Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:45, курсовая работа
арықтық экономикада кәсіпкерліктің негізі түрі акционерлі қоғамдар (АҚ) болып саналады. Кәсіпкерліктің бұл түрінде кәсіпорындар, мекемелер немесе жеке азаматтар келісім бойынша капиталын бір жерге шоғырландыру арқылы заңды түрде тіркелген ұйым құрып және өздері бекіткен жарғы бойынша қызмет атқарады. Акционерлік қоғамдар акцияның бірнеше түрлерін шығаруға құқықтары бар. Акция (французша action – құнды қағаз) – акционерлік қоғамның қаржылық қорына енгізілген белгілі мөлшердегі қаржыны куәландыратын бағалы қағаздың түрі. Ол өз иесіне осы қоғам қызметінен түскен пайданың белгілі бір бөлігін дивиденд ретінде алуға, сонымен қатар акционерлік қоғам тартылған жағдайда оның мүлігін үлестіруге қатынасуға құқық береді.
Кіріспе
1 Акционерлік қоғамның коммерциялық шаруашылығы
1.1 Акционерлік қоғамның мәні, қызметтері
1.2 Акционерлік қоғамның түрлері
2 Акционерлік қоғам қаржысы
2.1 Акционерлік қоғам қаржысының экономикалық мәні
2.2 Қазақстанда акционерлік қоғамдардың құрылуы
2.3 Акционерлік қоғамдардың акциялары
2.4 Акционерлік қоғамның облигациялары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Акция бағасына ықпал етуші факторлардың ішінде, акцияны ұстаушылардың арасында бөлінетін пайда шамасын және сол акционерлік қоғамға жататын кәсіпорындардың әр түрлі қорларын құруға бағытталған қаражат ретінде, акционерлік қоғамда қалатын пайданы бөліп қарауға болады.
Қазіргі тәжірибеде акцияның бастапқы құнын анықтау барысы дивидент деңгейіне ғана емес, бір акцияға есептелетін барлық таза пайда, оған бөлінген пайданы қосқандағы шамасына да сүйенеді. Акцияның нарықтық құны мұндай жағдайда мынандай формуламен анықталады: акция бағамы тең бір акцияға есептелетін таза пайда шамасы, көбейтілген бағам / бөлінген акцияға келетін таза пайданың орташа қатынасына.
Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі артықшылықтар беретін акцияларды айналысқа шығарады. Акцияның мәлімдеуші және атаулы түрлері болады. Мәлімдеуші акция – бұл оның иесіне компанияның акционері екендігін заңды түрде куәландыруды білдіреді. Атаулы акцияларды шығару барыснда акционерлік қоғамды иеленушілер ретінде тек компаняның акционерлік кітабына енген акцияны ұстаушылар бола алады. әрбір елде акционерлік қоғамның қызметін реттеп отыратын әр алуан құқықтық актілер қызмет етеді. Кейбір елдерде мәлімдеуші акцияларға көңіл аударатын болса, ал басқа бір елдерде атаулы акцияларға мән береді. Акцияның әр түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады.
Мәлімдеуші акциялар біршама қарапайым және сауда операцияларына өте қолайлы. Мұндай жағдайда компания оларды иеленушілердің аттарын білмейді. Бұл кезде ондай акцияны сату және сатып алу фирманың акционерлері, оның ішінде акционерлік қоғам құрылтайшылары үшін көзге көрінбейтін зардаптар мен әр түрлі қолайсыздықтарға әкелуі мүмкін.
Сондай ақ, акциялар жай
және артықшылығы бар акцияларға
бөлінеді. Жай акциялар оны иеленушілерге
қарастырылған акционерлік
Өз кезегінде артықшылығы бар акциялар екі түрге бөлінеді. Біріншісіне, акционерлік қоғамның қызметінің нәтижесіне байланыссыз алдын ала жоспарлы табыс төленетін тіркелген дивидент акциялар жатады. Артықшылығы бар акцияның бұл нысанының өзінің мәні жағынан облигациядан айырмашылығы жоқ. Мұндай акциялар біршама сенімді, сондай – ақ олар дивиденттің өсуіне жол бермейді.
Артықшылығы бар акциялар үшін компаниялар оларды сатып алуда тұрақты баға қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері биржадағы бағам бойынша акцияларды сату арқылы пайданы бөлуге қатынаса алмайды. Артықшылығы бар акциялар ішінде, яғни тұрақты табысты, басқа да шектеулі мөлшерде қосымша табыс әкелетін түрі де бар. Мысалға 10% деңгейінен асқан жай акциялардың дивидентінің әр пункты үшін артықшылығы бар акция бойынша 0,5%-дан дивидентің ең жоғары деңгейі 20%-ға дейінгі мөлшерде қосымша төленеді. Артықшылығы бар акцияны иеленушілердің келесі бір артықшылығы, ол акционерлік қоғам жойылу барысында, оның мүлкін бөлісуде артықшылық құқықтарды иелену мүмкіндігімен сипатталады.
Жай акцияны өтеуден бұрын артықшылығы бар акциялар иелеріне, олардың номиналдық құнынан жоғары шамадағы сома төленеді немесе олардың нарықтық бағамдары бойынша өтеледі. Сонымен қатар, артықшылығы бар акцияны иеленушілер үшін АҚ жойылуы барысында орын алатын жағымсыз жақтары да бар. Акционерлік қоғамда жай акцияларға бөлуге тиісті заңды түрде құрылған жасырын түрде резервтері болады, соның нәтижесінде жай акциялардың бағамы олардың номиналдық құнынан біршама жоғары мөлшерде
2.4 Акционерлік қоғамдардың облигациялары
Облигациялардың экономикалық жаратылысы келесідей үш ерекшелігімен сипатталады:
-облигация - шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын капитал шоғырланыдру құралы;
-облигация – онша қымбат емес және оңай қолға жеткізуге болатын борыштық құрал;
-облигация – ұзақ мерзімді борыштық міндеттеме.
Шаруашылық жүйенің дамуы мен қоғамның және шаруашылық міндеттерінің біртіндеп қиындай түсуі, ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттіліктің маңызын арттыра отырып, әр алуан шаруашылық ұйымдарда шығындарды қаржыландыру үшін және зайымдарды сату жолымен жүзеге асырылуы акциялар шығаруға қарағанда біршама тиімді.
Облигация өзінің заңды және қаржылық сипаты жағынан алғанда ұзақ мерзімді несие құралы ретінде қызмет етеді.
Облигация мынадай басты элементтерден тұрады: облигация деген жазу; облигацияны шығарушы фирманың аты және орналысқан жері; фирма немесе сатып алушының аты немесе мәлімдеушілігі туралы жазу; номиналдық құны; пайыз мөлшері, егер де ол қарастырылса; қайтару және пайыз төлеу уақыты; шығарылған жері және күні; сол сияқты облигацияның сериясы мен нөмірі; эмитенттің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгісі мен құқтары.
Мақсатты облигациялардың міндетті түрдегі реквизиті – бұл олардың шығарылуын қамтамасыз ететін тауардың көрсетілуі.
Негізгі бөлігінен басқа
облигацияға пайыз төлеуде
Пайыз төлеуге арналған купон мынадай негізгі элементтерді қамтиды: пайыз төлейтің купонның реттік нөмірі; эмитенттің аты; пайыз төленетін жыл және облигация эмитентінің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері.
Облигацияларды қамтамасыз ету әдістеріне немесе эмитенттері мен ұстаушыларына байланысты жіктеуге болады.
Қамтамасыз ету ету әдістеріне қарай облигацияларды қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген деп екіге бөледі.
Қамтамасыз етілген облигациялар заңды құжаттармен қамтамасыз етіледі. Ол құжаттар есеп айырысқанға дейін несие берушінің қолында болады.
Қамтамсыз етілеген облигацияларды шығаруда және оны ұстаушылардың мүдделерін қорғаушы делдалдарға үлкен роль беріледі.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар – қоғам мүлкімен қамтамасыз етілмеген жай ғана қайтару туралы уәдені білдіреді.
Облигацияны эмитенттері мен ұстаушыларына берілген құқтарына байланысты облигацияны көптеген категорияларға бөледі.
Қайтарып алынатын облигациялар – эмитенттеріне номиналдық құнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық береді. Арнайы өтелу мерзіміне дейін аз уақыт қалса, соғұрлым “қайтару бағасы” төмен болып келеді. Соған сәйкес, мұндай облигациялар бойынша төленетін пайыз мөлшері тұрақты болмайды.
Жинақталған қор облигациялары – бұл пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді. Мұндай бағалы қағаздарды сатып алу тең партиялармен сатылып жүргізілуімен қатар, олардың жоғары сапалылығын қамтамасыз етеді. Жинақталған қор бойынша жылдық төлемдерді аннуитет деп атайды. Аннуитет құрамына номиналдық құнның бір бөлігі және жылдық пайыз кіреді.
Табысты облигацияларға байланысты төлемдер сол қаржылық жылдағы қоғамның пайдасына тәуелді.
Ұлғаймалы облигациялар оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді.
Қысыңқы облигациялар ұстаушыларына белгіленген шығару шартына байланысты облигацияны тапсыруға құқық береді.
Сериалды облигациялар негізгі қарызды жыл сайын төлеумен қатар, төленетін пайызды жылдан жылға жоғарылауды қамтамасыз етеді.
Айырбасталатын облигациялар – инвесторларды акционерлік қоғамға бекіту мақсатында шығарылатын және жай немесе артықшылығы бар акцияларға айналдыруға құқық беретін облигацияны шығаруды білдіреді. Ережеге сәйкес, облигацияны ұстаушы оны акцияға шығарудың белгіленген шартындағы мерзімді алдын ала тұрақты бағамен айырбастауға тиіс. Айырбастау жағдайында кейде ұстаушы аз ғана сыйақы алады.
Ордерлі облигациялар (жыртылатын талонмен) – жаңа облигацияларды немесе акцияларды тұрақты бағада сатып алуға құқық береді. Сондай – ақ облигациялар акциямен байланысты сатылуы мүмкін, мұнда саудының танымал қағидасы “жүктеме” қолданылады.
Пайыз тұрақты болып табылмайтын, яғни белгілі бір ірі банктердің пайыз мөлшеріне байланысты, бірақ алдын ала белгіленген минумумнан төмендемейтін облигацияларды сатып алуға болады.
Тұрақты табысты өнеркәсіптік облигациялардың акциялардан айырмашылығы, олар номиналдық бағасымен төменгі бағамда сатылуы мүмкін, мысалыға 100 теңгенің орнына 97 теңгеге. Облигация бағасының мұндай мөлшерде төмендеуін дизажио деп атайды. Оған қоса, облигацияның өтелуі кейде келісім бойынша номиналдық құнынан жоғары бағамда сатылуын, яғни 100 теңгенің орнына 104 теңгеге сатылуын айтуға болады. Мұндай үстеме ақыны ажио деп атайды. Ажио облигацияның өтелу мерзімі сәйкес келегнде, пайыздық төлемдермен қатар, қосымша табыс түрінде беріледі.
Тұрақты табысты бағалы қағаздардың бағамы әр түрлі болады. Сондықтан да олар қор биржасында мүдделендіру құралы болып табылады. Мұндай бағалы қағаздардың бағамының өзгеру себебі, әр уақыт кезеңіндегі ұлттық өндірісте жаңа облигациялардың шығуына, тұрақты табысы ұлғайған мөлшерде басқа да бағалы қағаздардың шығуына байланысты, соның нәтижесінде бұрын шығарылған бағалы қағаздардың бағамдары өзгереді. Төменгі пайыз мөлшеріндегі облигациялардан, олардың иелері тезірек құтылуға ұмытылып, олардың орнына тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар сатып алады. Мұндай бағалы қағаздардың бағамындағы өзгерістердің себебі осында. Тұрақты пайыздық облигациялар немесе басқа да бағалы қағаздары бар әрбір иеленуші мынадай міндеттерді шешеді: ескі үлгідегі облигацияны біршама төменгі бағада сатып алу барысында немесе ескі үлгідегі облигацияны сатып алудан, сондай – ақ жаңа үлгідегі біршама жоғары тұрақты табысы бар облигацияларды сатып алғаннан, ол не зиян шегеді немесе ұтады.
Қорытынды
Сонымен өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңи тұлға акционерлік қоғам деп танылатын болды. Осы қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның барлық мүлкінің ақшалай баламасы қорлар түрінде тіркеледі, сондықтанда бұл үдеріс қорлану деп, ал оның ақшалай баламасын тең үлестерге немесе акцияларға бөлу акционерлендіру деп аталады. Осы операциялар арқылы жылжымайтын және бөлінбейтін мүлік икемді және бөлінгіш мүлікке айналады, бұл оған жаңа қасиет береді: мүлік иесізденген нысанда өткізілуі және қатысушылардың кез келген санына сатылуы мүмкін. Кәсіпорын-құрыдтайшылардан басқа, тікелей бұл өндіріске қатысты және қатысы жоқ заңи тұлғалар акцияларының иеленушілері бола алады. Акциялардың барлық саны бірден құрылтайшылар мен шақырылған акционерлер арасында бірден бөлінуі заңнамамен қарастырылған.
Қазақстан Республикасында қоғамның екі үлгісі – ашық және жабық үлгілері құрылды. Қоғам өзінің үлгісін акционерлердің жалпы жаиналысының шешімі бойынша осы Заңның талаптарын сақтай отырып өзгерте алады. Егер жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден асса, ол қоғамның үлгісін ашық етіп өзгерту туралы шешім қабылдау үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті. Егер қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам жабық қоғам болып қайта құрылуға хақылы. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе «жабық акционерлік қоғам» деген сөздер немесе тиісінше «ААҚ» және «ЖАҚ» аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс.
Акционерлік қоғамдардың қаржылық қатынастарының ерекшеліктері акцияны өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ретінде акцияны пайдаланатындығында. Дамыған нарықтық жүйе акция есебінен қаржылық ресурстарды ұлғайтуды білдіреді.
Қазақстанда меншік формаларының дамуы кәсіпорындардың мынадай жаңа түрлерінің туындауына ықпал етті: жеке, кооперативтік, акционерлік, аралас, шетелдердің кәсіпорындарымен бірлескен кәсіпорындар және фирмалар, шаруашылық серіктестері. Әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар жаңа заңдық негізде дами келе, қаржы категориясына тікелей қатысты болады, себебі, олар ақша қорларын құрып, табыс табады.
«Шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңда шаруашылық серіктестікке мынадай анықтама беріледі: шаруашылық серіктестік дегеніміз негізгі мақсаты пайда тауып, ары қарай ұдайы өндіріс процесінде оны қайта бөлу және пайдалану болып табылатын, жарғылық қоры құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарналарына (үлестеріне) бөлінетін заңды тұлға болып саналатын коммерциялық ұйым.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Ильясов Қ.Қ., С.Құлпыбаев «Қаржы», Алматы 2005жыл.
2. Мәдешов Б. «Нарықтық