Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
-------------------------------------------------------------------

Работа состоит из  1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать документ)

Бесіншіден, Қазақстан бизнесінің сыртқы рыноктарға шығуы үшін нысаналы жүйелі қолдауды ұйымдастырудың маңызы зор. 

Үкіметке экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің тұтастай Стратегиясын әзірлеп, іске асыруды тапсырамын. 

Осы негізде тиісті Іс-қимыл бағдарламасын, оның аралық нәтижелеріне баға беру және оны толығымен іске асыру жүйесін әзірлеген жөн. Онда Кәсіпкерлердің “Атамекен” ұлттық одағымен бірлесе әзірленген ірі, орта және шағын бизнеске арналған ұсынымдар, заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу және нақты салаларға мемлекеттік жәрдем жасаудың пәрменді шаралары туралы ақпарат қамтылуы тиіс. Осы нәтижелерге сүйене отырып, біз экономикамызды кемелділікпен қайта құрылымдаудың осы заманғы тұғырларын әзірлей аламыз. 

Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес бұл істің үйлестіруші әрі жұмыс органы болуға тиіс, оны құруды мен Үкіметке тапсырамын. 

Екінші бағыт – Әлемдік шаруашылық жүйесінде қазақстандық “тауашаларды” іздестіру, оларды қолға қарату және жасақтау 

Біріншіден, біз қазірдің өзінде жетістіктеріміз бен табыстарымызды пайдалана алатын бағыттарды кеңейте беруге тиіспіз. Бұл ретте басты назарды Ресейдің, Қытайдың, Орталық Азияның, Каспий мен Қара теңіз өңірлерінің рыноктарына аударған жөн. 

Екіншіден, әлбетте, бір қарағанда, тартымдылығы аз немесе дәстүрлі деуге де келмейтін экспорттық “тауашаларды” да назардан тыс қалдырмай, жаңаларын да іздестіре беру қажет. Бұл жұмысқа өзара тиімділік жағдайында өзіміздің сыртқы әріптестерімізді де тартуға болады. 

Үшіншіден, Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне жете алатын, жаңа экспорттық “тауашаларды” игеруге жәрдемдесетін жаңа, соның ішінде жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту. 

Мәселен, өткен жылы Солтүстік Қазақстанда біздің ТМД-дағы көршілерімізде баламасы жоқ биоэтанол өндіретін бірегей кәсіпорын ашқанымыз өздеріңізге мәлім. 

Биылғы жылы Атырау облысында алғаш рет шоғыр¬ланған негізінде мұнай-химия кешенінің құрылысы қолға алынады, ол бізге алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешенін дамытуға мүмкіндік бермек. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты қазірдің өзінде еуропалық стандарттарға сай келетін бензин мен дизель отынын шығара алады. 

Төртіншіден, біз шекаралас аудандарда жаңа өнеркәсіп өндірістерін құру мен дамыту мүмкіндіктеріне талдау жасауымыз керек, өзімізге көршілес мемлекеттер онда бүгінгі таңда-ақ сауда-өнеркәсіп, қаржы мен қызмет көрсету құрылымдарын жасақтап үлгерді. Мұндай серпінді жобалар, айталық, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері экономикасының өркендеуіне байланысты болуы мүмкін. Қытаймен шекарада қазақстандық шикізатты өңдеп, осы өніммен, сондай-ақ энергия көздерімен, отынмен және басқаларымен Қытайдың алым алынбайтын сауда аймақтарын қамсыздандыра алатын кәсіпорындар құру тиімді болмақ. Содан кейінгі уақытта біз онда “Қорғас” халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының мүмкіндіктерін іске қосу және “Қорғас – Шығыс қақпасы” сауда-экономикалық аймағын құру арқылы тасымалдау, тауарлар бөлу, материалдық-техникалық қамсыздандыру жөнінде түрлі қызметтер көрсету саласын дамыта алар едік. 

Үкімет және бірінші кезекте, Индустрия және сауда министрлігі, сондай-ақ мемлекеттік холдингтер біздің экономикамызға қатысушыларға жауапты ұсынымдар жасау арқылы экспорттық “тауашаларды” қазақстандық тауарлармен және қызметтер арқылы игеріп, кеңейту бағдарламасын әзірлеп, іске қосуға міндетті. 

Үшінші бағыт – Іргелі және “серпінді” жобаларға қатысу 

Біздің экономикалық жетістіктеріміз Қазақстанның Орталық Азия экономикасында көшбасшылығын айқындады. 

Ендігі жерде біздің қолымызда Қазақстанды экономикалық дамудыңөңірлік локомотивіне” әрі оны әлемдік экономиканың табысты “ойыншысына” айналдыра алатындай күш бар. 

Біріншіден, Үкімет компанияларымызды келешегі зор өңірлік жобалар жайында ақпараттандыру жүйесін жасап, олардың осындай жобаларға қатысуына және конкурстық негізде мемлекеттік контрактілер алуына жәрдемдесуге тиіс. Бұлар жоғары технологиялық өндірістер, инфрақұрылымдық және басқа да жобалар болуы мүмкін. 

Информация о работе Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы