Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 09:36, реферат
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.
Ұлттық банктің үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі - оның ақша-несиелік және валюталық тұрақтылықты сақтаудағы іс әрекеттеріндегі тиімділігіне қажетті жағдай. Ұлттық банктің мұндай тәуелсіздігі еліміздің экономикалық тұрақтылығы үшін маңызды.
Дегенмен Ұлттық банктің Үкіметтен тәуелсіз қызмет істеуі мүмкін емес. Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі элементі - ақша-несие және қаржы саясатын мүлтіксіз орындау Ұлттық банк қызметінің түйіні. Сондықтан Үкіметтің макроэкономикалық бағыты Ұлттық банктің ұзақ мерзімдегі саясатын анықтайды. Сайып келгенде кез келген Ұлттық банкте әрі банктің, әрі мемлекеттік органның белгілері тоғысады.
Кез келген Ұлттық банктің міндеті - ұлттық ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін Ұлттық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды:
Осы аталған қызметтер Ұлттық банктің балансында көрініс табады. Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін Ұлттық банктің заңды бекітілген құралдары мен операциялары бар, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.
Сонымен қатар болашақта артық өтімділікті «депозиттерге тарту» Ұлттық банктің басты құралы болатын жоспары бар. Алайда инфляциялық қысым көзі сырттан (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы түсімдерді реттеу бағытында шаралар қолдану қажет.
Институционалдық жағынан қарасақ несие жүйесі валюта қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді. Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде (үкімет, қаржы-несие ұйымдары) және халықаралық қаржы несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік несие табылады. Мемлекеттік несие жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы.
Ақша-несие жүйесінде мемлекет мынадай рольдер атқара алады: несие беруші, қарыз алушы және кепіл.
Мемлекеттік несие ақша-несие қаражаттарын қайтару шарты негізінде қайта бөлу қызметін атқарады. Бұл халықтың жеке шаруашылық субъектілерінің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақтарды ұйымдастырудың бір нысаны болып табылады.
Мемлекеттік несие бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағына жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар. Бұл мемлекеттік займ облигацияларын шығарып, оны тұрғындар, шаруашылық субъектілері арасында орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздар (қазынашылық бондар, сертификаттар) шығару арқылы да болуы мүмкін. Тек еркін айналатын мемлекеттік займдардың болуы жинақ иелеріне жинақ нысандарының ұйымдастырылуын таңдауға мүмкіндік береді. Істің объективті қорытындылары болып кеңейтілген өндірістің көлемін жоғарлату табылады.
2.3. Қазақстанның ақша- несие саясатының негізгі бағыттары.
Қорытынды
Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің даму жолында шетелдермен төлем балансы және оның ақша-несие және валюталық саясатын, олардың өзара байланысы мен даму ерекшеліктерін қалыптастыру мен нарық талаптарына түсіру міндеттерін жоспарға алып, бұл мәселенің кезек күттірмей шешілу еліміздің экономикасы мен ертеңі үшін ауадай қажет екендігін айқындады.
Ақша-несие саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесі тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау орнатуы керек.
Ақша ұсынысының көлемін реттей отырып, Ұлттық Банк экономика дамуына белсенді түрде ықпал ете алады. Макроэкономикалық тепе теңдіктің кейнсиан үлгісі бойынша ақша ұсынысының ЖҰӨ дамуына ықпалы ең ақырында пайыздық мөлшер арқылы жүзеге асады, оның нақты көлемі ақша-несие саясатымен анықталады. Ең бірінші кезекте инвестициялық шығындарға ықпал ете отырып, пайыздық мөлшер жиынтық сұраныс көлемін, содан кейін ЖҰӨ-нің тепе теңдік көлемін өзгертеді.
Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бұрын бір жылға анықталып келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға анықтау тәжірибесіне көшті, және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған өзгертулер енгізіледі. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық принципіне өту.
Ақша-несие саясаты ғана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар, ақша-несие саясатына деген нарықтың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді.
Ақша-несие саясаты қаржы нарығының әрі төлем балансын әске асыруда, олардың тұрақтылығын сақтауда, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың өсуіне жағдай жасауға, сондай жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады. Қазақстандық ақша-несие саясатының төлем балансын жүзеге асырылуында айқындалатын екі артықшылығы бар:
Қорыта келе, банктер үшін экономикалық нормалар орнату, ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу, міндетті резервтердің нормасын анықтау, ең бастысы - төлем баланстарын жүзеге асыру мақсаттарына жету үшін елімізде ақша-несие және валюталық саясат дұрыс әрі қарқынды жүргізілуі қажет.
Қолданылған әдебиеттер
1. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең экономикалық теориясы», «Дәнекер», Алматы -2004ж. [99-119 беттер].
2. Н.Н.Хамитов «Банк ісі» «Экономика», Алматы -2006ж. [49-55 беттер].
3. «Егемен Қазақстан» 6.ХІІ.2006. №235 [3 бет].
4. А.А.Ильясов «Денежно-
5. «Экономика и право Казахстана» 2007 г. №2 [8стр.].
6. П.А.Самуэльсон «Основания
7. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана -2006 ж.
8. «Банки Казахстана» 2006 г. №3 [11-12стр.], 2006 г.
№49 [7-11 стр.], 2006 г. №6 [4 стр.], 2007 г. №2 [29-32 стр.], 2007 г. №3 [7-10 стр].
9. Финансово-экономический
10. УМК «Финансы и кредиты» Алматы -2006 г. [58-65 стр.].
11. Д.С.Моисеев «Денежно-
12. Б.Н.Жаналинов «Инфляция и
антиинфляционная политика в
Казахстане» «Экономика»,
13. С.Б.Мақыш «Коммерциялық
14. ІІ Халықаралық ғылыми
15. «Основы экономики» 2006 г. № 2(8) [30-31стр.].
16. «ҚР валюталық реттеу және
бақылау туралы» Заңы №57-1;13.
17. С.С.Сахариев «Әлем экономикасы» ІІ том. Алматы-2003ж. [38-47беттер], [128-131беттер].
18. Мәуленова, Бекмолдин «
19. М.К.Бункина «Монетаризм» «
20. «Аль-Пари» 2007 г. №2 [15-18стр.].
21. Т.Қ.Қожаниязов, Ж.Т.Қожаниязова
«Қазіргі экономика» Тараз -
22. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие,
23. «Финансы и кредиты» 2006 г. №9 [10-11 стр.].
24. С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие» «Маркет», Алматы -2004 ж.
25. В.Д.Мельников, В.Д.Ли «
26. «Қаржы - қаражат» 2006 ж. [24-29 беттер].
27. Крымова, Болатханова «