Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 16:55, курсовая работа
Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жүмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.
Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------3
І-бөлім . Ақша қаражаттары есебінің мәні--------------------------------------------7
1.1 Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері-------------------------------------------------------------------------------------7
1.2 Төлем карточкаларының есебі------------------------------------------------------9
1.3 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі---------------------------------------------12
1.4 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі-------16
1.5 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі------------------------17
ІІ-бөлім. Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу-------------------------------------------------------------------------------------22
2.1 Банктегі арнайы шоттардагы ақша қаражатын есепке алу-------------------22
2.2 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу-------------------------------------------------------------------------------------27
ІІІ. Ақша қаражаттарымен валюта шоттарының есебі-----------------------------29
3.1 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі--------------------------29
3.2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу------------31
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------33
Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------------35
- төлем карточкаларын алған тұлғалардын тізімі;
- төлем карточкаларын қайтарып апудың және тоқтатудың (блокирования) жағдайы;
- төлем
карточкаларының әрекет ету
- тараптардыд құқы мен міндеттері;
- тараптардың жауапкершілігі.
Қазақстан Республикасының аймағында төлем карточкалары тек теңгемен төленеді.
Төлем карточкаларымен төлем жүйесін жүзеге асырмастан бұрын оларға авторизация жасау керек. Авторизация процесі автоматталған тәртіпте немесе телефон байланыстары арқылы жүреді.
Төлем карточкаларымен операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде не қағаз, не электрондық нысанда құжаттарын жасайды. Егер ол кағаз нысанында жасалса, онда ол: слиптен, электрондық терминал квитанциясынан алынады, ал егер электрондық нысанда жасалса, онда ол: электрондық журнал құжаттарынан немесе банкоматынан алынады.
Қазақстан Республикасында тауар мен қызметін төлеу үшін төлем карточкасының пайдаланғаны слиппен немесе сатып алынған сомасына екі данада берілген сауда чегімен расталуы мүмкін. Слип үш данада рәсімделеді: біріншісі банкке, екіншісі кәсіпорынға, үшіншісі карточка иесіне беріледі. Слип нысаны мынадай болады.
Төлем құжаттары келесі реквизиттерден (көрсеткіштерден) тұрады:
- төлем құжатының нөмірі және жазылған күні, айы, жылы;
- операцияны жасаған ұйымның толық атауы (коды) және эквайер;
- карточка төлемінің реквизиті;
- төлем сомасы;
- төлем валютасы.
Сауда чегі — төлем карточкасын жұзеге асыру кезінде жасалады, яғни төлем жасалып біткен соқ карточканы ұстаушыға беріледі (слиппен де, слипсыз да) және келесі міндетті реквизитгерден тұрады:
- құжат нөмірі және оның жазылған күні, айы және жылы;
- операцияны жүзеге асырушы ұйымның атауы (коды, идентификаторы);
- төлем сомасы;
- төлем валютасы;
- төлем карточкаларының реквизиттері.
Енді біз төлем карточкасын әртүрлі жағдайда пайдаланған кезде болатын шоттар корреспонденциясын мысал ретінде келтірейік.
Мысал. Кәсіпорын Visа халықаралық корпоратвитік карточкасын шығару мен қолдану үшін банкімен келісім-шартқа отырған. Кәсіпорын сол келісімшарттың негізінде бірыңғай шот-картасын ашып, сонымен коса ондаған еңбеккерлеріне іс сапарымен, офисымен, үстеме шығыстарымен есеп айырысу үшін таратып берген. Шот-картасы шетелдік валютада ашылған және ол АҚШ долларымен есептелінеді. Шот-картасына орналастырылған ақша қаражаты, 1070 шотының дебетінде көрініс табады. Демек, олардың келіп түскен кезінде: 1070 шоты дебеттеліп және 1040,1050 шоттары кредиттеледі.
Төлем карточкалары арқылы жұмсалған ақша қаражаттары 1070 шоттың кредитінен мына шоттардың дебетіне жазылады:
-1250 — қолма-қол ақшаны іс-сапар мен шаруашылық шығыстарына, авиа, темір жол билеттерін сатып алуға арналған кезде;
-7210, 7110, 8048 — корпоративтік картаның көмегімен орындалған жұмысқа, көрсеткен қызметке, қонак үйде тұрғанына төлеген кезде;
- 7210 — банкінің комиссиондық төлемдерін төлеген кезде;
- 1310, 1311, 1330 т.б. — карточка арқылы алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды төлеген кезде.
Ай соңында барлық карточка ұстаушылары бойынша банк төлемдерінің көшірмесі беріледі. Сол көшірменің үлгісі төменде келтірілді.
Шот-картасының көшірмесінде екі дата көрсетіледі:
- "Шот бойынша күні" — шоттағы операцияның жасалған күнін көрсетеді;
- "Күні" — операцияның өзінің жасалған нақты күнін көрсетеді.
Сауда ұйымдары үшін төлем карточканың негізінде сатып алушылармен есептесуді жүзеге асырған кезде 1030 "Жолдағы ақша аударымдары" деген шот пайдаланылады.
1030 шотының дебеті бойынша сауда ұйымдарының түсімдері көрсетіледі, ал кредиті бойынша сауда ұйымдарынан аударылған ақша қаражаттары көрсетіледі.
Түскен қаржыны 1030 шот бойынша есепке алу үшін банкке байланыс бөлімшелерінін квитанциялары, банк инкассаторына түскен қаржыны өткізуге арналған жолдама тізімдемесінің көшірмесі және т.б. негіз болып табылады.
Мысал: шілденің 29-да инкассатор кәсіпорынның кассасынан 142900 теңге сомасын қабылдап алған, бұл түсім есеп айырысу шотына тек тамыздың 1-ші күні косылды.
1.3 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек акы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық, жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45 - "Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
1010 - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" және 1020 — "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоттарында жүргізіледі.
"Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның" есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төл құжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамныңтегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: "Сенімхат бойынша" деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді. Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі (ведомосы) бойынша таратылады, оның бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы соманы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол кояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе "Депозитке салынды" деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалакы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: "Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)" деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міңдетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып "Алынды" немесе "Төленді" деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (у. NКо-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан ("Басталған күніне дейінгі қалдығы" деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады. Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. "Соның ішінде жалақыға" деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған тәлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010 — "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.
"Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 451 шоттың калдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаға ақша кірістелген кезде 1010 - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:
1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты— кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;
2150- "Қызметкерлердің және басқа да адамдардың қарыздары" қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;
6010- "Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс", 6011 - "Сатып алынған тауарларды сатудан түскен табыс", 6019 - "Басқа табыстар" шоттары материалдар, жұмыстар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысқан кезінде.
Кассадан ақша берілген кезде 1010-шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары дебеттеледі:
3350- "Персоналдармен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу" шоты — кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;
2150- "Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары" шоты — кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;
1040- "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша" шоты — кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсімнің сомасына.
1.4 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі
Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1020-"Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол акдіа" шотын ашатын Валюта касасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында каражатгар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған тұрінде көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 1020-шоты дебетгеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:
1050-"Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша" шоты - валюта шотынан валюта түскен кезде;
2110- "Алынуға тиісті қарыздар" шоты - кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;
725- "Бағам айырмашылығынан түскен табыс" шоты - тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының күлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарыны сомасына;
2150-"Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары" шоты - есеп беретін адамдардын кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде - 1020-шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:
2150- "Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары" шоты - есебіне берілген шетел валютасының сомасына;
1050- "Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша" шоты - валюта шотына өткізілген валюта сомасына.
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық тәлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.