Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 21:50, курс лекций
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның кызметімен тығыз байланысты деп санайды.
Р х Q = М х V,
мұнда сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын (М - ақша массасы, V — айналыс жылдамдығы) білдіреді.
Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс процестерінде материалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады.
Қазіргі мемлекет қаржы-қаражатының, бірақ өзінің негізгі бөлігінде тауар айналысымен байланысты емес едәуір көлемін керек ететін сан алуан функциялар орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздаңдырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени - ақпараттық мақсаттық, білімге, басқаруға, қорғанысқа, жұмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінен дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады.
Тұралаушы экономикада мұндай шараларды қаржыландыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қарыздар алу жолымен жұмылдырылуы мүмкін бос ақшалары сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден-бір көзі қосымша акша шығару (эмиссия) болып табылады.
Өндірістік емес сфераны қаржыландыру міндеттіліктермен қатар мемлекет дағдарыс жағдайында көпшілік қолды тауарларға салыстармалы төмен бағаларды қолдау қажеттігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъсктілерге тура қаржылар бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруде банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге көрінеді; сондай-ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілетін несиелерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттігідей, баламалы қаржы ресурстарының алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша акшалай қуат беру болады.
Инфляция өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материаддық жағдайына, инвестициялық қызметке қауіпті әсер етеді.
Инфляцияның класикалық көзі — мемлекттік бюджст тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-9,8%,20016,4% құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені (ЖТӨ-ге 0,12%) қүраса , 2003 жылы ол 53,4 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады.
Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды — алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту корына (бұрын-инвистициялық қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірдсн көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін туғызды.
Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табыпады; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайыңда бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырады.
Айтылған факторлар өндіріс шығындарын — өндірушілер инфляциясын арандатушы факторларға жатады.
Бағалардың артуы жағдайында халықтың, әсіресе жеке кәсіптік және елеуметтік топтардың әлеуметтік дәмегөйліктерінің өсуін инфляцияның даму факторы деп есептеуге болады.
2-сұрақ. Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық жөне әлеуметтік қарама - қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды .
Инфляция кезінде мемлекет іс - қимылының екі нұсқасы болады:
1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу - бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;
компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.
2) инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу .
Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік - экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдық - адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десек те олардың шешушісі базалық, өндірістік - экономикалық сфера болып табылады
Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.
Инфляцияға қарсы саясат — инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жоніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефляциялық саясат және кірістер саясаты.
Дефляциялық саясат - мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.
Кірістер саясаты — бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін кірістіреді:
1) Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.
2) Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған несиелер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
3) Несие мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің несие экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
4) Сондай мақсаттарда Орталық банктің несиелерін тікелей қысқарту.
Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.
Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірак қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:
біріншіден, мемлекеттік бюджеттің теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің дсңгейін көтеру керек;
екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс пен айырбас сферасында экономикалык белсенділікті жандандыру қажет.
Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс - әрекетінің екінші аспектісі өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мұның өзі салықтан жалтаруға әкеп соқтырады.
Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөршерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.
Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субьектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне - шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.
Жалпымемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршеңдік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамассыз етілуі тиіс.
Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:
а) тура әдістермен — шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілесе немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды
мәжбүрлеу арқылы;
б) секвестрлеу әдісімен — барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен;
в) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;
г) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен. Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс- қимылын, тез қайтарым бермейтін әртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.
Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:
1) жалақыны көбейту;
2) ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі.
Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысы проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.
Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогы экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды.
Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.
Сауда-делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, несиені кедергісіз алумен және несиелер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды.
Инфляцияны еңсеру жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі — бағалардың төмендеуі — өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы. – ұсынымның көбеюі - сұранымның қанағаттандырылуы.
Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық-қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.
Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте - шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.
Жалақыны реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден еңбек өнімділігінің нақты артуына қатаң байланыста жүзегс асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі езінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрлымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық—импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.
Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердін ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық катынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.
Инфляцияны басқаруды жаксарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.
Ұлттық банктің негізгі міндеті ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша-несие саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандарттарына және инфляциялык, таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына дайындық және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-несие саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштер жүйесі жүргізілетін ақша-несие саясатына деген сенімді арттырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.