Ақша қаражаттары мен олардың баламалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 12:34, реферат

Описание

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.

Содержание

Ақша қаражаттары мен олардың баламалары
Қолма қол есеп айырысу нысандары
ХҚЕС №7 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қаржылық есеп 1 тапсырма.docx

— 41.71 Кб (Скачать документ)

қозғалысы туралы есебін жасау үшін негізгі нұсқа болып табылады.

Ақша қаражатының  қозғалысы туралы есеп жасау мақсатында ХҚЕС-ке

сəйкес кірісті (қаржылық ұйымдар үшін проценттер мен комиссиялар түріндегі

кірістер жəне проценттер мен комиссиялар төлеу шығыстары) пайда жəне залал

туралы есептің  басқа баптарын:

- кезең ішінде  қорлардағы жəне операциялық  дебиторлық жəне

кредиторлық берешектердегі өзгерістерді;

- басқа ақшалай емес баптарды;

- инвестициялық  немесе қаржылық қызметтен ақша легінің пайда болуын

жеткізетін өзге баптарды есепке ала отырып, түзету арқылы жалпы ақша

түсімдерінің  жəне жалпы ақша төлемдерінің негізгі  түрлері туралы ақпарат

пайдаланылады.

Ақша қаражатының  қозғалысы туралы есеп жасау үшін төменде

мынадай алгоритмге сай ұқсас принциптер қолданылады (осы процедураға 2-

қосымша).

2. Операциялық қызметтен  түскен ақша қаражатының  қозғалысы.

Осы бап негізгі  нысанға сəйкес мынадай ақша лектерін қосу арқылы

ашылады:

- проценттік  жəне комиссиялық сыйақы түріндегі ақша түсімі/ шығып

қалуы;

- операциялық  активтердегі ұлғаю/азаю;

- операциялық  міндеттемелердегі ұлғаю/азаю.

Тұтастай алғанда, қызметтің осы түрі үшін жалпы формула мынадай

түрде көрінеді.

Операциялық қызметтен  түскен ақша қаражатының қозғалысы = (1)

Проценттік жəне осыған ұқсас сыйақы комиссиясы түріндегі ақша түсімі/

шығып қалуы + (2) Операциялық активтердегі ұлғаю/азаю (Үш айдан астам

өтеу мерзімімен орналастырылған салымдардың ұлғаюы/азаюы + Берілген

заемдардың жəне қаржылық жалға алудың ұлғаюы/азаюы + Саудалық жəне

сату үшін қолда  бар бағалы қағаздардың ұлғаюы/азаюы + "Кері РЕПО"

операциясының ұлғаюы/азаюы + Клиенттерге талаптардың  ұлғаюы/азаюы +

Дивидендтердің  ұлғаюы/азаюы + Өзге активтердің ұлғаюы/азаюы) + (3)

Операциялық міндеттемелердегі  ұлғаю/азаю (Тартылған салымдардың

ұлғаюы/азаюы + "РЕПО" операциясының ұлғаюы/азаюы + Клиенттер

алдындағы міндеттемелердің ұлғаюы/азаюы + Өзге міндеттемелердің

ұлғаюы/азаюы).

Қызметтің негізгі  түрлерінің əрқайсысы бойынша ақша лектерін құрудың

осы механизмі (Инвестициялық  қызметтен түскен ақша қаражатының

қозғалысы, Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы)

жоғарыда көрсетілгенге  ұқсас болып табылады.

3. Ақпаратты негізгі  тасымалдаушы ретіндегі  баланстық шот

Ақша қаражатының  қозғалысы туралы есепті құруда негізі буын

ақпаратты негізгі  тасымалдаушы болатындықтан баланстық  шот болып

табылады. Баланстық  шоттар бойынша ақпарат Банктің Бас кітабынан

алынады. Ақша қаражатының  қозғалысы туралы есепті құру үшін қажетті

барлық баланстық  шоттар бөлінген жəне қызметтің тиісті түрлеріне енгізілген.

Операциялық қызметтен, инвестициялық қызметтен жəне қаржылық

қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке қосу үшін

активтер бойынша  ақша қаражаты қозғалысының жалпы формуласы:

баланстық шот  бойынша өзгеріс = есепті кезең басындағы  баланстық

шоттағы қалдық – есепті кезең соңындағы баланстық  шоттағы қалдық болып

табылады.

Операциялық қызметтен, инвестициялық қызметтен жəне қаржылық

қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке қосу үшін

міндеттемелер бойынша ақша қаражаты қозғалысының жалпы формуласы:

баланстық шот  бойынша өзгеріс = есепті кезең соңындағы  баланстық

шоттағы қалдық – есепті кезең басындағы баланстық  шоттағы қалдық болып

табылады.

Ақша қаражаты жəне оның баламасы бойынша ақша қаражатының

қозғалысы туралы есепке қосу үшін баланстық шоттар бойынша ақша

қаражаты қозғалысының жалпы формуласы:

баланстық шот  бойынша өзгеріс = есепті кезең соңындағы  баланстық

шоттағы қалдық – есепті кезең басындағы баланстық  шоттағы қалдық болып

табылады. Бұл ретте ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке қосу үшін кірістер шоттарындағы қалдықтар «+», ал шығыстар шоттарындағы қалдықтар «-» таңбасымен беріледі. 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Кеулімжаев Қ.К. Қаржылық есеп негіздері. Алматы, 2006.
  2. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп. Алматы, 2006.
  3. Назарова В.Л. Шаруашылық субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп. Алматы, 2005.
  4. Радостовец В.В., Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.
  5. Рахимбекова Р. Қаржылық есеп. Алматы 2005.
  6. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары, 2007 жыл
  7. Ұлттыққаржылықесептілікстандарттары, 2007 жыл

Информация о работе Ақша қаражаттары мен олардың баламалары