Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 21:02, реферат

Описание

Мемлекетік бюджет дегеніміз мемлекет пен қоғамдық өндіріс қатысушылары арасында қоғамдық ұлттық өнімді мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларын ұйымдастыру мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұдайы өндірісті қеңейту мақсатында қолдану жолымен қоғамдық өнімді қайта бөлу процесінде туындайтын ерекше экономикалық қатынастар. Жалпы қоғамдық өнімді бөлудің дербес сферасы ретінде бюджеттің болуы қоғамдық құрылыммен анықталады.

Содержание

Кіріспе
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрылысы
1.3 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы






Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

бюджет реферат.doc

— 89.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия  Ұлттық Университеті

  Экономикалық факультет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Реферат 

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                      Орындаған: Сыдыков А.М.

Ф-34к тобының студенті

                                                         Тексерген: 
 
 
 
 
 

АСТАНА 2007 

Мазмұны 

Кіріспе    
  Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі  
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі  
1.2 Мемлекеттік бюджеттің  құрылысы  
1.3 Мемлекеттік бюджеттің  құрамы мен құрылымы  
     
     
     
     
     
     
Қорытынды  
Қолданылған әдебиеттер тізімі  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Мемлекетік  бюджет дегеніміз мемлекет пен қоғамдық өндіріс қатысушылары арасында қоғамдық ұлттық өнімді мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларын ұйымдастыру мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұдайы өндірісті қеңейту мақсатында қолдану жолымен қоғамдық өнімді қайта бөлу процесінде туындайтын ерекше экономикалық қатынастар.  Жалпы қоғамдық өнімді бөлудің дербес сферасы ретінде бюджеттің болуы қоғамдық құрылыммен анықталады. Қай мемлекетте болса да бюджеттің болуы шарт және оның мәні кірістері мен шығыстарының құрылымдарымен ашылады. Бүгінгі таңда қазақстандық бюджет ұлттық экономиканы басқарудың маңызды құралы болып табылады. Бәрімізге белгілі, қандай да бір реформаны жүргізу экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға елеулі қаржы жұмсауды қажет етеді. Және де осы реформалардың негізгі ауыртпалығы республиканың қаржы сферасына түседі, өйткені қоғамдық өмірдің барлық салаларын: халық шаруашылығы, әлеуметтік қорғау, білім, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық, қорғаныс және басқаруды қамтитын экономикалық реформаларды жүргізуге қажетті мемлекеттің ішкі, сонымен бірге сыртқы қаржы ресурстарын қаржы сферасы ғана жұмылдыра алады. Яғни бюджеттің маңыздылығы, ең алдымен, салықтар, басқа да міндетті төлемдер, салықтық емес түсімдер ретінде мемлекет меншігіне түсетін ақша қаражаттарының мемлекеттік бюджетке түсуінен көрінеді. Міне, сол себептен бұл  жұмыс мемлекеттік бюджет кірістері мен олардың көздерін талдауға және олардың қалыптасу мәселелері мен оны жетілдіру жолдарын анықтауға арналады. Осыған байланысты бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі мемлекеттік бюджетін, оның құрылысын, құрамы мен құрылымын біліп, бюджеттің кірістер бөлігін талдау және оларды қалыптастыру процесінің  қазіргі жағдайы мен оны жетілдіру жолдарын табу.

     Мақсатпен байланысты осы жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін көрсетуге болады:

  • мемлекеттік бюджетке түсінік беру;
  • мемлекеттік бюджеттің құрылысын, құрамын және құрылымын анықтау;
  • соңғы екі жылдағы ҚР-ның мемлекеттік бюджет кірістеріне талдау жасау;
  • салықтық, салықтық емес түсімдерді ажырату және ресми трансферттер, негізгі капиталдан түсетін түсімдерге анықтама беру;
  • мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастырудың қазіргі кездегі процесіне баға беріп, оны жетілдіру жолдарын көрсету.
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі 

     1.1 Мемлекеттік бюджеттің  экономикалық мәні  мен ролі 

      Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы  өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерін  қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастар болып табылады.

      Мемлекет  пен кәсіпорындар, ұйымдар және халық  арасында пайда болатын қаржылық қатынастар бюджеттік  қатынастар деп аталады. Қаржы қатынастарының негізгі бөлігі ретіндегі бұл қатынастардың ерекшелігі олардың, біріншіден, қоғамдық өндіріс процесінде пайда болуынан, және, екіншіден, орталықтандырылған қаржы ресурстарының қалыптастыру, бөлу және пайдалануға бағытталуынан көрінеді.

      Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты, әрқашан  ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланумен қосарлана жүреді.Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

      Құндық  бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде  мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

  1. мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
  2. құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономикалық секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
  3. қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады /7,21/.

     Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде  жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау  функцияларын орындайды. Бұл функциялардың  іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады.

     Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың  секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жұргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанның жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10%-ы және жалпы ішкі өнімнің 20%-ы бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.

     Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің  сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамудың қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз  барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінен көрінеді.

     Мемлекеттік бюджеттің сан-қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен  бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнелетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.

     Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға  мемлекеттің орталықтандырылған ақша  қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

     Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).  

     Шығындар  мен салықтар арқылы бюджет экономика  мен инвестицияларды реттеудің  және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін  арттырудың маңызды құралы болып  табылады.

     Мемлекеттік бюджет негізгі қаржы категорияларын кіріктіре отырып (салықтар, мемлекеттік несие, мемлекеттік шығыстар) қандай да болмасын мемлекеттің қаржы жүйесінің басты құраушысы болып табылады және қазіргі қоғамда маңызды экономикалық, сонымен бірге саяси рөлді атқарады.  

           1.2 Мемлекеттік бюджет  құрылысы 

     Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде  тиісті қаржы базасы болу керек. Осы  мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланыстарының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.

     Дүниежүзінің  әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік  бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне  және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді .

     Федеративтік  мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан  тұрады:

  • мемлекеттік, федералдық немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
  • федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да – жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация субъектілерінің бюджеттері);
  • жергілікті бюджеттер.

    Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады:

  • орталық (республикалық) бюджет;
  • жергілікті бюджеттер.

     Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдетте әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады /4,296/.

      Бюджет  кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды  есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық  бюджет /Қосымша А/.

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің  басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.

      Республикалық бюджет – бұл салықтық және басқа  да түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

     Жергілікті  бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

     Бюджет  кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады .

     Тісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет Қазақстан Республикасының  заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

     Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік  бюджеттің әзірленуі, бекілілуі  және атқарылуы  мүмкін. Төтенше  мемлекеттік бюджетті бюджеттік  жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі /1/.

     Республикалық және жергілікті бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан  Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі