Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 01:31, курсовая работа

Описание

«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігі 2002 жылы құрылған. Меншік түрі – жеке меншік. Жарғылық капиталы – 350000 тенге. Негізгі қызмет түрі – тұрғын-үй объектілерін, жолдар, ғимараттар салу, сонымен қатар оларды жөндеуден өткізу.
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестік өзінің қызметін келесі құжаттар мен нормативті актілер арқылы жүзеге асырады:
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің жарғысы;
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің құрылтайшы келісім – шарты;
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі №409 01.07.1999 ;
«Шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілік» ҚР-ның Заңы, №220-1 «Өзгерістер мен толықтырулар» 22.04.1998
ҚР ұйымдарының қаржы – шаруашылық қызметін реттейтін әдістемелік нұсқаулар және нормативтік актілер, басқа да заңдар.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
I Бөлім Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері ..............8
1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына сәйкес құрастыру әдістері.................................................14
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық
операцияларының жіктелімі.........................................................................17
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі...........................................................20
II Бөлім Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
2.1 «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мағынасы және оны талдаудың
ақпарат көздері..............................................................................................22
2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар..................28
III Бөлім «Келешек» Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың
қалыптасу көздерінің динамикасын талдау...............................................31
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау.......................................................37
3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты
көрсеткіштерін талдау...................................................................................44
3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін
талдау..............................................................................................................48
Қорытынды...........................................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................58
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

154_._.doc

— 372.00 Кб (Скачать документ)

    Баланс бойынша жақын уақытта ұйым өзіне алған міндеттемелерді үшінші тұлғалар алдында орындай ала ма, немесе оған қаржылық қиыншылықтар туып тұр ма, соны анықтайды.

    Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің  құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

    Сауықтыру балансы-субьектілер банкрот нәтижесінде жойылған кезде құрастырылады. Нарықтық экономикада көптеген ұйымдар өздерінің  қызметін меншікті және қарыз капиталдары арқылы жүргізеді. Соңғысы бізде өте қысқа уақытқа беріледі, және субьектілер өздерінің міндеттемелерін уақытында  және үздіксіз жабып отыруды мақсат ету керек. Бірақ шаруашылық субьектілерінде меншікті капиталдан қарыз  қаражаттары артып кетуі жағдайларынан төлемге қабілетсіз ситуациялары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда банкрот жариялау жолымен жойылу дилеммасы туады немесе кредиторлармен төлемнің уақытын ұзартуға келісу қажет.

    Бірақ кредиторлар келісімге келсе де, алдын ала қаншалықты шығынға ұшырады, болашақта  оны жабу мүмкін бе, соны білгісі келеді. Уақытылы есеп берудегі баланс нақты жауап бере алмайды. Субьектінің нақты қаржылық жағдайын көрсету мақсатында есеп беру кезеңі бітпей–ақ балансты құру қажеттегі туады.

    Жойылу балансы -  ұйымдар өздерінің өмір сүруін заңды тұлға ретінде тоқтатқан күніне мүліктік жағдайын сипаттайтын бухгалтерлік  есептік баланс. Оны кредиторлармен есеп айрысқаннан кейін ликвидациялық комиссия құрастырады.

    Жойылу балансының әдеттегі баланстан айырмашылығы, онда бухгалтерлік есептің бір принципінен бас тарту – үздіксіз қызмет принципі.

    Шоғырландырылған   бухгалтерлік баланс  - бір заңды тұлғаның балансындай құрастырылған негізгі ұйымның  және оның барлық еншілес ұйымдарының жеке баланстары.

    Шоғырландырылған   бухгалтерлік балансты құрастырудың негізгі мақсаты – мүдделі қолданушыларға негізгі және еншілес ұйымдарды  толық бірге мүліктік және қаржылық жағдайына обьективті ақпарат беру.

Балансты құрастыру  техникасы және баптардың мазмұны. Бухгалтерлік балансты құрастыру техникасы дегеніміз – барлық қажетті есеп жұмыстарының  жиынтығы.  Бұл процедураларға дайындық жұмысы, мүлік құнын есептен шығаруды көрсету, шоттарды жабу және есп регистрлеріне сәйкес қорытындыны  жинақтау кіреді. Бухгалтерлік балансты құрастыру негізі  ақтайтын құжаттармен расталған есеп жазбалары болып табылады.

Балансты құрастыру  принциптері. Балансты құрылымында активтер, міндеттемелер, меншікті капитал мен олардың байланысын көрсету үщін және қолданушылар бөлімшелерге көңіл аудару үшін бөлінеді.

1 сызба.                               Бухгалтерлік баланс



    Активтер қысқа мерзімді болып төмендегідей жағдайда жіктелінеді:

  • ол коммерциялық мақсатта қысқа уақыт аралығында және оны 12 ай арасында сату көзделінсе;
  • ол ақша қаражаттары немесе олардың эквиваленттері түрінде актив болса.

    Барлық басқа да активтер  ереже бойынша, ұзақ мерзімді болып жіктелінеді.

    Бухгалтерлік есеп стандарты запастарды егер 12 айда сатылмаса да, бухгалтерлік баланста  «қысқа мерзімді активтер» болып жіктелуін қарастырады.

    Ұзақ мерзімді активтерге: негізгі құралдар, материалдық емес активтер,  ұзақ мерзімді инвестициялар және т.б. жатады.

Негізгі құралдар. Оларға келесі талаптарға жауап беретін  материалдық активтер жатады:

  • 1 жылдан жоғары пайдалану уақыты бар;
  •   ұйымның қалыпты қызмт ету процесінде тікелей қолданылады.

Балансқа түсініктеме  көрсетіледі:

  1. негізгі құралдардың әр түріне есеп беру жылының басындағы   және соңындағы бастапқы құны;
  2. негізгі құралдардың  әр түріне амортизацияны есептегенде амортизацияны есептеу әдістерінің қолданылуы, амортизацияланған негізгі құралдардың жыл басы және жыл соңында бастапқы немесе ағымдағы құны, есеп беру жылының   жыл басы және жыл соңындағы жинақталған амортизация сомасы.

Материалдық емес активтер – бұл ұйымның өзіндік ерекшелігі бар активтері және олардың келесі сипаттамасы болады:

    • материалдық формасының жоқтығы;
    • қолданудың ұзақ сипаты;
    • табыс әкелуге қабілеттілігі.

Ұзақ мерзімді инвестициялар. Инвестициялар ұзақ мерзімді болып  жіктелінеді, егер 12 айдан жоғары уақытқа  салынса. Оларға қарыздық міндеттемелер  мен бағалы қағаздар жатады.

Басқа да активтер. Бұл бөлімге  алдыңғы категорияға кірмеген активтердің барлық түрлері кіреді.

    Ақша қаражатттары және олардың эквиваленттеріне кассадағы, есеп шотындағы ақша қаражаттары, валюталық шоттағы қаражаттар, ақша аударымдары, уақытсыз банктік депозиттер жатады.

    Дебиторлық борыштарға: сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есептесу, алатын вексельдер, еншілес және тәуелді ұйымдардың дебиторлық борыштары кіреді.

    Тауарлы – материалдық қорлар – дайын өнімдер, тауарлар, материалдар және т.б.   

    Болашақ кезеңдегі шығындар – бұл ақша қаражаттарын алдын ала төлеп қою нәтижесінде пайда болған активтер.

    Қысқа мерзімді міндеттемелер.  Бухгалтерлік есеп стандартарына сәйкес міндеттеме есеп беру күнінен бастап 12 айда жабылатын болса, онда ол қысқа мерзімді міндеттеме болып  жіктелінеді.

    Ұзақ мерзімді міндеттемелер Бұларға 1 жыл ішінде жабуды жоспарламаған міндеттемелер жатады.

    Қаржылық есеп беруді құрастырған кезде активтер мен міндеттемелерді өзара есепке алуды жүргізбеу қажет. Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес негізгі құралдар баланста жинақталған тозу мөлшерін алып тастаумен, дебиторлық борыш күмәнді қарыз резервтерін алып тастаумен көрсетіледі. Бірақ бұл жағдайлар активтер мен міндеттемелер арасында өзара есепке алуға жатпайды. Егер келесі белгілі жайлар болса,  бухгалтерлік есеп стандарттары міндеттемелер мен активтер арасында өзара есепке алуды кіргізеді:

    • әрбір жақ бір – біріне белгілі сомада қарыз болса,
    • ұйым өзара есепке алуға құқығы бар болса;
    • өзара есепке алуды жүргізуге құқығы ресми заңдастырылған болса.

    Меншікті капитал келесі кластарға бөлінеді:

    • жарғылық капитал;
    • төленбеген капитал;

 

    •  алынған капитал;
    • қосымша төленген капитал;
    • қосымша төленбеген капитал;
    • үлестірілген табыс (жабылмаған шығын).

    Жарғылық капитал айналымдағы әдеттегі және артықшылықты акциялардың төленген құнынан тұрады. Жарғылық капитал бухгалтерлік баланста төленбеген және алынған капиталдың сомасын есепке ала отырып, көрсетіледі.

    Қосымша капитал екі негізгі категорияға бөлінеді:

  1. Қосымша төленген капитал, ол акцияның атаулы бағасы мен шығарылған акцияның  нақты алынған сомасының айырмасынан тұрады. Әдетте ол эмиссиялық табыс деп аталады.
  2. Қосымша төленбеген капитал  негізгі құралдарды қайта бағалаудан, қаржы инвестициясынан түседі.

    Жинақталған табыс резервке қойылған үлестірілген табыс және қосылмаған үлестірілген табысқа, яғни дивиденттерді төлеуге қойылған табыс болып бөлінеді.

    Қосымша баптар  балансқа бухгалтерлік стандарттармен талап қойылғанда немесе қаржылық есептеменің дұрыстығын көрсету үшін кіргізіледі.

    Қаржылық есептемені пайдаланушыларға бухгалтерлік баланс рентабельдіктің деңгейін есептеуге,  ұйымның  активтерінің құрылымын бағалау үшін өтімділік пен қаржылық тұрақтылықты анықтауға мүмкіндік береді.

 

1.2  Кіріс  пен шығыс есебін қаржылық  есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құрастыру әдістері

 

    Кіріс пен шығыс есебі – бұл белгілі бір уақытта ұйымның қызметінің ойдағыдай болғанын өлшейтін есеп беру. Іскерлік және инвестициялық орталарда ол ұйымның рентабельдігін, инвестициялық құндылықтарды, несиеге қабілеттілікті анықтау үшін қолданылады. Бұл есеп беру қаржылық есептеме қолданушыларына ақша қаражаттары қозғалысының болашағын әртүрлі әдістермен болжауға көмектеседі.

    Қаржылық есептеменің  халықаралық стандарттарына сәйкес ұйымдар  Кіріс пен шығыс есебінде немесе оларға ескертуде шығындардың сипатына негізделіп, жіктелген шығындарға талдау жасау керек.

    Талдаудың бірінші әдісі шығындардың сипаты әдісі. Шығындар есеп беруде олардың сипатына қарай біріктіріледі (мысалы, тозу және амортизация, материалдарды сатып алу, транспорттық шығындар, жалақы, жарнамаға кеткен шығындар) және ұйымның ішінде әр түрлі қызмет бағыттары бойынша өз арасында қайта бөлініске түспейді. Бұл әдіс функционалды жіктелімге сєйкес операциялық шығындарды бөлуді қажет етпейтін көптеген кішігірім кәсіпорындарға оңай қолданылады. Мысалға шығындар сипаты әдісі көмегімен жіктелімді келесі түрде көрсетуге болады:

 

1 кесте

Шығындар сипаты әдісі  көмегімен жіктелуі

 

Сатудан түскен табыс

 

Х

Басқа да операциялық  табыс

 

Х

Дайын өнімнің запастары және аяқталмаған өндірістегі өзгерістер

(Х)

 

Пайдаланылған шикізат  пен материалдар шығыны

(Х)

 

Еңбек ақы

   

Тозу мен амортизацияға  кеткен шығын

(Х)

 

Басқа да операциялық  шығындар

(Х)

 

Барлық операциялық  шығындар

 

(Х)

Операциялық қызметтен түскен табыс (шығын)

 

Х (Х)


   

    Уақыт аралығындағы дайын өнімдегі және аяқталмаған өндірістегі өзгерістер дегеніміз - өндіріс запастарының деңгейін көбейткенін көрсететін өндіріс шығындарына түзету немесе өндірістен асып тұрған сату запастарының көлемін азайтқанын көрсетеді. Кейбір жағдайларда уақыт аралығындағы дайын өнімнің және аяқталмаған өндірістің көбеюі түсімнен артық екенін көрсетеді. Бірақ қолданылған әдісті немесе тәсілді ұсыну мұндай салалардың табыс болып есептелінетінін көрсетпейді.

    Талдаудың екінші әдісі шығындар функциясы немесе сатылған өнімнің өзіндік құны деп аталынады және шығындарды олардың функцияларына сәйкес сатылған өнімнің өзіндік құнының бір бөлігі, бөлу немесе әкімшілік қызмет түрінде жіктейді. Бұл әдісті ұсыну қолданушыларға шығындарды сипатына қарай жіктеуден неғұрлым нақты ақпарат береді. Бірақ функцияларына қарай шығындарды бөлу даулы болуы мүмкін және субьективті елеулі  үлесті  болжайды. Мысалға,  шығындар  функциясы  әдісі  көмегімен  жіктеу  келесі түрде болады (кесте 2):  

 

2 кесте 

Шығындар функциясы әдісі көмегімен жіктеу

 

Сатудан түскен табыс

Х

Сатылған өнімнің өзіндік  құны

(Х)

Жалпы табыс (шығын)

Х (Х)

Басқа да операциялық  табыс

Х

Сату бойынша шығындар

(Х)

Әкімшілік шығындар

(Х)

Басқа да операциялық шығындар

(Х)

Операциялық қызметтен  түскен табыс (шығын)

Х (Х)


 

    Бұл жағдайда функцияларына қарай шығындарды жіктейтін ұйымдар,  шығындардың сипаты жайлы қосымша ақпараттарды ашып көрсету керек.

    Шығындардың сипатына қарай және өзіндік құны әдістерін таңдау мен талдау ұйымның сипатына, салалық факторларына және құрылу уақытына байланысты.

1.3 Ақша қозғалысы  есебін құрастыру үшін шаруашылық  операциялардың жіктелімі

 

    Есепте операциялық,  инвестициялық және қаржылық қызметтерді бөлек түрде ақша қаражаттарының  қозғалысы ақпараттары көрсетіледі.

    Осыған байланысты ақша қозғалысы есебі ақша құрылымдарын қызмет түрлеріне қарай шектеуге көмектеседі.

    Ақша қаражаттарына ақшалар және талап етілген салымдар кіреді.

Информация о работе Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері