Айналымнан тыс активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Июня 2011 в 20:21, курсовая работа

Описание

Баланстың «Материалдық емес активтер» бабын қалдық құнымен толтыру үшін 101–“Лицензиялық келісімдер“, 102–“Бағдарламалық қамтамасыз ету”, 103–“Патенттер“, 104-“Ұйымдастыру шығындары“, 105–“Гудвилл“, 106–“Басқалар“ және 112–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–бағдарламалық қамтамасыз ету“, 115–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–гудвилл“, 116–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–басқалар“ деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет .

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................... 3


І. Айналымнан тыс активтер

1.1. Материалдық емес активтер есебі ........................................................... 5

1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі .................... 17


ІІ. Негізгі құралдар

2.1. Негізгі құралдар есебі ............................................................................... 18

2.2. Негізгі құралдардың тозуының есебі ...................................................... 25

2.3. Инвестициялар есебі ................................................................................. 28


Қорытынды ........................................................................................................ 38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 40

Работа состоит из  1 файл

Айналымнан тыс активтер.doc

— 246.50 Кб (Скачать документ)
    1. Қолма-қол табыс бойынша – табыстық, табыссыз.
    2. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:
    • борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;
    • иелі үлестік (владельческие долевые) – нарықты субъектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;
    • жеке жобалар (кенішті игеру – разработка месторождения).
    1. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша – мүліктік, міндеттік.
    2. Халықаралық және отандық стнадарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:

        а) қаржылық (БЕС (СБУ) 8 «Қаржылық  инвестиция есесбі» және оған  әдәстемелік ұсыныс); 

        ә) еншілес, тәуелді және бірігіп  бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі  инвестицялар (БЕС 13 «Шоғырландырмалы (консолидированная) қаржылық есеп  және еншілес серіктестегі инвестиция есебі» және әдістемелік ұысыныс; БЕС 14 «Тәуекелді шаруашылық серіктестіктегі инвсетиция есебі» және оған  әдістемелік ұсыныс; БЕС 15 «Біріккен қызметтегі қатысу үлесінің қаржылық есепте көрініс табуы» және оған әдістемелік ұсыныс).

      Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:

  • тікелей – басқа субъектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;
  • портфельдік – субъект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;
  • венчурлік (тәуекелшіл) – жаңадан пайда болған субъектілердегі

(мұнай  және газ компаниялары, ғылыми-техникалық  жобалар) тәуекелді және тез  өтелімді инвестициялық салым  ақшалар).

Еншілес, тәуелді және бірігіп  бақыланатын заңды  тұлғадағы инвестиция есебі

        Шаруашылық  жүргізуші субъект акцияға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды тудыра алады.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (ҚР АК) 94 - бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаны қалыптастырған жарғылық капиталдың бір бөлігіне иелік етуші заңды тұлға еншілес болып табылады немесе жасалған келісімшартқа сәйкес негізгі  серіктестік  қабылданған шешімді анықтай алады. Негізгі серіктестік еншілес серіктестікке толық (100%) немесе толғырақ (90%) бақылау жүргізе алады.

        Бақылау – бұл оның қызметінен  пайда алу мақсатында серіктестіктің  қаржылық және басқа саясатын  анықтау құқы.

       Егер  басқа негізгі серіктестік оның дауыс беретін акциясының 20% көбірек иемденсе, онда акционерлік қоғам тәуелді деп есептеледі (ҚР АК 95-бабы), яғни инвестицияланған субъектінің оның бақылауынсыз қаржылық және басқа саясаты бойынша шешім қабылдау  құқығына ие болады.

       Еншілес, тәуелді, бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция мына екі әдістің біреуімен ескерілуі мүмкін:

       а) үлестік қатысу әдісімен  – инвестция сатып алу сәтінде  табыс (залал) ретінде танылатын  кірістер мен шығыстар  туралы  есеп берудегі тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активтер өзгерісіндегі инвестордың мойындаған үлесі бойынша олардың құнын одан әрі арттыратын (кемітетін) сату құны бойынша көрініс табады;

       ә) құндық әдіспен – инвестиция  сатып алу сәтінде сату құны  бойынша  көрініс табатын есеп әдісі. Инвестициядан түсетін табыс инвестордың кіріс және шығыс туралы есебінде сатып алған күннен кейін пайда болған шаруашылықты серіктестікте жиналған таза табыстың жалпы сомасына тиесілі дивидендтер көлемінде танылады.

       Үлестік қатысу әдісі мынадай белгілермен сипатталады:

  • шаруашылықты серіктестікке қатысты таза табысты қатысу үлесі

    инвестордың инвестиция құнының баланстық өсуінен  көрінеді және қатысу үлесінен түскен табыстан білінеді;

  • шаруашылықты серіктестікке қатысты залалдағы қатысу үлесі инвестиция  құнының баланстық кемуімен көрінеді және қатысу үлесіндегі залалдан білінеді;
  • тиесілі дивидендтер сомасы инвестордың инвестиция құнының баланстық кемуімен көрінеді.

         Мысалы. Инвестор «» АҚ 70 000 теңге құнынағы «ААА» АҚ қатысты 35% акциясын иеленеді.

    а) инвестицияның сату құнына:

 Шот  дебеті (Дебет счета) 142 «Тәуелді  серіктестіктегі инвестициялар»

         Шот кредиті 441 «Ағымдық шоттағы  ақша»                                            70 000 теңге

         Жыл қорытындысы бойынша:

  • тәуелді серіктестіктің таза табысы – 30 000 теңге болды.
  • жарияланған дивидендтер – 15 000 теңге (төлем көздеріндегі салықты ұстағаннан кейін)

    ә) таза табыс үлесіне:

Шот дебеті 142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар»

          Шот кредиті 871 «Басқадай ұйымдардағы қатысу үлесінен табыс (залал)»

          30 000 теңге × 35% = 10 500 теңге

          б) дивидендтер үлесіне:

Шот дебеті 332 «Есептелген сыйақы»

          Шот кредиті 142 «Тәуелді серіктестіктегі  инвестициялар»

          15 000 теңге × 35%=5 250 теңге

          Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік қызметінің нәтижесі залал келтірсе, онда инвестор бұл серіктестіктегі өзінің қатысу үлесін мойындайды, осының салдарынан инвсетицияның баланстық құны кемиді.

       Мысалы. Тәуелді шаруашылықты серіктестік 50 000 теңге залалға ұшырады. Тлемге кеткен дивиденд (артықшылықты акция бойынша) 25 000 теңге:

  • залалдағы қатысу үлесіне:

871 «Басқа  ұйымдардағы қатысу үлесінен  табыс (залал)» шот дебеті

       142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар» шот кредиті

       50 000 теңге × 35%=17 500 теңге.

  • дивидендтер үлесіне:

332 «Есептелген  сыйақы» шот дебеті

       142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар»  шот кредиті

       25 000 теңге × 35%= 8 750 теңге

       Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік  активтерді қайта бағалауды жүргізсе, онда инвестор бұл өзгерістерді өзінің үлесін көрестуі керек.

       Мысалы. тәуелді шаруашылықты серіктестік  негізгі құрал-жабдықты 10 000 теңге сомасына бағалады. Таза табыс 20 000 теңге, дивидендтер – 8 000 теңгені құрады:

  • активтерді бағалау үлесіне:

142 «Туелді  серіктестіктегі инвестициялар  есебі» шот дебеті

       542 «Инвестицияны қайта бағалаудан  қосымша төленбеген капитал»  шот кредиті

       10 000 теңге × 35%= 3 500 теңге;

  • табыс үлесіне:

142 «Тәуелді  серіктестіктегі инвестициялар есебі» шот дебеті

       871 «Басқа ұйымдардағы қатысу  үлесінен табсы (залал)» шот  кредиті

       20 000 × 35%= 7 000 теңге;

  • дивидендтер үлесіне:

332 «Есептелген  сыйақы» шот дебеті

       142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар  есебі» шот кредиті

        8 000 теңге × 35%= 2 800 теңге.

        Бұрынғы сома жойылған кезде  қайта бағаланған инвестиция сомасы бөлінбеген табыс деп танылады:

542 «Инвестицияны  қайта бағалаудан қосымша төленбеген  капитал» шот дебеті

        561 «Есептік жылдың бөлінбеген табысы (орны толмаған залал)» шот кредиті –    3 500 теңге.

        Инвестицияның қайтуы мынадан  көрінеді:

441 «Ағымдық  шоттағы ақша» шот дебеті

        142 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар»  шот кредиті     56 700 теңге.

        Құндық әдісті қолдану барысында  – сатып алу сәтіндегі инвестициядан  түсетін табыс сатып алу құны  бойынша білінеді. Инвсетициядан түсетін табыс тиесілі дивидендтер көлемінде  танылады, бірақ инвестицияны сатып алу сәтіне дейінгі кезең үшін алынған дивидендтер қайтарылған капитал ретінде қарастырылады және инвестицияның баланстық құнының кемуінен көрінеді.

        Бұл әдіс қаржылық есеп жасау барысында,  мынадай жағдайда инвесторға қолданылады:

  • тәуелді шаруашылықты серіктестік ұзақ мерзімді шектеу жағдайында

әрекет  еткенде (оның дивидендтік саясатына  араласа алатын үкіметтің қадағалауында  болады; олардың қызметі шетелге  таза табысты аударуға тыйым салынатын елде, шетелде іс жүзіне асырылады; тәуелді шаруашылықты серіктестіктің қызметін  шектеуге әкелуі мүмкін саяси ахуалдың өзгеруі);

  • инвестициялар жақын күндері іске асырылу үшін сатып алынатын болса.

    Мысалы, 1 мамырда тәуелді шаруашылық серіктестігінің 35% акциясы 500 000 теңгеге сатып алынды:

  • Сатып алу сәті

142 «Тәуелді  серіктестіктегі инвестициялар»  шот дебеті

        441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот  кредиті                          500 000 теңге.

        Жылдың соңында жарияланған дивидендтер 40 000 теңге;

  • 8 айға арналған тиесілі диивдендтер сомасына:

332 «Есептелген  сыйақы» шот дебеті

       724 «Акция бойынша дивидендтер  және процент түріндегі табыстар»  шот кредиті

       40 000 теңге × 35%= 14 000 теңге;

  • 1.01.1-ден 1.05.01-ге дейінгі  кезең үшін дивидендтер (инвестицияны

сатып алу сәтіне дейін) инвестицияның  баланстық құнының кемуінен көрінеді

Шот дебеті 332 «Есептелген сыйақы»

        Шот кредиті 142 «Тәуелді серіктестіктегі  инвестициялар»

        40 000 теңге – 14 000 теңге = 26 000 теңге.

Қаржылық  инвестиция есебі

        Қаржылық инвестиция – бұл  субъект табсы лау, инвестициялық  капитал өсімін немесе басқадай  пайда алу мақсатында иемденетін  акивтер. Қаржылық инвестиция  есебі 8 «Қаржылық инвестиция  есебі» бухгалтерлік есеп стнадартымен реттемеленеді (регламентируются). Қаржылық инвестицияға сондай-ақ пайдалануға (эксплуатацияға) жатпайтын жылыжмайтын мүліктің де қатысы бар.

      Сатып алған сәтке дейінгі кезең үшін есептелетін проценті де қосылатын құн бойынша қаржылық инвестицияны сатып алу есепте сатып алушының сатушыға процентпен төленген көлемге кемітілген сату құны бойынша көрінеді. Құнды қағаздардағы инвестицияны жабу құны арасныдағы айырмашылықты (жеңілдік немесе сатып алу барысныда пайда болған сыйлықақы) инвестор  оны иеленген кезең ішінде өтейді (амортизациялайды).

         Қаржылық инвестиция мыналарға  жіктеледі:

  • Қысқа мерзімді – баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін

ағымдағы  нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың  төмен бағасымен ескеріледі. Егер  қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасы бойынша ескерілсе, баланстық құн не тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде не инвестиция  түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде негізінде анықталады.

        Ұзақ мерзімді қаржылық  инвестицияны қайта бағалау барысында бағалау  сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. Арзандатулар сомасы (сумма уценки) бір ғана сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған (жеткіліксіз) кезде оның  кеміген сомасы залалға жатады.

Информация о работе Айналымнан тыс активтер