Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 09:36, реферат
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.
Кіріспе
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Қазақстанның Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:
Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.
Қазақстан Ұлттық Банкі
мемлекеттің ақша-несие саясаты
1.Ақша—несие саясатына жалпы түсініктеме
1.1. Ақша несие саясаты
1.2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер
Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша- несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.
Еліміздің ақша- несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.
Несиені
өтеу қабілетін бағалау үшін
рейтинг агенттіктері елдің
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарды шығарған кәсңпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс
2. Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары.
2.1. Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны.
Халықаралық ақша-несие саясаты - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша өзге елге валюталық және тауар ресурстарының несиеге берілуін қадағалайтын саясат.
Халықаралық несиелік қарым қатынастардың негізгі формалары әр түрлі. Олар заемдық қаражаттарды пайдалануда дүниежүзілік шаруашылықтың қажеттіліктерінің өсуін керек етеді. Халықаралық ақша - несие саясаты олардың тағайындалуына, экономикалық мазмұнына, несиені беру көздерін қамтамассыз етеді. Халықаралық ақша-несие саясаты көбінесе сыртқы сауда ағымдарына әсер етумен, инвестициялық обьектілердің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, оның маңызды бір бөлігі тек қана сыртқы экономикалық несиелерді қаржыландыру үшін ғана емес, сол сияқты барлық несиелер беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу саясатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер бір жағынан, экспорттық және қаржы несие зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және халықаралық несие түрінде қарастырылған.
Несиенің
бағасына несиеге
сатылатын тауарлар
бағасына жасырын түрде
болатын пайыз мөлшерлемесі,
комиссиондық және
Халықаралық несие нарығындағы пайыз мөлшерлемелерінің қазіргі құрылымы да несиенің қолданылу аясына және пайдалану бағыттарына сәйкес анықталады. Сондықтан да мынадай халықаралық несие категориялары: экспорттық және қаржы несиелерінің пайыз мөлшерлемелерінің қозғалыс ерекшеліктерін қарастыру қызығушылық тудырады.
Орташа пайда нормасына қарағанда дүниежүзілік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы өзгеріп отырады. Дегенмен өндіріс пен айырбастан және несиелік жүйелермен жинақталған несие капиталының өсуі, халықаралық сауда және батыс елдері арасындағы төлем есеп айырысу қатынастарының нығаюына әкеліп отыр. Мұндай несиелік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынас дүниежүзілік дағдарыстың тұсында болған.
Экспорттық несиелер бойынша пайыз нормасының қозғалысына ортақ заңдылықтар белгілеу өте қиын. Жоғарыда аталған факторларға қоса, бұл несие бағасының қалыптасуына дүниежұзілік нарықтағы тауарлар қозғалысынан сондай-ақ жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы несиелік қатынастардың ерекшелігінен туындайтын факторлар жиі ықпал етеді. Мұнымен экспортты несиелеу жүйесінің негізгі аспектілері: атап айтсақ, несиелеу мерзімі, формасы және түрлері, қамтамасыз ету сипаты, нарықтың шарттары мен тәртібі т.б. тығыз байланысты. Сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне, кейде саяси қажеттіліктен туындайтын несие нарығындағы бәсеке де үлкен әсер етеді. Мұның бәрі сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерінің құрылымының күрделенуіне әкеліп соғады. Несиенің кейбір формалары мен түрлері бойынша қандайда бір тенденцияны айқындау мүмкін емес.
Тікелей мемлекеттік несиелер бойынша халықаралық несие саласындағы пайыздар төмен болып келеді, мұндағы мөлшерлемелер мемлекеттік бюджет немесе арнайы қордағы қаражаттар есебінен жабылады. Мұндай несие бойынша пайыз мөлшері экономикалық емес, саяси формаларға байланысты анықталады. Батыс елдері бюджет есебінен арзан несие беруді және инвестициялар мен тауар экспортын ынталандыру үшін пайдаланады және нәтижесінде сыртқы экономикалық экспансияға тиімділік жасайды.
Евровалюта нарығындағы қаржы несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерін қалыптастырудың бірқатар ерекшеліктері бар. Оның басты элементі - «либор» мөлшерлемесі. Ол нарық конъюктурасына байланысты ауытқи отырып, банктің жалпы ағындағы өтімділік жағдайын көрсетеді.
Сыртқы сауда мәмілелерін қаржыландырудағы несие мерзімі несиеленетін тауарлар немесе объектілердің сипатына және контрактінің мөлшеріне байланысты. Контракт қаншалықты ірі сомаға жасалса, несие соғұрлым ұзақ мерзімді болуы мүмкін.
Инфляциялық процестердің ұлғаюы барысында ақша-несие саясатының маңызы арта түсуеді. Сондықтан валюта бағамының динамикасы, қарыз алушылардың несие мерзімін таңдауы нарықты тауарда маңызды роль ойнайды.
2.2. ҚР-ның ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады. ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі.