Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 07:37, курсовая работа

Описание

Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.

Содержание

Кіріспе

I .БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ.

1.1 Банк кызметінің мәні

1.2 Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі

1.3 Коммерциялық банктер қызметтерінің принциптері

II .БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ

2.1. Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері

2.2. Альянс Банк кызметінің қазіргі жағдайын талдау

2.3. Альянс Банктің даму саясаты. Орта мерзімдік стратегия.

III . БАНК ҚЫЗМЕТТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

3.1. Банктік қызметтердің даму перспективалары

3.2. Қазақстан Республика банктерінің қазіргі проблемалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

курсовая.doc

— 150.50 Кб (Скачать документ)

Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда  осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған  ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді.

     Жоғарыда  айтылып өткендей, банктер өздерінің  активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы каражаттардың негізгі бөлігін депозиттер қүрайды. Депозит пен банк клиенттерінің жинақ салымдарынан   баска   мерзімді   жәые   мерзімсіз   салымдарының   барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.

     Депозиттік  операциялар мынадай  қағидалармен ұйымдастырылады:

  • банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
  • депозиттік операциялар әрекет ету керек;
  • банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
  • банк балансының өтімділігінің жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесіне ерекше назар аударылуы қажет;
  • депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
  • депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.

     Шетелдік  банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады. 

1.3. Коммерциялық банктер  қызметінің принциптері 

      Коммерциялық  банк қызметінің алғашқы және негізін  қалаушы принципі нақты бар ресурстар шегіндегі жұмыстар болып табылады.

      Нақты бар ресурстар шегіндегі жұмыстар коммерциялық банктің тек қана өз ресурстары мен несиелік салымдарының арасындағы сандық сәйкестігіне ғана емес, сондай-ақ оның ресурстарының  жұмылдыру ерекшелігіне банктік активтер сипатының сәйкестігіне қол жеткізуі тиіс екендігін білдіреді. Ең алдымен, ол оның және басқалардың мерзімдеріне қатысты. Сонымен, егер банк басты түрде қысқа мерзімдерге қаражат тартатын болса, ал оларды ұзақ мерзімді несиелерге салатын болса, онда таралуына қауіп төнеді. Банк активтерінде жоғары тәуекелді несиелер санының көп болуы банктен оның ресурстарының жалпы көлемінде өз қаражатының басым көпшілігін ұлғайтуды талап етеді. 

      Коммерциялық  банктер қызметі негізделетін екінші маңызды принцип өз қызметінің нәтижелері үшін банктің экономикалық жауапкершілігін білдіретін экономикалық дербестік болып табылады. Экономикалық дербестік банктің өз қаражатын және тартылған ресурстарды еркін иемденуін, клиенттер мен  салымшыларды еркін таңдауын, банк табыстарын иемденуін білдіреді. Қолданыстағы заңнама барлық коммерциялық банктерді өз қорлары мен табыстарын  иемденуге экономикалық еркіндік береді. Салықты төлегеннен кейін оның иелігінде қалатын банк табысы акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес бөлінеді. Ол банктің әр түрлі қорларға аудару нормалары мен мөлшерлерін, сондай-ақ акциялар бойынша дивиденттер мөлшерін белгілейді. 

      Үшінші  принцип коммерциялық банктің өз клиенттерімен қарым-қатынасы әдеттегі нарықтық қатынастар сияқты құрылатындығын білдіреді. Несиелер бере отырып, коммерциялық банк, ең алдымен, табыстылықтың нарықтық шарттарынан, тәуекелділік пен таралымынан шығады.  

      Коммерциялық  банк жұмысының төртінші принципі оның қызметін реттеу тек қана жанама экономикалық (әкімшілік емес) әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін екендігін білдіреді.  Мемлекет коммерциялық банктер үшін тек қана «ойын ережесін» анықтайды, бірақ оларға бұйрық бере алмайды. 

      Коммерциялық  банктердің функциялары. Коммерциялық банктің маңызды функцияларының бірі несиеде делдалдық болып табылады, оны олар кәсіпорындар қорларының және жеке адамдардың ақшалай табыстарының  айналымы процесінде уақытша босатылатын ақшалай қаражатты бөлу жолымен жүзеге асырады. Коммерциялық банктердің делдалдық функциясының ерекшелігі ресурстарды қайта бөлудің басты шарты оларды қарыз алушының пайдалануымен табыстылығы болады. Ресурстарды қайта бөлу банктердің аралық буындардың қатысуынсыз жоғары тұрған банк құрылымдарының атынан араласуы кезінде несие берушіден қарыз алушыға көлденең  шаруашылық байланыс бойынша ақылы және қайтарымды шарттарда жүзеге асырылады. Берілген және алынған қаражат қарызы үшін төлем қарыз қаражатының сұранысы мен ұсынысы ықпалымен қалыптасады. Нәтижесінде қатынастың нарықтық  типіне сәйкес шаруашылықта қаржы ресурстарының еркін ауысуына қол жеткізіледі.

     Коммерциялық  банктердің бірінші  міндеті – шаруашылықтағы жинақтарды ынталандыру. Коммерциялық  банктер қаржылық нарықта несиелік айтыстарға түсе отырып,  қолда бар шаруашылық жинақтарды барынша жұмылдырып қана  қоймай, сонымен қатар қаражатты жинақтауға ынталандырудың  қажетті тиімділігін қалыптастыруы керек. Қор жинауға және ақша қаражатын ынталандыру коммерциялық банктердің икемді  депозиттік саясаты негізінде қалыптасады. Банк несиешілеріне салымдар бойынша төленетін жоғары проценттерден басқа, банкте жиналған қорларды сақтау орындарының беріктігі жөнінде жоғары  кепілдік қажет. Кепілдікті жасау болып банк мекемелерінің активтерін коммерциялық банктерде сақтандыру қорларын қалыптастыру болып табылады.

     Банктердің екінші міндеті – жекелеген дербес субьектілер арасындағы төлемдерде дәнекер болу. Қор нарығының қалыптасуына байланысты банктердің құнды қағаздармен операцияларда дәнекер болу сияқты да міндеттері  дамуда. Банктер құнды қағаздар нарығында дәнекер ретінде; инвестициялық кеңесші; инвестициялық компанияның және инвестициялық қордың жұмысын іске асыра алатын инвестициялық институттар ретінде жұмыс жасауға құқылы. Қаржылық брокер  ретінде жұмыс жасауда банктер клиент есебіне және тапсырмасы бойынша комиссия келісімі немесе тапсырысы негізінде құнды  қағаздарды сатып алу-сатуда дәнекер міндеттерін орындайды.

     Инвестициялық кеңесші ретінде банк өз клиенттеріне құнды қағаздардың шығуы және айналысы бойынша кеңестік қызмет  көрсетеді. Егер банк өзіне инвестициялық компанияның рөлін алса, ол онда құнды қағаздарды шығаруды және оларды үшінші адамның пайдасына орналастыру бойынша кепілдік беруді ұйымдастырады; құнды қағаздарды өз атынан және өз есебінен сатып алу-сату, оның  ішінде құнды қағаздарды баға кесу жолымен, яғни, өзі сататын немесе сатып алуға міндеттелетін белгілі бір құнды қағаздарға  «сатушы бағасы» және «сатып алушы бағасы» етіп хабарлайды. Банк өз қорын құнды қағаздарға өз атынан салғанда мұндай орналастырудағы барлық қауіптер, сатып алынған құнды қағаздардың нарықтық бағасының өзгеруінен болған барлық пайда  мен шығындар банк акционерлерінің есебіне енсе, ол инвестициялық қор ретінде жұмыс жасайды.  
 
 
 
 
 

II. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР  ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ДАМУЫ 

    2.1. Альянс Банктің  шаруашылық қызметінің көрсеткіштері 

     «Альянс Банк» АҚ өз саласында соңғы уақытта  бірқатар жетістіктерге қол жеткізуде. Жақында Вашингтонда өткен Халықаралық  Валюта қорының жылдық жиыны шеңберінде «Еurоmопеу» халықаралық іскерлік басылымының марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл салтанатта «Альянс Банк» АҚ екі номинацияда - халыққа қызмет көрсету бойынша үздік банк - «Best Retail Bank in Kazakhstan» және корпоративтік басқару жөнінде жетскші банк- «Leading Bank in corporate Govermance» ретінде аталып өтті.

     2010 жыл Қазақстанның экономикасы соның ішінде, банк секторы айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған кезең ретінде тарихта қалады. Соның ішінде ең басты тенденция - банк секторындағы даму қарқыны республикадағы жалпы даму қарқынынан анағұрлым алға ұзап кеткені. Бұған қолайлы экономикалық жəне саяси жағдай əсер етті, соның арқасында қазақстандық банктер шетелден үлкен мөлшерде қаржы тарта алды, бұл олардың қор көлемін ұлғайтып, активтерін өсіруге жəрдемдесті. Бұл жағдай банктердің несие беру көлемін ұлғайтуына септігін тигізді. Осы аз ғана уақыт ішінде Альянс Банк банктердің жалпы республикалық рейтингінде 14-орыннан 2010 жылдың қорытындылары бойынша 5-орынға секіріс жасады. Содан кейін 2011 жылдың бар болғаны бес айында Банк активтерінің көлемі мен жеке капиталы бойынша 5-орыннан 3-орынға көтеріле алды. Қазір ол Қазақстандағы көшбасшы банктердерің қатарында, халық арасында Банктің беделі зор. Банктің жетістіктері оның қаржылық көрсеткіштерінен-ақ байқалып тұр.

     2010 жылы Банк 1,5 миллиард АҚШ доллары  сомасына MTN (medium term notes) бағдарламасын орнатты (1 қосымша). Осы бағдарламаның аясында 2006 жылдың сəуір айында Альянс Банк 250 млн. доллардың, қыркүйекте – 350 млн. доллардың, қарашада 200 млн. доллардың еурооблиацияларын орналастырды. Сондай-ақ 2006 жылдың наурызында Банк 150 млн. доллардың гибридті мерзімсіз еуробондтарын орналастырды. 2011 жылдың қаңтар, ақпан айларында Альянс Банк еуро түрінде (750 млн.) жəне фунт-стерлинг түрінде (250 млн.) еурооблигациялар шығарды.

     2010 жылдың бірінші жартыжылдығында  Альянс Банк қалыптасқан қарқынды даму үрдісін сол қалпында сақтады, сөйтіп активтері мен жеке капиталының ауқымы жағынан Қазақстандағы коммерциялық банктер рейтингінде 3-орынды иеленді. Альянс Баанктің активтері 2007 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша бір триллион теңгеден асып түскен, 2010 жылдың 1 шілдесіндегі мəліметтер бойынша оның нақты көлемі 1 332 млдр. Теңге, міндеттемелері – 1 196 млрд. Теңге, жеке капиталы – 136 млрд. Теңге. Банктің 2010 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза табысы 19,6 млдр. Теңгені құрады.

     Акционерлер бизнесін бұдан былай да өсіре  беру мақсатында Альянс Банк 2008 жылдың шілде айында қарапайым акционерлік  капиталының 17,4 пайызын Лондон қор  биржасына ғаламдық депозиттік қолхат түрінде орналастырды. Қор биржасына шығуға түрткі болған тағы бір фактор SAFC қаржылық холдингінің, жəне оның бір бөлігі ретінде Альянс Банктің жоғары халықаралық стандарттарға сай, трансұлттық компания ретінде өсіп-жетілуге икемділігі болды. Сонымен қатар бұл қадам оның іс-əрекеттері мен корпортивтік басқаруындағы жариялылықтың бір үлгісі болды.  

     2.2. «Альянс Банктің» даму саясаты

     Орта  мерзімдік стратегия 

     Бұрын Альянс Банк қарқынды өсу стратегиясына  сәйкес дамыса, қазіргі кезде стратегиясының векторы жеткен жетістікті сақтап, жақсарта отырып, түсімділік және жұмыс сапасын жоғарылату жағына қарай ауысты.

     Банк  бұрынғысынша бизнестің барлық бағыттарында әмбебап банк ретінде өркендейді.

     Банк  бөлшек несие беру бағытында кредиттік  карталар арқылы несие беру үлесін біртіндеп ұлғайтып, көшбасшылық орындарды сақтауға және кредиттік өнімдерді сату көлемін ұлғайтуға бағыт ұстайды.

     Депозиттік  базаны кеңейту. Депозиттік өнімдер, желіні кеңейту, сапалы қызмет көрсету бойынша тартымды шарттардың есебіне халық депозиттерінің көлемі бойынша алғашқы үштік көшбасшы қатарына кіру депозиттерді тарту рыногындағы басты міндет болып табылады.

     Банктің жеке капиталының мөлшерін ұлғайту акционерлік капиталдың өсуі арқылы және кірісті капиталға айналдыру есебінен қамтамасыз етіледі.

     Тарифтік  саясат. Банк әрбір клиентке жеке көңіл аударады, осыған қарай дифференцияцияланған баға құру саясаты құрылады. Іс жүзінде халықтың түрлі топтары үшін VIP- қызмет, арнайы банктік өнімдер жүзеге асырылады.

     Кадрлық саясат. Альянс Банк менеджменті үшін қазақстандық банктер арасындағы бәсеке күшейген кездегі негізгі басымдылықтардың бірі қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату болып табылады. Осыған байланысты 2006 жылы «Альянс» оқу орталығы құрылды, оның негізгі мақсаты - арнайы тренингтер және семинарлар өткізу арқылы Банк жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру.

     Несиелік  тәуекелді басқару 

     Несиелік  тәуекелді тиімді басқаруының арқасында  Банк несиелік портфелдің сапасын қалыпты  жағдайда ұстап тұра алады.

     Несиелік  портфель сапасын жақсарту жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүріп жатыр:

  • Несиелік тәуекелді бақылау және мониторинг жасау процедурасын жетілдіру – бұл бағытта 2006 жылы портфельдегі барлық мерзімінде өтелмеген займдарды мониторингтен өткізу саласы толығымен автоматтандырылды;
  • Заем алушылардың ішкі несиелік рейтингтік жүйесі жетілдірілді;
  • Несиелеу кезеңдерін әрі қарай оңайлату және тәуекелді дер кезінде бақылау мақсатында бизнес-процесстер жаңа несиелік өнімдерді автоматтандыру жалғасты;
  • Ұжымдық құрылымды оңтайландыру мақсатында несиелік тәуекелді тиімді бақылау үшін филиалдарда тәуекел менеджерлерінің штатын кеңейту жүргізілді;
  • Проблемасы көп активтерді бақылау процедурасы жетілдірілді.

     Несиелік  портфельдің көлемі мен мерзімі өткен  қарыздардың ұлғаю  динамикасы

     

                                            2008                    2009                      2010

     2010 жылдың соңындағы мәліметтер  бойынша, баланс есебінен жабылған  несие үлесі ссудалық портфельдің  0,08 пайызын құрады. 2009 жылы қалпына  келтірілген несиелер саны 2008 жылмен салыстырғанда аздап қана өзгеріп, 60 миллион теңгені құрады.  

Информация о работе Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметтері