Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 04:54, курсовая работа
Қаржы – бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесіндегі ақша құрлысы қорының қалыптасуы, бөлінуі, қолданылуы. Экономикалық жүйеде қаржылар деп мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық құны жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе экономистер айтқандай, «А-Т», «Т-А» қатынастарында жүзеге асырылады. Яғни, бұл қатынастар «тауар-ақша» қатынастары болғандықтан қатысушы екі жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде мемлекеттің өзі немесе мемлекет уәкілдік берген өкілетті органы тұрады, әрі бұл қатынастар қаржылық – құқтық нормалармен реттеледі.
Жалпы мемлекеттік қаржылар халық шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету, қаржы ресурстарын эканомика салаларымен елдің аймақтарында қайта бөлуде маңызды рөл атқарады. Жалпы мемлекеттік қаржылар кәсіпорынның қаржыларымен тығыз байланысты.
Бір жағынан, бюджет пайдасының басты көзі ұлттық пайда болса, екінші жағынан, өндірісті көтермелеу үшін кәсіпорынның өзінің қаржыларымен ғана емес, жалпы мемлекеттік ақша қорларын банк несиелерін тарту арқылы дамытады. Кәсіпорынның өзінің жарғылық қоры жетіспеген жағдайда акционер негізінде басқа фирманың қаражаттарын тарту арқылы дамытуға болады.
Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша, жинақ қорларына мемлекеттік несиенің, салықтарының, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы ықпалын тигізеді.
Мемлекеттік бюджет – қаржы жүйесінің басты саласы. Ол мемлекеттің де басты саласы. Ол мемлекеттің басты кірістері мен шығыстарын біріктіреді.
Бюджеттен тыс қорлар – федеративтік және жергілікті үкіметтің қаржылары.
1995
жылы жалпы бюджеттен тыс
Қоғамның сан алуан қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін.Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарының бірі. Жеке және заңды тұлға, кәсіпорындар мен ұйымдар несиегерлер болып келеді. Қаржы нарығында облигация және де т.б. құнды қағаздарды сату арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарта алады. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болады.
Ресей
Федерациясының ішкі қарызы ұзақ мерзімді
міндеттемені білдіреді. Яғни, Ресей
Федерациясынан алынған несие, мемлекеттік
қарыз ұзақ мерзімді міндеттеме болып
табылады.
1 –
сызба. Ресей Федерациясының
Ресей Федерациясының соңғы жылдарда макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасайтын болсақ, нақты 2002 жылғы қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болады:
Халық саны – 145,2 млн адам
Жұмыссыздар саны – 6153 мың адам
Халықтың ақшалай табыстары (орташа жан басына шаққанда бір айға) – 3949,8 рубль.
Халықтың ақшалай шығындары (орташа жан басына шаққанда бір айға) 38,805 рубль.
Экономика саласында еңбекпен қамтылғандардың жылдық орташа саны – 65359 мың адам.
Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) - 10863,4 млрд рубль
Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда – 75497,0 рубль
Өнекәсіптік өнім көлемі – 6867,9 млрд рубль
Негізгі капиталға күрделі салымдар – 175807 млн рубль
Бюджет табыстары – 3519,2 млрд рубль
Бюджет шығындары – 3422,3 млрд рубль
Экспорт – 106154,3 млн доллар
Импорт – 461530 млн доллар
Ал,
күрделі салымдар мәселесі бойынша
Ресей бірнеше ірі дамыған мемлекеттермен
тығыз байланысты.Төмендегі кестедегі
көрсеткіштер арқылы 2001 – 2002 жылдар аралығындағы
Ресейге салынған күрделі салымдар мен
инвестор мемлекеттері көрсетілген.
|
2004 | 2005 | ||
АҚШ – ң млн долл. | % | АҚШ – ң млн долл. | % | |
Барлық күрделі салымдар | 14258 | 100 | 19780 | 100 |
Германия | 1237 | 8,7 | 4001 | 20,2 |
Кипр | 2331 | 16,3 | 2327 | 11,8 |
Ұлыбритания | 1553 | 10,9 | 2271 | 11,5 |
Швейцария | 1341 | 9,4 | 1349 | 6,8 |
Франция | 1201 | 8,4 | 1184 | 6,0 |
Нидерланды | 1249 | 8,8 | 1168 | 5,9 |
АҚШ | 1604 | 11,2 | 1133 | 5,7 |
Жапония | 408 | 2,9 | 441 | 2,2 |
Австрия | 423 | 3,0 | 376 | 1,9 |
Швеция | 72 | 0,5 | 139 | 0,7 |
Басқа да елдер | 2839 | 19,9 | 5391 | 27,3 |
Ресей Федерациясының
бюджет құрылымы
2004 | 2005 | |||
млрд рубль | ЖІӨ - ге % | млрд рубль | ЖІӨ - ге % | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Табыстар | 2683,7 | 29,7 | 3519,2 | 32,4 |
Оның ішінде: | ||||
Салықтық табыстар | 2345,0 | 25,9 | 3136,8 | 32,4 |
Олардан: | ||||
Кәсіпорын пайдасына салынатын салық | 513,8 | 5,7 | 463,3 | 4,3 |
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық | 255,8 | 2,8 | 358,1 | 3,3 |
Қосылған құнға салынатын салық | 639,0 | 7,1 | 752,7 | 6,9 |
Акциздер | 243,3 | 2,7 | 264,1 | 2,4 |
Мүлікке салынатын салықтар | 89,6 | 1,0 | 120,5 | 1,1 |
Табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлемдер | 135,7 | 1,5 | 330,8 | 3,0 |
Сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық операцияларға салынатын салық | 331,3 | 3,7 | 323,4 | 3,0 |
Бірыңғай әлеуметтік салық | 0,0 | 0,0 | 339,5 | 3,4 |
Салықтық емес табыстар | 198,7 | 2,2 | 266,4 | 2,4 |
Олардан: | ||||
Сыртқы экономикалық саладан | 51,5 | 0,6 | 65,4 | 0,6 |
Мемлекеттік немесе муниципалды меншік иелігіндегі мүліктерден түскен табыстар | 115,8 | 1,3 | 160,5 | 1,5 |
Қайтарымсыз аударымдар | -15,0 | - | -56,7 | - |
Мақсатты бюджеттік қорлардың табыстары | 146,7 | 1,6 | 160,3 | 1,5 |
Кәсіпкерлік саладан табыстар | 8,3 | 0,1 | 12,4 | 0,1 |
Шығыстар: | 2419,4 | 26,8 | 3422,3 | 31,5 |
Оның ішінде | ||||
Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін - өзі басқару | 111,0 | 1,2 | 149,0 | 1,4 |
Халықаралық іс | 23,8 | 0,3 | 34,2 | 0,3 |
Ұлттық қорғаныс | 247,7 | 2,7 | 295,4 | 2,7 |
Құқық қорғау және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету | 183,9 | 2,0 | 240,4 | 2,2 |
өнеркәсіп, энегетика және құрылыс | 237,4 | 2,6 | 324,5 | 3,0 |
Ауыл шаруашылығы және балық аулау | 67,4 | 0,7 | 59,8 | 0,6 |
Қандай мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде басты орынға ие – мемлекеттік бюджет.
Ресей Федерациясының жаңа Бюджет заңы бюджет туралы анықтаманы төмендегідей береді:
Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің құрылымының түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік – экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады. Мысал үшін, экономиканың социалистік үлгісіндегі елдерде, соның ішінде бұрынғы Кеңес Үкімет елдеріндегі қаржылық билік толығымен дерлік мемлекет билігінде болатын, және де ең басты міндет – мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету еді. Мемлекеттік қаржылар кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын, тіпті халықтың жинақтарын да толығымен өздеріне бағындырған болатын.
Дегенмен, 80 – 90 жылдардағы Ресейдегі саяси өзгерістер Ресей экономикасын толығымен өзгертіп жібергені анық. Меншіктің жаңа түрлері, шаруашылық субъектілерінің пайда болуы ақша табыстары жүйесіне өзгерістер енгізді. Әкімшілік билік жойылған соң, қоғамның қаржы ресурстарын заң шығарушы органдар мен атқарушы билік органдарының арасындағы құзырды анықтау мәселесі туындайды.
Мемлекет қаржыларын модернизациялаудың басты бағыты болғаны – дамыған социализмнен қалыптасып қалған бірыңғай мемлекеттік бюджеттің өз бетінше үш жеке дербес бөліктерге бөлінуі:
федералды бюджет;
федерация субъектілерінің бюджеті;
жергілікті бюджеттер.
Сондай – ақ, бюджеттің басты табыс көзі ретіндегі салықтар жүйесі де қолға алынды, сыртқы сауда мен валюта қатынастарына монополияны болдырмау, өнеркәсіптерді мемлекет меншігін алу сияқты маңызды қадамдардың бәрінің нәтижесі Ресей Федерациясының бюджет жүйесі мен құрылымын принципиалды түрде өзгертті.
Осылайша бүгінде Ресей Федерациясының бюджет жүйесі жоғарыда аталып кеткендей, үш деңгейлі:
Бірінші деңгей – Ресей Федерациясының федералды бюджеті мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеті;
Екінші деңгей – Ресей Федерациясының субъектілер бюджеті және аумақтық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеттері;
Үшінші деңгей – жергілікті бюджеттер.
Ескере кететін бір жәйт, Ресей Федерациясының БК – сі қабылданғанға дейін бюджеттен тыс қорлар қаржы жүйесінің элементі болып саналып, бюджет жүйесінің құрамына кірмейтін.
Ресей Федерациясының бюджет заңдылығы бойынша осы бюджеттер жиынтығы – жиынтық немесе құрама бюджет деп аталады.
Федералды бюджет – федералды жиналыс арқылы бекітілген мемелекеттің басты қаржы жоспары. Федералды бюджет ұлттық табыс пен ЖҰӨ - ді қайта бөлудің басты құрамы болып саналады, ол арқылы елді экономикалық дамытуды реттеу мен мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға қажетті қаржы ресурстары жұмылдырылады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – федералды бюджеттен тыс қалыптасқан және қолданылатын ақша қаоажаттарының қорлары.Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар азаматтардың мынадай конституциялық құқықтарын, яғни зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, жұмыссыздық жағдайына әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулықты қорғау және медициналық көмек көрсету сияқты құқықтарын жүзеге асыру үшін бағытталған және олар қатаң мақсатты түрде жұмсалады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, негізінен, міндетті аударымдар есебінен құралады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің орындалуы Ресей Федерациясының федералдықазыналығымен жүзеге асырылады.
Ресей Федерациясының Бюджет Кодексіне сәйкес мемлекеттік тыс қорлар қатарына мыналар кіреді:
-
Ресей Федерациясының
-
Ресей Федерациясының
- Федералды міндетті медициналық сақтандыру қоры;
- Ресей Федерациясының халықты еңбекпен қамту қоры;
- Ресей Федерациясының жол қоры;
-
Ресей Федерациясының
-
Мемлекеттік қылмысқа қарсы
- Ресей Федерациясының шекара қызметін дамыту қоры;
-
Ресей Федерациясының атом
-
Ресей Федерациясының кеден
Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері