Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 07:37, курсовая работа
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Кіріспе
I .БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ.
1.1 Банк кызметінің мәні
1.2 Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі
1.3 Коммерциялық банктер қызметтерінің принциптері
II .БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ
2.1. Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері
2.2. Альянс Банк кызметінің қазіргі жағдайын талдау
2.3. Альянс Банктің даму саясаты. Орта мерзімдік стратегия.
III . БАНК ҚЫЗМЕТТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Банктік қызметтердің даму перспективалары
3.2. Қазақстан Республика банктерінің қазіргі проблемалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.3.
«Альянс Банктің қызметінің
қазіргі жағдайын талдау.
2010 жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша Альянс Банкі 10,2 млрд. теңге ($84,7 млн.) мөлшерінде таза табыс тапты.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Банк жылдық сыртқы қарызының үштен екі бөлігін, немесе 681 млн. АҚШ долларын төлеп қойды. 2010 жылы Банктің шетелдік инвесторлар алдындағы міндеттемелері бойынша төлемдерінің мөлшері 1 млрд. 22 млн. АҚШ долларын құрайды. Бүгінгі күні Банктің сыртқы қарыз міндеттемелері бойынша жасаған төлемдерінің мөлшері 823 млн. АҚШ долларын, немесе жылдық мөлшердің 80 пайызын құрайды. Үстіміздегі жылдың соңына дейін Банк 200 миллион доллардан кем соманы өтеуге тиіс және Банк менеджменті барлық міндеттемелер уақытылы және толық көлемде өтелетіндігіне сенімді.
Альянс Банкі үшін қаражаттың негізгі көзі – жеке тұтынушылық несие қоржыны бойынша жоспарлы төлеу болып табылады. 1 шілдедегі жағдай бойынша бір жылға дейін өтелуге тиіс активтердің мөлшері 502 миллиард теңгені(4,2 млрд. АҚШ доллары) құрады. Бұл бір жылға дейін өтелуге тиіс 344 миллиард теңге (2,8 млрд. АҚШ доллары) мөлшеріндегі міндеттемелердің көлемінен біршама асады. Осылай, біз қысқа уақытты міндеттемелерімізді өтеу мәселесін сәтті шешті.
2010
жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша
Альянс Банкі өтеудің барлық
уақыттары бойынша активтер
Альянс Банкінің 2010 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің басты көрсеткіштері :
Банк активтері 2010 жылдың соңындағы 1 161 млрд. теңге (9 650 млн. АҚШ доллары) орнына 1 069 млрд. теңге (8 854 млн. АҚШ доллары) болды. Оның ішінде өтімділік коэффициенті 20,2% құрады (2 қосымша).
Банктің несие қоржыны 12%-ға, 721 млрд. теңгеге (5 973 млн. АҚШ доллары), оның ішінде жеке тұлғаларға берілетін несие – 20,4%-ға, 322 млрд. теңгеге (2 669 млн. АҚШ долларына) дейін қысқарды.
Іске қосылмаған несиелердің шығындарын жабу үшін Банкте 56 207 млн. теңге (465 млн АҚШ доллары) мөлшерінде несие қоржыны құрылды. Бұған қоса, ықтимал шығындарға 17 160 млн.теңге(142 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде қосымша капитал құрылған. Ал сақтандыру қоры 8 276 млн. теңге. Осылай, резервтердің жалпы сомасы 81 643 млн.теңге (676 млн. АҚШ доллары), бұл несие портфелінің 11 %-н құрайды және 58 480 млн. теңге (484 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі шектелген қарыздардың 140 % деңгейін жаба алады.
Банктің меншікті капиталы 2010 жылдың қорытындысына қарағанда(159 млрд. теңге (1 321 млн. АҚШ доллары)) 6,4% көбейіп, 169 млрд теңгеге (1 401 млн. АҚШ доллары) дейін өсті.
Пайда
Банктің таза пайдасы 2010 жылдың бірінші жарты жылдығындағы 19 578 млн. теңгемен (159 млн. АҚШ долларымен) салыстырғанда 10 209 млн. теңгені (84,7 млн. АҚШ долларын) құрады. 2011 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза пайда мөлшерінің төмендеуі провизияға кеткен шығындардың өсуіне байланысты.
Банктің таза пайыздық кірісі (несиелер бойынша ықтимал шығындарға резервтер жасалғанға дейін) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 138 млн. теңгеге өсіп, 39 027 млн. теңге (324 млн АҚШ долларын) құрады. Таза пайыздық кірістің өсуі басты кезекте несие қоржынынан пайыздық кірістің өсуіне байланысты.
Банктің
комиссиялық кірісі өткен жылдың
осы кезеңіндегі 5 199 млн. теңгемен (42
млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 35 %
өсіп, 7 028 млн. теңге(58 млн. АҚШ доллары)
құрады. Банктің комиссиялық шығыстары
да 2010 жылдың сәйкес мерзіміндегі 4 764 млн.
теңгемен (40 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда
7 113 млн. теңгеге (59 млн. АҚШ доллары) дейін
өсті.
III. БАНК ҚЫЗМЕТТІНІН КАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3.1.Банктік кызметтердің
даму перспективалары.
Экономикалық механизмнің дамуы нарыққа өту жағдайында, ақшалай айналым жүйесін құруда, клиенттерге кассалық есеп айырысулық қызметте ұйымдастыруда өте жоғары талаптарды көрсетеді. Төлемдік айналымның өсуі немесе айналым шығынның өсуі, төлем түріндегі тез өсетін қажеттілікті қанағаттандыратын және айналым шығындарын бір уақытта төмендетуде ақша құралдарының айналымын тездететін және еңбек шығындарының қысқаруын қамтамасыз ететін ақшалай айналымның жаңа механизмін құрудың қажет екендігін білдіреді. Осыған байланысты банктік қызмет нарығында жаңа банктік өнімдер және қызметтер түрлері пайда болуда. Сонымен қатар, бұрын ұмытылып кеткен ескі аккредитив, банктік кепілдемелер және инкассо сияқты өнімдерді активтендіру жағдайларын да айтуға болады. Мынандай жаңа банктік қызметтерді атап өтуге болады: төлемдік карточкалар, форфейтинг, банк-клиент жүйесі, резервтік аккредитивтер, факторинг, траст операциялары, банк-клиент, НОМЕ-Банкинг және т.б.
Бұл банктік қызмет түрлері өздерінің қолдауларын тапты және ҚР-да соңғы төрт жылда кең тарады. Жаңа банктік өнімдерді жеке-жеке қысқаша қарастырайық (тәуекелдер, артықшылықтары, кемшіліктері).
Несиелік және дебеттік карточкалар корпоративті де болуы мүмкін. Корпоративті карточкалар жол сапарлық және басқа да қызметтік шығындарды төлеу үшін өзінің жұмыскерлеріне компаниямен беріледі.
Компанияның корпоративті карточкалары оның қандай да бір шотымен байланысты. Карточкаларда бөлінген және бөлінбеген шектері болуы мүмкін. Бірінші жағдайда корпоративті карточка ұстаушылардың әрқайсысына жеке шегі белгіленеді. Екінші вариант кішігірім компанияларға тура келеді және лимиттің шектелуін қажет етпейді. Корпоративті карточкалар кызметтердің қызметтік шығындарын қадалауға жақсы мүмкіндіктер береді.
Қазіргі уақытта форфейтингтін негізгі орталығы Лондон болып табылады, жаңа банктік технологияларды меңгеруде ешқашан әлсіз болмаған, көптеген европалық елдердің экспорты бұрыннан Ситиден қаржыландырудан. Форфейтингтік бизнестің маңызды бөлігі Германияда шоғырланған.
Банктік қызмет нарығының әрі қарай дамуы қор нарығының дамуымен тығыз байланысты болады. ҚР-н бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиясы және ұлттық банкпен біріге отырып, акциялардың және басқа да бағалы қағаздардың ұйымдастырылған қор нарығында айналымды белсендіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Банктік қызметтердің одан әрі дамуының перспективті бағыты жаңа технологияларды және банктік кызмет көрсету түрлерін енгізу болып табылады. Қазақстанда банктік қызметтер нарығының маңызды перспективті бағыттарының бірі интернет әлемдік ақпарат жүйесін қолдану болып табылады. Бұл сырттай қызмет көрсету деп аталуы мүмкін.
Қазақстанда банктік қызметтердің даму перспективасы, келе жатқан банктік жұмыстың автоматизациясы. Айтпақшы Американ Экспрессте бұл даму типі келген және бір жылдан астам әрекет етеді.
Ұсынылып отырған қызмет саны аз, ал персонал көп екендігін айта кету керек, осылайша банктер осындай түрде жаңа қызметтерді енгізуде табыстылықты жоғарылату және сәйкесінше өзінің бәсекелестік позициясын алу мүмкіндігінен айырады.
Қазіргі
күні Қазақстандық банктік қызмет нарығы
үлкен өзгерістерді басынан өткізуді
және соңғы жылдары динамикалық дамушы
банктік қызмет нарығына сипатты болды.
Бір жағынан жүргізуші Қазақстандық банктер
халықаралык төлем жүйелерімен белсенді
жүмыс істейді, басқаша жақынан олар өздерінің
электрондық жүйелерін құрай отырып, бәсекелестік
күреске өздері қосылды.
3.2.
Қазақстан Республикасының
банк жүйесіндегі
проблемалардың пайда
болуы.
Алдымен АҚШ-тағы «ипотекалық дағдарысқа» тоқталайық. Қазіргі дүниежүзілік қаржы саласындағы жағдай, осыдан 70 жыл бұрын Батыс елдерінде орын алған дәл осындай дағдарысты еске салады. Ол кездері де бар бәле Америкадағы жылжымайтын мүлік акциясына байланысты болған еді. Ал бұл бір мемлекетте ғана емес, сол елмен тығыз қаржылық қарым-қатынаста болған елдердің де экономикасына әсерін тигізді. Кейіннен бұл дағдарыс тарихта «Ұлы тоқырау» деген атпен қалған.
Дағдарыстың орын алуының басты себебі – бұл мемлекетаралық валюталық реттеудегі қордаланған проблемалар. Бірінші себеп бұл – мемлекеттер арасындағы өзара сауда-саттықта қолданылатын валютаның құны алтынға байланыстырылмаған. Екіншіден, айналымға енгізілетін осы валютаның көлемі (эмиссия) мемлекетаралық келісіммен белгіленбейді. Үшіншіден, көптеген мемлекеттер мен банктер инвестицияларды бірдей қажет еткенімен, олардың ақшаларға қол жеткізімділігі әртүрлі. Осының әсерінен бұл алыпсатушылықтың нысанына айналды. Баспадан шыққан қағаз ақшалар ірі банктерден – шағындарына, дамыған елдерден – дамымағандарына өтіп отырады және өндірушілерге жетем дегенше, оларға әр сатыда пайыздар қосылады. Яғни әлі құрал-жабдықтар сатылып алынбаған, өнім өндірілген жоқ, ал банктер мен делдалдар өздерінің «табысын» қалтаға салып, оны әрі қарай айналымға жіберіп үлгереді. Нәтижесінде, дүниежүзінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақша көлемі ұлғаяды. Әлемде осындай алыпсатарлыққа бағытталған операциялармен айналысатын Трансұлттық компаниялар (ТҰК) пайда болды. Қазіргі таңда олардың қолдарында жиналған қаражаттардың көлемі, дүниежүзіндегі мемлекеттердің ұлттық банктеріндегі қорлардан екі есе көп. Сонымен бірге олар бірде-бір елде нақты орналаспаған және олардың қызметіне ешбір бақылау жоқ. ТҰК өздерінің мақсаттарын көздеп қомақты қаражаттарды бір саладан екінші салаға және бір елден екінші елге ешбір кедергісіз өткізе алады. Айта кететін жай, олар 1998 жылы болған Азиядағы дағдарысқа да себепкер болған және әлемдегі мұнай бағасының шарықтауына да үлес қосып отыр. ТҰК-дердің басты мақсаты аз уақыт ішінде мол табыс табу ғана. Әлбетте олар өз қаражаттарын зауыттар мен фабрикалар салып, өндіріс пен кәсіпорындарды дамытуға жұмсамайтындығы айғақ. Бұл ретте, ТҰК-дер АҚШ-тағы жылжымайтын мүлікке деген сұраныстың көптігін пайдаланып, қаржыларды осы бағытқа құя бастады. Арзан несиелерге деген сұраныстың көбеюі, аталған салада алыпсатарлықтың туындауына әкеліп соқтырды. Бұл өз кезегінде, жылжымайтын мүлікке деген бағаны шарықтатып жіберді. Сонымен бірге банктер тарапынан несие алушылардың төлемпаздығы ескерілмей, қаражаттар оңды-солды таратылды. Банктердің бұл жердегі есебі, несие алушы қарызын қайтара алмаған жағдайда, кепілдікке алынған жылжымайтын мүлік қалады. Алайда қалыптасқан алыпсатарлық баға өз шегіне жеткен уақытта, жылжымайтын мүліктердің бағасы күрт төмендеп, банктер өз қарыздарын қайтара алмайды. Осыдан Батыстың жетекші банктері орасан зиян шегуде. Өткен жылдың соңғы айларында Америкадағы, Еуропадағы құнды қағаздармен және банк істерімен айналысатын ірі финанс компаниялары 40 млрд-тан астам доллар жоғалтты. АҚШ-та 140-тан астам ипотекалық компания банкрот болды немесе соған жақын. Бұл елдердегі үкімет қазір «өрт» жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр. Мәселен, Еуропа Орталық банкі соңғы айларда өз резервінен банктерге 100 млрд евродан астам қаржы бөліп отыр. Сонымен қатар күні кеше ғана АҚШ үкіметі өз банктерін аман сақтап қалу мақсатында, оларға берілетін несиелердің бағасын төмендетті. Алайда бұл шара да нәтижесін бермей, қайта керісінше, айналымдағы ақшалардың көлемін ұлғайтып, жағдайды одан сайын ушықтырып жіберуі мүмкін.
Еліміздегі
банктерге келейік. Қазақстан экономикасындағы
бұл салада реформа өте жақсы
жүріп, рейтингілік агенттіктер
банктер беделін жоғары бағалап,
әрі банк капиталдары нақты активтермен
бекітіліп отырғанымен, олар да бұл
дағдарыстан шет қала алмады. Оның
себебі: Біріншіден, банктер Америкадағы
«ипотекалық дағдарыс» әсерін болжамдай
алмады. Жағдайдың тұрақты болатынына
сеніп қалған олар, сырттан қаражаттарды
қысқа мерзімге алып, оларды өз клиенттеріне
ұзақ мерзімге беріп отырды. Екіншіден,
банктер тұрғын үй саласында алыпсатарлық
бағаның калыптасқанын ескермеді және
басқа салаларға көңіл бөлген жоқ.Үшіншіден,
банктер тапқан мол табыстарын өз қорларын
өсіру үшін жұмсамай, оларды еліміздегі
және шетелдердегі ғимараттар мен өндірістік
нысандар түрінде бағдарсыз активтерге
айналдырып отырды. Сондықтан да еліміздің
банк жүйесіндегі айтарлықтай қауіптердің
бір мезгілде жинала бастағаны заңдылық.
Орын ала бастаған жағдайларды ескеріп,
Ұлттық банк пен Қаржы және қаржы нарығын
реттеу мен бақылау агенттігі осыдан екі
жыл бұрын шетелден алынатын қарыздардың
көлемін банктердің қорларына сәйкестендіру
үшін шек қоюға, шетелден алынған қарыздарды
шұғыл қайтаруға қажет болған жағдайларға
қаржыларды шоғырландыру, кез келген жағдайда
дайын резервтік қорларының қаражаттарын
үш есеге көбейтуге және шетел валютасының
көптеп ішкі айналымға енгізілуіне шектеулер
қойып, шұғыл шаралар қолдануға мәжбүр
болды. Бұл шешімді коммерциялық банктер
олардың ішкі қызметіне араласу деп кінәлағаны
да белгілі. Алайда дәл осы шаралар мен
резервтік қордың арқасында, соңғы болған
жағдайлардан көп қиналмай шығуға мүмкіндік
берді. Осы жердегі маңызды мәселе – әлемдегі
қаржы дағдарысының болғандығы емес, біздің
қаржылық жүйенің осы жағдайдан қалай
шыққандығында. Елбасымыз Жолдауында
«Халық пен бизнестің, оның ішінде шетелдіктердің
де сенім деңгейі елдің қаржы жүйесі тиімділігінің
негізгі критерийіне айналуға тиіс» деп
бекер айтқан жоқ. Ал біз халық пен серіктестеріміздің
сенімін сақтап қалдық па? Өйткені қазіргі
уақытта сенім ұғымы – өте маңызды экономикалық
терминге айналып отыр. Сенім болмаса
халық банктерден депозиттерін кері ала
бастайды, банктер несие беруді және қаржыларын
инвестициялауды тоқтатады. Ал мұндай
іс-әрекеттер бізде байқалып отырған жоқ.
Мысалы, біздегі қаржы саласының тұрақтанғандығын
сезген жекеленген халықаралық құрылымдар
бүгінде Қазақстан банктеріне несие беруді
қайта жандандыра бастады. Олар ірі өндіріс
орындарын, оның ішінде шикізат өндіретін
компанияларды тікелей қаржыландыруға
әрекет жасауда. Көптеген банктер өз филиалдарын
ашуға құштарлық білдіріп отыр. Сондықтан
да Елбасы биылғы Жолдауында Қазақстанның
қаржы жүйесінің, оның ішінде банк секторының
бәсекеге қабілеттілігін және оның тұрақтылығын
арттыру басты міндет ретінде айқындалды.
Информация о работе Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметтері