Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 09:15, реферат
Қаржы нарығындағы аса маңызды делдал – сақтандыру компаниясы. Сақтандыру нарығында сақтандыру қорын қалыптастыру және қолдану процесі жүзеге асырылып, экономикалық қатынастар пайда болды, жеке, топтық және ұжымдық қызығушылықтар туады.
Кіріспе
1. Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын функциялары
2. Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары
2.2. Қазақстан сақтандыру ұйымдарының қызметтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1992
жылы ҚР «Сақтандыру туралы»
Заңы қабылданғаннан кейін,
1994 жылдың 19 сәуіріндегі «Сақтандыру нарығын дамыту және қалыптастыру бойынша ұйымдастырушылық – құқықтық шаралар туралы» Президент жарлығымен сақтандыру бизнесін мемлекеттік реттеу жүйесі енгізілген. Соған сәйкес сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін жүргізу құқығын алу үшін жарғылық капиталының көлемі 2 млн теңгеден кем болмауы керек. Бұдан басқа сақтандыру компанияларына қосымша қызметпен айналысуға тиым салынды. Осының нәтижесінде 1995 жылдың аяғында сақтандыру ұйымдарының саны 53-ке дейін кеміді.
2000 жылдың 1 қаңтарында 70 сақтандыру ұйымдарының өз қызметтерін жүргізуге лицензиялары болды. Бірақ 2000 жылдың аяғында тек 42 ұйым ғана сақтандыру келісімшартын жасады, оның ішінде, өмірін сақтандыру бойынша 1 сақтандыру ұйымы, 3 шетел инвестьорларының және мемлекеттің 100 %- дық қатысуымен 3 компания болды. Салыстыру үшін алғанды, Ұлыбританияда сақтандыру қызметімен 800- ден астам компания, Нидерландыда – 275 тен аса, Ресейде – 972 ұйым айналысады.
ҚР Ұлттық Банкінің сақтандару ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен капиталын көбейтуге бағытталған саясаты сақтандыру компанияларының азаюына алып келді. Бір жылдың ішінде 28 лицензия ерікті немесе мәжбүрлі түрде кейін қайтарлыды. Кейбір сақтандыру ұйымдыр біріктірлді. Жаңа заңға сәйкес сақтандыру ұйымдарының нарықтан кетуіне ҚР Ұлттық банкінің рұқсаты керек болды. Ұлттық банк олардың барлық міндеттемелерінің орындалуын, несие берушілермен толық есеп айырысуын қадағалауы тиіс. Сақтандыру ұйымдарының азаюы нарықтың монополизациялынуына және бәсекелестіктің жоқтығына жақын келді. Бірақ сақтандыру компанияларының капиталдарының артуы бір мезгілде олардың қаржылық тұрақтылығына және нарық капиталына әсерін тигізді.
Қазіргі
кезде Қазақстанда
Республикада сақтандыру ұйымдарының 300-ден астам филиалдары , өкілеттіліктері және тармақталған сақтандыру агенттерінің жүйесі (олардың тізілімін сақтандару компаниясы дербес жүргізіледі және олардың саны бойынша толық мәліметтер жоқ) бар. Шығыс Қазақстан облысында ең көп – 46 филиал ашылды. Мұны «Қазцинк» акционрелік қоғамы, титан – магний комбинаты, Үлбі металлургиялық зауыты сияқты алыптардың қазмет етуімен байланыстыруға болады. Сонымен қатар, олардың Қарағандыда – 36 филиалы және Ақмола облысында – 35 филиалы бар. Қарағанды облысында көмір өндіруші шахталар және Испат Кармет комбинаты қызмет етеді. Осындай кәсіпорындардың бар болуы бизнестің жандануына мүмкіндік береді және осыған орай мүлікті, жауапкершілікті және тағы бақаларды сақтандыруға қажеттілік пайда болды.
Шетелдік сақтандару ұйымдарының қазметтеріне деген қатынас Қазақстандық сақтандыру нарығының дамуындағы маңызды жай болып табылады. ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңында ҚР аумағындағы Қр резиденттік емес сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдарын, сонымен қатар резидент емес сақтандыру брокерлерінің өкілеттіліктері мен филиалдарын ашуға тиым салынған. Мұндай филиалдардың қызметін қабылдау өте қиын, өйткені олар дербес емес және шетелге ақща аудару көзі болуы мүмкін.
Сақтандыру
компаниялары қызметінің негізгі мәселелерінің
бірі – олардың көп бөлігінде қажетті
сападағы білікті мамандардың аз болуы.
Бүгінгі күні қаржы нарығында кәсіби сақтандыру
делделдарының рөлі көрнексіз және елеусіз
қалуда. Одан басқа сақтандыру нарығында
жаңа қатысушылар – актуарийлер пайда
болды. Осыған байланысты ҚР-да осы қызметте
сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары
қоғамдық бірлестіктері – бірінші кезекте
Сақтандырушылар одағының белсенді
қатысуымен сақтандыруға сәйкс мамандарды
оқыту жүйесін ұйымдастыру қажеттігі
пайда болды. Бұдан басқа сақтандыру нарығына
деген қызығушылықтың өсуімен байланысты
берілеген мамндықтар бойынша мамандандыруды
жүргізуде үлкен рөлді жеке институттар
атқарады.
Қазақстан сақтандыру нарығының қызметтері
Рыноктық экономикада сақтық ісіне мемлекеттің монополясы бұзылған: мүліктік және жеке басты сақтандырудың барлық түрлерін жүргізген бір ғана органның – Мемлекеттік сақтандырудың орнына сақтық рыногында бірнеше сақтық компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялық, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары құрылды. Қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де қамтиды: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді сақтандыру.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларғы қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экспорттық мүмкендіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынан озық қарқынын ескере отырып, отындық инвесторлар мен экспортшыларды сыртқы қауіп қатерден қорғау саласында мамандырылған корпарацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөнінде мемлекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының дамыту институттарының бір болып табылады, оның негізгі мақсаты – 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық- инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты- бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, тәуекелдіктермен байланысты зияндары сақтық қорғауға қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен инвестициялық сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтер көрсетуді жоспарлайды.
Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар кіреді: алушының дәрменсіздігі, өзара келісімшартты орындауға қатысушы импортшы елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан экспортшыға немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер, іс-әрекеттер; импортшы елі өкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға шектеу енгізуі; экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу; революциялар, қоғмдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және с.с.
Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация «Сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық ұйымының міндеттемелерінің ең жоғарғы көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10 % - ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің әлеуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздіі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақты операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық рыногында жүргізіледі.
Сақтық рыногы дегеніміз ақшалай қатынастардың сферасы, онда сатып алу-сату обьектісі «ерекше тауар» - сақтық қызметі болып табылады және оған деген ұысынм мен сұраным қалыптасады.
Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушыларыны мыналар болып табылады: сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті; сақтанушы; сақтандырылушы; папйда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалар.
Сақтық қызметі сақтық ұйымы жұзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол қызметтің мынадай түрлерін: инвестициялық қызметті; «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын тиісті жинақтаушы сақтандыру келісімшартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді; сақтық ұйымдары үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған немесе оның қарамағына сақтандыру келісім шарттарын жасауға байланысты келіп түскен мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтық саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізді; сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды; консортциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға сақтық ұйымдары арасындағы не сақтық ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге заңи тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы келісім шарт негізінде жүзеге асарылатын ассистенсты; сақтық төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы Заңнамалық актілерінде көзделген қыметті жүзеге асыруға құқылы.
Сақтық қызметін жүзеге асурға мынадай жалпы талаптар қойылады.
Сақтық ұйымы сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтық қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Сақтық ұйымының ішкі ережелері:
Сақтандыру ережелерін және сақтық ұйымының ішкі ережелерін директорлар кеңесі бекітеді. Сақтық ұйымы өз штатында актуарийі болмаса, сақтық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтық ұйымдары таратылған жағдайда сақтық ұйымдары, сақтанушыларға сақтық төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Жұртқа мәлім, Сақтық төлемақыларын кепілдендіру қоры құрылған. Мемлекет ҚР-ң Үкіметі арқылы ғана сақтық ұйымынң құрылтайшысы және акционері бола алады. Жарғылық капиталының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар сақтық ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды. Мемлекет өзі құрылтайшысы немес акцинері болып табылатын сақтық ұйымының міндеттемелері бойынша егер ҚР Заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады. Сақтық ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық органдар құра алады: директорлар кеңесі- басқару органы; басқарма-атқарушы орган; тексеру комиссиясы – бақылау органы; сақтық ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге міндетті.
Құрылатын сақтық ұймының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезге дейін толық төлеуге тиіс.
Сақтандыру саласындағы мемлекттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында тұрақты сақтық жүйесін жасау мен қолдау және ұлттық сақтық рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру; сақтық рыногын реттеу және сақтық қызметін қадағалау; сақтандырудың негіздерін заңдармен баянды ету; міндетті сақтандыру түрлерін, халықаралық сақтандыру жүйелеріне Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын белгілеу; сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда лаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Информация о работе Қазақстан сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы мен даму келешегі