Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің активті операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 18:42, реферат

Описание

Банк секторы 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 39 екінші деңгейдегі банктермен ұсынылған. Екінші деңгейдегі банктердің активтері жылдың басынан бастап 480,7 млрд. теңгеге немесе 4,2%-ға ұлғайды, банктік займдар жəне «кері РЕПО» операциялары 572,8 млрд. теңгеге немесе 5,9%-ға азайды, резервтер (провизиялар) 799,0 млрд. теңгеге немесе 20,0%-ға төмендеді

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің активті.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)

                                                                     ОРЫНДАҒАН:  Кошбаев Данияр              

    Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктердің активті 
және пассивті операциялары
 

    Банк  секторы 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 39 екінші деңгейдегі банктермен ұсынылған. Екінші деңгейдегі банктердің активтері жылдың басынан бастап 480,7 млрд. теңгеге немесе 4,2%-ға ұлғайды, банктік займдар жəне «кері РЕПО» операциялары 572,8 млрд. теңгеге немесе 5,9%-ға азайды, резервтер (провизиялар) 799,0 млрд. теңгеге немесе 20,0%-ға төмендеді.

    2010 жылғы қаңтар айында ЕДБ-ның  активтері 89,1 млрд. теңгеге немесе 0,8%-ға азайды, банктік займдар  жəне «кері РЕПО» операциялары 91,8 млрд. теңгеге немесе 1,0%-ға, резервтер  (провизиялар) 43,8 млрд. теңгеге немесе 1,4%-ға азайды.

    

    Жіктелуі  тиіс активтер мен шартты міндеттемелердің мөлшері жылдың басынан бастап 2 570,3 млрд. теңгеге немесе 15,6%-ға азайды. Бұл ретте жіктелуі тиіс стандартты активтер мен шартты міндеттемелер 1 812,4млрд. теңгеге немесе 21,3%-ға азайды, күмəнділері – 498,0 млрд. теңгеге немесе 11,0%-ға көбейді, үмітсіздері – 1 256,0 млрд. теңгеге немесе 37,2 %-ға азайды. Активтер мен шартты міндеттемелер бойынша провизиялар да 978,6 млрд. теңгеге немесе 23,8%-ға азайды.

    Екінші  деңгейдегі банктердің несие портфелі жылдың басынан бастап 572,8 млрд. теңгеге немесе 5,9%-ға азайды. Стандартты займдар 59,4 млрд. теңгеге (-2,4%) азайды, күмəнділері – 620,3 млрд. теңгеге (14,6%) көбейді, үмітсіздері – 1133,7 млрд. теңгеге (-38,5%) азайды. Екінші деңгейдегі банктерге берілген займдар бойынша провизиялар 829,1 млрд. теңгеге (-22,8) азайды.

    Несие портфеліндегі 5-санатты күмəнді  жəне үмітсіз займдардың үлесі жылдың басынан бастап 4,0 пайыздық тармаққа азайды. «БТА Банк» АҚ-ның, «Альянс  Банкі» АҚ-ның жəне "ТЕМIРБАНК" АҚ-ның деректерін есепке алмағанда несие портфеліндегі 5-санатты күмəнді жəне үмітсіз займдардың үлесі 1,7 пайыздық тармаққа өсті.

     Екінші  деңгейдегі банктердің жиынтық міндеттемелері 2010 жылдың басынан бастап 1 821,5 млрд. теңгеге немесе 14,5%-ға азайды. Міндеттемелер құрылымында заңды тұлғалардың салымдары – 507,9 млрд. теңгеге немесе 12,5%-ға, жеке тұлғалардың салымдары – 313,6 млрд. теңгеге немесе 16,2%-ға көбейді. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары – 1 770,2

млрд. теңгеге  немесе 98,6%-ға, басқа банктерден жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған займдар 699,0 млрд. теңгеге немесе 56,0%-ға азайды.

     Шетел валютасындағы салымдар ағымдағы жылдың басынан бастап 322,4млрд. теңгеге  немесе 11,3%-ға азайды.

     Банк  секторының жиынтық міндеттемелері ағымдағы жылдың желтоқсан айында 1,1 млрд. теңгеге азайды. Заңды тұлғалардың  салымдары өткен айда 30,3 млрд. теңгеге  немесе 0,7%-ға, жеке тұлғалардың салымдары  – 53,5 млрд. теңгеге немесе 2,4%-ға өсті.

     Екінші  деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының резиденті еместердің алдындағы міндеттемелері 2010 жылдың басынан бастап 1 647,9 млрд. теңгеге немесе 39,1%-ға төмендеді. Қазақстан Республикасының резиденті еместердің алдындағы міндеттемелер банк жүйесі бойынша «БТА Банк» АҚ-ды, «Альянс Банкі» АҚ-ды жəне «БТА Банк» АҚ ЕҰ –«ТЕМІРБАНК» АҚ-ды есепке алмағанда осы кезеңде 230,1 млрд. теңгеге немесе 11,7%-ға көбейді. 

    Екінші деңгейлі банктердің міндеттемелері 

      
 

    «Альянс Банк» АҚ шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне сипаттама 

Альянс  Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері  
«Альянс Банк» АҚ өз саласында соңғы уақытта бірқатар жетістіктерге кол жеткізуге. Жақында Вашингтонда өткен Халықаралық Валюта қорының жылдық жиыны шеңберінде «Еиготопеу» халықаралық іскерлік басылымының марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл салтанатта «Альянс Банк» АҚ екі номинацияда - халыққа қызмет көрсету бойынша үздік банк - «Best Retail Bank in Kazakhistan» және корпоративтік басқару жөнінде жетскші банк- «Leading Bank in corporate Governance» ретінде аталып өтті.  
«Best Retail Bank in Kazakhistan» «Euromoney» сарапшылары «Альянс Банктің» бөлшек-сауда бизнесінде сіңірген еңбегін - филиалдық жүйенің серпінді дамып келе жатқанын, клиенттерге қызмет көрсету сапасының жоғары екендігін және банк ұсынатын бірегей бәсекелестікке қабілетті өнімдермен, республика тұрғындарының кеңінен қамтылғанын да атап айтты.  
Көпшілікке белгілі қандай жұмыста болсын табысқа жету үшін сол істің тетігін таба білу керек.  
Банк елде шағын және орта бизнесті, тұрғын үй құрылысын дамытуға халыққа сапалы кызмет көрсетуді басты мақсатқа айналдыруда. АҚ-ның активтері 228,306 млрд. теңгені (1,706 милллиард АҚШ долларын), меншікті капитал 27,096 миллиард теңгені (202,465 миллион АҚШ долларын) құрады. Ал жеке тұлғалардың депозиттерінің өсімі биылғы жылғы өткен 8 айында 10,6 миллиард теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңіндегі жеке тұлғалардың депозиттерінің өсімінен екі есе көп.  
2005 жылдың қазан айында «Тһе Ваnkeг» «Альянс Банк» АҚ-ны 200 жетекші азиялық банктер қатарына қосты.  
«Альянс Банктің» және «Қазпошта» АҚ-ның арқасында банк өнімдері Республиканың ауыл тұрғындары үшін қол жетерлік мүмкіндікке айналды. «Қазпоштаның» барлық бөлімшелерінде «Альянс Банк» несиелер рәсімдеуге болады. Өткен 2004 жылдыд желтоқсан айынан бері берілген  
несиелердің көлемі - 2,2 миллиард теңгеге жетіп, банк қызметін осы уақытқа дейін пайдалана алмаған Қазақстанның 14 мыңға жуық ауыл тұрғыны несие алды.  
«Leading Bank in Governance» - осы номинацияны тапсырған кезде сарапшылар «Альянс Банкті» басқарудағы транспаренттілікті, оның менеджментінің тиімділігін атап өтті.  
Бұл марапаттың әсіресе республиканың банктік бизнесіне қаржы салғысы келетін шетелдік инвесторлар үшін құндылығы жоғары. Мүның өзі «Альянс банктің» инвестициялық тартымдылығын арттырады.  
Сөз реті келгенде атап айтарлығы, «Еиготопеу» журналы халықаралык іскер басылымдар нарығында көпшілік мойындаған көшбасшы болып есептелінеді. Бұл басылым 140-тан астам елдегі қаржы әлемінің ықпалды өкілдерінің аудиториясын қамтиды. Бір құптарлығы журналды ай сайын 14500-ға жуық адам оқиды. Олар басылымды «Қаржы әлемінің таураты» деп те атайды. Өткен 2004 жылғы халықаралық қаржылық жүйенің қызметі жөніндегі шолуда, Еуропаньщ қаржылық элитасының беделді тәуелсіз шолуларының бірінде «Евромани» ең таңдаулы қаржы журналы деп аталды.  
«Альянс Банк» АҚ Қазақстандағы ірі банктер алтылығына енеді және түрғындарға қызмет көрсетудегі ең үздік банк болып есептелінеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның банк нарығында бөлшек-сауда бағыты - кірісі мол және диверсифициалдық бизнес болып табылады. Бөлшек-сауда бизнесі жеке несие, жеке тұлғалар салымы, есеп-кассалық қызмет көрсету түрінде ұсынылады.  
Банк құрылған уақыттан бастап оның стратегиялық банкттарының бірі - осы бөлшек-сауда бизнесін дамыту болып қала бермек.  
Сөз реті келгенде атап айтарлығы мұндағы бөлшек-сауда бизнесінің басты бағыттарының бірі - бөлшек-сауда несиесін дамыту болып табылады. Бұл бағыт аясында өнім шарты және оны ұсыну технологиясы жөніндегі республика баламасы жоқ өнімдер іске қосылды. Бөлшек-сауда несиесі  
өнімдерін стандарттау және автоматтандыру нәтижесінде кіріс көбейіп өнімді өткізу көлемі ұлғайды.  
Банк жетекшілерінің айтуынша сату көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында жеке филиал жүйесін дамытудан бөлек, сату арналарын ұлғайту жөніндегі жұмыс та ұйымдастырылады. Республиканың барлык аймағында 3,5 мың бөлімшесі бар. «Қазпошта» АҚ банктің бұл бағыттағы стратегиялық әріптесі болып есептелінеді. Осындай ынтымақтастық нәтижесінде клиенттер қатары айтарлықтай көбейді, өйткені несие алу мүмкіндігіне республиканың қалаларындағылар ғана емес, ауылдық жерлерде тұратын тұрғындары да ие болды.  
Сонымен қатар сату арналарын ұлғайту мақсатында несие беру сауда кәсіпорындары жуйесі арқылы да жүзеге асырылуда. Қорыта айтқанда «Альянс Банк» АҚ-да алдағы уақытта да ізденіс пен іскерлік қаркыны арта түспек.  
Жалпы банктік сектордың ағымдық жағдайына тоқталып кетсек.  
2005 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша республикада екінші деңгейдегі 35 банк қызмет етеді, олардың 1-уі консервация режимінде тұр. Бұдан басқа қызметін жалғастырып жатқан 15 банк шетел қатысуымен (Қазақстан Республикасының 9-еншілес бейрезидент-банктерді коса алғанда) және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын «Қазақстан Республикасының Даму Банкі»АҚ. Екінші деңгейдегі 26 банктің филиалдық желісі бар, банктер филиалдарының жалпы көлемі - 394 (есеп беру айында 4 филиал ашуға рұқсат берілген), соның ішінде «Қазақстан Республикасының Халық Банкі» АҚ-ң филиалдар саны - 148, «Банк Каспийский» АҚ - 35, «Казкоммерцбанк» АҚ - 23, «Қазақстан Республикасының Наурыз Банкі» АҚ және «ТұранӘлемБанкі» АҚ - 22-ден. 24 банкің есеп-айырысу - кассалық бөлімі банктің орналасқан жерінен тыс жерлерде орналасқан. Банктердің есеп-айырысу кассалық бөлімдерінің жалпы көлемі 1125 (есеп беру айында 20 ЕАКБ-н ашуға рұқсат берілген, 7 ЕАКБ-н ашуға келісім қайтарып  
 
алынған), соның ішінде Қазакстанның «Халық Банкі» АҚ-ң ЕАКБ-ң көлемі - 3 82, «ТұранӘлемБанкі» АҚ 195. Республикада шетел банктердің 17 өкілдіктері қызмет етеді. Есеп беру кезеңінде банктер аудитін жүргізуге 26 аудиторлық ұйымдардың және 53 аудитордың құқығы бар.  
2005 жылдың 1 наурызына қарай банктік сектордың жиынтық есептік меншікті капиталы 1 айда 606 млрд. теңгеге немесе 1,9%-ке ұлғайып, 361,3 млрд теңгені кұрды. Банктердің жиынтық активтері 164,1 млрд. теңгеге дейін жетті. Капитал адекваттылығының көрсеткіштері есеп беру кезеңіне К1 0,093; К2 - 0,158 құрған болатын (01.02.05 күніндегі жағдай бойынша: К1 -0,097; К2- 0,162).  
Банктердің ссудалық портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) 1 айда 56,5 млрд. теңгеге өсіп (3,1%), 1869,4 млрд. теңгеге дейін жетті. 2005 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердің несиелік портфелінің құрылымында стандартты несиелердің үлесі 57,9%, күдікті - 38,8%, сенімсіз - 3,3% құрады. 2005 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша стандартты несиелердің үлесі 56,2%, күдікті - 40,9%, сенімсіз - 2,9% құраған болатын.  
Заңды және жеке тұлғалардан тартылған салымдардың жалпы сомасы (банктер мен халықаралық қаржы ұйымдарынан басқа) 8,4%-ке ұлғайып, 4713,6 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 80,5%-ке ұлғайып, 1253,9 млрд. теңгені құрады, жеке тұлғалардың салымдары 3,0%-ке өсіп, 459,7 млрд. теңгені құрады.  
Екінші деңгейдегі банктер табыстарының жалпы сомасы 2005 жылдың 1 наурызына өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ке ұлғайып, 60,9 млрд. теңгені құрады. Шығындар сомасы өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырганда 31,7%-ке өсіп, 55,2 млрд. теңгені құрады. Банктердің бөлінбеген таза табыстары 5,7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдағы тура сол кезеңіндегі көрсеткіштен 12,3%-ке төмен болып тұр. 

Есеп  беру кезеңінде 14 банк мәжбүрлі тарату процесінде орын алып отыр.  
Жалпы банк жүйесіндегі депозиттер өсімінід тенденциясын 1-2 қосымшалардан байқауға болады. 

Ал енді «Альянс Банктің» шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне сипаттама берейік. 

Соңғы жылдары банк қарқынды даму үстінде. Валюта балансы 2003 жылы 58 млрд. теңгеден 2004 жылы 95,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл жағдай банкті көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстаннъщ банктік қызметтер нарығында 4-ші позициямен камтамасыз етіп отыр.  
Коммерциялық ссудалардың өсім қарқыны баяулады (2003ж. -- 59,7%, 2004>к. - 63,4%), бірақ баланс валютасындағы олардың үлесі салыстырмалы түрде қалып отыр және орналастыру кұралдырының арасында жоғары үлес салмаққа ие болып отыр.  
Халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықтың шеңберінде банктердің және қаржы мекемелерінің алдындағы міндеттемелерінің құрамында - 92,0 млн. АҚШ доллар сомада 2 синдицирленген займ (2003 жылдың маусымында және қазан айында 1 жыл мерзімге тиімді жағдайларда алынған).  
2003 жылдың басында банк 2007 жылда өтеу мерзімімен субординирленген облигацияларды, 2004 жылдың желтоқсанында 5 жыл айналым мерзімімен ішкі теңгелік облигацияларды шығарған болатын. Бұл банкке өзінің пассивтерінің құрамында клиенттерді несиелеудің көзі болып табылатын ұзақ мерзімді қаражаттардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді.  
Клиенттерге ұсынылған ссуда бойынша сыйақы 2004 жылда банк табыстарының негізгі бабы болып табылады. Есеп беру жылында банктің осы қызметінен түскен табыстардың сомасы 2003 жылмен салыстырғанда 49,4 %-ке ұлғайды. Процетті алумен байланысты емес табыстар банктің бүкіл табыстарының 14%-н құрады. 2004 жылы банк табыстарының жалпы көлемінде 18%-ті қүрай отырып, комиссиондық табыстар 37,9%-ке өсті және де бұл клиенттік базаның өсу динамикасын көрсетіп тұр.

    Банк  шығындарының жалпы көлеміндегі  үлкен үлесті (37%) процентік  
шығындар иеленіп отыр. Бұл шығындар несиелік мекемелердің және  
клиенттердің банк міндеттемелеріндегі қаражаттар үлесінің ұлғаюымен  
себепші болып отыр. Проценттік табыстардың проценттік шығындардан 1,9  
млрд. теңгеге дейін ұлғаюы банктің жемісті жұмысын растап  
отыр.Сыйақыны алумен байланысты таза табыстың пайдаға ықпалы өте зор.  
Сыйақыны алумен байланысты таза табыстың көлемі 2003 жылмен  
салыстырғанда 57,6% -ке өсті. Банктің проценттік емес табыстарының құрамында үлесі жоғары көрсеткіштер: қызмет көрсеткені үшін төлем, төлемдерді аудару, комиссиондык жинақтар және қаржы операциялардан  табыс. Бұл операциялардың құрамына бағалы қағаздарды, асыл металдарды және шетел валютасын сатып алу-сату бойынша табыстар кіреді. Банктің  клиенттермен жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі принциптері мыналар:  
әр бір клиенттің банктік кызметтерге деген қажеттіліктерін барынша  қанағаттандыру, индивидуалды кадам, әр түрлі кәсіпорындардың-банк клиенттерінің қызметтерінің ерекшеліктерін есепке алу және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа әрекеттену. Бәсекеге қабілетті қызметтерді көрсетуге  
тырыса отырып, банк мамандары банктік өнімдерді  
клиенттердің қажеттіліктеріне бейімдейді, консалтингтік шараларды жүзеге асырады, жеке тарыфтік жоспарлар бойынша жұмыс нысанын пайдаланады. Клиенттік саясатты жүргізудегі дәйектілік, клиенттермен тұрақты конструктивтік диалог, олардың мәселелеріне көңіл аудару, шешімдерді шұғыл қабылдау және ақпараттьщ ашықтығы есеп беру кезеңінде клиенттер санының айтарлықтай өсіміне алып келді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша банк Қазақстанның банкаралық нарығында «клиенттердің сенімділігі» ең жоғары рейтингін иеленеді.  
Банктің клиенттермен өзара қатынастарының келешекте дамуы барлық клиент сегментін мұқият зерттеуін талап етеді. Осы мақсатта банк мамандары қаржы нарығының тұтынушылық талғамдарын және даму тенденцияларын күрделі зерттеуін жүргізу шараларын қолданбақ. Осы  зерттеулердің нәтижелері банктің ұзақмерзімді клиенттік саясатының негізін құрамақ. Оның ішіндегі маңызды принциптерінін бірі «банк-клиентке» қатысты серіктестік жағдайдарын және өзара тиімділікті құру болып табылады. Бұндай қатынастарды құрудың инструменттеріне тарифтік саясатты жетілдіру және де сатуды ынталандыру және қолдау бағдарламаларын кұру және іске асыру кіретін болады; осы шаралардың кешені банктің клиенттік менеджерлерінің құрамын күшейтуге, олардың білімдерін және мотивация деңгейін жоғарлатуға бағытталған.

    2004 жылы банк өзіпің клиенттеріне - заңды тұлғаларға, резиденттерге  және бейрезиденттерге Қазақстан  Республикасының заңнамасының шеңбершде операциялық қызмет көрсету бойынша барлық банктік өнімдер спектрін ұсынған болатын. 2004 жылы сервистің жоғарғы деңгейіне жету мақсатында банктің операциялык құрылымы екі негізгі критерийлердің ескеруімен өзгертілді: 

    кешенділік - ұлттық және шетел валюталардағы операцияларды жүргізу бойынша бірлесу жүргізілді. Бұл қызмет көрсететін менеджерлерге әр түрлі банктік операциялар бойынша клиенттерге кешенді консультациялар ұсынуға мүмкіндік берді;  
индивидуалды көзқарас - банктің операциондық бөлімшелерінде сервис-менеджерлерінің қызметі құрылған болатын. Бұл қызметшілер банкте шот ашу үшін клиенттерді қарсы алып қана қоймайды, сонымен қатар клиентке банктік өнімдердің ең оңтайлы түрін таңдауға көмек бере отырып, банктің ұсынатын негізгі қызметтері бойынша консультация жүргізеді. 

    Қорытындылай  келе, таңдалған бағыттар банктік  шоттарды ашу және жүргізу бойынша  сандық көрсеткіштерді ұлғайтуға мүмкіндік  берді: ұлттық валютада-36%-ке, шетел  валютада-45%-ке. 

    2004 жылы банк барлық валюталар түрлерінде ақша аударудың барлық түрлерін жүзеге асырған болатын. Төлемдер есеп-айырысу орталықтары (КЦМР, 8ШРТ) арқылы және Қазақстандық және шетел банктердің тармақталған корреспонденттік желі аркылы іске асырылады. 2004жылы ақша аудару операцияларын жургізу үшін банк қазақстандық және шетел корреспонденттердің 100-ден астам ЛОРО-шоттарын пайдаланған болатын. 14 филиалды және 11 ЕАКБ-н қамтитын банктің ішкі төлем жүйесі белсенді қолданылады. Аударым операцияларының кұрылымында дәстүрлі аз ғана бөлігін шетел валютадағы аударымдар иеленеді, бірақ 2004 жылы бұндай аударымдардың үлесі банкте 2003 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті. Жалпы алғанда, 2004 жылы ұсынылатын «Аударымдар» өнімінің көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 26%-ке өсіп, 360 мың аударымдарды құрады.  
Ұлттық валютадағы кассалық операциялар банктік өнімдердің мәлімділік рейтингі бойынша 2-ші орынды иеленеді және клиенттердің пайдаланатын операциялардың жалпы көлемінің 25%-ке жуығын кұрайды. Заңды тұлғалардың ағымдық шоттары бойынша колма-қол шетел валюталарымен кассалық операцияларды банк кішігірім көлемде жүргізді
 
 
 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ.

     Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын  шешу және Астана мен Алматы  қалаларында жылжымайтын мүлік  рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.[12]

     Екінші деңгейдегі банктер мен  тұрғын үйді әділ бағасы бойынша  сатуға дайын құрылыс салушы  компаниялар осы бағдарламаға  қатысушылар болады.

     Жылжымайтын мүлік рыногындағы  ахуалды  тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның негізгі параметрлері:

  1. “Самұрық – Қазына ” қоры екінші деңгейдегі банктерде жеңілдікті ставка бойынша 15 жылға бірқатар несиелік желілер ашатын болады. Өз кезегінде екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылардың әр түрлі топтарына ипотекалық кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу құқығымен 10.5%- 12.5% - бен  15 жыл мерзімге дейін беретін болады.
  2. Қаражаттың бір бөлігі жаңа қарыз алушылар үшін түпкілікті ставканың 10.5 % деңгейінде болуын және 2009 жыл бойы іске асырылуын көздейтін жаңа ипотекалық бағдарламаға жіберілетін болады. Осы бағдарлама халыққа ипотека бойынша жеңілдікті ставкалармен және тұрғын үйдің қолжетімді бағасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктер құрылыс аяқталмаған нысандардан пәтерлер сатып алуға ипотекалық қарыздар беру жолымен қарыз алушы  құрылыс компаниялармен ахуалды түзертуге және кредиттік портфельдің сапасын елеулі дәрежеде жақсартуға мүмкіндік алады.
  3. Екінші деңгейдегі банктер бұған дейінгі кезеңдерде алаңы 120 шаршы метрден аспайтын тұрғын үй алуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарызға қызмет көрсету бойынша өз міндеттемелерін адал орындаған, қарыз алушының, ипотекалық қарыз алуды қамтамассыз ететін тұрғын үйді қоспағанда, басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда кредит желісінің бір бөлігін қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10.5% - 12.5-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады.
  4. Өз кезегінде мемлекет ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын   акционерлік  қоғамдардың  атынан  Астана   және Алматы қалаларының рыногынан әділ бағамен жаға тұрғын үйлер сатып алатын болады.

     Үкімет, сондай ақ тұрғын үйге  қолжетімділікті қамтамассыз ету  бойынша шаралар қабылдайтын  болады. Бұл үшін қолданыстағы  тұрғын үй құрылысын дамыту  бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

     Әкімдіктерге жеке құрылыс салушылардан  пәтерлерді құрылыс аяқталған  және дайындығы жоғары дәрежедегі  нысандардан белгіленген  баға  бойынша сатып алу құығы берілетін  болады. Бұл тұрғын үй бағдарламасын  іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік  береді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің активті операциялары