Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 16:07, курсовая работа
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.
Кіріспе.........................................................................................................3
бөлім. Ақша. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны мен қызметтері
1.1. Ақшаның пайда болуы мен даму кезеңдері.....................................4-5
1.2. Құн формалары мен ақшаның түрлері.............................................6-9
1.3. Ақшаның экономикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері.......10-14
бөлім. Ақша айналымы және ақша айналысы
2.1. Ақша айналымы, оның маңызы құрылымы мен құрылысы және ақша айналысының сипаттамасы.........................................................................15-18
2.2. Ақша айналысы..............................................................................19-22
2.3. Ақша реформасы..........................................................................23- 26
бөлім. Ақша жүйесі мен оның элементтері
3.1. Ақша жүйесі...................................................................................27-28
3.2. Биметализм мен монометализм жүйесі.........................................29-31
3.3. Ақша жүйесінің элементтері..........................................................32-33
Қорытынды.........................................................................................34-35
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................36
Ақшаның осы атқарымында, қолма-қол ақшасыз есептесетін жеке түлғалардың үлесі қаншалықты төмен болса, қолма-қол ақшамен есептесетін Заңды тұлғалардың үлесі соншалықты төмен (егер есеп ажыратудың барлық ережелері бұзылмаған болса).
Ақшаның төлем құралы ретінде атқарымының жоғарыда айтылған, айналыс құралы ретіндегі атқарымынан айырмасы, бұл атқарымды, ұлттық ақшамен қатар, басқа елдердің ақшалары да орындай алады. (сақтың кассаларға ақша салып, оны қайтып алғанда, экспорттық және импорттық мәмілелер жүргізгенде, басқа елдермен және олардың азаматтарымен басқа да төлемдер жүргізгенде).
Ақша, қорлану құралы ретінде. Бұл атқарымды, айланыс құралы, болмаса, төлем құралы ретінде айналыста жүрген ақшалар емес, айналысқа қатынаспай жүрген ақшалар ғана орындайды. Оның ішінде халықтың қолында жүрген ақша, банкілердегі есеп шоттарда қалған, жеке және заңды тұлғалардың ақшасы кіреді.
Ақшаның қорлану құралы ретінде атқарымын орындайтын артық ақша (бос ақша) табыстың шығынынан көбірек болған күнде ғана пайда болады. Ол ақшалар алдағы кезде орын алатын (күтулі) көлемді шығындардың қоры ретінде сақталады. Сонымен ақшаның бұл атқарымы, несиелік қарым-қатынастың пайда болуына, оның әрі қарай дами түсуіне әсер ететін алдыңғы жағдай туғызады.
Осының арқасында шаруашылықтардың, жеке түлғалардың уақытша артық (бос) ақшасы, басқа шаруашылықтарға, жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беріледі (қарызға беріледі). Сөйтіп ақшаның бостан-босқа пайдасыз жатуына, сонымен бірге оның инфляцияның3 әсерінен құнсызданып кетуіне жол берілмейді, Тек мынандай жағдайларға сүйену керек:
Дүние жүзілік ақша атқарымы. 1976 жылы, ақшаның алтын тепе-теңдігі жойылғаннан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз, қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келген. Бірақ та, ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың заңды және жеке түлғаларының, өзара қарым-катынастарына қызмет көрсетіп жүр. Мысалы, басқа елдің шаруашылықтарымен жеке түлғаларымен алып-сату, ол үшін өзара есеп ажырасу, несие алу оны қайтару деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты, қазіргі акша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікір, онша дұрыс емес. Ақша бұрынғыша өзінің дүниежүзілік ақша атқарымын орындап келеді. Рас, кез келген үлттық ақша емес, тек еркін айырбасталымды ақшалар (валюта-лар). Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзілік акша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін айырбасталынатын ақшаға (доллар, марка, иена сияқты) ауыстырады да, содан соң оны өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды деген түсінікпен келісуге болмайды. Орындайды, тек тежеулі көлемде.
ІІ.бөлім. Ақша айналымы және ақша айналысы
2.1.
Ақша айналымы, оның маңызы, құрылымы
мен құрылысы және ақша
Ақшалай есеп айырысу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Соңғы жағдайда есеп айырысу банкідегі есеп шоттарға тиісті жазу жасаумен бітеді.
Қазіргі ақша айналымының ерекшелігі - айналымның құнсыздық түрі болып есептеледі. Айналымның құндылық түрі - бұрынғы, алтын мен күміс ақшаларының қолданылған күндерінде болған. Олай болатын себебі, жоғарыда талай қайталанып айтылғандай, алтын және күміс ақшалардың өзіндік құны болды (оларды шығарумен байланысты шығындар). Ақшаның өзінде көрсетілтен құны, оның өзіндік құнымен тең. Сондықтан алып-сату кезінде екі құн бір-біріне баламалы болғандықтан, біріне-бірі қарсы қозғалады.
Қазіргі жағдайда айналымның ең басты аспабы болып, өзіндік құны жоқ ақшаның, қағаз белгілері істейді. (қағаз ақшаның құны жоқ дейтініміз, оны шығару үшін тым азғантай шығын шығады, ол шығынды есепке алмауға болады). Сондықтан қағаз ақша тауар сатушыға қарай қозғалғанда, өзінің құны болмай тұрып, тек құнды ақшаға еліктенді.
Ақша айналымы, төлем айналымның бір бөлігі болып табылады. Өйткені, төлем айналымының құрамына, ақша айналымынан баска, чек, вексель, депозиттік сертификат сияқты төлем құжаттарымен жүргізілетін төлемдер кіреді.
Ақша айналымының тағы бір ерекшелігі - мұндай айналымға, тек қолма-қол ақша ғана қатынасады. Ал, қолма-қол емес ақша бұған қатынаса алмайды.
Өйткені, оның қозғалысы тек банкідегі есеп шоттарға жазылып қана бітеді. Бір жазумен бірнеше тауарлық немесе тауарсыз мәмілелерге қызмет көрсету мүмкін емес.
Ақша айналымның екінші ерекшелгі - оның айналымда орындайтын атқарымдарына байланысты. Бұрын ақша, экономикалық санат ретінде бес атқарым орындайды деген болатынбыз. Ал, айналым процессінде ол тек үш атқарым орындайды: айналыс құралы ретінде, төлем құралы ретінде және қорлану құралы ретінде. Олай дейтін себебіміз, ақшаның, құнды өлшеуіші ретіндегі атқарымы, оның айналымға түспей түрған кезінде орындалады, ал дүниежүзілік ақша атқарымын, кезінде айтқанымыздай, тек еркін айырбасталымды валюталар орындайды. Айналымдағы ақша мұндай бола алмайды.
Ақша айналымының құрылысы бірнеше белгілермен (нышандар) сипатталынады. Оның ішінде ең маңыздысы осы айналымның қызмет көрсететін қарым-қатынастардың түрі.
Осы белгімен ақша айналымы үшке бөлінеді:
- Ақшаның есеп айырысудағы айналымы. Бұл айналым заңды және жеке түлғалардың тауар немесе әр түрлі қызметтері үшін есеп айырысуға көмектеседі;
- Ақшаның несиелік айналымы. Бұл айналым заңды және жеке түлғаларға несие беру, оны қайтару процесстеріне қызмет көрсетеді;
- Ақшаның қаржылық айналымы. Бұл айналым шаруашылықтардың қаржылық қарым-қатынастарына қызмет көрсетеді.
Осы айналымға
қатынасатын субъектерге
- банкаралық айналым;
- банктер мен басқа занды және жеке тұлғалардың арасындағы айналым;
- тек занды тұлғалардың арасындағы айналым;
- заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың арасындағы айналым;
- тек жеке тұлгалардың арасыңдағы айналым.
Басқа да экономикалық құралдар сияқты, ақша айналымының да түрі, әр түрлі шаруашылық жүйесіне байланысты өзгеріліп тұрады. Өткен жоспарлы тарату жүйесінде ақша айналымы тарату қатынастарына қызмет көрсетті. Ол кезде барлық шығарылған өнімдер (өндіріс құралдары болсын, тұтыну бұйымдары болсын) әдейі құрылған сауда және жабдыктандыру жүйелері арқылы бөлінетін. Оның үстіне Үкімет қандай нәрсе үшін қолма-қол акшамен, қандай нәрсе үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қатаң белгілейтін: өндіріс құралдары үшін есеп айырысу тек колма-қол ақшасыз жүргізілетін. Керісінше, барлық тұтыну бұйымдары үшін, тек қолма-қол ақшамен есептесетін. Бірақ бұл ереженің де ерекшеліктері болды. Мысалы, кейбір мемлекеттік орындарға (балалар бақшаларына мектептерге, ауруханаларға, колхоздарға т.с.с.) кейбір өте қажетті тұтыну бұйымдары үшін белгіленген мөлшерде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға рұқсат етілген. Өйткені, материалдық құндылықты сатып алу үшін, тәртіп бойынша тек 10 сом қолма-қол ақша жұмсауға рұқсат болған. Ал 10 сомға, мысалы, мұздатқыш ала алмайды.
Сонымен ол кезде ақша айналымы бір ғана мемлекеттік меншіктің шеңберінде ұйымдастырылды.
Қазіргі, нарық жағдайында, ақша айналымын жүзеге асыру мүлде басқаша.
Енді бұл айналым тек нарықтық қатынастарға қызмет етеді. Бұндай қатынастарға қанша, қашан және қалай қызмет ету жөнінде ешқандай заңдық шектеулер жоқ. Сонымен қатар бірінші және екінші дәрежедегі банктердің айналымға ақша шығарудағы атқарымдары шектелген, банктік мультипликатор жұмыс істейді.
Нарықтық экономиканың тұсында ақша айналымы, өз кезегінде нарықтық қарым-қатынастың жүйесіне байланысты екі салаға бөлінеді: ақшалық-тауарлы қарым-қатынас және ақшалық-тауарсыз қарым-қатынас.
Ақшалы-тауарлық қарым-қатынаста тек ақша ғана емес, тауарлық айналым да болады. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, ақшаның қозғалысы, тауардың қозғалысымен байланысты, екеуі біріне-бірі қарсы қозғалады. Ал, ақшалық тауарсыз қарым-қатынаста кұнның қозғалысы болмайды. Тек, ақшаның иесі өзгереді. Бұны несиелік нарықтан көруге болады. Мұндай, мәлімеге сәйкес, несие берушінің ақшасы азаяды да, ал несие алушының ақшасы көбейеді. Сонымен қатар, ақша айналымның әрбір бөлігі, өзінің саласына қызмет етеді. Бірақ, керек кезінде ақша бір саладан екінші салаға ауыса алады, яғни, нарықгык экономикаға тең, капиталдық еркін қайта құйылымы мүмкіндік алады.
Қайта құру кезеңіне дейін "ақша айналымы" мен "ақша айналысы" ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшанын қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың (халықтың) ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен камтамасыз етілсе, қолма-қолсыз рубль - бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің мемлекет иелігенен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы - ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективті негізі - тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі - қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның колданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғы-шарттары жасалынды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар, т.б. көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша каражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.
Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:
2.2. Металл ақша және қағаз ақша айналысы
Ақша өзінің материалдық-заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және казыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Екінші ірі коғамдық енбек бөлінісінің нәтижесі - егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның рөлін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастады. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінін салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарынын орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналымға түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі XIII ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты казіргі уақытта да көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы, фунт стерлинг, ливр, марка - "жарты фунт" деген ұғым. Ал фунт - орыстың бұрынғы 409,5 грамдық өлшеміне тең екен. Киев Русіндегі ақша өлшемі гривна күмістің фунты деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең жартысы (рубленая пополам) рубль деп аталған.