Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 16:46, реферат

Описание

Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарық қатынастарына сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда жекеменшіктендіру акцияландырумен тікелей байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаға құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшік чектерін (купондар) өмірге келтіреді.

Работа состоит из  1 файл

жекещелекндіру.doc

— 47.50 Кб (Скачать документ)

    Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп  дамып және өндірістің барлық өмірлік  маңызды факторларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншік қатынастарындағы революциялық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдерде де болды. Егер  ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі тұрақты жүріп жатты. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді.

    Әлемде  қазір меншіктік қатынастардың  өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу  экономикалық реформаны жүргізу  кезеңінде пайда болып, «Отандық өндіріс» термині деген түсінікпен экономикалық категорияға кірді. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.

    Мемлекет  иелігінен алу - бұл мемлекетті экономикалық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауапкершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады.

    Мемлекет  иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен  жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен  халықтың қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материалдық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.

    Мемлекет  иелігінен алудың бір бағыты - ол жекешелендіру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акционерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті бөлшектеу. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншік объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.

    Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тыныш революция деп те атайды. Негізінде, қазір, бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құруларға ұмтылушылық әлемде, әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген  деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.

    Жекешелендірудің  негізгі себебіне тәртіп бойынша  мемлекеттік кәсіпорындар ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.

Жекешелендірудің  басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер  өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсырманы қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету.

    Мемлекет  иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді:

  1. жаппай жекешелендіру;
  2. шағын жекешелендіру;
  3. дербес жобалар бойынша жекешелендіру.
 

Меншік  және жекешелендіру  

Жекеменшік  кәсіпкерлерінің пайда болуы  екі түрлі жолмен жүзеге асады: 
Жекеменшік капиталы барысында құрылған жаңа мекемелер және жекешелендіру барысында мемлекет меншігін мемлекеттік емес меншікке көшіру арқылы. 
Жекешелендіру процесі мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оның құрамына шаруашылықты басқарудың демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін шектеу, жекеменшіккапиталын жігерлендіру жатады. Жекешелендіру – экономиканы күрделендірудің соңғы мақсаты болып табылмайды, ол дегенімізжаңа экономикалық жүйеге көшкенде болатын меншік қатынастарын өзгерту тәсілі. 
Жекешелендіру жүргізген кезде республика экономикасының ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге еліміздің шикізаттық қоры, ауырмашина өндірістің сырттан әкелінетің шикізат пен материалдарға байланысты әндірістік қаражат инжрақұрылымдарының әлсіз дамуы т.б. кіреді. 
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданған болатын. 1991 жылы қабылданған жекешелендіру туралы заң жекешелендірудің үш тәсілін қарастырады: 
1)    Еңбек коллективтерінің мекемелерді біртіндеп сатып алуы; 
2)    Аукцион және тендер. 
Біздің республикамызда өтетін жекешелендіру процесі келесідей бағыттарда жүреді: 
1)    Аукцион және тендер арқылы кішігірім мекемелердің кіші жекешелендірілуі; 
2)    Аукционерлік қоғамдарға көшіру арқылы орта және үлкен мекемелердің топтық жекешелендірілуі; 
3)    Күрделі проектілер барысындағы үлкен және мамандандырылған мекемелердің жеке проектілер арқылы жекешелендіру бағыттарына өтеді. 
Айрықша әлеуметтік мағынасы бар тауарларды шығаратын немесе табиғи монополист болып табылатын мекемелер әдейі жасалған проектілер арқылы жекешелендіруден өтеді. 
Жеке проектілі жекешелендірудің тәсілдері ретінде төмендегіні қарастыруға болады. 
1)    Келісілген шартпен анықталған  инвесторға сату; 2) аукцион және конкурс арқылы сату; 3) боқылау туралы келісім шартқа отырумен акциялардың ашық сатылуы. 
Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына беріледі. 
Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы жекешелендірілді 170 объекті өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер фабрикасы жатады. 
Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жанданту ғана емес, сонымен бірге, экономикалық жіне әлеуметтік процестердің жаңа талаптарына сай келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.
 

 Жекеменшіктендіру - баҒалы қағаздар нарығын дамытудың негізі  
 
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарық қатынастарына сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда жекеменшіктендіру акцияландырумен тікелей байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаға құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшік чектерін (купондар) өмірге келтіреді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншікті бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді. Жекешелендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымы мүшелері өз кәсіпорынның акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондар да жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың акциясын сатып алады, Инвестициялық қорлардың акциясын сатып алушы сол қорлардың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар - жеке мекеме. Мемлекеттік инвестициялардың қорлаға салған чектерге кепілдік бермейді.  
Осы айтылғандардан басқа жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде беруге де болады. Біздің елімізде жекеменшіктендіру 1994-1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін тапсырғаны мен олардың орнына акция алғандары аз.  
Жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі — жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорындардың жаңа ұйымдастыру құқықтың формасы — акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепті болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру — бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең. 

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы