Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 16:46, реферат
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарық қатынастарына сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда жекеменшіктендіру акцияландырумен тікелей байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаға құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшік чектерін (купондар) өмірге келтіреді.