Қазақстан Республикасының қаржылық жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімді фискалдық саясат және оның 2010-2012 жылдарға арналған болжамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 09:38, курсовая работа

Описание

Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып, олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз қамту үшін ең біріншіден қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-бағдарлар ұсынып отыруы керек.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3

І ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ....................4
Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері,
қағидаттары мен әдістері ...........................................................................................4
1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі ..........................................10

II ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ .............................................................16
2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi .....16
2.2 «Гермес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау ........................................................................................................................19

ІІІ Қазақстан Республикасының қаржылық жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімді фискалдық саясат және оның 2010-2012 жылдарға арналған болжамы ..............................................................................................34


Қорытынды ................................................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер тізімі .....................................................................

Работа состоит из  1 файл

Қаржы жоспарлары мен болжамдары жүйесі Тимур ЮАЙБИ 2012-00.doc

— 349.50 Кб (Скачать документ)

Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау кәсiпорынынң шаруашылық қызметiн  талдаудың қорытындылаушы кезеңi болып табылады. Және де ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндiрiс және өткiзу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндiрiстiк және қаржылық қызметтi ұйымдастырады. Кәсiпорынның қаржылық қызметi – бұл оның осы қызмет нәтижесiнде меншiктi және тартылған капиталдың көлемi мен құрамына өзгерiс әкелетiн қызметi. Ол қаржы ресурстарының жүйелi түрде өз уақытымен түсуi мен тиiмдi пайдаануына, есеп және несие тәртiбiн сақтауға, меншiктi және қарыз қаражаттарының арасындағы ара қатынастың рационалдығына, сондай-ақ кәсiпорынынң тиiмдi қызмет етуi мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткiзуге бағытталуы тиiс.

Кәсiпорынның қаржысын ұйымдастырғанда  қаржылық, өндiрiстiк және коммерциялық қаржылардың арасында тығыз байланыс пен өзароа тәуелдiлiк бар. Осылайша қаржылық қызметтiң жетiстiгi, көбiнесе оның өндiрiстiк сату көрсеткiштерiмен анықталады.

Жоғары сапалы өнiмдi үздiксiз өндiру және өткiзу кәсiпорынның қаржылық ресурстарының  қалыптасуына оң әсерiн тигiзедi. Өндiрiс  процесiнде өнiм сапасының төмендеуi және оны сатудың қиындықтары кәсiпорын шотына ақша қаражаттарының келiп түсуiне кедергi жасайды, нәтижесiнде кәсiпорынның төлеу қабiлетi төмендейдi.

  

 

2.2 «Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау

 

ЖШС «Мадина» 1998 жылы сатушы кәсіпорын негізінде құрылған. Қазіргі таңда ЖШС «Мадина» макарон өнімдерін таратудан ірі кәсіпорындар қатарында.

Қазіргі таңда кәсіпорында  жұмыс істейтін жұмысшылар саны 90 адам, соның ішінде негізгі өндіріс  жұмысшылары 60 адамды құрайды.

   Бұл бөлімдер туралы «Мадина» ЖШС-нің бизнес жоспарында көрсетілген. 

Жоспарлау – болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын оқиғалардың барынша  нақты сандық сипаттамасы. Әрине, бизнес дамыған сайын, уақыт өтісімен ақпарат  та өзгереді, өйткені экономикалық жағдайлар өзгеріске ұшырайды. Алайда бизнесті қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау - қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту деп санауға болмайды.

Егер жоспарлау дұрыс  жүргізіліп, болып жатқан оқиғаларға сәйкес келсе, ол бизнесмен үшін бизнесті қоршаған орта туралы ақпарат алуға, өзінің бизнесінің әлсіз және күшті жақтарын сезінуге, қоршаған ортаның бизнеске тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін құрал бола алады. Сонымен қоса, бизнес-жоспар  банктерге салынған инвестицияның пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге және мүмкін болатын проблемаларды алдын-ала айқындауға мүмкіндік беретін маңызды құжат. Дұрыс құрылған бизнес-жоспар келесі сұраққа жауап беруге көмектесу керек: “Бұл жобаға қаражат салуға тұра ма және ол жұмсалған күш пен қаражатты ақтайтындай табыс әкеле ме?”

Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде келесі себептерге байланысты қажет:

  • Экономикаға қазір кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы келіп жатыр, олардың көпшілігі бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарып көрген емес, сондықтан нарықтық экономика жағдайында оларды күтетін проблемалардың барлық шеңберін олар алдын-ала көріп біле алмайды;
  • Шаруашылық проблемалар үнемі өзгеріп тұрады және тәжірибелі жетекшілердің алдында болашақтағы шараларын жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігін тудырады.
  • Инвестиция алу және экономиканы көтеру үшін инвесторларға жоспарлардың өміршеңдігін және тиімділігін дәлелдеу керек;

Бизнес-жоспардың мақсаты  – кәсіпорын басқармасына келесі негізгі міндеттерді шешуге көмектесу:

  • болашақ өткізу нарығының сыйымдылығын және даму перспективасын айқындау;
  • осы нарыққа қажетті өнімді өндіруге қажетті шығындарды бағалау және оларды товарды қолайлы бағамен сатудан түсетін түсіммен салыстыру арқылы жоспарланған істің табыстылығын анықтау;
  • өнімді өткізу алдында кездесуі мүмкін кедергілерді алдын ала айқындау;
  • өндіріс көлемінің көтерілуі мен құлдырауын анықтауға мүмкіндік беретін бақылау көрсеткіштерін анықтау.

Бизнес-жоспар – қазіргі  нарықтық экономикада кәсіпкерлік  көлеміне, қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің арнайы құралы.

Батыс елдермен салыстырғанда  Қазақстандағы іскерлік жоспарлаудың бірқатар ерекшелігі бар. Қазақстандық заңдылық бойынша қазіргі кезде  бизнес-жоспарды құру міндетті емес. Ол көптеген қазақстандық кәсіпорындар үшін жаңа құжат. Бизнес-жоспарды құруға кіріспес бұрын, ең алдымен, қажетті ақпарат кешенімен жабдықталып алу керек.

ЖШС «Мадина»  кәсіпорын шет елден және отандық жоғары сапалы технологиялық құралдармен жабдықталған. Кәсіпорын құрылған күннен бастап онда өнімнің сапасын бақылап отыратын ішкі фирмалық жүйе (лаборатория) жұмыс істейді.

        Кәсіпорын стратегиясы:

- тұтынушыларға өнімдерді  жеткізу, толық қызмет көрсету,  ассортиментті кеңейту;

- тұтынушы нарығын  зерттеу, өнім бәсекелестігін жоғарылату, жеке тапсырыстарды орындау;

- сауда жүйесінің жұмысын  бақылау.

      Фирма  саясаты тауар айналымын  және  өндіріс шығындарын азайту, бұл  нарықтың көп бөлігін жаулап  алуға көмектеседі.

      Осы  стратегияны жүзеге асыратын, барлық  бөлімшелердің қызметін байланыстыратын маркетинг бөлімі жұмыс істейді. Бұл бөлім фирманың  жарнама саясатымен айналысады және кәсіпорынның жұмысында жаңа бағыттарды анықтау үшін нарықты зерттейді.

      Кәсіпорын  жоспары өнімді өткізу жоспарымен  тығыз байланысты.

      Шикізат пен құралдарды жеткізушілер ЖШС «Ардагер», ЖШС «Әділет», сонымен қатар Новосібірдегі «Союз продукт» және тағы басқа ресейлік фирмалар.

       Кәсіпорын  нан, макарон және кондитер  өнімдерін қаламыздағы сауда  нүктелеріне жеткізуді жеңілдету  үшін маманданған машиналар саябағы бар. Шығарылған өнімді тарату фирманың сауда нүктелері арқылы жүзеге асырылады.

       Бүгінгі  таңда ЖШС «Гермес»  нарыққа  250  әртүрлі өнім түрін таратады. Тауар Алматы, Астана, Караганды  қалаларынан жеткізіледі. Кәсіпорынның  барлық өнімдері экологиялық таза шикізаттан дайындалады. Технологиялық процесстің үздіксіздігі және нан өнімдері мен сүт өнімдерінің сақталу мерзімдерінің шектеулілігі аяқталмаған өнім резервтерін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Өнім сауда жүйелерінің тәуліктік тапсырыстары бойынша таратылады.

      Дайын  өнім сапасын бақылауды стандартқа  және республикалық техникалық  жағдайларға сай тәуліктік технологтар  жүзеге асырады. 

     Жоғары сапалы өнімнің  қажетті мөлшерін және ассортиментін қамтамасыз ету үшін  дайын өнімнің тағайындалған нормасын және өндірістің технологиялық тәртібін қатаң сақтауға бағытталған  өнімнің технологиялық жоспары құрылады.

       Кәсіпорынның дамуының бірден – бір себебі, осы кәсіпорындағы қызметкерлердің біліктілігінің нәтижесі. Яғни, сол қызмеркерлер барлық ұйымдастыру істерінің иелері. Ол кесте 1-де көрсетілген.

   

Кесте 1- ЖШС «Мадина» негізгі бөлімінің құрамы (01,01,2011 ж)*

 

Басқару аппараты

5 адам

4,5%

Технико- өндірістік қызметі

23 адам

20,7%

Есеп және қаржылық қызмет

4 адам

3,6%

Коммерциялық қызмет

   

Заң қызметі

2 адам

1,8%

Негізгі өндіріс

16 адам

14,4%

Көмекші өндіріс

40 адам

36%

Барлығы

90 адам

 

* «Гермес» ЖШС мәліметтерінен, 2011 ж.

 

   Әрбір бөлімнің қызметкерлері  және жұмысшылары өзара тығыз  байланысты. Кәсіпорынның әрбір қызметкері, маманы, жұмысшысы техникалық қауіпсіздік ережесін білуге міндетті.

   Аталған кәсіпорында сызықтық  және функционалды басқару құрылымы  қолданылады. Бірінші жағдайда  басшылар арасындағы өзара ақпарат  алмасу болса, ал функционалды  өзара бөлімшелер арасында тең дәрежеде қолданылады.

Кәсіпорынның  басқару құрылымы ұйымдастырудың міндеті мен мақсатын нақты айқындауы керек. Басқару органдары мен жұмысшылар бөлімінде еңбекті тиімді бөлу қарастырылады. Басқару құрылымын қалыптастыруда маңызды фактор болып технологиялық ақпараттың даму деңгейі табылады.

Жоспар кәсіпорын қызметкерлері  үшін әрекет етуге басшылық болып  табылады. Қазіргі кәсіпорын –  бұл күрделі басқару жүйесі болғандықтан, жоспарлық мақсаттарға кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің, директордан бастап қатардағы қызметкерлерге дейін барлық қызметкерлерінің үйлесімді жұмыс істемейінше мүмкін болмайды. Жоспар кәсіпкерлік идеяларды негіздемелеу үшін, сондай-ақ алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпорынды басқару үшін қолданылады.

Өнімді өткізуден табыс  көбінесе өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды дұрыс жоспарлаудан тәуелді. ЖШС «Гермес» кәсіпорында шығындарды жоспарлау мен болжау және есептеу сусын сату бөлімі бойынша, тұрмыстық заттар сату бөлімі бойынша шығындар элементтері негізінде, сонымен қоса кәсіпорында қосымша жұмыс және қызмет көрсету түрлері бойынша шығындар элементтері негізінде жүзеге асырылады.

Жұмыс, қызмет көрсету, өнімнің  өзіндік құнын талдау өте маңызды  болып табылады.  Ол өнімнің өзіндік  құнын төмендету мүмкіндігін қолдану бойынша   кәсіпорын   жұмысын   бағалауға,   резервті   қоры,   берілген көрсеткіштің өзгерісі тенденциясын анықтауға, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуын анықтауға және оның өсіміне қандай факторлар әсер еткендігін анықтауға мүмкіндік береді.

ЖШС «Гермес»  кәсіпорнында -өзіндік құнды болжау мен жоспарлау және есептеу шығындар   элементі   және   шығыстардың   калькуляциялық   статьялары бойынша есептеленеді.

Шығындар элементтері: материалды шығындар (шикізат, шикізат, материал, бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, отын, қуат құны), еңбекті төлеуге кететін шығындар, әлеуметтік қажеттілікке шығарулар, негізгі қор амортизациясы, басқа да шығындар (өнімнің өзіндік құнына кіретін материалды емес активтердің тозуы, міндетті сақтандыру төлемі, салықтар және банк несиелер бойынша пайыздар).

Элементтер бойынша шығындарды топтастыру шығындар құрылымына техникалық прогресс әсерін қалыптастыру үшін, қор  сиымдылығын, енбек сиымдылығын, қуат сиымдылығын, материал сиымдылығын  зерттеу үшін қажет. Егер енбекақы үлесі төмендесе, ал амортизация үлесі көбейсе, онда кәсіпорынның техникалық деңгейінің жоғарылағандығын, еңбек өнімділігін көрсетеді.

Еңбек ақы төмендейді, егер де бұйым, жартылай фабрикат үлесі жоғарыласа. Бұл мамандану мен кооперациялау  деңгейінің жоғарлағандығын көрсетеді. Калькуляция етатьялары бойынша шығындарды топтастыру ресурстар қайда, қандай мақсатпен және қандай мөлшерде жүмсалғандығын көрсетеді. Енді әр өндіріс бойынша шығындардың калькуляциясын қарастырайық:

 

Кесте 2 - 2010 жылға сусын сату бөлімі бойынша шығын элементтерінің топталуы*                                                                                                                                                                                                                                                

Шығын элементтері 

Жылдар

Айырмашылық

 

2009

2010

 

1 . Шикізат 

8412

7469,5

-942,5

2. Өндірістік  сипаттың қызмет көрсетуі

856

424

-432

3. Отын және қуат 

987

753

-234

4. Негізгі еңбекақы 

485

459

-26

5. Әлеуметтік салық 

56,3

52,7

-3,6

6.      Құралдарды      құрау 

 

 

 

 

 

 

бойынша              қосымша 

265

238

-27

шығындар 

 

 

 

 

 

 

7. Бөлімдерді құрау бойынша

 

 

 

 

 

 

қосымша шығындар

412,8

289,5

-123,3

Негізгі өндіріс    бойынша

 

 

 

 

 

 

жиынтығы 

11474,1

9685,7

-1788,4

8.   Жалпы       әкімшілік 

 

 

 

 

 

 

шығындар 

546,6

546,6

-

9. Пайыздар     бойынша

 

 

 

 

 

 

шығындар 

375,9

375,9

-

10.  Өткізу       бойынша 

 

 

 

 

 

 

шығындар 

133

133

-

11. Өзіндік құн жиынтығы 

12529,6

10741,2

-1788,4

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржылық жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімді фискалдық саясат және оның 2010-2012 жылдарға арналған болжамы