Ақша жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 16:07, курсовая работа

Описание

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3
бөлім. Ақша. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны мен қызметтері
1.1. Ақшаның пайда болуы мен даму кезеңдері.....................................4-5
1.2. Құн формалары мен ақшаның түрлері.............................................6-9
1.3. Ақшаның экономикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері.......10-14
бөлім. Ақша айналымы және ақша айналысы
2.1. Ақша айналымы, оның маңызы құрылымы мен құрылысы және ақша айналысының сипаттамасы.........................................................................15-18
2.2. Ақша айналысы..............................................................................19-22
2.3. Ақша реформасы..........................................................................23- 26
бөлім. Ақша жүйесі мен оның элементтері
3.1. Ақша жүйесі...................................................................................27-28
3.2. Биметализм мен монометализм жүйесі.........................................29-31
3.3. Ақша жүйесінің элементтері..........................................................32-33
Қорытынды.........................................................................................34-35

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Акша к.doc

— 272.00 Кб (Скачать документ)

Шаруашылық  механизмінің құрамдас бөлігі ретіндегі  ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс  процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап  қайырады. Кез келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінін тұрақсыздығына, ақырында ақшаның кұнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3. Ақша жүйесінің негізгі элементтері

Қазіргі жағдайда  ақша  жүйесі  бірнеше  элементтерден  құралады.   Оның ішінде:

Елдің ақша бірлігінің аты. Бұл элемент, өр елдің өмір сүре бастаған кезінде пайда болатын мемлекеттік атрибут, және оның сыртқы түрі, не ішкі мазмұны өзгерсе де аты өзгермейді. Мысалы, кезінде күміс те, алтын да доллар болды. Енді қағаз доллар да бар. Бірақ, ол американың америка болғанынан бері ұлттық ақша бірлігі болып келеді.

Ресейде ХҮШ-ғасырда, кейбір княздықтарда қолданылған күміс құймалар "рубль" деп аталған. Кейінірек, Петр І-дің тұсында, ол Ресей мемлекетінің Ұлтгық ақша бірлігі болып жарияланған. Содан бері талай ақша реформалары болып жатса да, оның сыртқы түрі де, ішкі мазмұны да өзгергенмен аты өзгерген жоқ.

Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін, 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша "Теңге" ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының ақша жүйесі" деген заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы (осы заңның 1-ші және 12-ші баптарын қараңыз).

- Ақша белгілерін қамтамасыз етудін тәртібі. Қазақстаңда жоғарыда айтылған заңның 9-шы бабында көрсетілгендей банкноттар мен монеттер Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылады. Сондықтан олар, осы банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.

- Эмиссия тетігі. Ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан 
шығарып алудың тәртібі эмиссия тетігі деп аталады. Қазақстанда ол тәртіп 
мынандай:

а) қолма-қол  емес ақшаның айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу, екінші дәрежелі банктерге жүктелген. Олар несие берген кезде айналымда қолма-қол емес ақша пайда болады да, ал несиені қайтарып алғанда ақша айналымынан шығарылған болып есептеледі;

б) қолма-қол  ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу Ұлттық банкке және оның бөлімшелеріне жүктелген (облыстық бөлімшелер мен есеп кассалық орталықтары - РКЦ).

- Айналымдағы ақша жинағынын құрылысы. Бұл ұғым екі түсініктен тұрады. Бір жағынан, қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаның ара қатынасы қаралады. Дүниежүзілік экономикада бұл көрсеткіш 1/3 болып, қолма-қол емес ақшаның пайдасына шешілген. Екінші жағынан, банктік билеттер мен қазына билеттерінің ара қатынасы қаралады. Бұл көрсеткіш Кеңес Одағының тұсында 1/2 болатын, яғни, егер айналымға 100 мың сом шығарылса, оның жартысы банктік (10, 25, 50, 100 сомдық) билеттер, жартысы қазына билетгерінен тұратын 
(1, 3, 5, сомдық). Қазіргі жағдайда бұл ара қатынасқа ешкім көңіл аударып 
жатқан жоқ. Металл монеттері айналымда тіпті жоқтың қасында, ал қазына билетгері қиқым-сиқымға айналып барады.

- Ақша мен несиені реттеу тетігі. Бұл ақша-несие мәселелерін реттеудің әдісі. Қандай орган мұнымен шүғылданады, оның міндеттері, құқықтары қандай және оның алдына қандай мақсат қойылады. т.с.с.

- Ақшанын құнын белгілеу тәртібі. Бұл, осы елдің ақшасының, басқа елдердің ақшаларымен ара қатынасын анықтау жүйесі, яғни, ұлттық ақшаның (валютаның) бағамын белгілеу. Қазіргі жағдайда ұлттық валютаның бағамын анықтайтын екі режим (тәртіптеме) қолданылады: валюталық багамды бекіту және еркін жүзетін бағам. Валюталық бағамды бекіту режимінде ертеректе (1976 жылға дейін), оның бағамы алтынмен салыстырғандағы құнымен тең болатын. КСРО-да бұл тәртіп соңғы жылдарға дейін сақталды. Оны тек, 1992 жылы Ресей Үкіметі 
жойды. Осыдан кейінгі жыдцарда, үлттық валютаның бағамын, оның сатып алуға жарамдылығы мен басқа елдердің валюталарына ұсыным мен сұранымға байланысты анықталатын болды. Бір ескеретін жағдай, бұл режимде Орталық банк (Ұлттық банк) басқыншылық, әдістерін пайдаланып, өз валютасының бағамын қорғап отырады. Қазақстан 1999 жылдың 5 көкегінен бастап осы режимнен бас тартып, валюта бағамының еркін жүзу режимін енгізді. Бұл режимде валютаның (теңгенің) бағамы ұсыным мен сұранымға байланысты валюта нарығында анықталады.

- Касса тәртібін ретке келтіру. Кассалық операцияларды жүргізу тәртіптерін Қазақстан Ұлттық банкісі 1992 жылдың Ақпан айының 27 жүлдызындағы қаулысымен бекіткен. Оның қысқа мазмұны және оның қалай орындалып келе жатқаны женіңде осы тараудың 2, 3 параграфында айтылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Ақша –  адам өміріндегі экономкалық қатынас  нәтижесінде қалыптасқан. Ақша бұл  – тауар, ол тауар ауысымға арналған. Ақша қазіргі таң цивилизациясының сөзсіз атрибуты. Ақша күрделі ағза тәрізді, ел өмірінде үлкен роль алып, дәнекерлеуші, байланыстырушы және т.б. көптеген қызметтерді атқарады. Ақша рөлі тауар құнын бекітуде айқын сезіледі. Тауар бағасына сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігі, конкуренцияға әсер етеді.

Сөйтіп, ақшалар ертеден  адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Экономикалық категория  ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның өзінде, сондай –  ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары  сатып алу – сату процесі жалпыға  бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда. 

 Ақша құн өлшемі  ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

   Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

         Ақша экономикалық эволюция нәтижесі бола отырып, өзінің даму тарихында көптеген кедергілерге, өзгертулерге ұшырады.

Ақшаның мән-мағынасын  түсіну үшін, ақшаны зерттеп, бүгі-шігісіне дейін қарастыру керек.

10 жыл ішінде  жасалған іс-әрекет Қазақстандық  теңгеге өткен және болашақ  көзқараспен, үлкен сеніммен әрі мақтанышпен қарауға мүмкіндік береді.

Жеке ақша бірлігін енгізу – Қазақстан үшін ең жауапты іс-әрекеттің бірі болды.

Қазақстанда ақша саясатының негізгі мақсаттарының  бірі – жуық ұлттық валютаны одан әрі  тұрақтандыру болады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

  1. Назарбаев Н.Ә. – «Қазақстан 2030» халқына жолдауы

 

  1. «Қазақстан Республикасы Конституциясы» – Алматы, Казақстан 2000

 

  1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» жарғылық 1995 жылы 30 наурыз.
  2. Осипова Г. – «Экономикалық теория негіздері», Алматы 2002

 

  1. Сахариев С.С. – «Жаңа экономкалық теория», Алматы 2002

 

  1. Мендешев Б. – «Нарықтық экономика теорияларына кіріспе», Алматы 1995

 

  1. Көшенова Б. – «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары», Алматы 2000

 

  1. Саниев М.С. – «Ақша, несие, банктер», Алматы 2001

 

  1. Сейтқасымов Ғ.С. – «Ақша, несие, банктер», Алматы 2001       

 

  1. Е.Ф.Жуков «Деньги, кредит, банки» Алматы 1999 г.
  2. Мауленов «Экономикалық теория»
  3. Бисенғазиева «Кәсіпкерлікті ұймдастыру негіздері»
  4. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. «Қаржы теориясы» оқу құралы - Алматы:  Мерей :- 2001 
  5. Общая теория денег и кредита. Учебник под. Ред. Е.Ф. Жукова. Москва, ЮНИТИ, 1998.
  6. Мақыш.С.Б.  “Ақша айналысы және несие”  Алматы: 2004ж.
  7. Ысқақова. З.Д.  “Банк ісі”  Қарағанды, ж.
  8. Ысқақова. З.Д.  “Бағалы қағаздар нарығы”

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Ақша жүйесі