Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 21:50, курс лекций
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның кызметімен тығыз байланысты деп санайды.
Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасы қапыптасып келе жатқан көптеген елдерде: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады.
Ұлттык банк рыноктық мөлшерлемелерді репо мөлшерлемесімен айкындалатын кейбір дәлізде ұстап тұру арқылы инфляцияны басқаруды көздейді. Сонымен бірге инфляциялық таргеттеу тетігінің мынадай түрі болады. Ұлттық банк репо мөлшерлемесі мен оның өзгерістері дәлізін өзгерте отырып банктік резервтер мен банкаралық пайыздық, мөлшерлемелер арасындағы белгілі бір балансқа қол жеткізеді. Банкаралық мөлшерлемелер өз кезегінде, несиелер мен депозиттер бойынша банктік мөлшерлемелерге ықпал етеді, сонымен қатар банктік өтімділікті, яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық таргеттеу кезіндегі негізгі құралдар ашық рынок операциялары болады. Ашық рынок операцияларына ішкі рыноктан мемлекеттік бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу міндеттемесімен (репо операцияларымен) сатып алу және сату кіреді. Репо операцияларының көлемі мен мөлшерлемелері оперативтік көсеткіштер болып табылады. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық тұрақтылық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы, орталық банктің тәуелсіздігі, ақпараттың ашықтығы жағдайларында инфляциялық таргеттеу табысты енгізілді.
ТАҚЫРЫП 15. ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ
12 беттің 12 беті