121–“Жер”, 112-“Үйлер мен ғимараттар”, 123–“Машиналар  мен жабдықтар, беріліс құрылғылар”, 124–“Көлік құралдары”, 125–“Басқалар“, 126–“Аяқталмаған құрылыс”, 131-“Үйлер  мен ғимараттардың тозуы”, 132–“Машиналар  мен жабдықтардың, беріліс құрылғылардың тозуы“, 133–“Көлік құралдарының тозуы“, 134–“Басқалардың тозуы“.

      Ұзақ  мерзімді инвестициялар бөлімі бойынша баланста кәсіпорының ұзақ мерзімді инвестициялары, басқа кәсіпорындардың активтеріне (бағалы қағаздар–акцилар, облигациялар) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына салымдар, сондай–ақ кәсіпорнның басқа кәсіпорындарға берген қарыздары көрініс табады. Баланстың “ұзақ мерзімді инвестициялар” деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараттары қолданылады: 141–“Еншілес серіктестіктерге инвестициялар”, 142 – “Тәуелді серіктестіктерге инвестициялар”, 143 – “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар”, 144 – “Басқалар“. 
 

І. Айналымнан тыс активтер

1.1. Материалдық емес активтердің есебі

         38 «Материалдық емес активтер»   ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық  стандарттарына) және 28 «Материалдық  емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік  есеп стандарттары) сәйкес материалды  емес активтер әкімшілік  мақсатта  және басқа субъектілергі жалға беруде, өндірісте және тауарларды өткізуе ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

       а) анықтауға болады;

       ә) субъект бақылайды;

       б) қолданудан субъект болашақта пайда алуды күтеді.

       Материалдық емес бап материалдық  емес актив болып саналады, егер:

       а) материалдық актив анықтамаларына  сәйкес келсе;

       ә) белгі - өлшемдерге сай келеді  және мынадай жағдайда есепте  тіркеледі:

          –  субъектінің осы активке  тікелей байланысты күтілетін  экономикалық пайда алу ықтималдығы  жоғары болса;

    • актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;
    • материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.

         Материалдық емес  активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға  (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

Материалдық емес активтер есебі келесілерді  қарастырады:

а) Материалдық емес активтерді жіктеу

       Ұйымның материалдық емес активтерін қабылдау – тапсыруды құжатпен рәсімдеу үшін материалдық  емес актив түрінің толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасығ оның құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.

        Материалдық емес актив объектілерін  қабылдауды рәсімдегенде акт  материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне  бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің бірнеше  біртектес объектілерін қабылдауды рәсімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт рәсімделгеннен кейін  материалдық  емес актив объектісін немесе  оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе  осы объектіге қатысты ұйымның сондай және  тағы басқа мүліктік құқықтарын  растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған  бас бухгалтер қол қояды және ұйым  басшысы немесе  соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа  ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.

        Ұйым  пайдалануына түскен материалдық  емес активтердің барлық түрлерінің  есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив обьектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен және нормативті актілермен  реттеледі.

         Бухгалтерияда әрбір объектіге  карточка жүргізіледі. Форма кіріске  алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру және басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады. 8 графада бастапқы құжат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелген мөлшер (норма) бойынша ай сайын есептелетін амортизация сомасы көрсетіледі. «Материалдық емес актив объектілерінің  қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив объектінің көрсеткіштері жазылады,ұйымда бар осы объектіге арналған техникалық құжаттама мәліметтерін көшіруге болмайды. 
 
 

                                                                                                        Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің      

                                                                                              2004 ж. 19 наурыздағы №128 бұйрығымен бекітілген

                                                                                                                  Типтік форма №НМА-1

Кодтар
 
 
 
 
 

                                                                       ОКУД бойынша  формасы

                                                                                        ОКПО бойынша

Ұйым  ____________________                  СТТН 

Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру

 АКТІСІ  №______

Жасалған  ай-күні,

жылы

Операция түрінің  коды  
Дебет
 
Кредит
    шот субшот шот субшот
           
 

Материалдық емес активтер түрі _________________________________________________

Қысқаша сипаттама ____________________________________________________________

Беретін жақ ___________________________________________________________________

Алатын  жақ ___________________________________________________________________ 

Алынған

Ай-күн, жылы

Материалдық емес активтерді бағалау тәсілдері Материалдық емес активтердің бастапқы құны Пайдалы қызмет ету мерзімі

___20__ж.

дейін__20__ж.

Амортизация нормасы, % Амортизация сомасы, теңге
1 2 3 4 5 6
           
           

Беруге  негіздеме:

Бұйрық (өкім) негізінде «_______»______________________________20_____ж. №_____

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Материалдық емес активтерді ___________     ___________    ___________________ 

қабылдадым:       қызметі                 қолы                  қойылған қолды анықтау

               МП 

                                  Өткізді:      __________     ____________    ___________________

          қызметі                  қолы                  қойылған қолды анықтау

Бас бухгалтер                                                       ____________    ___________________

      қолы                 қойылған қолды анықтау 

                                                    «________»_________________ 20_____ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Айналымнан тыс активтер