Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің активті операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 18:42, реферат

Описание

Банк секторы 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 39 екінші деңгейдегі банктермен ұсынылған. Екінші деңгейдегі банктердің активтері жылдың басынан бастап 480,7 млрд. теңгеге немесе 4,2%-ға ұлғайды, банктік займдар жəне «кері РЕПО» операциялары 572,8 млрд. теңгеге немесе 5,9%-ға азайды, резервтер (провизиялар) 799,0 млрд. теңгеге немесе 20,0%-ға төмендеді

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің активті.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)

    Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында арендалық тұрғын үй құрылысына 15 млрд. теңге жіберілетін болады. Бұл қосымша 265  мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

     Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған барлық обектілер тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі арқылы сатылатын болады. Бұл халықтың басым санаттарына жылдық дан аспайтын пайыздық ставка бойынша алдын ала тұрғын үй қарыздарын ұсынуға және тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы салымның жинақталуына байланысты қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

     Үлескерлердің құқықтарын қорғауды  арттыру мақсатында Үкімет үлестік  құрылыс мәселелері бойынша заңнамаға  өзгерістер енгізетін болады.

     Экономиканы отандық қаржы институттары  тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады.

     Біріншіден, осы мақсаттарға “Самұрық - Қазына ” қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд теңге) бөледі. Бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

     Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. “Самұрық- Қазына ” қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өседі.

     Үкімет “Самұрық-Қазына” қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін(14%-дан аспайтын) тұрақтандыру бойынша шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тағайындай отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады.

     “Даму” кәсіпкерлікті дамыту  қоры шағын және орта бизнеске  берілетін кредиттерге кепілдік  беру тетігін енгізетін болады.

     Екіншіден,”Самұрық-Қазына”қоры ауылдық  жерде шағын кредит берудің,  оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге кредит берудің бағдарламасын әзірлейді.

     Үшіншіден, шағын және орта  бизнес субъектілерін тұрақты  тапсырыстармен қамтамасыз ету  мақсатында олардың “Мемлекеттік  сатып алу туралы” жаңа заңның  қолданылуы шеңберінде мемлекеттік  холдингтер мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізуіне жағдай жасалады.

     Жер қойнауын пайдаланумен және  сервистік компаниялармен қазақстандық  қатысуды ұлғайту бойынша жұмыс  күшейтілетін болады.

     Төртіншіден, Үкімет кәсіпкерлікті  дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендету және рұқсат беру.

     Агроөнеркәсіптік кешенді дамуға  ерекше назар аударылатын болды.Агроөнеркәсіп  секторын экономиканы тұрақтандыру  мен сауықтыру бағыттарының бірі  ретінде белгілеуге мүмкіндік  беретін негізгі факторлар мыналар:

  1. Агроөнеркәсіптік кешен жұмыспен халықтың жалпы санының ын  шоғырландырады. Сондықтан ол халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдауға бағытталған шаралардың орталық буыны б.т.
  2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жағымсыз экономикалық үрдістің әсеріне неғұрлым азырақ ұшырайды.
  3. Агроөнеркәсіптік кешен елдің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешеді.

      Республикалық бюджеттен агроөнеркәсіп  кешенін дамытуға бөлінетін шығыстар 2009-2011 жылдары шамамен 350 млрд. теңгені  құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға “Қаз Агро” холдингінен қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге ) көлемінде қаражат бөлінеді. Жобалар әлеуметтік - кәсіпкерлік корпарациялармен бірлесіп іске асырылатын болады.

     Инвестициялар, ең алдымен, астық  секторы, ет және сүт өнімдерін қайта өндеу және жеміс - көкеніс дақылдарын өндеу сияқты қолданыстағы секторларды қолдануға және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды дамытуға бағытталатын болалды. Дамыған экспорттық инфрақұрылымдарды бар жылыжай шаруашылықтарының, көкеніс қоймаларының, құс фабрикаларының, тауарлы – сүт фермаларының, бордақылау алаңдары мен қасапханалар желілері құрылатын болады. Қазіргі заманғы ет өндеу кешендерін ұйымдастару, тамшылатып суару технологияларын қолданып жеміс - көкеніс дақылдарын өндіруді және биязы жүнді терең өндеуді дамыту, Қазақстан астығы экспортының инфрақұрылымын дамыту, аграрлық техникалық маркеттерді құру және дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі жобалар іске асырылатын болады. 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің активті операциялары