Қаржы нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 23:46, реферат

Описание

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
1. Банк секторының: ақша, валюта, депозит және несие нарықтарының қызмет ету ерекшеліктері...................................................................................5
2. Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі.................9
3. Қазақстанда сақтандыру жүйесінің қалыптасуы.........................................12
4. Зейнетақы нарығының қызмет етуі.........................................................14
Қорытынды................................................................................................17

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны.docx

— 56.40 Кб (Скачать документ)

Несие нарығы – әр түрлі  қорлардың несие ресурстары мен  бағалы қағаздар түрінде қалыптасқан  және пайдаланылған құн қозқалысының ақшалай формасымен органикалық  байланыста болатыны белгілі. Оның деңгейімен қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оның тұтастай әлеуметтік-экономикалық қатынасқа ықпал етуіне кететін  ақшалай қордың қозғалысы, мөлшері  және бағыты өлшеніп, анықталады.

Несие нарығының негізгі  қатысушылары – несие беруші және қарыз алушы. Несие беруші несие  мәмілесінің ссуда беретін жағы. Несие беруші ссуда беру үшін белгілі  бір қаражатқа ие болуы керек. Бұл қаражаттардың көздеріне  оның өз қаражаты, ресурстары, өз кезегінде  ұдайы өндіріс процесінің басқа  субьектілерінен қайтару негізінде  қарызға алынатын қаражат алынуы мүмкін.

Қарыз алушы – несие  қатынастарында несие алатын және алған  алған ссудасын белгіленген мерзімде қайтаруға міндеті жақ. Ссудалық мәміледі несие берушіге қарағанда  қарыз алушының мынадай ереушеліктері  болды:

  • Ол ссудалық қаражаттың түпкілікті иесі болып табылмайды, тек оның уақытша иесі бола алады, әрі өзіне тиесілі емес бөтен ресурспен жұмыс істейді;
  • Қарыз алушы ссудалық қаражатты айналыс саласында да, өндіріс саласын да да пайдалана алады. Несие беруші ссуданы өндіріске тікелей шықпай, ауысу фазасында береді;
  • Қарыз алушы ссудалық ресурсты өз шаруашылығында пайдаланғаннан кейін қайтарады. Қарыз алушы ссуданы қайтару үшін ұдайы өндірістік процесті несие берушіменесеп айрысуға жеткілікті қаражатты босатып алатындай етіп ұйымдастырылуы керек;
  • Қарыз алушы уақытша пайдалануға алған құнды ғана қайтарып қоймайды, сонымен бірге оның ссудалық пайызын да төлейді. Бұл арада өз шарттарын алға тартатын  несие берушіге қарыз алушының тәуелді болатынын естен шығармауымыз керек.

Несие нарығы құралы – несие, ол айырбас сәтінде пайда болып, құнның ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін ссудалық мәміленің формасына  енеді. Ссудалық мәміле несие қозғалысының өзегі болып табылады.

Нарықтық шаруашылық жағдайындағы негізгі формаға банк несиесі  жатады. Бұл жағдайда кәсіпорын, ұйым, халық, мемлекет және банктің өздері де несие қатынастарының субьектілері ретінде алға шығады. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне түрлі белгілері  бойынша жіктеуге болатын әр түрлі  несие түрлерін ұсынады. Ең алдымен  қарыз алушылардың негізгі топтары  болып табылатын шаруашылыққа, халыққа, мемлекеттік органдарға несие беріледі.

 

2.  Бағалы қағаздар  нарығы – қаржы нарығының құрамдас  бөлігі

 

Бағалы қағаздар нарығы немесе қор нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі, бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс және баға анықталатын экономикалық қатынастар жүйесі.

Бағалы қағаздар нарығы –  капитал нарығының Нарықтық экономикада  БҚН ақша жинақтарын қайта таратудың  негізгі механизмі болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығының  жіктелуі бағалы қағаз түрдерінің жіктелуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:

  1. халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
  2. ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
  3. нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т.б.);
  4. мемлекеттік және корпоративтік  (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;
  5. алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығының  функциясын шартты түрде екі топқа  бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция.

Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:

  • коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
  • мақсатты – нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б. қамтамасыз етеді.
  • ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
  • реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына  мыналарды жатқызуға болады:

  • қайта бөліну;
  • баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция.
  • Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:
  • нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
  • ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
  • инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.

Ал, баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.

Бағалы қағаздар нарығындағы  сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:

  • алғашқы және қайталамалы;
  • ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
  • биржалық және биржадан тыс;
  • дәстүрлі және компьютерлендірілген;
  • кассалық және мерзімді нарықтар.

Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда, бағалы қағаздар нарығын бірқатар үлгілерге жіктейді. Көбінесе келесідей  үлгілері кездеседі:

  • банктік үлгі;
  • банктік емес үлгі;
  • аралас үлгі.

Банктік үлгі –БҚН механизмі  арқылы қаржылық ресурстарды қайта  тарату бойынша негізгі оператор банк болып табылатын үлгі. Мұнда  бантер экономиканы инвестициялау  мен бюджет дефицитін жабуды мойнына  алады.

Банктік емес үлгі – БҚН  механизмі арқылы қаржылық ресурстарды  қайта тарату бойынша негізгі  оператор банктік емес мекемелер  болып табылатын үлгі. Мұнда БҚН  неғұрлым демократиялы және онда үлес салмақ жеке инвестицияларға жатады. Бұл – банк ақшаларына қарағанда  неғұрлым «арзан» ақшалар.

Аралас үлгі – делдалдар  ретінде банктер де, банктік емес компаниялар да болады.

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен  байланысты пайда болды. Олар алғашқы  бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың  пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бөлуге болады:

  1. БҚН-на негізгі қатысушылар, оған мемлекет, жергілікті әкімшілік органдары, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар жатады. Бұл компаниялардың бағалы қағаздары аз пайда әкелгенімен, сенімді болып келеді. Сол себепті де олардың бағалы қағаздары қанша көп шығарылса да, жоғарғы сұранысқа ие. АҚШ-та мұндай бағалы қағаздарды «көк түбірлі» («голубые корешки») деп атайды.
  2. Инвестициялық институттар немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Оларға:
  • коммерциялық және инвестициялық банктер;
  • сақтандыру қорлары;
  • зейнетақы қорлары және с.с. ұйымдар.

Бұл институттар заңды  және жеке тұлғалардың қаржысын жинақтап, оларды табысты бағалы қағаздарға жұмсауға, акциялардың бақылау пакетін  иемденуге және қаржысынан айырылып қалу қаупін төмендету үшін өз капиталдарын әртүрлі өндіріс саласына жұмсауға ұмтылады.

  1. Жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, олардың ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан сенімсіз. Статистика көрсетіп отырғандай, мұндай шағын кәсіпорындардың 75%-ы ашылмай жатып жабылып қалады екен, тек қана жоғарғы сапалы қызмет көрсетіп, жоғары сапалы өнім шығаратын 25%-ы ғана табысқа қол жеткізеді екен. Олардың кейбіреуі экспортпен айналысып жоғары табысқа қол жеткізеді. Сондықтан да халықтың көпшілігі жоғарғы дивидендтен үміттеніп, осындай кәсіпорындардың акцияларын тәуекелге бел буып, сатып алады.
  2. БҚН-ның делдалдары: брокерлер мен дилерлер. Дилерлер қолында өз капиталдары болғандықтан олар бағалы қағаздармен көптеген операциялар жүргізеді. Негізінен олардың іс-әрекеті – алыпсатушылық, яғни олар бағалы қағаздарды сатып алып, оларды нарықта қолайлы жағдай орнаған сәтте сатып жібереді.
  3. Бағалы қағаздар нарығын бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдар. Әрбір елде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды және оған қатысу жағдайларын елдің экономикалық жағдайын ескере отырып мелекет заң актілері арқылы реттеп отырады.

 

 

3. Қазақстанда сақтандыру жүйесінің қалыптасуы

 

Қаржы нарығының ең маңызды  салаларының бірі – сақтандыру нарығы. Сақтандыру дегеніміз – екі жақ  тәуекелгебара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісім береді. Сақтандыру адамдарды әр түрлі қауіп  қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғацдың бұрыннан келе жатқан әдісі.

Сақтандыру нарығы сақтандырылушы мен сақтандырушының арасына  тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың  нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастардың  жиынтығын қамтиды.

Сақтандырудың келесідей  негізгі функциялары бар:

  1. реттеуші – нарық, басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады;
  2. коммерциялық – сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды қамтамасыз етеді;
  3. бағалық – компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді;
  4. сенімділік функциясы – сақтандыру операциялары қолайсыз, т.б жағдайлар тцындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді.

Міндетті түрде – заңдық актілердің талап ету күшіне сай  жүзеге асырылатын сақтандыру.

Ерікті түрде – екі  жақ бірдей ерік білдірген жағдайда жасалатын сақтандыру.

Жеке сақтандыру. Азаматтардың өмірі, денсаулығы мен еңбекке жарамдылығы  жеке сақтандырудың обьектілері  болып табылады. Мүліктік сақтандыруды өздеріне тиесілі немесе жалға алған  меншіктеріне тікелей немесе жанамалай  зиян келтірмеу мақсатымен жекелеген  адамдар мен шаруашылық субьектілері жүргізеді. Мүліктік сақтандырудың  обьектілері болып жер бетіндегі, әуедегі және су көлігі, жүктер мен  басқа да мүліктер, сондай-ақ қаржылық тәуелділік саналады.

Мемлекеттік сақтандыру жағдайында сақтандырушы мемлекеттік ұйым болып  есептелінеді де, ол заңдар арқылы реттелініп отырады.

Акционерлік сақтандыру –  жеке байлығы аз құрылтайшыларға  ақшалай ресурстарды өздеріне тарту  арқылы сақтандыру операцияларын жүргізуді  тездетуге мүмкіндік беретін  акциялар бойынша өзінің жарғылық капиталын  құрайтын акционерлік қоғамдар сақтандыру қызметінің сақтандырушылары ретінде танылатын түрі.

Өзара сақтандыру – өзара  көмек беруді қамтамасыз етуге бастайтын  қауіпсіздікті сақтаудың түрі.

ҚР «Сақтандыру қызметі  туралы» заңында сақтандырудың  трансшегаралық деп аталатын түрі де қарастырылған. Трансшегаралық сақтандыруда сақтандыру сыйақысы республикада да, одан тыс жерлерде де жүргізіле береді. Сақтандырудың мұндай түрін жүргізудің шарттары мен тәртібі ҚР заңымен  және республикамызда бекітілген халықаралық  келісімдермен анықталады.

Қр «Сақтандыру қызметі  туралы» Заңына сәйкес сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті, сақтандырушы, сақтандырылған, табыс  табушы, актуарий, өкілеттілігі бар  аудиторлық ұйым, өзара сақтандырушыға байланысты басқа да жеке және заңды  тұлғалар сақтандыру нарығына қатысушыоар  болып саналады.

ҚР-дың сақтандыру нарығында  қарым-қатынасының мына төмендегідей қатысушылары бөлініп шығады:

  • сақтандыру нарығының қызметіне сұранысты жасаушы сақтандырушылар;
  • осы сұранысты қанағаттандырушы тікелей сақтандыру компаниялары;
  • келтірілген зиянды сақтандыру операцияларына таратып отыруды, сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын жалпы түрде қамтамасыз етуші қайта сақтандыру компаниялары;
  • сақтандыру қызметтерін сақтандырушы мен сақтандырушыларының арасында ретке келтіріп отыратын сақтандыру сарапшылары;
  • сақтандыру инфрақұрылымынң ұйымдары.

Информация о работе Қаржы нарығы