Ақша қаражаттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 16:55, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жүмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Содержание

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------3
І-бөлім . Ақша қаражаттары есебінің мәні--------------------------------------------7
1.1 Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері-------------------------------------------------------------------------------------7
1.2 Төлем карточкаларының есебі------------------------------------------------------9
1.3 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі---------------------------------------------12
1.4 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі-------16
1.5 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі------------------------17
ІІ-бөлім. Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу-------------------------------------------------------------------------------------22
2.1 Банктегі арнайы шоттардагы ақша қаражатын есепке алу-------------------22
2.2 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу-------------------------------------------------------------------------------------27
ІІІ. Ақша қаражаттарымен валюта шоттарының есебі-----------------------------29
3.1 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі--------------------------29
3.2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу------------31
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------33
Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------------35

Работа состоит из  1 файл

Акша каражаттары, кунды кагаздар- бух учет.doc

— 191.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------3

 

І-бөлім .  Ақша қаражаттары есебінің мәні--------------------------------------------7

1.1 Ақша қаражаттары мен есеп  айырысу операцияларын есепке  алудың міндеттері-------------------------------------------------------------------------------------7

1.2  Төлем карточкаларының  есебі------------------------------------------------------9

1.3  Кассадағы қолма-қол ақшаның  есебі---------------------------------------------12

1.4  «Кассадағы шетелдік валюта  түріндегі қолма-қол ақшаның»  есебі-------16

1.5   Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі------------------------17

 

ІІ-бөлім. Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу-------------------------------------------------------------------------------------22

2.1 Банктегі арнайы шоттардагы  ақша қаражатын есепке алу-------------------22

2.2 Ақша қаржысы, құнды  қағаздарын және есеп берудің  бланкілерін түгендеу-------------------------------------------------------------------------------------27

 

ІІІ. Ақша қаражаттарымен валюта шоттарының есебі-----------------------------29

    1. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі--------------------------29
    2. Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу------------31

 

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------33

 

Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------------35

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

        Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жүмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

              Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жүмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады.

        Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы  Қазақстан Республикасы қаржы  министрлігі қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 1998 жылғы 19 наурыздағы N 489 тіркелді. 
        1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті    

            бюджеттердің есебінен ұсталатын  ұйымдардағы бухгалтерлік есеп 

             жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 

  1. Қаржы министрлігі 1987 жылғы 10 наурыздағы N 61 мемлекеттік бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекітуі туралы қол жойылған деп есептелсін. 

 

      Ауыл шаруашылық өндірісін басқаруда  Бухгалтерлік қызметтің басшылары өз қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 Заң күші бар Жарлығын, белгіленген тәртіп бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармалары туралы Ережелерді және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Облыстық және қалалық  қаржы басқармаларының бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі төмен тұрған қаржы органдарында, лимиттерге басыт  билік етушілердің орталықтандырылған бухгалтерияларда және бухгалтерлік есепті дербес жүргізетін оларға бағынышты бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі және есеп беруді жасау мәселелері бойынша нұсқау береді және бақылауды жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп және есеп берудің жай күйін жүзеге асырады, сондай-ақ облыстық, қалалық аудандық, қалалық әкімдердің және тиісті қаржы органдары басшыларының шешімдері бойынша облыстық, калалық, қаржы басқармаларының аудандық, қалалық каржы  бөлімдерінің  басқа да қызметкерлерімен  бірлесе  отырып,  селолық, ауылдық және поселкелік әкімшіліктер және жергілікті бюджетте тұратын бюджеттік сметасының атқарылуына тексеріс жүргізуге қатысады.

Қаржы органының бас  бухгалтері қаржы органдарының барлық бюджетті атқару жөніндегі жүзеге асыратын операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетуді және бақылау жасауды, жедел ақпараттарды беруді, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасауды қамтамасыз етеді.

Бас бухгалтерге жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін оған бухгалтерлік есеп пен бақылау үшін қажетті барлық құжаттар уақыты берілуі тиіс.

Барлық шаруашылық жүргізуші  субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі  мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз  нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем акшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және занды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары — бұл банк мен клиентгер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір олерация түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататың субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын окшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінін әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы каражатты есептен шығаруға соттың мемлекетгік салық кызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген зандарда көзделген баска жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарынан тәлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді:

    • Қолма-қол ақшаны аударуды;
    • төлем тапсырманы ұсынуды;
    • чектерді беруді;
    • вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
    • төлем карточкасын пайдалануды;
    • тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;
    • тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;
    • инкассалық жарлығың ұсынуды республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерің пайдаланады.
    • Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:
    • төлем тапсырма;
    • чек- вексель-тапсырма-талап төлемдері;
    • кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың  арасында болатын талаптары мен  міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-бөлім.  Ақша қаражаттарының есебі

1.1 Ақша қаражаттары  мен есеп айырысу операцияларын  есепке алудың міндеттері

 

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:

1.  Банк жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен.

2.  Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:

1)  ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;

2)   шетелдік валютадағы  қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

3) бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;

4)  республикалық бюджетте  тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;

5) Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.

Касса — есеп айырысу  операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік  заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.

Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбек-заңы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма-қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.

Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:

1. Қолма-қолсыз ақша аудару жолымен және қолма-қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу;

2. Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп  айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету;

3. Бөлінген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын  мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау;

4.  Белгіленген мерзімдерге  ақша қаражаттары мен есеп  айырысудың жағдайына түгендеуді  ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі  кешігетін дебиторлық және кредиторлық  берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру;

5. Кассадағы, есеп айырысу  шотындағы және банктегі басқа  шоттардағы  ақшалардың  бар-жоғы  мен  сақталуына  бақылау жасау;

6. Есеп айырысу —  төлем тәртібінің сақталуына, материалдық  құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.

 

 

 

 

 

 

1.2 Төлем карточкаларының есебі

Инкассациялау шығындарын қысқарту; бухгалтерияның жұмысын жеңілдету, Қазақстаннан әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.

Төлем карточкалары —  ақша қаражаттарында электрондық терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма-қол ақшаны жасауға мұмкіндік береді.

Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және корпоративтік болып бөлінеді. Дебеттік карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасының шегінде оның ұстаушысына (иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк берген қаржы көлемінде төлей алады.

Кредиттік карточкалар  бойынша банк берген карыз сомасының  шегінде оның ұстаушылары төлем  жасай алады.

Корпоративтік карточкалар  — бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстаушыға банк пен заңды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың негізінде беріледі. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың қаржылық тегігі (инструменті) ретінде 2 млр. карточкалар колданыста жүр. 30 жылдан астам кезең ішінде Visа және Маstег Саrd халықаралық карточка жүйесі үлкен жетістіктерге жетті. Сондықтан оны 14 млн. кәсіпорын төлем карточкалары ретінде өздерінің күнделікті өмірінде пайдаланады. Олардың қатарына: супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі клубтар, аяқ киім сататын дүкендер т.б. жатады.

Қазақстан Республикасының аймағында Ұлттық банкінің лииензиялауымен шығарылған төлем карточкалары пайдаланады.

Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден тұрады:

-  төлем карточкаларын  берудің жағдайы;

-  төлем карточкаларымен жасалатын төлем түрлері және оның жағдайы;

Информация о работе Ақша қаражаттар