Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 21:02, реферат

Описание

Мемлекетік бюджет дегеніміз мемлекет пен қоғамдық өндіріс қатысушылары арасында қоғамдық ұлттық өнімді мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларын ұйымдастыру мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұдайы өндірісті қеңейту мақсатында қолдану жолымен қоғамдық өнімді қайта бөлу процесінде туындайтын ерекше экономикалық қатынастар. Жалпы қоғамдық өнімді бөлудің дербес сферасы ретінде бюджеттің болуы қоғамдық құрылыммен анықталады.

Содержание

Кіріспе
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрылысы
1.3 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы






Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

бюджет реферат.doc

— 89.00 Кб (Скачать документ)

         1.3 Мемлекеттік бюджеттің  құрамы мен құрылымы 

     Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен  және пайдаланумен байланысты болып  келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

     Кірістер  мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет пен салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

     Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болап табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипатағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімн айқындалады.

     Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:

  1. кірістер:
  • салықтық түсімдер;
  • салықтық емес түсімдер;
  • негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
  • ресми трансферттер түсімдері;
  1. шығындар;
  1. операциялық сальдо;
  2. таза бюджеттік несие беру:
  • бюджеттік несиелер;
  • бюджеттік несиелерді өтеу;
  1. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
  • қаржы активтерін сатып алу;
  • қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер;
  1. бюджет тапшылығы (профициті);
  1. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
  • қарыздар түсімі;
  • қарыздарды өтеу;
  • бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы /1/.

     Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы  туралы есептерді түзу осы көрсетілген  құрылым бойынша жүзеге асырылады.

     Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуі тиіс ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген  мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскілерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері .

     Мақсатты  трансферттерді қоспағанда, кірістердің  нысаналы мақсаты болмайды.

     Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде  бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың  қатаң мақсатты арналымы болады.

     Бюджет  шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
  2. тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
  3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру меқсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
  4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
  5. заңды тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтан негізде қаржыландыру;
  6. ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу.

     Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары  арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.

     Таза  бюджеттік несие беру бюджеттік  несиелердің және бюджеттік несиелерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

     Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:

  1. қаржы активтерін сатып алуды;
  2. мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.

     Қаржы активтерін сатып алу – заңды  тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.

     Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер – мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ олардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік меншікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер /4,312/.

     Бюджет  тапшылығы (профициті) таза бюджеттік  несие беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша  сальдоны шегеріп тастағандағы сальдоға тең. Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған  шама бюджет профициті болып табылады.

     Бюджет  тапшылығын қаржыландыру – қарыз  алу және бюджт қаражатының бос  қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған  қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.

     Бюджет  профицитін падалану – қарыздар бойынша  негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сай келеді .   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Сонымен, мемлекетік бюджет дегеніміз мемлекет пен қоғамдық өндіріс қатысушылары арасында қоғамдық ұлттық өнімді мемлекеттің  орталықтандырылған ақша қаражат қорларын ұйымдастыру мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұдайы өндірісті қеңейту мақсатында қолдану жолымен қоғамдық өнімді қайта бөлу процесінде туындайтын ерекше экономикалық қатынастар.  Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Қай мемлекетте болса да бюджеттің болуы шарт және оның мәні кірістері мен шығыстарының құрылымдарымен ашылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті мынадай бөлімдерден тұрады: кірістер, шығыстар, операциялық сальдо, таза бюджеттік несие беру, қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо, бюджет тапшылығы (профициті) және бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану). Ал кірістерінің көздері: салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, ресми трансферттер. Бюджет кірістері арасында салықтық түсімдер ерекше орын алады, олардың үлесі 90-95%. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген  мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскілерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

       Бүгінгі таңда қазақстандық бюджет  ұлттық экономиканы басқарудың  маңызды құралы болып табылады. Бұл орайда бюджетті қалыптастыру, кірістер мен шығыстарды жоспарлау мәселелері пайда болады. Бюджетті қалыптастыру процесі – елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын байланыстыратын орталық буынның бірі және биліктің атқарушы және заңнамалық бұтақтарының байланыс өрісі. Қазіргі кезде Қазақстанда бюджет кірістерін жоспарлауды жетілдіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр, 90-шы жылдармен салыстырғанда бюджетті қалыптастыру процесіне көптеген өзгірістер енгізілді және де олар оң нәтиже беруде. Алайда көптеген мәселелер әлі де шешілмеген. Оларды шешудің мүмкін жолдары бұл курстық жұмыста баяндалған.  
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер 

  1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. –  Алматы: ЮРИСТ, 2005. – 128 б.
  2. Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). – Алматы: ЮРИСТ, 2002. –230 б.
  3. Браун Т. Все посчитает счетный комитет. Казахстанская правда 15.06.2005
  4. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы:2005.–522б.
  5. Куздыбаева М.С. Процесс формирования бюджета и его характерные черты. Статистика, учет и аудит №3 2004г.
  6. Ли В. Бюджет и межбюджетные отношения: учет интересов финансов регионов. Финансы и кредиты №4 2005г.
  7. Макарова Н.А. Бюджет и бюджетная система Казахстана. – Астана:Парасат Әлемі, 2005.–336с.

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі