Қаржы нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 20:28, курсовая работа

Описание

Қаржы нарығы басыңқы салаларды инвестициялау үшін уақытша басы бос қаражаттың шоғырлануын қамтамасыз етеді. Қаржы нарығы экономикада өз жұмыстарын жақсы біледі, қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы оның негізгі кезеңдерін анықтау керек.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3

1 Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері
1.1. Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары...................................5-8
1.2. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттіктері........................9-14
1.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттігінің міндеттері...15-19

2 Қазақстандағы қаржы нарығы мен ұйымдарды басқару мен бақылау негіздері
2.1.Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттерінің қызметтері..20-22
2.2. Қаржы нарығын ұйымдастырушылар мен оларыдың жай күйі.........23-24
2.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеудегі негізгі жұмыс процестері.....................................................................................................25-27

3 Қазақстан Республикасында қаржы нарығын жетілдіру жолдары
3.1. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеу мен бақылауды дамыту ерекшеліктері................................................................................................28-30

Қорытынды.................................................................................................31-32

Қолданылған әдебиеттер................................................................................33

Қосымша

Работа состоит из  1 файл

каржы нарыгы.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)

Орта мерзiмдi перспективада қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау осы саладағы мемлекеттiк саясат мүдделерiн, ел экономикасының қазiргi заманғы дамуын және халықаралық ынтымақтастық жағдайларын ескере отырып жүзеге асырылады. 

Банк секторының бәсекелестiгiн ырықтандыру және арттыру Шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына қол жетiмдiгiн ырықтандыру, банктердiң сыртқы қарыз алуларының өсуiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру, банктер активтерiнiң сапасына сыртқы қарыз алулардың өсу әсерiнiң мониторингi, банк секторы активтерiнiң сапасына жылжымайтын мүлiк нарығын тұрақсыздандыру ықтимал терiс әсерiн азайтуға жәрдемдесу, екiншi деңгейдегi отандық банктер қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыру мақсатында алдағы жылдары экономиканың банк секторын мемлекеттiк реттеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру жалғасатын болады. 2007 - 2009 жылдары мынадай iс-шараларды орындау керек. Шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына қол жетiмдiлiгiн ырықтандыру мақсатында республиканың қолданыстағы банк заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, осы бағыттағы қалыптасқан ахуалды, экономикалық орнықтылықты және халықаралық практиканы ескере отырып, сыртқы қарыз алулардың оңтайлы көрсеткiштерiн айқындауға, жылжымайтын мүлiкке бағалардың төмендеуiне байланысты тәуекелдерге банктердiң орнықтылығын арттыруға; екiншi деңгейдегi отандық банктер қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыруға; активтердi жiктеу ережесiн жетiлдiруге және олар бойынша провизиялар құруға ықпал ететiн нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау. 2007 - 2009 жылдары сақтандыру ұйымдары қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыруға, сақтандыру қызметтерiнiң отандық нарығының сыйымдылығын ұлғайтуға, қайта сақтандырудың iшкi секторын, жинақтау сақтандыру жүйесiн дамытуға, шаруашылық субъектiлерiнiң және ел тұрғындарының сақтандыру мәдениетiн, мiндеттi сақтандыру жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға экономиканың сақтандыру секторын мемлекеттiк реттеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру жолымен қол жеткiзiлетiн болады. Экономиканың сақтандыру секторын мемлекеттiк реттеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында алдағы кезеңде: сақтандыру ұйымдары қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыруға ықпал ететiн нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау; 
мiндеттi сақтандыру жүйесiн жетiлдiру;түсiндiру жұмыстарын жүргiзудi қоса алғанда, республика халқының сақтандыру мәдениетiнiң деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар қабылдау ұйғарылып отыр. 

 Акционерлiк қоғамдар қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыру, қор нарығының өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету, халықтың жеке жинақтарын жұмылдыру акцияларын нарығын дамыту, ұсынылатын қаржы құралдарының спектрiн кеңейту мақсатында жоспарланатын кезеңде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру қажет. 
      Акционерлiк қоғамдар қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыруға корпоративтiк басқару қағидаттарын енгiзу арқылы қол жеткiзiлетiн болады. Алматы қаласында өңiрлiк қаржы орталығын құру қор нарығының өтiмдiлiгiн қамтамасыз етедi. Қазақстандық бағалы қағаздар нарығында жоспарланып отырған инвесторларды - заңды тұлғаларды оқыту және инвестициялаудың ұжымдық нысанын дамыту халықтық жеке жинақтарын жұмылдыруға ықпал ететiн болады. Корпоративтiк басқару жүйесiн енгiзу мақсатында бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды мемлекеттiк реттеудi өздерiнiң қызметi туралы ақпаратты ашу, бағалы қағаздар бойынша кiрiстердi аудару және төлеу кезiнде төлем тәртiбiн арттыру жөнiндегi талаптарды олардың орындауы бөлiгiнде күшейтудi; бағалы қағаздарды иеленушiлердiң құқықтарын бұзғаны үшiн компаниялар басшыларының әкiмшiлiк жауапкершiлiгiн күшейту, акциялардың бақылау пакетiн иеленбеген акционерлердiң құқықтарын қорғайтын нормативтiк кесiмдер қабылдауды көздейтiн корпоративтiк басқару мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау қажет. 
      Сондай-ақ қазақстандық компаниялардағы корпоративтiк басқару деңгейiн корпоративтiк басқару нормалары мен қағидаттарын сақтауын бағалауға жетекшi рейтингiлiк агенттiктердi тарту қажет. Мыналар: бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жариялау; мамандандырылған әдебиет шығару; бағалы қағаздардың әлеуеттi эмитенттерi үшiн семинарлар өткiзу жолымен халықтың бағалы қағаздар нарығы туралы хабардар болуының деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар жүзеге асырылады. Қаржы құралдарын инвестициялау үшiн ұсынылатын спектрдi кеңейту мақсатында мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығын одан әрi дамыту, секьюритилендiру тетiктерiн шығару, мемлекеттiң толық және iшiнара кепiлдiгiмен облигациялар шығару жолымен мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк тетiктерiн дамыту көзделiп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысымды қорытындылай келе  экономикадағы қаржы нарығының  ұйымдастырылуы экономиканың қалыпты  бір тетігі болып табылады. Қаржы  нарығы қоғамдық қатынастардың бір  сипаты іспеттес. Осы қаржы нарығы арқылы экономиканың көптеген тетіктерін жаңартуға болады.

Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының  жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығының  кейбір белгілері қазан революциясына  дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал 90 жылдардың басында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде, оның ішінде Қазақстанда басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық мнешік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Нарық ең бірінші меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс-ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді шығарумен айналсуда.

Бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды және оған қатысу жағдайларын  мемлекет белгілейді. Себебі, мемлекеттік  заң актілерінде елдің экономикалық жағдайы аңғарылады. Мысалы, экономиканың дағдарысы жағдайы кезінде заңдар мен ережелер тез өзгеріп отырады.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар-оларды шығарушылар және инвесторлар немесе инвестициялық институттар. Бағалы қағаздар нарығына қатысушы заңды тұлғалар мемлекеттік лицензия, ал жеке тұлғалар мамандығы туралы аттестат алулары шарт.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін әртараптандыру үшін Үкімет пен “Самұрық - Қазына”қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдайды, құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтінгі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.

     Қаржылық  қадағалау агенттігі жинақтаушы  зейнетақы қорларының инвестициялық  саясатын жетілдіруді, сондай  ақ  зейнетақы активтерінің сақталуын  және қорлар мен зейнетақы активтерін басқарушылардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін қадағалауды жалғастырады.

     Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық  жобаларды іске асыру. Экономикалық  дамудың жүйелік проблемаларын  шешу және халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдау үшін ауқымды құрылыс жүргізу және инфрақұрылымды жаңарту қамтамасыз етілетін болады. Экономикалық өсуді қолдау мақсатында «Қазақстандық 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады.

     Инфрақұрылымға, әсіресе электр энергетикасы  секторына инвестициялар ұзақ  мерзімді кезеңде тұрақты дамуды  қамтамасыз ету үшін зор маңызға  ие.Инвестицияларды, ең алдымен,  экономиканың шикізаттық емес  секторына одан әрі тарту, инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге байланысты болады.

     Үздік әлемдік  тәжірибе инфрақұрылымды дамыту  экономикалық белсенділікті қолдау  және дағдарыс кезінде халықты  жұмыспен қамтуды қамтамасыз  ету жөніндегі барынша тиімді  құралдардың бірі болып табылатындығын көрсетіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Баймұратов О.  Қазақстан қаржы нарығы  Алматы, 2007
  2. Құлпыбаев С. Қаржы  Алматы, 2005
  3. Есқараев Ө. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу  Алматы, 2007
  4. Адикенов Т  Банки и фондовый рынок  Москва, 2001
  5. Көшенова Г.  Ақша. Несие. Банк. Алматы, 2001
  6. Сейтқасымов Г.   Ақша. Несие. Банк. Алматы, 2001
  7. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие Алматы,  2004
  8. Давыдова Л., Райманов Д.  Қазақстан Республикасының банк құқығы  Алматы, 2006
  9. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы:  – Алматы: 2002
  10. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. - М.: Приор, 2000  560б
  11. Құлпыбаев С, Баязитова Ш., Баязитова А. Қаржы теориясы. Оқу 
    құралы. - Алматы: Мерей, 2001 350б
  12. Мельников В. Қаржының жалпы курсы Алматы, 2003
  13. Финансы. Учебник для вузов. Под ред. М.В. Романовского. - М.: 
    Перспектива /ЮРАЙТ, 2001
  14. Мельников В  Қаржының жалпы курсы  Алматы, 2005
  15. Ж. Қуанышқызы  // Қазақстанның қаржы нарығының болашағы/ Альпари №2  2010
  16. Есдаулетова Г. // Қаржы нарығының инфрақұрылымы/ Экономика негіздері №3  2009
  17. Алтайбаева Ж. // Қазақстанның қаржы нарығын оңтайластыру/ Экономика негіздері  №5  2010

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

Еуропаның қаржы орталықтары (2004-2008)

 

 

 




Информация о работе Қаржы нарығы