қаржы жүйесіне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:50, реферат

Описание

«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.

Работа состоит из  1 файл

қаржы жүйесіне талдау.doc

— 100.00 Кб (Скачать документ)

- Индустрияландыру  жоспарына сәйкес, қуаттарын кеңейтуге әлеуеттілік, экспортқа бағытталыным, инновациялылық сияқты талаптарға жауап беретiн бәсекелестікке лайықты жобаларға қолдау көрсетіледі. Инновациялық экономиканы дамыту үшін ҰИҚ қандай жобалар ұсына алады?

- Егер ғылыми  зерттемелер туралы айтылса, онда төрт жыл ішінде бiздiң қор қаржыландырған 48 ТКЗ-ға 502 миллион теңгеден астам сомаға гранттар бөліндi. Бiздің елде сондай-ақ шетелде қызығушылық танытатын фармацевтика, мұнай-химия, металлургия өнеркәсiбі салаларында жобаларымыз бар. «Санда АБК» ЖШС фосфоры бар қалдықтан натрий гипофосфитi мен фосфор қышқылын шығару технологиясын зерттеп табу бойынша жұмыс iстеп жатыр. Натрийдің гипофосфитi - хромдау және беттердi никельмен қаптауға қажеттi реагент. Бiздiң ғалымдарымыз осы реагенттi қалдықтардан алудың үнемдi және экологиялық таза әдiсiн ойлап таба алды. Никель жамылғысы барлық жерде қолданылады. Мысалы, әуеғарыш, автомобиль өнеркәсiптерде және өндiрiстiң басқа да салаларында. Осы жобаға қытайлық компания қызығушылық танытты, олар бізге оны, яғни осы әдісті, алдымен патенттеп, ал содан соң Қытайда өндiрiс ашуға ұсынып отыр.

Сонымен бірге  жаңа катализатордың зерттемесі бар, оның көмегімен мұнай өнiмдерiнен автокөлiктерге арналған синтетикалық майлар шығаруға болады. Бұл өте ұтымды жоба, бiрақ бiзде әзірше дәл осындай өнiм өндiру үшін тиісті инфрақұрылым болмай тұр. Осындай катализатордың көмегiмен Қазақстан импорттық майларды қазіргідей сатып алмай, оларды керісінше өзі жасап шығара алатын еді. Бұл катализатор бiздiң елдің маргарин және май өндіруші азық-түлiк кәсiпорындарында да сынақтан өтіп жатыр. Егер тәжiрибе-өнеркәсiптiк сынақтар бiздiң өндiрушiлерiмiздiң талаптарын қанағаттандырса, кейiннен оны тағамдық өсiмдiк майын гидридтеуiнде қолдануға болады.

Біздің тағы бір бағытымыз – химия өнеркәсiбi, минералдық тыңайтқыштар мен құрылыс материалдар өндiрiсi салаларындағы инновациялық жобалардың МЖӘ қағидалары негізінде қаржыландыруына қатысуымыз. Мысалы біздің «Агрофос-Оңтүстік» жобалау компаниямыз, фосфоры бар зиянды қалдықтардан аммонийленген суперфосфат өндiрiп шығаруға мүмкiндiк беретін техникалық шешiмдi қолданысқа енгiзуде. Осылайша, Шымкент маңындағы экологиялық жағдайды жақсарта тұра, біз сонымен бірге ауыл шаруашылығы үшiн қажеттi минералды тыңайтқыштарды жасап шығара аламыз.

Құрылыс секторында бізде екi жоба бар: Павлодардағы ағаш өңдеу комбинаты базасында бiз жекеменшік инвестормен бiрге келесi элементтері бар толық циклды өндiрiстiк кешеннiң ұйымдастыруын ескеретін жобаны қаржыландырамыз: формальдегидтік шайыр шығаратын фабрикасы, МДФ және ДСП өндірісінің линиясы, МДФ бұйымдары өндiрiсiнің цехы. Комбинат осы уақытта тұтынушылардың әртүрлi санаттарына арналған қол жетімді баға бойынша бөлме аралық есiктердiң шығаруын және сатуын қалпына келтірді.

Алматы облысының  Көксу кентінде 2007 жылғы мамыр айында керамзит кiрпiштер мен блоктар өндiрiсi бойынша зауыт iске қосылған. Керамзиттен жасалатын құрылыс материалдары жеңiлдiк, төмен жылу өткiзушілік және идеалды геометриялық пішін сияқты ұтымды қасиеттерге ие болатынын атап өткім келеді. Бұл iргетасқа жасалатын жүктеменi азайтуға, жылу еткiзушiлігін сақтап қабырғаның жуандығын азайтуға, сонымен бiрге қосымша жылу сақтайтын материалдарды қолданудан бас тартуға мүмкiндiк бередi, өйткенi керамзит – ол экологиялық таза жылытқыш.

Агроөнеркәсiптiк  кешенде бiз өзіміздің «Әрекет» венчурлық қорымызбен және YTO қытай компаниясымен бірге, Қазақстанның оңтүстiгiнде кеңінен қажет етілетін тракторларды (оның ішінде шағынгабаритті) құрастыру өндiрiсiн iске қостық. Өткен жылы бiздiң әрiптесiмiз – «AB Metalls» ЖШС – Балқашта құйма шойын шығару бойынша тәжiрибе-өнеркәсiптiк металлургиялық кешенін ашты. Бұл қымбат бағалы коксты қолданбастан бiр сатылы шойын өндiрiс технологиясын қолдануға мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы өнеркәсiптiк қондырға. 

ҰИҚ іске асыратын бүкіл іс-әрекет «Нұр Отан» партиясының 12-шi съезiнде Н.Ә.Назарбаев жария еткен бағдарламаға толығымен сәйкес келедi. Венчурлық және инновациялық инфрақұрылымдар салық төлеушiлер бiзден күтетін нәтиже беру керек.

Менiң көзқарасым бойынша, дағдарыс уақытында және одан ары, дағдарыстан кейінгі кезеңде, ҰИҚ және жекеменшік сектор көмегімен құрылған венчурлық қорлар инновациялық жобаларды қаржыландыруға арналған нақты тетік бола алады. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, тәуекелді қаржыландыру қорлар бүгiнгі таңда инновациялар мен жаңа технологиялар трансфертiн қаржыландыруда маңызды рөлдердің бірін атқарады. Инновациялық сипаты бар және венчурлық қорлар арқылы қаржыландырылатын барлық жобалар әртүрлі дәрежеде тәуекелдi деп есептеледі. Өткен жылдары бiз қаржыландырған 48 тәжiрибе-конструкторлық зерттеменің 19 бәсекелестікке лайықты және тиісті патенттермен расталған. Қазiр бiз оларды коммерцияландыру бойынша қажетті жұмыс жасап жатырмыз. Ережеге сәйкес бiз өз жұмысымызды алдымен дамудың бастапқы кезеңіндегі «Start Up» компаниялармен бірге коммерциялық емес жобаларды іске асырудан бастаймыз. Бiзге жақсы идеясы бар кәсiпкер келеді, бiз оны қолдаймыз және қаржыландыра бастаймыз. Ол жобаға өз активтерiмен кiредi, бiз содан соң осы бизнесті дамытамыз, ал енді ол толық қуатпен жұмыс iстей бастағанда, біз оған бiздiң еншілік үлесімізді сатып алуды ұсынамыз. Жалпы алғанда осындай жобалар 5-7 жыл бойы жүзеге асырылады.

- Сiздiң пікіріңізше,  өнеркәсiптiң қай салалары инновациялық  жобаларды қажет етеді?

- Бiз - аграрлық  елміз және біздің осы салада үлкен ресурстарымыз бар. Бұл жолды ешбір ұмытуға болмайды, бiз агроөнеркәсiптiк қуаттардың жетiлдiруiмен, асыл тұқымды шаруашылықтардың дамытуымен айналысуымыз керек. Сонымен қатар тек шикiзат экспортымен ғана шұғылданбай, ауылшаруашылық өнiмнiң терең өңделуiне ерекше назар аударуымыз өте маңызды. Бұл үшiн үздік агротехниканы қолдану маңызды, қатерлi егiн шаруашылығы аймағында жоғары өнiмділікті қамтамасыз ете алатын инновациялық энергия- және су сақтайтын технологияларды жетiлдiру қажет.

Басқа маңызды сала – бұл металлургия өнеркәсiбі. Сонымен бiрге бұл жерде шетелге металл сынығын сату емес, түпкiлікті өнiм өндiрілуi үлкен мағынаға иеленеді. Бiз және де IT-технологиялар саласында да артта қалмауымыз керек. Сонымен қатар энергия сақтау, био- және нанотехнологияларды дамытуға күштi бағыттау маңызды. Үлкен ғылыми әлеует химия өнеркәсiбiнiң дамытуында да сақталады. Бiз үшін перспективті салаларды анықтап алу маңызды, және ары қарай осы салаларды жетілдіру негізінде жалпы тұрақты дамуға қол жеткізуге болады. Бiздiң пікірімізше, дамытуға бөлінетін қаражаттың 70% қазiргi уақытта жұмыс істейтін дәстүрлi салалар және өндiрiстердің жетiлдiруі мен жаңғыртуына бағытталу керек, ал қалған 30% – жаңа технологиялар саласын дамытуға жіберілу қажет.

Бірақ, технологиялар туралы айта келе, ғылыми әлеуеттің дамуы жайлы ұмытуға болмайды: ғылыми iргесiз инновациялар болмайды. Одан басқа, жаңа жоғары технологиялы жабдықтарды енгiзумен бірге, біз үшін сауатты мамандардың болуы маңызды. Сондықтан технологиялық дамумен бірге кадрлар әзiрлеуiне назар аудару керек.

- Әңгiмеңізге  рақмет. 
 

Информация о работе қаржы жүйесіне талдау